Жатуын, позициясы мен түрiн анықтаңыз:#R#$1192.JPG 2 страница

және жалғасып жатыр. Плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ. Дәрiгер тактикасы:

1. Окситоцин, метилэргометрин енгiзу

2. Креде-Лазаревич әдiсi бойынша бала жолдасын шығару

3. +Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару

4. Жатырдың сыртқы массажы

5. Жатыр мойнын айнамен қарау

732. Босанушы әйелде босанудың 3-шi кезеңiнде қан ағу басталды, 250 мл-ге жеттi

және жалғасып жатыр. Плацентаның бөлiну белгiлерi бар. Дәрiгер тактикасы:

1. Окситоцин, метилэргометрин енгiзу

2. + Креде-Лазаревич әдiсi бойынша бала жолдасын шығару

3. Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару

4. Жатырдың сыртқы массажы

5. Жатыр мойнын айнамен қарау

733. Босанушы әйелде босанудың 3-шi кезеңiнде қан ағу басталды, 250 мл-ге жеттi

және жалғасып жатыр. Дәрiгер тактикасы:

1. Абуладзе әдiсi бойынша бала жолдасын шығару

2. Креде-Лазаревич әдiсi бойынша бала жолдасын шығару

3. Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару

4. + Плацентаның бөлiну белгiлерiн тексеру, егер болса, онда шығарудың бiр әдiсiн қолдану

5. Жатыр мойнын айнамен қарау

734. Босанған әйелде бала жолдасын шығарғаннан кейiн қан ағу басталды, жатыр

түбi кiндiк деңгейiнде, жұмсақ. Босану жолдары мен бала жолдасы - бүтiн.

Қан ағудың мүмкiн болатын себептерi:

1. Босану жолдарының жарақаты

2. Бала жолдасы қалдықтарының қалуы

3. +Жатыр гипотониясы

4. Плацентаның патологиялық бекуi

5. ТШҚҰ-синдромы

735 Коагулопатиялық қан ағудың жиi себептерi:

1. Плацентаның жатуы

2. +Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы

3. Басталған мерзiмiнен бұрын босану

4. Босану жолдарының жыртылуы

5. Қынаптың варикозды кеңейген веналарының жарылуы

736. Кеш түсiктiң жиi себептерi:

1. +Истмикалық-цервикалдық жетiспеушiлiк

2. Көпсулық

3. Экстрагениталдық патологиялар

4. Жатырдың даму ақаулары

5. Ерте токсикоз.

737. Жүктiлiктiң бiрiншi триместрiнде үзiлуiнiң жиi себептерi:

1. Ерте токсикоз

2. Изоиммунизация

3. Жатыр миомасы

4. Экстрагениталдық патологиялар

5. +Сары дененiң гипофункциясы.

738. Жүктiлiктiң 4-шi аптасына дейiн өзiндiк түсiк болуының жиi себебi:

1. +Хромосомдық аномалиялар

2. Ерте токсикоздар

3. Инфекциялар

4. Эндокриндiк себептер

5. Истмикалық-цервикалдық жетiспеушiлiктер.

739. Ірі нәрестемен босануда кездесетін жиі асқыну:

1. Ананың экстрагениталдық аурулары

2. Нәрестенiң туа бiткен даму ақаулары

3. +Жатырдың шамадан тыс созылуы

4. Нәрестенiң жедел гипоксиясы

5. Тар жамбас.

740. Босанған әйелде бала жолдасы туылғаннан 10 минуттан кейiн жыныс жолдарынан

қанды бөлiндiлер пайда болды, жатыры тығыз, бала жолдасы бүтiн.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. +Босану жолдарының жыртылуынан кеткен қан ағу

2. Гипотониялық қан ағу

3. Бала жолдасылық қан ағу

4. Плацентарлық тiннiң қалдықтары

5. Коагулопатиялық қан ағулар.

741. Босанған әйелде бала жолдасы туылғаннан 10 минуттан кейiн жыныс жолдарынан

қанды бөлiндiлер пайда болды, жатыры тығыз, бала жолдасы бүтiн. Жатыр мойнын

айнамен қараған кезде жатыр мойнының 2-шi дәрежелi жыртылуы анықталды.

Сiздiң әрекетiңiз:

1. +Жатыр мойнының жыртылуын тiгу

2. Жатырдың сыртқы массажы және iштiң төменгi бөлiгiне салқын қою

3. Бақылау, қандағы гемоглобин деңгейiн анықтау

4. Жатыр қуысын қолмен тексеру

5. Бұлшықетке 1,0 мл окситоцин енгiзу.

742. Көп босанушы әйелде бала жолдасы кезеңiнде қан шығыны 150,0 жеттi және жалғасып жатыр, бала жолдасының бөлiну белгiлерi бар.

Сiздiң тактикаңыз:

1. + Бала жолдасын Абуладзе әдiсi бойынша шығару

2. Лапаротомия, жатырдың экстирпациясы

3. Күту тактикасы

4. Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару

5. Окситоциндi көктамырға енгiзу.

743. Бала жолдасының кемістігі анықталғанда дәрігер тактикасы:

1. Жатыр мойнын айнамен қарау, жалпы қан анализi

2. + Бала жолдасының қалған қалдықтарын қолмен бөлу және оны шығару

3. Креде - Лазаревич әдiсi арқылы қалған қалдықтарын шығару

4. Бала жолдасының қалған қалдықтарын құрал-жабдықтармен шығару

5. 30 минут көлемiнде күту тактикасы.

744. Босанғаннан кейiнгi ерте кезеңде гипотониялық қан ағу байқалды,қан шығыны 1000 мл-ге жеттi,хирургиялық гемостаз түрiн анықтаңыз:

1. Қан шығынына байланысты әрбiр көрсетiлген шараларды қолданамыз.

2. Жатыр экстирпациясы

3. Аналық бездiк, жатырлық, iшкi мықын артериясын байлау

4. Компрессиондық Б-Линч тiгiсiн салу

5. +Жатырдың қынапүстiлiк ампутациясы.

745. Гипотониялық қан кету кезінде қан шығыны 1500,0 жетті және жалғасып жатыр. Дәрігер тактикасы:

1. Жатыр қуысын қолмен тексеру

2. Жатырдың қынапүстiлiк ампутациясы

3. +Жатырдың экстирпациясы

4. Ішкi мықын артериясын байлау

5. Компрессиондық Б-Линч тiгiсiн салу

746. Плацентаның бөлiну белгiлерiн қанша уақыт күтеміз:

1. 10 минут

2. 20 минут

3. +30 минут

4. 40 минут

5. 50 минут

747. Плацентаның шынайы бiтiсуi кезiнде хорион бүрлерi өтедi:

1. Децидуалдық қабыққа

2. Периметрийге

3. Базалдық қабатқа

4. + Миометрийге

5. Эндометрийге.

748. Бала жолдасы кезеңiнде плацентаның толық шынайы сіресуінің белгілері:

1. +Қанды бөлiндiлердiң болмауы

2. Аздаған қанды бөлiндiлер

3. Көп мөлшердегi қанды бөлiндiлер

4. Жағынды түрiндегi қанды бөлiндiлер

5. Өте аз қанды бөлiндiлер.

749. Плацентаның жартылай тығыз бекуiнде дәрігер тактикасы:

1. Бiрмезетте көктамырға окситоцин енгiзу

2. Көктамырға тамшылатып метилэргометрин енгiзу

3. Бұлшықетке питуитрин енгiзу

4. + Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару

5. Жатыр қуысын қолмен тексеру

750. Қандай акушерлiк патологиялар ТІШҰ-синдромының жедел түрiне алып

келедi:

1. Ұзаққа созылған босану

2. Мерзiмiнен бұрын босану

3. + Қағанақ суының эмболиясы

4. Қарқынды босану

5. Жүктi әйелдер пиелонефритi.

751. Ли-Уайт әдiсi бойынша қанның ұю уақыты қалыпты жағдайда тең:

1. 2 минутқа дейiн

2. 3-4 минутқа

3. + 5-7 минутқа

4. 8-10 минутқа

5. 10-12 минутқа.

752. Босанғаннан кейiнгi кеш қан ағу уақыты:

1. 30 минутта

2. 1-2 сағатта

3. 2-3 сағатта

4. 5-7 сағатта

5. + 24 сағатта.

753. Бала жолдасы кезеңiнде плацентаның толық шынайы бiтiсуiне тән:

1. Жатыр гипертонусы

2. Бала туылғаннан 5-10 минуттан кейiн қан ағу

3. Бала туылғаннан кейiн бiрден қанды бөлiндiлердiң болуы

4. Жыныс жолдарынан бөлiнетiн қанды бөлiндiлердiң болмауы

5. + Бала туылғаннан 30 минуттан кейiн плацентаның бөлiну белгiлерiнiң болмауы.

754. 30 минут бойы плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ. Дәрігер тактикасы:

1. +Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару

2. Креде - Лазаревич бойынша бала жолдасын шығару

3. Абуладзе бойынша бала жолдасын шығару

4. Жатырдың сыртқы массажын жасау

5. Көктамырға метилэргометрин енгiзу

755. Жаңа туылған нәрестеде өмiрiнiң төртiншi күнiнде iш терiсiнде майда дақтар

мен көпiршiктерден тұратын полиморфты бөртпелер пайда болды.

Сiздiң диагнозыңыз:

1. Пиодермия

2. Нейродермит

3. Аллергиялық дерматит

4. + Токсикалық эритема

5. Везикулопустулез.

756. Нәрестенiң құрсақiшiлiк дамуының кiдiру синдромы жүктiлерде дамиды:

1. + Преэклампсиямен

2. Нәрестенiң жамбаспен жатуы

3. Плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы

4. Жатыр жыртылуымен

5. Тар жамбаспен

757. Нәрестенiң созылмалы гипоксиясына әкелетін себептердiң бiрi:

1. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы

2. Жатырдың жартылай жыртылуы

3. Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi

4. + Ұзаққа созылқан жүктiлiктiң үзiлу қаупi.

5. Кiндiктiң түсуi.

758. Бала жолдасы кезеңiн белсендi жүргiзу кезiнде қолданылады:

1. + Окситоцин

2. Метилэргометрин

3. Мифепристон

4. Простагландин Е1

5. Постагландин Е2

759. Қағанақ суының мекониймен боялуы тән:

1. Құрсақ iшiлiк сепсиске

2. Нәрестенiң гемолитикалық ауруларына

3. +Нәрестенiң гипоксиясына

4. Асқазан- iшек жолдарының туа бiткен ақаулары

5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы.

760. Нәрестенiң қалыпты жүрек соғу жиiлiгi (минутына):

1. 90-99

2. 100-109

3. + 110-160

4. 161-170

5. 171- 180.

761. Нәресте брадикардиясы мәлiмет бередi:

1. Босану әрекетiнiң басталуы туралы

2. Жатыр ернеуiнiң толық ашылуы туралы

3. Нәрестенiң компенсаторлық мүмкiншiлiгiнiң жоғарылауы туралы

4. +Нәрестенiң компенсаторлық механизiмiнiң әлсiреуi туралы

5. Нәрестенiң туа бiткен даму ақаулары туралы

762. Нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылғанда ұсынылады:

1. Жаңа туылған баланы педиатрға беру

2. Нәрестенi бөлеу

3. +Ана мен нәрестеге "терiге терi" қатынасын қамтамасыз ету

4. Реанимациялық үстелге жатқызу

5. Салмағын өлшеу

763. Нәрестенiң жедел гипоксиясының салдары:

1. Нәресте дамуының кiдiруi, азсулылық

2. +Жаңа туылған баланың асфиксиясы, нәрестенiң шетiнеуi

3. Нәресте дамуының кiдiруi, көпсулылық

4. Нәресте дамуының кiдiруi, босану кезiндегi жарақаттанулар

5. Құрсақiшiлiк пневмония

764. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынысына сәйкес жаңа туылған нәрестені емiзу жүргiзiледі:

1. 2 сағат сайын

2. 3 сағат сайын

3. 4 сағат сайын

4. +Нәрестенiң қалауы бойынша

5. 5 сағат сайын

765. Мерзімінде туылған нәрестеде босану бөлмесiнiң

температурасы тең:

1. 18°С

2. 20°С

3. 22°С

4. + 25°С

5. 30°С

766. Мерзімінен бұрын шала туылған нәрестеде босану бөлмесiнiң

температурасы тең:

1. 18°С

2. 20°С

3. 22°С

4. 25°С

5. + 28°С

767. Жаңа туылған нәрестенің қалыпты тыныс алу жиiлiгi:

1. Минутына 10-19 рет

2. Минутына 20-29 рет

3. Минутына 30-39 рет

4. +Минутына 40-60 рет

5. Минутына 71-80 рет

768. Жүктiлiктi сақтау терапиясын жүргiзуде ең тиімді препарат:

1. Магний сульфаты

2. Папаверин

3. + Нифедипин

4. Гинипрал

5. Анальгин

769. Преэклампсияны емдеуде қолданылатын 25% магний сульфаты ерiтiндiсiнiң

бастапқы мөлшерi:

1. 10,0

2. 15,0

3. + 20,0

4. 30,0

5. 50,0.

770. Преэклампсияны емдеуде қолданылатын 25% магний сульфатының

сүйемелдеушi мөлшерi:

1. + 80 мл 320 мл физиологиялық ерiтiндiде

2. 90 мл 320 мл физиологиялық ерiтiндiде

3. 100 мл 320 мл физиологиялық ерiтiндiде

4. 30 мл 400 мл физиологиялық ерiтiндiге

5. 50 мл 400 мл физиологиялық ерiтiндiде

771. КТГ-да акцелерацияның болуы дәлелдейді:

1. Босану әрекетiнiң басталғанын

2. Нәрестенiң субкомпенсаторлық мүмкiндiгiн

3. + Нәрестенiң жоғары компенсаторлық мүмкiндiгiн

4. Нәрестенiң компенсаторлық механизмдерiнiң әлсiреуiн

5. Нәресте дамуының туа пайда болған ақауларын

772. КТГ-да кеш децелерацияның болуы дәлелдейді:

1. Босану әрекетiнiң басталғанын

2. Нәрестенiң субкомпенсаторлық мүмкiндiгiн

3. Нәрестенiң жоғары компенсаторлық мүмкiндiгiн

4. +Нәрестенiң компенсаторлық механизмдерiнiң әлсiреуiн

5. Нәресте дамуының туа пайда болған ақауларын

773. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректерi бойынша босанғаннан кейiнгi ерте кезеңнiң ұзақтығы (сағат):

1. 5

2. 4

3. 8

4. 12

5. + 2

774. Босанғаннан кейiнгi ерте кезеңде босанушы әйелдердi бақылауға жатады:

1. Көз түбiн тексеру

2. +Жатыр тонусын анықтау

3. Өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығын анықтау

4. Тыныс алу жиiлiгiн есептеу

5. Гормондық статусты анықтау

775. Босануды қоздыруға қарсы көрсеткiш:

1. Преэклампсия

2. Көпсулық

3. +Нәрестенiң көлденең жатуы

4. Азсулық

5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк.

776. Босанудың үшiншi кезеңiн белсендi жүргiзуде нәресте туылғаннан кейiн

бұлшықетке 10 бiрлiк окцитоциндi енгiзу керек:

1. +Бiрiншi минутта

2. Үшiншi минутта

3. Бесiншi минутта

4. Оныншы минутта

5. Он бесiншi минутта.

777. Табиғи босану жолдарымен босандыруға қарсы көрсеткiш:

1. Преэклампсия

2. Көпсулық

3. +Несеп-жыныстық жыланкөз

4. Азсулық

5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк

778. Босанғаннан кейiнгi iрiңдi-септикалық аурулардың жиi қоздырғышы:

1. Гонококктар

2. Кох таяқшалары

3. Анаэробтар

4. +Микробтардың ассоциациясы

5. Стрептококктар

779. Босанғаннан кейiнгi iрiңдi-септикалық аурулардың жiктелуiнiң негiзгi

шарты:

1. Қоздырғыш түрi

2. Дене температурасы

3. Клиникалық көрiнiстерiнiң ауырлығы

4. +Инфекцияның таралу деңгейi

5. Сусыз кезеңнiң ұзақтықы.

780. Босанғаннан кейiнгi маститке әкелетін факторлар:

1. Ретсiз емiзу

2. Кесар тілігі арқылы босандыру

3. +Патологиялық лактостаз, емшек ұштарының жарылуы

4. Босану әрекетiнiң әлсiздiгi

5. Преэклампсия

781. Босанғаннан кейiнгi маститтiң ауыр түрi:

1. Лактостаз

2. Емiзiктiң жарылуы

3. Инфильтративтi

4. Серозды

5. +Ірiңдi.

782. Босануды қоздырыға қарсы көрсеткiш:

1. Преэклампсия

2. Көпсулық

3. +Корпоралдық кесар тiлiгiнен кейiнгi жатыр тыртығы

4. Азсулық

5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк.

783. Босанғаннан кейiнгi параметрит - бұл қабынуы:

1. Жатырдың

2. Кiшi жамбас қуысының

3. +Жатыр маңы клетчаткаларының

4. Жамбас веналарының

5. Жатыр қосалқыларының

784. Босанғаннан кейiнгi метроэндометрит - бұл қабынуы:

1. +Жатырдың

2. Кiшi жамбас қуысының

3. Жатыр маңы клетчаткаларының

4. Жамбас веналарының

5. Жатыр қосалқыларының

785. Босанғаннан кейiнгi пельвиоперитонит - бұл қабынуы:

1. Жатырдың

2. +Кiшi жамбас қуысының iшпердесiнiң

3. Жамбас веналарының

4. Жатыр қосалқыларының.

5. Жатыр маңы клетчаткаларының

786. Бартельс-Сазонов жiктеуi бойынша босанғаннан кейiнгi iрiңдi-септикалық

аурулардың қанша сатысын ажыратады:

1. Бiр

2. Екi

3. Үш

4. +Төрт

5. Бес.

787. Босанғаннан кейiнгi iрiңдi-септикалық аурудың I сатысына жатады:

1. +Босанғаннан кейiнгi жара

2. Параметрит

3. Перитонит

4. Септикалық шок

5. Септицемия.

788. Банғаннан кейiнгi iрiңдi-септикалық аурудың II сатысына жатады:

босанғаннан кейiнгi жара

1. +Параметрит

2. Перитонит

3. Септикалық шок

4. Септицемия.

5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк.

789. Босанғаннан кейiнгi iрiңдi-септикалық аурудың III сатысына жатады:

1. + Перитонит

2. Септикопиемия

3. Босанғаннан кейiнгi жара

4. Метроэндометрит

5. Параметрит

790. Босанғаннан кейiнгi iрiңдi-септикалық аурудың IV сатысына жатады

1. Перитонит

2. +Септикопиемия

3. Босанғаннан кейiнгi жара

4. Метроэндометрит

5. Параметрит.

791. Босану кезiнде аралықтың жыртылуын тiкпегенде кездесетін асқыну:

1. Эндоцервицит

2. Жатыр мойнының кистасы

3. +Қынап қабырғасының түсуi

4. Қынаптың атрезиясы

5. Жатыр мойнының эрозиясы

792. Босанғаннан кейiнгi параметриттiң дамуына әкеледі:

1. Аралықтың II дәрежелi жыртылуы

2. Аралықтың III дәрежелi жыртылуы

3. Қынап қабырғаларының жыртылу

4. +Жатыр мойнының жыртылуы

5. Клитордың жыртылуы

793. Бартельс-Сазонов жiктеуi бойынша босанғаннан кейiнгi эндометрит жатады:

1. +Инфекция тарауының I сатысына

2. Инфекция тарауының II сатысына

3. Инфекция тарауының III сатысына

4. Инфекция тарауының IV сатысына

5. Инфекция тарауының V сатысына

794. Бартельс-Сазонов жiктеуi бойынша босанғаннан кейiнгi пельвиоперитонит жатады:

1. Инфекция тарауының I сатысына

2. + Инфекция тарауының II сатысына

3. Инфекция тарауының III сатысына

4. Инфекция тарауының IV сатысына

5. Инфекция тарауының V сатысына

795. Бартельс-Сазонов жiктеуi бойынша босанғаннан кейiнгi үдемелi тромбофлебит жатады:

1. Инфекция тарауының I сатысына

2. Инфекция тарауының II сатысына

3. + Инфекция тарауының III сатысына

4. Инфекция тарауының IV сатысына

5. Инфекция тарауының V сатысына

796.Бартельс-Сазонов жiктеуi бойынша босанғаннан кейiнгi септикалық шок жатады

1. Инфекция тарауының I сатысына

2. Инфекция тарауының II сатысына

3. Инфекция тарауының III сатысына

4. + Инфекция тарауының IV сатысына

5. Инфекция тарауының V сатысына

797. Босанған әйелде босанғаннан кейін 12-тәулікте дене қызуының 38°С дейiн көтерiлуiне, iшінің төменгi бөлiгiндегi ауру сезiмiне, жалпы әлсiздiкке шағымданады. Қынаптық тексеруде: жатыр жүктiлiктiң 7-8 аптасына сәйкес келедi, сол жаққа жылжыған, ауру сезiмсiз, жатырдың оң жағында жамбастың қабырғаларына дейiн жететiн тығыз ауру сезiмдi инфильтрат пальпацияланады. Сiздiң диагнозыңыз:

1. Босанғаннан кейiнгi эндометрит

2. +Оң жақтық босанғаннан кейiнгi параметрит

3. Босанғаннан кейiнгi жара

4. Оң жақтық босанғаннан кейiнгi сальпингоофорит

5. Оң жақ аналық безінің кистасы

798. Кесар тілігі операциясынан кейiнгi перитониттiң емі:

1. Лапаротомия, құрсақ қуысын дренаждау

2. Консервативтiк антибактериалдық терапия

3. +Лапаротомия, жатыр түтiктерiмен бiрге экстирпациясы

4. Лапароскопия, құрсақ қуысын дренаждау

5. Лапаротомия, жатыр түтiктерiмен бiрге ампутациясы

799. Босанғаннан кейiнгi перитониттiң емi:

1. 6 сағат бойы консервативтi емдеу, әсерi болмағанда - оперативтi емдеу

2. Жатырдың қынап үстiлiк ампутациясы

3. +Жатыр экстирпациясы, құрсақ қуысын дренаждау

4. Жатыр қуысын қыру, антибактериалдық терапия.

5. Лапароскопия, құрсақ қуысын дренаждау

800. Кесар тiлiгi операциясынан кейiн 4-шi тәулiкте дамитын перитониттiң инфекция

көзi:

1. Операция кезiндегi құрсақ қуысына түскен жатыр қуысындағы жиынтық

2. + Токсиндер мен бактерияларға iшек қабырғасы өткiзгiштiгiнiң жоғарылауы

3. Жатыр тiгiстерінің тұрақсыздығы

4. Қынаптың микрофлорасы

5. Жатыр түтiгiнiң қабыну үрдiсi

801. Кесар тiлiгi операциясынан кейiн 7-9-шы тәулiкте дамитын перитониттiң

инфекция көзi:

1. Операция кезiндегi құрсақ қуысына түскен жатыр қуысындағы жиынтық

2. Токсиндер мен бактерияларға iшек қабырғасы өткiзгiштiгiнiң жоғарылау

3. +Жатыр тiгiстерінің тұрақсыздығы

4. Қынаптың микрофлорасы

5. Жатыр түтiгiнiң қабыну үрдiсі

802. Босанғаннан кейінгі алғашқы үш күндегi лохия сипаты:

1. +Қанды

2. Серозды-аздаған қанды

3. Серозды

4. Ірiңдi

5. Сулы.

803. Босанғаннан кейінгі 4-8-шi күндегi лохия сипаты:

1. Қанды

2. +Серозды-аздаған қанды

3. Серозды

4. Ірiңдi

5. Сулы.

804. Босанғаннан кейінгі 10-шы күндегi лохия сипаты:

1. Қанды

2. Серозды-аздаған қанды

3. +Серозды

4. Ірiңдi

5. Сулы.

805. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына байланысты

кесар тiлiгi операциясы кезiнде жатырдың тонусының төмендегенi, түсi көкшiл

қоңырға өзгергендегi байқалады.

Сiздiң диагнозыңыз?

1. +Кювелер жатыры

2. Жатыр гипотониясы

3. Плацентаның шынайы бiтiсiп өсуi

4. Жатыр атониясы

5. Плацентаның тығыз бекуi

806. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына байланысты

кесар тiлiгi операциясы кезiнде жатырдың тонусының төмендегенi, түсi көкшiл

қоңырға өзгергендегi байқалады.

Сiздiң тактикаңыз?

1. Жатырдың қынапүстiлiк ампутациясы

2. +Жатыр экстирпациясы

3. Тубэктомия

4. Аднексэктомия

5. Жатырды тiгу және операцияны аяқтау.

807. Плацентаның жатуына тән:

1. Жатыр түбi деңгейiнiң биiк тұруы

2. +Нәрестенiң көлденең және қиғаш орналасуы

3. Жатыр гипертонусы, жергiлiктi ауру сезiмi

4. Жатыр гипотонусы

5. Көпсулық

808. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына тән:

1. Нәрестенiң жамбаспен жатуы

2. Нәрестенiң көлденең және қиғаш орналасуы

3. +Жатыр гипертонусы, жергiлiктi ауру сезiмi

4. Жатыр гипотонусы, диффузды ауру сезiмi

5. Толғақ тәрiздi ауру сезiмi, қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi.

809. 30 минут көлемiнде плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ. Дәрігер тактикасы:

1. +Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару

2. Креде - Лазаревич бойынша бала жолдасын бөлу

3. Абуладзе бойынша бала жолдасын бөлу

4. Жатырға сырттай массаж жасау

5. Көктамырға метилэргометрин енгiзу.

810. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына тән:

1. +Нәрестенiң жедел гипоксиясы

2. Нәрестенiң созылмалы гипоксиясы

3. Нәрестеге әсерi жоқ

4. Нәрестенiң дамуының кiдiруi

5. Құрсақiшiлiк пневмония.

811. Плацентаның жатуының негiзгi белгiлерi:

1. Нәрестенiң жедел гипоксиясы

2. Нәрестенiң созылмалы гипоксиясы

3. +Тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қан кету

4. Нәрестенiң құрсақішілік дамуының кiдiруi

5. Құрсақiшiлiк пневмония.

812. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының клиникасына тән:

1. +Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келмеуi

2. Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келуi

3. Тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қан кету