Климаттық және метеорологиялық шарттары

Шаруашылықтың пайдаланылатын жері Қостанай облысының екінші табиғи – климаттық аймағында, оның солтүстік – шығыс бөлігінің оңтүстік қара топырақты қоңыржай – құрғақ даласында орналасқан.

Климаты континенталды және жиі қайталанатын құрғақшылықтармен, аздаған жауын – шашын, кеш көктемдік және ерте күздік аяз түсуі, қатты желмен белгілі. Орташа ауа райы температурасы: облысымыздың орташа жылдық ауа райы температурасы 1,120С, ал орталық аудандарда 1,50С-ты қамтиды. Қостанай облысында ең суық ай – қаңтар айы болып табылады. Облысымыздың батысында қаңтардағы орташа ауа райы температурасы – 160С, ал шығысында – 180С. Ең төменгі температура (- 500С) 1943 жылдыі қаңтар айында белгіленді. Қостанай ауданынында температураның абсолютті минимум көрсеткіші – 350С. Төменгі температурамен қатар қаңтар айында температураның 0 – ге ауысу арқылы күрт жоғарылауы мүмкін. Наурыз айының екінші онкүндігінің басында облыстың барлық жерлерінде орташа тәуліктік ауа райы температурасы 0 арқылы ауысады. Айдың соңында 50С арқылы ауысу жүзеге асады. Қостанай облысының ең жылы айы – шілде айы болып саналады. Шілде айының орташа айлық температурасы 230С . Ауа райының максималды температурасы +390С-қа тең болады.

Облысымыздың солтүстік – шығысында және шығыста 5 – нші қазанда орташа тәуліктік температура 50С – тан жоғары, ал шығысында 9 – ншы қазанда болады. Облысымыздың барлық жерлерінде қазанның соңы мен қарашаның басында ауа райы температурасының қарқынды төмендеуі (- 1 градустан С, - 5 градуска дейінге барады).

Көптеген мәліметтер бойынша, облысымыздың оңтүстігінде соңғы көктемдегі аяз мамыр айының ортасында, ал солтүстік – шығысында мамыр айының соңында түседі. Ал ең алғашқы аяз түсу қыркүйек айының екінші он күндігінде болады.

Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 120 күндей. 00С температурада – 190 күн, ал 150С – та 85 күн болады.

Орташа жылдық жауын – шашын мөлшері 30 – 400 мм, ал шығыс аудандарда 255 – 300 мм құрайды.

Жылдың жаз мезгілінде ғана ең аз айлық жауын – шашын түсу мөлшері байқалады, облысымыздың батысында шілде айында жауын шашын түсу мөлшері жоғары 50 – 60 мм, ал шығыста – 50 мм болады. Жауын – шашынның ең аз түсуі қыс мезгілінде (қаңтар - ақпанда) және батыста 15 – 18 мм-ден , шығыста 10 мм-ге дейін түседі.

Орташа жылдық жауын – шашын түсу мөлшері 300 – 350 мм, соның ішінде 100С – тан жоғары температурада түскен жауын – шашын мөлшері орташа 200 – 225 мм болады.

Қарашаның бірінші онкүндігінің соңы мен екінші он күндігінің басында облысымыздың солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы қалыптасады. Осындай тұрақты қар жамылғысы бар кезең 145 күнге созылады, сонымен қатар, орташа және максималды қар жамылғысының биіктігі 30 см. сәуір айының екінші он күндігінде қар кете бастайды.

Жел: облысымыздың барлық территориясындағы соққан желдің орташа жылдамдығы 3 -4 м/сек. жаз мезгілінде жел жылдамдығы қыс пен мезгілге ауысуы кезіне қарағанда аз. Желдің басым бағыты батыс, оңтүстік – батыс және оңтүстік. Ауыл шаруашылықтың 2010 жылғы кезеңнің орташа жауын – шашын түсу мөлшері 5 – кестеде келтірілген, бұнда күзгі кезеңде оптималды жауын – шашын мөлшері 2011 жылғы өнімге әсерін тигізбегендігін көрсетті. Орташа көпжылдық мәліметтермен салыстырғанда, олардың 8 мм – ге ауытқу көрінеді.

Топырақ шарттары

Тәжірибе учаскесінің топырағы – ауыр сортаңды, аз гумусты, орташа қуатты кәдімгі қара топырақ. Бұл аймақты топырақтар Қостанай облысының бірінші агроэкологиялық зонасында орналасқан, Солтүстік Қазақстанның жоғары потенциалды құнарлылықпен ерекшеленеді.

Гумустық горизонттың күші 40 – тан 60 см арасында ауытқиды,егістік қабатында гумустың болуы 4,0 – 5,3 % , бұл 70 см треңдікте гумустың 0,6 -1,5 % болады.

Топырақтың қоюлық деңгейі 9598 % (сіңірілген негізбен); топырақ – сіңірімді комплексінде негізінен Са2+ (100 г топыраққа 29,7 млг.экв). Na+ (100 г топыраққа 0,22 – 0,30 мг*экв) – ның аз болуы, жауын – шашынды жақсы сіңірімдігі мен жеткіліксіз дүмпуіне әкеп соқтырады. РН су соруы бейтараптылыққа жақын – 6,6 – 7,0 қоректену элементтерінің жалпы құрамы егістік қабатындағы: азот – 0,28 – 0,32 % , фосфор – 0,11 – 0, 15 %, калий – 1,8 – 2,0%.

Жоғарыдағы көрсеткіштер кәдімгі қара топырақтарды сипаттайды, жақсы физикалық-химиялық қасиетті, жоғары потенциалды құнарлылықты екенін көрсетті. Кәдімі қара топырақтың тиімді құнарлылығы қуат көзінің формаларының элементтерінің ептілігімен қамтамасыз етеді: нитратты азот, жылжымалы фосфор, ауыстырмалы калий. Нитратты азоттың мөлшері төменнен жоғарыға дейін ауытқиды, бұның бәрі ауа райы жағдайы мен топырақ өңдеуіне, бастамашыға байланысты. Калийдің ауқаттылығы жоғары. Дінді – дақылдардың жоғары және тұрақты өнімділігін лимититтелген фактормен қалыптастыру жылжымалы фосфор мөлшерінің төмен болуымен байланысты.

Шаруашылық территориясы қара топырақ аймағының кәдімгі қара топырақ аймақ астында орналасқан, олар негізгі топырақ жағдайын ( топырақ фоны) құрайды. Ең көп аумақты сортаң жер алып жатыр. Олар негізінен көлді төмендеуге орайластырылған.

Сәйкесінше облысымыздың солтүстік – батыс бөлгінде ендік аймақ ерекшеленеді: қара топырақ аймағы кәдімі қара топырақ аймақ астымен және оңтүстік қара топырақ.

Әрбір топырақ амағы мен аймақ асты өзінің әртүрлі бөліктерінде өзіндік рельеф шарттарымен, әртүрлі топырақ түзуші және төсеттіретін түрлермен, территорияны құрғату және басқа топырақ түзуші факторлармен, әрбір зона астындағы күрделі топырақ жабындысы.

Облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар негізінен Батыс Сібір жазығында, ал оңтүстік – шығыста – Обаған – Есил өзен арасындағы тегіс жазығында орналасқан.

Кәдімгі қара топырақ зона асты жері солтүстіктің ең аз аймағын алып жатыр. Зона астына ауыр – орташа балшықты және гумусты, механикалық құрамды кәдімгі қара топырақ, территорияның басым бөлігін алып жатыр.

Зона астының шығыс пен орталық бөліктерінде кәдімгі қара топырақтың карбонатты массивтері теіс биіктенген телімдермен ерекшеленеді, олардың генезистері карбонатты ауыр балшықтар және саз балшықтармен тығыз байланысты. Зона асты бойынша кәдімгі қара топырақтардың бірнеше биіктеген телімдерді құрайтын жеке массивтері ерекшеленеді.

Интрозоналды топырақ ортасында әсіресе жарылған қайың арасындағы төмендетілген массивтерде таралған шабындық – қара топырақты белгілеуге болады. Шабындық топырағы суайрықтағы айқын төмендетілген және өзен аңғарында, соңында таралған, бұдан басқа аллювиальды – шабындық және шабынды – батпақ топырақтар , шабындық сортаңды және сорда кездеседі.

Топырақтың морфологиялық көрсеткіштері келесі ерекшеліктермен ерешеленеді: гумустық горизонттың күші А + В 40 – 60 см , тұзды қышқылдың себебінен қайнау карбонаттың көрінетін бөлісі шекарасына жақындауы және 20 – 40 см –де байқалады, әдетте карбонаттар қайнау шекарасынан 10 – 15 см төмен байқалады, гипстің бөлінуі – 100 – 110 см.

Топырақтар шаруашылықта бірдей пайдалану принципі бойынша және топырақтың құнарлылығын тиімді жоғарылату мақсатындағы агротехниканы бірдей қабылдау үшін агротоптарға ұйымдастырылған.

Қостанай облысының солтүстік бөлігіндегі кең алқапты кәдімгі қара топырақ (зона асты) алып жатыр. Облыстың батысында, Заураль үстіртінде және шығысында, Обаған – Есіл суайрығында (Батыс – Сібір жазығында), бұл қара топырақтар оңтүстікке қарай өтеді. Батыста және шығыста зона астының ені 100 – 170 км арасында ауытқиды, облыстың орталық бөлігінде 70 км-ге дейін қысқарады.

Кәдімгі қара топырақ келесі құрылысқа ие. Успенов ауылынан солтүстікке 2 км- дегі Федоров ауданының территориясындағы 143 қимасында төселген. Бөктер баурайында қима төселген, ойлы – қырлы жазық. Гумустық горизонттың күші А + В – 40 см. Қайнауы - 30 см, карбонаттардың бөлінуі – 35 см, гипстің бөлінуі – 100 см.

Кәдімі қара топырақта жоғары А горизонтындағы көп мөлшерде гумус бар. Сондай – ақ қара топырақ жоғарғы гумустық горизонтында органикалық заттардың болуымен және оның біркелкі пішіні бойынша таралуымен ерекшеленеді. Бірақ олар үшін гумустың және азоттың тереңдігімен күрт төмендеуі тән. Топырақ, егістік жердің негізгі бөлігін алып жатыр, және шаруашылықтың ең жақсы жерлері болып табылады. Олар гумустың салыстырмалы жоғары процентіне (6,7 – 7,0) ие, ауыл шаруашылық дақылдары үшін зиянды су еріткіш тұздардың профилінің жоқ болуымен сипатталады және топырақ ерітіндісінің концентрациясы. Көміртектің азотқа деген қатынасы жіңіше.жылжымалы калийдің жоғары болуы, өсімдіңтере қолжетмді азотпен салыстырғанда мөлшері көп емес, ал бұл топырақтардағы мәдени өсімдіктер азотты және ішінара фосфорлы тыңайтқышқа қолжетімді.

А (20 – 25 см) горизонтының күші 25 – 28 см тереңдіктегі мәдени егістік қабатын құруға мүмкіндік береді. Топырақ жылжымалы азот формасымен, калиймен жақсы қамтамасыз етілген және жеткіліксіз түрдеі жылжымалы фосформен қамтмасыз етілген.

Топырақ барлық ауыл шаруашылық дақылдарына пайдалы олардың жақсаруына арналған арнайы іс – шараларды қатты талап етпейді.

Карбонатты кәдімгі қара топырақтар да таралған, және де комплекстегі 30 % - ті сортаңды , сортаңды кәдімі қара топырақтар да кезедеседі. Олардың құнарлылығын, карбонаттардың және сортаңның болуы, төмендетеді. Карбонатты топырақтар ауырырақ механикалық құрылысқа ие және тығыз , мұндай қасиет су – физикалық қасиеттерін нашарлатады. Карбонатты топырақтар өңдеу кезінде оңай бүлінеді және құрылысынан айырылады, жел эрозиясына ұшырайды. Сортаңды топырақтар сілтілі реакциясына ие, ауыл шаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына кері әсерін тигізеді. Бұдан басқа сортаңдау жоғары тығыздылықты сортаңды горизонттың қалыптасуына әкеп соқтырады, ол топырақты өңдеуге, себебі тамырдың тереңделген горизонтқа өтуге кедергі жасайды. Топырақтардың су өткізгіштігі төмендейді. Шаруашылықтағы топырақтың гумусы 4,5 – тен 5,7 % - ке дейін. Бұл көрсеткіш барлық топырақтардың моногумусты екенін көрсетеді.