Жүктеме иінкүштерінің түрлері

Өндірістік механизмді қозғалысқа келтіретін қозғалтқыш жұмысын қарастырған кезде, ең алдымен қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары өндірістік механизмдерінің сипаттамаларына сәйкестігін қаматамасыз ету қажет. Сондықтан жобалауды дұрыс жасау және электр жетегін дұрыс пайдалану үшін осы сипаттамаларды білген жөн. Жүктемелік иінкүш пен (кедергі иінкүші) айналу жиілігінің арасындағы тэуелділік Мс=f(w) ендірістік механизмнің механикалық сипаттамасы деп аталады.

Қозғалтқыш жүктемелік иінкүшті, яғни оның білігіне келтірілген жүктемелік иінкүш пен кедергі иінкүшінен Мс және қозғалтқыштың өзінің үйкеліс иінкүшінен құралатын иінкүшті жеңе алуы керек. Түрлі өндірістік механизмдер әртүрлі механикалық сипаттамаларға ие болады. Кейбір жағдайларда жүктемелік иінкүш кездейсоқ шама болып табылады.

Соған қарамастан жүктеменің көп түрлілігін айналу жиілігі немесе механизмнің бұрылу бұрышына тәуелді болатын иінкүш өзгерісінің сипатгамасы бойынша жүйелеуге болады жэне бірнеше типтік заңдылық түрінде көрсетуге болады.

1. Айналу жиілігіне шамасы бойынша да таңбасы бойынша да тәуелді болмайтын жүктемелік иінкүш, яғни тұрақты иінкүш (8.5а-сурет); Мс=сопtі. Жүктеменің мұндай түріне мысалы ретінде жүктің көтерілуі мен түсуі; жылжымалы материалдың тұрақты көлемінің конвейерлерін алуға болады.

2. Жүктемелік иінкүштін, тағы бір түрі құрғақ үйкеліс иінкүші болып табылады (8.5б-сурет), ол шамасы бойынша өзгеріссіз, бірақ айналу жиілігінің бағытына қарама қарсы бағытталған: Мсс signwс болады. Аз қуатты ілеспелі жүйелерде жэне электр жетектерінде бұл түрі негізгі болып табылады.

Вентильдер, дроссельдер, температураны автоматты реттеу жүйелеріндегі клапан, газ бен сүішқтық шығынның, кейбір станоктардың винттері, потенциометр щеткалары жэне т.б. құрылғылардың жетектері үйкеліс иінкүшімен анықталады.

3. Тұтқыр үйкеліс иінкүші деп Мс=кwn жүктемелік иінкүшін айтамыз (8.5в-сурет), мұндағы к — пропорционалдық коэффициент. Мүлдай сипат-тама, мысалы, тұрақты ток генераторының жетегінде болады.

4. Жүктемелік иінкүштің айналу жиілігіне тәуелділігі, мысалы, желдеткіштің ортадан тепкіш насостың, әуе винтінің иінкүші 8.5г-суретте көрсетілгендей тәуелділікте болады. Мұндай жүктемелік иінкүшті Мс=кwn формуласымен сипатгайды, мұндағы n=1,7-2,05 және оны желдеткіштік деп атайды.

Электрқозғалтқышын таңдау жэне олардың жылулық жұмыс режимдері. Автоматиканың электромагнитті құрылғылары.

Дәріс жоспары:

1. Автоматиканың электромагнитті кұрылғыларында қолданылатын магнитті материалдар. Автоматиканың электроманитті құрылғылары туралы жалпы мағұлыматтар. Автоматитканың электроманитті құрылғылары сызықты және бұрыштық орынаустыруларды түрлендіргіш немесе автоматтандыру мен басқарудың атқарушы құрылғысы ретінде.

Электромагниттер. Электромагнитті реле.

Дәріс жоспары:

1. Электромагниттердің жалпы қасиеттері мен олардың қолданылуы. Магнитөткізгіштердің түрлері, материалдар.

2. Тұрақты ток электромагниттері. Тұрақты ток электромагнитінің тарту және механикалық сипаттамалары.

3. Айнымалы ток электромагниттері және олардың тарту сипаттамалары.

4. Қуатты электромагниттті элементтер.Автоматикадағы қуатты электромагнитті элементтер.

5. Электромагнитті вентилдер, пневмо- және гидрожүйелердегі заслонкалар, золотниктер. Құрылысы мен жұмыс жасау принципі.

6. Электромагнитті муфталар. Электромагнитті және фрикционды муфталардың құрылысы мен жұмыс жасау принципі, статикалық және динамикалық сипаттамалары.

7. Электромагниттік жолмен басқарылатын ферроұнтақты муфталар.

8. Нейтральді электромагнитті реле. Оның тарту және динамикалық сипаттамасы. Тұрақты ток электромагнитті релесі. Контактролар мен жібергіштер (пускатель). Электромагнитті релелердің динамикалық параметрлері. Түйіспелердің құрылысы. Ұшқын өшіру, герконды якорсыз реле.

9. Ферридтер - құрылысы мен жұмыс жасау принципі. Геркондар.

 

 

Датчиктер.

Дәріс жоспары:

1. Жалпы мағұлыматтар.Датчиктерді жасаудың жалпы принциптері. Қазіргі заманғы техникалық құрылғылар мен жүйелердегі датчиктердің ролі. Датчиктерді стандарттау, Датчиктердің негізгі параметрлері мен сипаттамалары. Датчиктердің статикалық сипаттамалары. Датчиктердің динамикалық сипаттамалары. Датчиктердегі қателіктер. Датчиктерді негізі болып табылатын физикалық құбылыстар. Датчиктердің структуралық схемалары. Тікелей түрлендіру датчиктері. Дифференциальды датчиктер.Теңгергіш датчиктер. Структуралық схемаларды салыстыру анализдері.