Банктік тәуекелдерді топтаудың критерийлері мен принциптері

Осылайша банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу максатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:

1. коммерциялық банктің түрі немесе мамандану саласы ;

2. банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;

3. банк клиенттерінің құрамы;

4. тәуекелділікті есептеу әдістері;

5. банктік тәуекелдің деңгейі;

6. тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;

7. тәуекелді есепке алу сипаты;

8. банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.

1. Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуте болады: маманданған, салалық және әмбебап .

 

Коммерциялық банктердің түрлері.

 

Маманданған
салық
әмбебап

Товарлық: инновациялық; инвестициялық; ипотекалық; депозиттік; клирингтік. Салық: ауылшаруашылық; өндірістік; құрылыстық. Функционалдық: биржа; сақтандыру; трасталық; кооперативтік; комуналдық.   Нарықтық: аймақтық; аймақаралық; трансұлттық.

 

Маманданған банктердің кызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.

2. Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясы.

Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясына сәйкес

ішкі және сыртқы деп екігі бөлінеді. Сыртқы тәуекелге банктің немесе клиенттің іс-әрекеттеріне тәуелді емес тәуекел жатады. Сыртқы тәуекелдің деңгейіне көп факторлар әсер етеді . Олар : саяси, экономикалық, демографиялық. әлеуметтік, географиялық және тағы басқалары . Ішкі тәуекелге банктің және оның клиенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты пайда болатын тәуекелдерді жатқызуға болады. Ішкі тәуекелдерге мыналар жатады: банк басқармасы іс-әрекетінің белсенділігі, тиімді маркетингтік саясатты таңдауы және тағы басқа факторлар.Сыртқы тәуекелге мемлекеттік тәуекел, валюталық тәуекел, табиғи апаттар тәуекелі жатады , ал ішкі тәуекелдерге банк клиентінің құрамы, банктік операциялардың сипаты және коммерциялық банктердің түрлері жатқызылады .

Мұндағы негізгі ерекшелік сыртқы тәуекелдердің басқарылатын және басқарылмайтын деп екіге бөлінуі болып табылады. Ал ішкі тәуекелдер әкімшілік , қаржылық және ұйымдастырушылық деп үшке бөлінген. Басқарылатын сыртқы тәуекелге клиенттік тәуекел, контрпартнерлық тәуекел жатады. Басқарылмайтын сыртқы тәуекелдерге саяси, экономикалықу сақтандыру, депозиттік, валюталық, инвестициялық, проценттік тәуекелдер жатады.

Ал әкімшілік тәуекелдерге құрылымдық баскару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық тәуекелдер жатады. Қаржылық тәуекелдерге каржыландыру, өтімділік, диверсификациялык, табыстылықтың төмендеу тәуекелдері жатады. Ұйымдастырушылық тәуекелдерге ақпараттық , персоналдық , жаңа технологияларды қолданумен байланысты тәуекелдер жатады .

3. Банк клиенттерінің құрамы .

Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды .Осыған байланысты банк клиенттеріне байланысты тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады . Кәсіпорынның көлеміне байланысты клиенттерді кіші , орта және ірі деп үш топқа бөлуге болады .

Кіші және орта қарыз алушылар немесе клиенттер нарықтағы өзгерістерге тез бейімделеді . Олардың құрылымы өте қарапайым болып келеді , сондықтан мұндай кәсіпорындар жоғары табыс алу мақсатында кәсіби бағытын жедел өзгерте алады .Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы азболады , олар саяси немесе экономикалық өзгерістерге, қатаң бәсекеге төтеп бере алмай банкроттыққа ұшырайды .

Ал ірі кәсіпорындар керісінше , нарықтағы сұраныстың өзгеруіне өте жай бейімделеді және өздерінің кәсіби бағыттарын мүлдем өзгертпейді .

Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы үлкен болады , сондықтан олар нарықтағы жағымсыз экономикалық өзгерістерге төтеп бере алады .

Меншікке қатысына байланысты банктің клиенттері немесе кәсіпорындар мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік деп бөлінеді. Меншікке қатысына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын немесе несие берместен бұрын клиенттер портфелінің сапасын тексереді. Осылайша банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деңгейде ұстау үшін үнемі түрде клиенттер портфелінің сапасын тексере отырып нақты және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.

4. Тәуекелді есептеу (талдау) әдістері. Тәуекелді талдау арқылы банк жобаға қатысу кезінде қаржылық шығындарды шектеуге тырысады.

Тәуекелді талдау кезінде бір бірімен тығыз байланысты екі әдісті қолдануға болады. Олар: сандық және сапалық. Сапалық талдау жеңілірек болып келеді. Оның негізгі мақсаттары – тәуекелдің факторларын, пайда болу кезеңдерін, пайда болуының мүмкін аймағын анықтау болып табылады. Тәуекелді анықтау жүйесі үш элементтен тұрады: тәуекелдің ұзактығы, көлемі, ықтималдығы. Қазіргі уақытта тәуекелді сандық талдаудың жиі қолданылатын әдістері мыналар болып табылады: статистикалық, аналитикалык, сараптамалық жэне тағы басқалары.

5. Банктік тәуекелдің деңгейі. Банктік тәуекелдің, деңгейі оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Ол пайыз түрінде немесе коэффицент түрінде анықталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылдың үшінші шілдесінде бекіткен «Екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалды нормативтер туралы ережеге сәйкес тәуекелдің деңгейіне байланысты банк активтері ірі бес топқа бөлінген. Бірінші топтағы активтерге кассадағы қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар, үкіметке берілген несие, Ұлттық банкке берілген несие. Ұлттық Банктегі депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және тағы басқалары жатады. Бұл топтағы активтердін тәуекелділік деңгейі 0-ге тең. Екінші топтағы активтерге жергілікті билік органдарының шығарған бағалы қағаздары, «Қазақстан ипотекалык компаниясының» бағалы кағаздары. Бұл активтердің тәуекел деңгейі 0,2-ге тең. Үшінші топтағы активтерге аффинирленбеген бағалы металдар және тағы басқалары жатады және олардың тәуекелі 0,5-ке тең. Төртінші топтағы активтерге төлем бойынша есеп айырысулар, негізгі кұралдар, материалдық қорлар жатады және бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең. Бесінші топқа әділеттік кұны бойынша есептелетін инвестициялар, субординацияланған қарыз, лицензияланған программалық жабдықтау ) жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең.

6. Тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру . Нарық жағдайында тәуекелдерді уақыт тұрғысынан үлестіру банк үшін маңызды элементтердің бірі болып келеді.
Уақыт тұрғысынан қарастырсақ тәуекелдер ағымдағы, келешектегі және бұрынғы деп үшке бөлінеді. Бұрынғы тәуекелдерді талдау арқылы біз ағымдағы және болашақтағы тәуекелдердің деңгейін төмендете аламыз. Бұл үш кезеңдегі тәуекелдер бір бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, ағымдағы кезеңде несие берілсе, ол несиені қайтармауға байланысты шығындар келешекте көрініс табады. Сондықтан да банк үшін тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру маңызды болып келеді.

7.Тәуекелді есепке алу сипаты. Есепке алу сипатына байланысты
тәуекелдер баланстық және баланстан тыс, активтік және пассивтік
операциялар бойынша тәуекел деп бөлінеді.

8.Банктік тәуекелдерді басқару мүмкіндігі. Баскару мүмкіндігіне
байланысты тәуекелдер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық
тәуекелдер реттелуге жатпайды, ал жабық тәуекелдерді реттеуте
болады.