Жауабы: диагноз Алкогольды кома

  1. ылғалды оттегімен ингаляция 6-8л/минутына.
  2. Шеткі венаға түсуді қамтамасыз ету;
  3. Тиамин хлорид ертіндісі 3,0 мл 5 % 10,0 мл натрии хлориді ертіндісін к/т.
  4. Аскорбин қышқылы 5 % 5,0 +10,0 мл физиологиялық ертіндіде к/т
  5. 5 % 400,0 глюкоза ертіндісін к/т
  6. Лазикс 2,0 + 10,0 мл натрии хлориді ертіндісін к/т.
  7. Токсикология бөліміне жатқызу.

 

№58 ЕСЕП

Жауап эталоны:

Жарақаттанған адамда оң иық аймағының тесіп өткен оқ жарасы.

Негіздеу – анамнез көрсетіліміне (жарақаттанған адам оқыс шабуылға тап болған). Және обективті қарап тексеру көрсетіліміне (оң иық аймағының тесіп өткен жарасының болуы және оқ жарақаты сипатында көрінуі) байланысты негізделеді.

Жедел медициналық көмек алгоритмі:

1. Жараны қарап тексеру;

2. Аурусыздандыру;

3. Жараны өңдеу және асептикалық қысып байлау таңбасын салу

4. Аяқ-қолын орамалды таңғышқа таңу.

 

№59 ЕСЕП

Жауап эталоны

Диагноз: оң иықтың кесілген жарасы, иық артериясының зақымдалуымен. Геммарагиалық шок 1- дәрежесі. Кеуде торшасының көптеген жарақаты.

Негіздеу – анамнез көрсетіліміне: ауру сезімі, әлсіреу, бас айналуы.

Және обективті қарап тексеру көрсетіліміне:терісі бозғылт, оң иықтың кесілген жарасының болуы, қатты және солқылдап қан ағып жатуы.

Жедел медициналық көмек алгоритмі

1. Жараны қарап тексеру; Қан ағуды уақытша тоқтату үшін алдымен иық артериясын саусақпен басып, жарадан жоғары медициналық стандартпен жгут салу. Уақытын белгілеу

2. Ауыр сезімін басу үшін б\е кетонал 2,0 ертіндісін енгізу

3. Иық аймағындағы жараны өңдеу және асептикалық таңбасын салу

4. Орамалға қолын іліп қою

5. Кеуде аймағындағы жараны өңдеу таңғыш салу

6. Көк тамырға натрий хлоридінің 0,9 % 500,0 мл физиологиялық ерітіндісімен инфузияны бастау.

7. Хирургиялық бөлімшесіне жатқан қалпында тасымалдау, госпитализация жасау.

 

ЕСЕП

Жауап эталоны

Диагноз: Оң көз алмасының енген жарақаты, оң алақан аймағының жыртылған жарасы.

Диагнозды негіздеу :

-анамнез көрсетіліміне (Оң көз және оң қол аймағындағы ауру сезімі, әлсіздігі, бас ауруы, лоқсу, көз назарының төмендеуі.).

-обективті қарап тексеру көрсетіліміне (оң көзінің қарашыгынан жоғары 8-10 сағат аумағында тесіп өткен ұзындығы 10мм жара байқалуы. Көз қарашығы овальді, медиальді жаққа ығысқаны. Оң алақан аймағында 3,5х 2 см шеттері тегіс емес жара болуына,) байланысты негізделеді.

Жедел медициналық көмек алгоритмі

1. Көз қабағындағы бөгде заттарды алып тастау, шеттерін иоданатпен өңдеу.

2. Асептикалық таңғыш салу.

3. Жарақатанған саусақты жуып, асептикалық таңғыш салу.

4. Офтальмология бөлімшесіне жеткізу.

 

 

№61 ЕСЕП

Жауап эталоны

Диагноз: Екі аяқтың алдынғы бетінің балтыр аймағының ,табанның 1-2-ші дәрежелі 9% термиялық күйігі

Негіздеу – анамнез көрсетіліміне (аяғына ыдыстағы қайнақ суды құйып алуы).

Және обективті қарап тексеру көрсетіліміне (екі балтырының да алдыңғы бетінде және аяғының басында сырт жағында үлкен торсылдақтар пайда болуы, ішінде сұйықтық жиналғанына) бйланысты негізделеді.

Күйік аймағын тоғыздық анықтау әдісін қолдануға болады

Балтыр мен аяқ басы 9 пайыз болса, бір аяқбасының алдыңғы беті мен балтыр алдыңғы беті – 4,5 пайызды құрайды. Екі аяқ басының алдыңғы беті мен балтыр беттерін қосқанда 9 пайыз. Немесе алақан әдісін қолдануға болады бір алақан 1 пайызды құрайды. Сонымен қатар Постников торшасын қолдануға болады және басқалар.

Күйік ауруының даму себебіне күйік аймағы, күйік тереңдігі, жас мөлшері, қосымша аурулары әсер етеді. Күйік ауруы күйіктік шоктан басталады, дамуына ауру сезімі мен плазмалық сұйықтықтың жоғалуы, жара бетінің ыдырау өнімдерінің сіңуі, алмасу процестердің бұзылуы әсер етеді Инфекция қосарланса септикотоксемия дамиды.

Жедел медициналық көмек алгоритмі

1. Күйік алған аймақты суыту.

2. Ауырсыздандыру үшін анальгетиктер.

3. Күйік аймағындағы жараны өңдеу және асептикалық таңбасын салу

4. Хирургиялық бөлімшесіне госиптализация жасау..

 

№62 ЕСЕП

Жауап эталоны

Диагноз: Науқаста сол қол саусақтарының 1 – дәрежелі үсуі.Алкогольді интоксикация.

Негіздеу – ауыр үсіктерге ұзақ уақыт пен теріде торсылдақтар мен тіндер некрозы тән болып келеді). Үсіктің шекарасын анықтауға 5-7 күн уақыт қажет. Саусақтарының біртіндеп жылуы, спиртпен сүрткенде терісінің қызаруы біздің диагнозды дәлелдейді.

 

Жедел медициналық көмек алгоритмі

1. 20-30 минут аралығында біртіндеп қол басын жылы суға салып жылыту қажет.

2. Асептикалық таңғыш салғанда қалыңдап мақтамен орау қажет

3. Ағзаны жалпы жылыту үшін ыстық шай, кофе, сүт, жамылғыш береді

4. Травматологиялық бөлімшеге жеткізу.

 

№63 ЕСЕП

Жауап эталоны

Диагноз: Науқаста сол жақ санының алдыңғы беті аймағының жұмсақ тіндерінің соғылуы, теріастылық қан құйылулар.

Негіздеу – сол жақ сан аймағының ауру сезіміне және жүрген кезде күшейе түсуі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ортан жілік сыну белгілері байқалмайды Сол жақ санының алдыңғы бетінде теріастылық қан құйылулар байқалады. Сан аймағының әсіресе төменгі және ортаңғы бөліктерінің ұлғаюы байқалады.

Жедел медициналық көмек алгоритмі

1. Аяғын жоғары көтеріп қою, қысып таңғыш салу.

2. жарақаттанған жерге жергілікті мұз қолдану,

3. гемостатиқалық препараттарды қолдану: этамзилат натрии 2,5 %- 2,0-4,0 к/т

4. хирургиялық бөлімшесіне госиптализация жасау, жатқан қалпында тасымалдау

 

ЕСЕП

Жауап эталоны

Диагноз: Науқаста сол жақ тізе буынының соғылуы,гемоартроз, алдыңғы беті аймағының сырылған жарасы, тізе үстінің жабық сынуы.

Негіздеу – сол тізе аймағының ауру сезімі, жүрген кезде ұлғаюы. Екі күн бұрын травма алуы. Объективті қарағанда: сол аяғы жартылай бүгілген қалыпта. Тізе буыны ұлғайған, ісінуі. Алдыңғы бетінде 4 х 6 см сырылған жара болуы. Тізе буынында қозғалыс шектелуі ауру сезіміне байланысты.

Жедел медициналық көмек алгоритмі

1. Аяғын жоғары көтеріп қою, қысып таңғыш салу.

2. Ауырсыздандыру ертінділерін енгізу

3. Крамер шинасы арқылы иммобилизациялау

4. Науқасты зембілмен травмпунктке жеткізу.

 

№65 ЕСЕП

Жауаптың эталоны

Болжам диагнозы: Травматикалық шок 1 дәрежесі. Беттің, кеуде клеткасының жұмсақ тіндерінің көптеген жарақаттары . беттің жұмсақ тіндерінің ұрылып,соғылған жарақаттары

Қосымша симптомдары

Сүйек жарақаттары,ішкі органдар жарақаты,неврологиялық симптомдардың жергілікті сипаттамасы( соғылғанда,бас миының қысылуында байқалатын),бас сүйегінің жарақаттануы және гемопневмоторокс белгілерінің болмауы.Аталған симптомдарға қарап болжамалы диагноз әлдеқайда ықтимал.Жарақаттанушының здравпунктте 30мин болуы,емдеу шараларының жүргізілуіне карай жалпы жағдайының жақсаруын көрсетеді.

Дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету алгоритімі:

1) 2%-2,0мл промедол енгізу

2) мұрын катетрі арқылы оксигенотерапия

3) дененің жаракаттанған аймағына суық сумен басу

5) арқасымен жатқызып басын жанына қарай бурып нейрохирургия бөлімшесіне жеткізу

 

 

№66 ЕСЕП