Кітапхана, оның элементтері мен түрлері

Жұмыс жасалып отырған файлдың кітапханасын ашу үшін Window Library(Терезе Кітапхана) командасын орындау керек немесе F11 пернесін басу керек.

Терезе келесі элементтерден тұрады.

1. Көшіру терезесі. Мұнда таңдалған символ көрініп тұрады. Осы терезе арқылы клиптер, пернелерді көріп және әуендер тындауға болады.

2. Элементтер.

3. Symbol (Жаңа символ). Create New Symbol (Жаңа символ жасау) командасын шақыру.

4. NewFolder (Жаңа бума). Flash-тегі буманың Windows-тегі бумадан айырмашылығы жоқ.

5. Properties (Қасиет). Символ қасиеті.

6. Delete (Символды жою).

Properties (Қасиет) палитрасының Color (Түс) мәзірінің бес түрлі баптауы бар

¾ None (Түссіз)

¾ Brightness (Жарықтық). жүгіртпе арқылы абсолют қарадан (-100%) ақ түске (100%) дейін өзгерту.

¾ Alpha (Альфа) құралы көмегімен түстін мөлдірлігін көрсетеді. Көшірме түсін баптау Color (түс) мәзірінің екі қасиеті атқарады.

¾ Tint (Рең). Жүгірпе 100%-ға жақындаған сайын көшірме таңдалған реңіне (оттенка) жақындайды.

¾ Advanced (Күрделі), Color (Түс) мәзірінің Settings (Орнату) пернесін басқан кезде Advanced Effect (Күрделі эффект) терезесін шығару қасиеті.

Мәтінмен жұмыс

Flash МХ-те мәтін енгізу қызметін Text (Мәтін) құралы атқарады.

Мәтін енгізу үшін Text (Мәтін) құралын таңдап, тышқанмен жұмыс аймағына бір рет шерту жеткілікті. Бұл құралдың қасиеті Properties (Қасиет) палитрасында көрсетіледі.

1. Text Type (Мәтін типі). Ең маңызды қасиеті. Flash МХ-те мәтіннің үш типі бар:

¾Static Text (Статикалық мәтін) Компиляциядан кейін бұл мәтін қарапайым болып көрінеді, қолданушы оны тек оқи алады және алмастыру буферіне көшіре алады.

¾Dynamic Text (Динамикалық мәтін). Динамикалық жаңартылатын мәтін.

¾Input Text (Енгізілетін мәтін). Мәтін қолданушының көмегімен енгізіледі.

2. Font (Гарнитура). Гарнитура деп шрифттің сыртқы түрінің біркелкілігін айтады. Көпке танымал гарнитуралар: Arial, Garamond, Times New Roman және тағы басқалары. Қазіргі кезде олардың ондаған мың түрлері бар.

3. Character Position (Символ позициясы). Мәтіннің жолға қатысты орналасу нұсқалары.

¾ Normal (Қарапайым)

¾ Superscript (Жоғарғы индекс)

¾ Subscript (Төменгі индекс)

4. Auto Kern (Автокернинг). Символдардың арақашықтығы автоматты таңдалады.

5. Font Size (Шрифт өлшемі)

6. Text Color (Мәтін түсі)

7. Text Style (Сызылуы). Көптеген шрифтілер сызылуымен ерекшеленеді. Сызылу – штрихтың бүгілуі немесе қалындығы бойынша шрифттің бір гарнитурадан айырмашылығы

¾ Regular (Қарапайым)

¾ Bold (Жартылай қою) - B пернесін басулы.

¾ Italic (Курсив) -J пернесі басулы.

¾ Italic Bold (Жартылай қоюлы курсив) - B және J пернелері басулы.

8. Direction of text (Мәтіннің бағыты) келесі нұсқалары бар:

¾Horizontal (Горизонтальды)

¾Vertical, Left to Right (Вертикальд, солдан оңға қарай)

¾Vertical, Right to Left (Вертикальды, оңнан солға қарай)

9. Justify (Сөндіргіш) Сөндіргіш – бұл классикалық полиграфиялық термин. Ол вертикаль бойынша жолды тегістеу ұғымы.

Flash-те сөндіргіштің төрт түрі бар:

¾Солға

¾Центр бойынша

¾Оңға

¾Формат бойынша

10. Character Spacing (Символдар арақашықтығы). «Классикалық» полиграфиядан келген маңызды баптау.

11. Format (Форматтау). Бұл пернені басқан кезде терезе пайда болады Indent («Азат жол»). Азат жалдың арақашықтығы.

¾Line Spacing (Жолдардың арақашықтығы). Жолдардын арасын ашып немесе жапсырып жазуға болады.

¾Right Margin (Оң жақ шекара). Мәтіндік блоктың оң жақ шекарасынан жолдың соңғы символына дейінгі қашықтық.

¾Lift Margin (Сол жақ шекара). Мәтіндік блок басынан , жолдың бірінші символына дейінгі қашықтық.

12. Line Type (Жол типі). Dynamic Text (Динамикалық мәтін) Input Text (Енгізілген мәтін) үшін жұмыс істейтін баптау. Оның келесі нұсқалары бар:

¾Single Line (Бір жол). Өлшеміне байланыссыз мәтін тек бір жолға жазылады.

¾Multi Line (Көп жолды). Көп жолды қарапайым мәтін.

¾Multi Line no Wrap (Ауыспайтын көп жолды)

13. URL Link (Гиперсілтеу) Егер бұл ұғым берілсе, онда мәтін гиперсілтеу ретінде жұмыс істейді.

14. Selectable (Ерекшеленетін). Егер бұл батырма басылса, қолданушы мәтінді ерекшелеп және көшіре алады.

15. Render text as HTML (Мәтінді HTML секілді өңдеу). Бұл перне басылған жағдайда мәтін HTML код ретінде алынады, барлық HTML командалар өңделеді.

16. Show Border Around Text (Мәтін айналасына рамка салу). Динамикалық және енгізілген мәтіндермен жұмыс істейді.

17. Use Device Fonts (Машиналық шрифтілерді қолдану). Компьютерде ондаған мың шрифт бар екені белгілі, интернетке жұмысты жариялаған кезде пайдаланушы да бар шрифтімен жіберу керек. Кей жағдайда қолданушыға келген мәтінді компьютер түсінбейді. Бұл жағдайды шешудің нұсқалары:

¾ Шрифт құру

¾ Шрифтіні қисыққа айналдыру

¾ Машиналық шрифтіні қолдану

18. Rotation (Бұру). Вертикаль мәтін үшін жұмыс істейтін баптау. Мұны қосқан кезде символдар 90 градусқа бұрылады.