Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер

***

260. 50 жастағы К., науқас, әйел адам, жүрген кезде күшейетін тізе буындарының ауруына, жарты сағатқа дейін таңғы құрысуға шағымданады. Соңғы 2 жыл бойы буындарда аздаған ауру сезімі мазалаған, ауру сезімі ұзақ жүруден кейін күшееді. Об-ті: тізе буындары дефигурацияланған, периартикулярлы тіндердің тығыздануы бар, оң жақта гепертермия, қол астында крепитация. Дистальді фаланг аралық буындар аймағында тығыз түйіндер және буын шығулар байқалады.

ЖҚА: эр - 4,2 млн., лейк - 5,6 мың. ЭТЖ – 15 мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Розе реакциясы 1:8. Көрсетілген диагноздар ішінен қайсысы ең ықтимал? //

реактивты артрит//

ревматоидты артрит//

подагралық артрит //

псориатикалық артрит//

Реактивті синовиті бар остеоартроз

***

261.Ревматоидтық артриттің қандай синдромы сәлекей және көз бездерінің зақымдануымен жүреді: //

Каплан//

Фелти//

Шегрен//

Рейтер//

псевдосептикалық

***

262.Ревматоидтық артриттің қандай синдромы өкпе зақымдануымен жүреді: //

Каплан//

Фелти//

Шегрен//

Рейтер синдромы//

певдосептикалық

***

263 Науқас А, 30 жаста, қол саусақтарының буындарындағы ауру сезімі мен ісінуі, таңертеңгілік уақытта буындарды қимылдатудың қиындауына шағымданады. Объективті: екі жақ қолдың II-IY саусақтарының проксимальды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы. Аталған буындарда ауру сезімі мен экссудативті көріністер себебінен қозғалыс шектелген,әсіресе, жазылу. Қанда: эр-4 млн., Нв-128 г/л, лейк-10 мың, СОЭ-41 мм/сағ, СРБ – оң. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу керек?//

Райт және Хеддельсон реакциясы//

Ваалер-Розе реакциясы//

Н LA B-27 анықтау//

стрептококкқа қарсы антиденелер титрін анықтау//

мурексидті сынама

***

264.19 жастағы науқас клиникаға төмендегі шағымдармен түсті: бет, мұрын аймағындағы бір-біріне қосылған эритемалық дақтар, еріндерінде, кеуде клеткасының алдыңғы бетіндегі және мойнындағы қызыл сақиналы бөртпелердің болуы, қол басының проксимальді фалангааралық және алақан-фалангалық буындарының ауырсынуы және ісінуі. Бел аймағының ауырсынуы. АҚ 160/110 мм сын. бағ. Зерттеу кезінде LE-клеткалық феномен анықталмады. Зерттеу тәсілдерінің біреуі диагнозды нақтылауда маңызды: //

Кардиолипинге антиденені анықтау//

Ревматоидты факторды анықтау//

АНФ анықтау//

КФК деңгейін анықтау//

Криоглобулиндерді анықтау

***

265.Науқас 28 жаста бетте эритемалы дақтар, дене температурасының 39 градусқа жоғарылауы, арықтау, интенсивті полиартралгия, ісінулер дамуы және босанудан кейін бір айдан соң АҚ жоғарылауы. Зерттегенде анықталды: Нв – 90 г/л, СОЭ – 50 мм сағатына, фибриноген – 6 г/л, альбумин – 30%, LE- жасушалар 5//1000 лейкоцитк Диагноз//

Жүйелі склеродермия//

жүйелі қызыл жегі//

Дерматомиозит//

диффузды эозинофильді фасциит//

ревматикалық полимиалгия

***

266.Т. деген 26 жастағы науқас, дене қызуының 40°С дейін көтерілуі, ентігу, жөтел, қолдың ұсақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен бір ай бұрын бала көтеріп, өздігінен түсік тастаған. Қарап тексергенде// жүдеу, лимфаденопатия, беті және мұрын қырының эритемасы, қолмен аяқта - «торлы ливедо». Ішкі ағзалардағы өзгерістер- полисерозит (плеврит, перикардит), кардит, нефрит. Қанда// эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. ЖЗА// нәруыз-5, 2 г/с, эритр-20-30 к/а, косспиральды ДНК антиденелері- оң мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін тағы қандай зерттеу жүргізілуі тиіс?//

ревматоидты факторды анықтау//

кардиолипинге антиденелерлі анықтау//

стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау//

қанды бактериологиялық себіндіге зерттеу//

урогениталды инфекцияға иммуноферменттік зерттеу

***

267.16 жастағы ер адамның дене темпатурасы 40 градусқа көтеріліп, ентігу, ісінуге шағымданады. Қарағанда: арықтаған, лимфаденопатия, бетінде эритема, полисерозит (плеврит, перикардит, перивисцерит), кардит, нефрит. Қанында: эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 тыс. ЭТЖ-70 мм/сағ. ЗЖА: белок-5,2 г/с, эритр-20-30 в к/а, Lе-клетки-5: 1000. Диагноз:. пульс-терапияның дозасы қандай? //

60 мг//

100 мг//

150 мг//

500 мг//

Мг

***

268.Жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерге көрсеткіш : //

люпус-кардит//

люпус-артрит//

люпус-нефрит//

полисерозит//

цитопения

***

269.Науқас Л., 35 жаста, 5 жыл бойы кеуде клеткасының сол жақ бөліміндегі және сол жақ аяқ-қолдағы жағымсыз сезімге шағымданады. Соңғы 3 жылда дененің сол жақ бөлімі мен сол жақ аяқ-қолда қызғылт қоңыр түсті әртүрлі өлшемді, тері үстінен шығып тұратын, беткейі тегіс және жылтыраған, сау теріден тар көкшіл жиекпен ажыратылатын ошаөтар пайда болды. Мүмкін болатын диагноз://

дерматомиозит//

жүйелі склеродермия//

жүйелі қызыл жегі//

псориаздық артропатия//

шектелген склеродермия

***

270.Анкилоздаушыттспондилоартриттің диагностикалық критерийі ://

ревматоидтық фактор 1:32//

антиген НLA B 27//

LE-жасушалар//

антинуклеарлы антиденелер//

гиперурикемия

***

271.Н. деген 20 жастағы науқас, жарты жыл бұрын тізе, сирақ буындарында ісіну және ауыру сезімімен емделіп, жақсарған. 1 ай бұрын кеуде торшасында, омыртқаның бел аймағында, сол жамбас-сан буындарында ауыру сезімдері пайда болған. Об-ті// омыртқаның бойы ауырады. Иілу сол жақ жамбас-сан және омыртқадағы ауыру сезіміне байланысты қиындаған. Сол жақ бұғана-кеуде аймағының пішіні өзгерген. Сіздің диагнозыңыз?

жедел ревматикалық қызба//

ревматоидты артрит//

Рейтер ауруы//

анкилозды спондилоартрит//

остеохондроз, түбіршекті синдром

***

272. И. деген 24 жаста науқас, сол жақ тізе, сирақ буындарындағы өткір ауыру сезіміне, олардағы домбығу мен қозғалыстың шектелуіне, дене қызуының 38°С көтерілуіне, зәр шығарғандағы ауыру сезіміне шағымданады. Об-ті// сол жақ тізе және сирақ буындары ісінген, сипағанда ыстық, өткір ауру сезімді, сіңірі мен оң табан сүйегі ауырады. Қанында// Нв130 г/л, эр-3,8 млн., лейк10 мың, ЭТЖ-46 мм/сағ, СРБ (+++). РФ в латекс тесте 1//10. Емге қажет препарат//

антибиотик макролидтер тобынан//

қабынуға қарсы стероидты емес препарат//

цитостатик//

алтын препараты//

хинолинді

***

273. Н. деген 45 - жастағы науқас, сол жақ тізесі және өкшесіндегі ауыру сезім және ісінуге шағымданады. Анамнезінен шамамен бір ай бұрын дизентериямен емделген. Қарап тексергенде// сол жақ тізе буынының және оң өкше аймағының пішіні өзгерген, гиперемиясы. Өкпесінде везикулалық тыны Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, пульс- мин. 84 рет Іші жұмысақ, ауырмайды. Қанда// эр-4,2 млн., л11 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

жедел ревматикалық қызба//

ревматоидты артрит//

септикалық артрит//

реактивті артрит//

подагра

***

274.Науқас Г., 30 жаста, басынан откерген грипптен соң бұлшықеттерде ауру сезімі, бұлшықет әлсіздігі, қабақтың ісінуі, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігу, дауыстың бұзылуы, дисфагияға шағымданады. Объективті: ебедейсіз жүріс, қабақтарының ісінуі, жоғарғы қабақтарда, бет сүйектерінде, мұрын қанаттарында, декольте аймағында эритематозды бөртпелер. Пальпация кезінде иық белдеуінің, сан бұлшықеттерінде ауру сезімі, қолын жоғары көтеру қиын. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары әлсіз, ЖЖЖ- 100 рет минутына, АҚҚ-140/90 мм.сын.бағ. Қанда: эр-4,5 млн., Нв-110 г/л, лейк-7 мың, СОЭ-66 мм/сағ. Диагнозды қою үшін қандай арнайы тестер қажет? //

ЭТЖ жоғарылауы//

екі спиральді ДНК антиденесінің жоғарылауы //

ревматоидтық фактор деңгейінің жоғарылауы//

КФК, КФК МВ фракциясы, ЛДГ деңгейінің жоғарылауы//

лейкоцитоз

***

275.Г. деген 20 жастағы науқас, босанғаннан кейін бұлшықеттерінде ауыру сезімі, бұлшықеттік әлсіздік пайда болған. Бір апта бұрын қабағының ісінуі, аздаған жүктеме кезінде ентігу, маңқалықі, тамаққа шашалу қосылған. Об-ті// ісінген, иық белдеуінің бұлшықеттері, саны ауырады, беті мимикасыз. Жүрек шекаралары ұлғайған, үндері қатаң, ЖСЖ-мин 100 рет. АҚ140/90 мм б. Қанында// эр-4,5 млн, Нв110 г/л, лейк-7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ, АЛТ17 . Диагноз: идиопатиялық дерматомиозит. Емді қандай дәрілердің қатарынан бастайсыз?//

глюкокортикостероидтардан//

цитостатиктерден//

аминохинолидерден//

қабынуға қарсы стероидты еместерден//

Д-пеницилламиннен

***

276. 16 жастағы В., науқаста суықтанудан кейін есекжем, жамбас терісінде, аяқтарда, кейбір жерлерінде ортасы некроздалған, симметриялы папуллезды-геморрагиялық бөртпелер, 39°С дейін дене температурасының көтерілуі анықталған. 1 аптадан кейін белдің ауруы, зәрдің қараюы пайда болған. Қанда: лейк-18 мың, ЭТЖ-54 мм/сағ., диспротеинемия, гиперфибриногенемия, Виллебранд факторы деңгейі 3 есе жоғарылаған, криоглобулиндер мөлшері жоғары. Зәрде- протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Қандай ауру?//

тромбоцитопениялық пурпура//

криоглобулинемиялық васкулит//

Виллебранд ауруы//

Бехчет ауруы//

Рандю-Ослер ауруы

***

277. Науқас Т., 16 жаста, ірі буындардағы ауру сезімі, субфебрилитет пайда болды, бас ауруы, бас айналуы, көзінің көруінің төмендеуі қосылды. Об-ті: Жүрек шекаралары солға ығысқан, барлық нүктелерде систоликалық шу естіледі, мойын тамырларына, құрсақ аортасына беріледі. Кәрі жілік артериясында пульс сол жақта әлсіреген. АҚҚ оң қолда 230/130, сол қолда 150/130, аяқта 220/110 мм.сын.бағ. Көз түбі тамырлары өзгерген. Мүмкін болатын диагноз?//

Бехчет ауруы//

Түйінді полиартериит//

бейспецификалық аортоартериит//

Хортон ауруы//

Тамырлар атеросклерозы

***

278.Патергия тесті қандай аурудың критерийіне жатады: //

түйінді полиартериит//

Шегрен ауруы//

Бехчет ауруы//

Вегенер гранулематозы//

бейспецификалық аортоартериит

***

279.65 жастағы Р. атты науқас кенеттен басының ауруы, оң жақ көзінің көру өткірлігінің төмендеуі, иық-белдеуі бұлшық етінің ауырсыну, жүдеуге шағымданады. 3 жыл бойы ауырады. Кейін оң жақ бетіндегі ауру сезімі мен парестезиялар қосылды. Жағдайы ауыр, оң жақ бетін қолымен ұстап, тұрақтандырады. Сипағанда оң самайындағы артерия тығыз, пульсациясы төмендеген. АҚ - 140/30 мм.с.б.б. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Окулист: көру нервінің бөліктік атрофиясы. Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін: //

Хортон ауруын//

бас миы ісігі //

түйінді полиартериит//

артериялық гипертензия//

бейспецификалық аортоартериит

***

280. 50 жастағы науқаста соңғы 3 жылда аяқ көктамырларының тромбозы, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы қайталанады. Науқастың әкесінде де қайталамалы тромбоздар болған. Тексергенде кардиолипинге антиденелер титрі екі рет жоғарылаған. Ең мүмкін болатын диагноз://

тромбофлебит//

Бюргер ауруы//

Кезеңдік ауру//

біріншілікті антифосфолипидты синдром//