Электронды оқулық жүйесінің жалпы сипаттамасы және түрлері

Ғылыми-техникалық әдебиетте «жүйе», «басқару жүйесі», «электронды басқару жүйесі», «электрондық ақпараттық жүйелер» терминдері көп қолданылады.

«Жүйе» сөзі гректің systema сөзінен шыққан, бөліктерден немесе көптеген элементтерден тұратын, бір-бірімен байланысқан белгілі бүтіндікті, біріккенділікті құрайтын бүтін деген мағынаны білдіреді.

«Жүйе» түсінігінің қолданылу аймағы өте кең жүйе бұл нақты пайдалы нәтиже алуға бағытталған, бір-бірімен байланысты сыртқы орта элементтерінің немесе бөліктерінің жиынтығы. Осы анықтамаға сай әрбір экономикалық обьектіні белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған жүйе ретінде қарастыруға болады. Мысал ретінде білім беру, энергетикалық, транспорттық, экономикалық және тағы басқа жүйелерді айтуға болады.

Жүйенің негізгі қасиеттері:

¾ күрделілік;

¾ бөлінуі;

¾ бүтіндігі;

¾ элементтердің көптүрлігі және олардың айырмашылығы;

¾ құрылымдық.

Жүйе күрделілігі оның құрылымына және құрылымдық әсеріне, сондай-ақ ішкі және сыртқы байланыстардың күлделілігіне, динамикасына байланысты. Жүйенің бөлінуі бұл-анықталған белгілері бойынша бөлінген нақты мақсаттарға және тапсырмаларға жауап беретін элементтер немесе жүйе қатарлары. Жүйе бүтіндігі бұл- бір мақсатқа бағытталған жүйенің барлық элементтерінің қызметі.

Жүйе элементтерінің көптүрлілігі және олардың табиғатының айырмашылығы қызметтерінің арнайы және жеке болуына байланысты. Мысалы: обьектінің материалдық жүйесінде заттық-энергетикалық ресурстарды қайта өңдеумен байланысты, шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, жартылай өнімдер, ауыстыру бөлшектері, дайын өнім, еңбек және ақша ресурстары сияқты элементтер көрсетілуі мүмкін. Жүйе құрылымдылығы-жүйедегі элементтердің арасындағы қарым-қатынастың, байланыстың бар болуын элементтердегі иерархиялық деңгейі бойынша бөлінуін анықтайды.

Басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіптік-өндірістік жүйенің белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекет мүмкін болмайтын маңызды функциясы (кәсіпорын, ұйым, аймақ).

Басқару қызметтерін атқаратын жүйені басқару жүйесі деп атайды. Бұл жүйемен атқарылатын маңызды қызметтер: болжам жасау, жоспарлау,есептеу, анализ, тексеру және реттеу.

Басқару жүйесі құрылымына, сондай-ақ қоршаған орта жүйесінің арасында ақпарат алмасуына байланысты. Басқару процесінде жүйеге әсер етіп, басқару шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жүйе туралы әр уақытта берілген тапсырманың орындалғандығы немесе орындалмағандығы жөніндегі мәлімет алынады.

Сол себепті экономикалық обьектіні басқаратын кез келген жүйеге экономикалық ақпараттық жүйе деп аталатын өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді.

Электрондық жүйе - бұл обьектінің, әдістердің, құралдардың, ақпаратты өңдеу процесіне және басқару шешімдерін шығаруға қатысатын мамандардың, тікелей және кері ақпараттық байланыстардың ішкі және сыртқы ағымдарының жиынтығы. Электрондық жүйе басқару мекемесінің жұмысшыларын ақпаратпен қамтамасыз ету және ақпаратты өңдеу, беру, сақтау, жинау сияқты технологиялық қызметтерді атқаратын жүйе болып табылады. Ол басқару ісінің әдісі және құрылымымен анықталған мерзімде белгілі бір экономикалық обьектіде қабылданған алдына қойған мақсаттары мен тапсырмаларын іске асырады, жинақталады, формаланады және қызметтер атқарады. Қазіргі қоғамның ақпараттандыру деңгейі жаңа техникалық, технологиялық, прогрессиялық құралдарды экономикалық обьектілердің әртүрлі электрондық жүйелерінде қолданылуын алдын-ала анықтайды.

Электронды оқулық - бұл әртүрлі басқару аймағын экономикалық және басқа кәсіптік оптимизациялау үшін араластырылған желілік, компьютерлік және коммуникациялық технологиялар шенінде автоматтандырылған дайындықты қамтамасыз етуге арналған адам-машина жүйесі. Автоматтандырылған электрондық жүйені құру экономикалық обьект өндірісінің өсуіне негіз болады және басқару сапасын қамтамасыз етеді. Электронды оқулық жүйенің ең көп тиімділігіне оперативті шешімдерді тез қабылдайтын фирмалар мен бөліктерін, кәсіпорынынң жұмыс жоспарын оптимизациялау арқылы жетуге болады. Сондықтан басқару процесі обьектінің құрылымдық - динамикалық қасиеттерін көрсететін экономика-өнеркәсіптік моделіне негізделіп, автоматтандырылған электрондық жүйе талабына сай іске асырылады.

Моделдік - бұл алға қойған мақсатының сипаттамасы және қасиеті үшін модельденіп отырған обьектінің өзгерісі. Сөзсіз, обьектінің модельде толықтай қайталануы мүмкін емес, бірақ та анализ және басқару шешімдерін қабылдау үшін кейбір бөліктерін көрсетуге болады. Модельдер келесідей сыныпталады: мүмкін болатын және детерминалды, функционалды және құрылымдық. Модельдердің осы айырмашылықтары электрондық жүйе типтерінің көптүрлілігін туғызады. Электрондық оқу-әдістемелік жүйені құру тәжірибесі оптимизациялық әдістерді экономикалық жүмыс практикасына енгізу, өнеркәсіптік-шаруашылық процестерін қалпына келтіру мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарды қазіргі кездегі есептеу құралдарымен қамтамасыз ету басқарудағы ақпараттық процесс технологиясын түбірлі өзгертті. Сонымен қатар басқару ісінің автоматтандырылған ақпаратты жүйесі құрылуда. Электронды оқулық көптүрлі және бірнешетүрлері бойынша сыныпталады. Басқару обьектісіде сыныпталу жүйесінің бар екендігін ескере отырып, келесідей түрлерін қарастырайық. Электронды оқулық жүйелер басқару процесі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Электронды оқулық технологиялық процестермен басқару - бұл басқаруды технологиялық құралдармен, станоктармен, автоматтандырылған сызықтармен қамтамасыз ететін адам-машина жүйесі.

Электронды оқулық ұйымдық - технологиялық процестерін басқару бұл - автоматтандырылған электрондық жүйе технологиялық процестер мен басқаруды және кәсіпорындарды басқару автоматтандырылған электрондық жүйені біріктірген көпдеңгейлі жүйе. Ұйымдық басқарудың автоматтандырылған электрондық жүйе үшін экономиканы басқарудың барлық деңгейіне қолданылатын өнеркәсіптік-шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық функционалдық процестер обьект қызметін атқарады, атап айтқанда:

¾ Банктік автоматтандырылған электрондық жүйе;

¾ Фондтық нарық автоматтандырылған электрондық жүйесі;

¾ Қаржылық автоматтандырылған электрондық жүйесі;

¾ Сақтандыру автоматтандырылған электрондық жүйесі;

¾ Салық автоматтандырылған электрондық жүйесі;

¾ Кеден ісінің автоматтандырылған ақпарттық жүйесі;

¾ Статистикалық автоматтандырылған электрондық жүйесі.

Өндірістік ұйымның және кәсіпорынның автоматтандырылған ақпаратты жүйесі (таралымы және мағынасы жағынан бухгалтерлік автоматтандырылған ақпарттық жүйесі маңызды орын алады)

Ғылыми зерттеулердің электрондық электрондық жүйесі жоғары саланы және салааралық есептеулердің, ғылыми тәжірибелердің тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелердің әдістемелік базасы қызметін экономика-математикалық әдістер, ал техника база қызметін әртүрлі есептеуіш техникалары және модельдеудің тәжірибелік жұмыстарын өткізуге арналған техникалық құралдар атқарады.Ұйымдық-технологиялық жүйелер сияқты ғылыми зерттеу жүйелері де өз контурына жұмысты жобалаудың автоматтандырылған жүйесін қоса алады (ЖЖАЖ.). Білім беретін автоматтандырылған электрондық жүйесі білім беру жүйесінде мамандарды дайындау, қайта дайындауда және әртүрлі сала жұмысшыларының квалификациясын жоғарылатуда кең қолданыс тапты.

Электронды оқулық классификациялаудың үшінші түріне сәйкес салалық, территориялық, сала аралық болып бөлінеді, сондай-ақ олар жоғары деңгейдегі ұйымдық басқару жүйесі болып табылады.

Салалық автоматтандырылған электронды жүйесі өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені аумағында, құрылыста, транспортта қолданылады.Бұл жүйелер сәйкесінше органдардың басқару аппаратын қамтамасыз етумен айналысады. Территориялық автоматтандырылған электронды жүйесі әкімшілік-территориялық райондарды басқаруға арналған. Территориялық жүйелердің іс-әрекеті аймақтардағы басқару қызметтерінің салалы орындалуына, есептеулердің жасалуына байланысты,оперативті мәліметтерді жергілікті мемлекеттік және шаруашылық органдарына беруге арналған.

Сала аралық автоматтандырылған электрондық жүйесі ұлттық экономикалық функционалдық органдарын басқару үшін арнайы дайындалған жүйелер болып табылады (банктік, қаржылық, қамтамасыз ету, статистикалық және тағы басқа). Құрамында күшті есептеуіш кешендері бар сала аралық, көпдеңгейлік автоматтандырылған электрондық жүйесі мемлекеттік бюджеттің экономикалық және шаруашылық болжауларын жасауды қамтамасыз етеді, нәтижелерді бақылайды және шаруашылықтың барлық бөлімдерінің іс-әрекетін реттейді, сондай-ақ ресурстардың бар екенін және олардың бөлінуін қадағалайды.

Экономикалық және басқару қызметі аймағын қазіргі кездегі ақпараттандыру ұйымдық, техникалық, технологиялық мәселелердің барлығының бірдей шешілуін керек етеді. Автоматтандырылған электронды жүйесі функциясын құру нәтижелерін және ақпараттандыру процестерін анықтайтын негізгі факторлар:

¾ ақпаратты өңдеуді автоматтандыру жүйесінде және басқару шешімдерін қабылдауда маман адамның әрдайым қатысуы;

¾ ақпараттандыру қызметінің бизнесінің бір түрі ретінде интерпретациялануы;

¾ нақты экономикалық объектіде қолданылатын ғылыми негізделген программалық техникалық, технологиялық платформаның бар болуы;

¾ ақпараттандыру облысында қолданушының сұранысына сәйкес келетін ғылыми және дәстүрлік өңдеулерді құру және енгізу;

¾ ұйымдық- функционалдық қарым-қатынас және оның математикалық, модельдік, жүйелік және программалық жабдықтау жағдайларын құру;

¾ басқару облысында тиімділік критериилері есепке алынған нақты практикалық тапсырмаларды құру және шешу;

Автоматтырылған электронды жүйелер жалпы мақсаттарға жетуге арналған ұйымдастырылған мамандар, есептеуіш және басқа да техника құралдары, математикалық әдістер және модельдер, интеллектуалдық өнім және олардың сипаттамасы сондай-ақ көрсетілген компоненттердің қарым-қатынас түрлері мен тәртібінің жиынтығы, көрсете кету керек аталған элементтер кешенінде басты звено және басқарушы субъект болып қазіргі күнге дейін және қазір де маманданған адам табылады. Бірақ қазіргі мамандар есептеу орталықтары жағдайында ақпаратты өңдеудің орталықтандырылған технологиясы басым болған кезде компьютерлік ортада он жыл бұрын жұмыс жасаған жұмысшыларға қарағанда өзгерек. Біріншіден жаңа электрондық технологияның қазіргі кездегі қызмет етуінде жүйені қолданушы-экономист, тапсырманы қоюшы, оператор, программист, техникалық қызметкерлер арасында бұрынғыдай нақты айырмашылық жоқ. Қазір интерпретациялау әдісі арқылы өзінің программалық-бағытталған өнімін дәстүрлі программалар пакетін жасауға мүмкіндік беретін дайын құрал-жабдықтық программалық құралдар бар. Ол үшін өз сапасын жақсы меңгерген маман болуы және ең аз деңгейде программалауды білуі керек. Қолданушыға көмек ретінде маманның әртүрлі бастапқы құжаттарымен жұмыс жасауына мүмкіндік беретін объектілік-бағытталған қатынас ендірілуде.

Бұндай жағдай дербес ЭЕМ-нің (ДЕЭМ) басқа да компактілік және өте қымбат емес есептеуіш техника құралдарының тез таралуы арқасында мүмкін болады. Автоматтандырылған электрондық жүйелердің техникалық құралдарына компьютерлерден басқа да байланыс құралдарын (телекоммуникация) және ұйымдық техниканы (телефон, факс және т.б) жатқызады.

Дербес ЭЕМ-ді желіде біріктіру кәсіпорындық, экономикалық және қаржылық жағдайларда қолданушыға оперативті түрде анализ өткізуге сапалы жаңа жағдай жасайтын мүмкіндік туды, ал супер ЭЕМ-мен қоса бұл мүмкіндіктер мүлде шектеусіз.

Техникалық шешімдердің маңыздылығына қарамастан автоматандырылған электронды жүйелердің құндылығы мен қайталанбайтындығын жобалауға және қайта өңдеуге қатысушылардың шығарған интеллектуалдық өнімі құрайды. Жүйенің көп жыл және тұрақты қызмет етуі үшін өте маңызды ал кейде шешуші жағдай болып, жүйені қолданушылар үшін эксплуатациялау бойынша жақсы жазылған нақты инструкциялар табылады, олардың жиынтығы автоматандырылған электрондық жүйенің құжатнамасын құрайды.

Автоматандырылған электронды жүйені құруда және өңдеуде келесідей принциптерді ескеру керек: жаңа тапсырмалар, жүйелілік, кері байланыс, бірінші басқарушы, жобалау шешімдерінің типтелуі, мәліметтерді енгізудің біртектілігі, жүйе бөлімдерінің өткізу мүмкіндіктерінің келісуі.

Автоматтандырылған электронды жүйе бұл – ақпаратты сақтауда, өңдеуде, беруде қолданылатын бір-бірімен байланысты құралдар, әдістер және қызметкерлердің жиынтығы. Автоматтандырылған электрондық жүйелер жүйенің даму тарихын, құрылу тарихын, сыныпталу жолдарын қамтуы тиіс. Автоматтандырылған электронды жүйе құрылымы төмендегі сурет 4,5-де көрсетілген:

 

 

 
 

 


Сурет 4 Автоматтандырылған электронды жүйелердің құрылымы

 

 

 
 

 

 


Сурет 5 Автоматтандырылған электронды жүйелердің құрылымдық элементтері

 

Электронды технологияларды және ресурстарды кешендік қолдану. Автоматтандырылған электронды жүйелерді кешендік өңдеуде әртүрлі электронды технологиялар қолданылады:

¾ мәліметтерді есепке алу және өңдеу;

¾ қабылданған шешімдерді қолдау;

¾ басқару;

¾ автоматтандырылған құжат айналымы.

Әртүрлі технологияларды және ақпараттарды қолдану – алға қойылған мақсатқа жетуде негізгі негізгі басты себеп болады. Автоматтандырылған электронды жүйе құру үшін қолданылуға тиімді әдістер:

¾ қазіргі математикалық әдістер;

¾ көпдеңгейлі жағдайларға арналған саймандық құрылғылар;

¾ көрсеткіштер құрылымы және өзара байланысы: динамикалық, құрылымдық, факторлық, ақпаратты өңдеу әдістері.

 

 

ІІ Мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы «Мультимедиалық технологиялар» пәні бойынша электронды оқу құралын құру