Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептсрі

Жоспар

Кіріспе

І бөлім Несиелік тәуекелдің пайда болуы және банктік тәуекелдердің жіктелінуі

1.1 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері

1.2 Банктік тәуекелдерді топтаудың топтаудың критерийлері және принциптері.

1.3 Банктік тәуекелдерді бағалау әдістері

1.4 Коммерциялық банктердің тәуекелдерді басқару және несиелік тәуекелді бағалау әдістері

ІІ бөлім Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін басқару проблемалары және оларды төмендету жолдары

2.1 Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін басқару проблемалары

2.2 Несиелік тәуекелді төмендету жолдары

Орытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.

Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді.Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.

Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.

Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер косымша капиталды қажет етеді. Банктік кызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес , өйткені банктің кез-келген опрециясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.

Бұл рефераттың мақсаты банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып , олардың түрлерін , оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін , сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде колданылу мен баскарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді баскаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді баскарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады. Рефераттың негізгі объектісі - банктік тәуекелдер және банктерде қолайсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдығы болып табылады.

Менің рефератымның негізгі мақсаты - банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады.

Осы мақсатты орындауға байланысты келесідей мәселелер туындайды:

> Тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау;

> Қазақстан жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау;

> Шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау;

> Отандық және шетелдегі банктік тәуекелдерді басқару тәжірибелерінің негізінде біздің экономикаға қолайлы басқару әдістерін анықтау.

 

І.Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі.

Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептсрі

Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни , таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді.Яғни , тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады . Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса , табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып , банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді . Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты.Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдылығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі,берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы , баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары . Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса , жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады.Сондықтан кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.

Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады , яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.

 

1. Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:

а) Проценттік тәуекел — ағымдағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.

b) Валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.

с) Инвестициялық тәуекел қор нарығындағы өзгерістермен байланысты тәуекелдің түрі.

 

2. Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел — контрагенттің өз міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына байланысты тәуекелді айтамыз.

 

3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:

а) Оперативтік тәуекел — банктің кейбір функцияларымен байланысты тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық қүрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен камтамасыз етілу дәрежесі , кадрлардың мамандану деңгейі , банктің өз қызметін жедел және нақты орындау қабілеті.

 

b) Стратегиялық тәуекел - банк қызметінің дұрыс үйымдаспауымен немесе жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар : шешім қабылдау үшін ақпараттық базаның жеткіліксіздігі , каржы нарығының математикалық модельдерінің сапасының төмен болуы , болжау және жоспарлау әдістемелерінің толық еместігі.

 

Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады.

Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады:

Ø Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін жоғалтумен байланысты.

Ø Проценттік тәуекел нарықтағы проценттік ставканың ауыткуымен байланысты.

Ø Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен
байланысты.

Ø Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы кағаздардың мүмкін болатын құнсыздануымен байланысты.

Ø Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың түрақтылығымен
сипатталады.

Ø Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейдегі
ауытқуымен байланысты.

Ø Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе
мәліметтерді электрондық өңдеу кезінде пайда болады.

Ø Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы
болатын жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.

Ø Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше
жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.

Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақтысына , пайда болу жеріне, ішкі , сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады . Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау , оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.