Алкалоидтар өндірісіне қойылатын талаптар мен өндірісті жағдайларға сараптама жүргіз

 

Дәрілік заттар адам үшін уландыру, дене терісін тітіркендіретін, сілекейлі, аллергиялық ауруларын тудыратын химиялық заттардан тұрады. Осындай улы заттардың бірі ол алкалоидтар. Алкалоидтар - негіздік сипат көрсететін табиғи азоты бар органикалық қосылыс. Көп алкалоидтардың құрлысы күрделі, өзіне тән иісі бар. Көптеген алкалоидтар сақинасында азоты бар гетероциклды қосылысқа жатады, азот сақинаның бүйірінде сирек жағдайда болады. Көптеген алкалоидтар азот атомы сақинада орналасқан гетероциклдарға жатады, ал сирек жағдайларда азот бүйірде орналасады. Өсімдік әлемінде алкалоидтар біркелкі таралмаған.

Алкалоидтар көбіне өсімдік шикізатынан алынатын биологиялық активті зат. Олар өсімдік жасушасындағы алмасу өнімі болып саналады, тек соңғы кездерде микроорганизмдерден, шыбын-шіркейден және жануарлардан табылған. Алкалоидтар бұрынғы заманнан белгілі жоғарғы фармакологиялық активтілігі бар, медицинада қолданылатын табиғи қосылыстардың бір тобы.

Мұндай мәселелер дәрілік өсімдікті қайта өңдеуге дайындағанда туындайды. Өсімдікті жинағанда қолымызда арнайы қолғаптар, бетімізде маска болу керек. Ыстық күнде кейбір алкалоидтар газ тәрізді күйде болады.

Ал оларды майдалағанда көзге әсер ететін, насморк, түшкірік, көзден жас ағызып, кей жағдайларда қан ағызатын шаң пайда болады. Жабық жерде орналасқан жұмыс орындары үшін бұл өте қиын. Дірілік алкалоидтарды жинағанда, қайта өңдегенде, кептіру, сорттау, кесу, орау, тасымалдау процестері кезінде келесідей қауіпсіздік ережелері қарастырылады.

Жас мамандар жауап беретін инструктордың бақылауымен жұмысқа жіберіледі. Қайта өңдеу, кептіру, сорттау, орау жұмыстарында респиратор, таза ылғалды орамалмен ауыз бен мұрын қорғалады, көзге қорғағыш очки киіледі. Жұмыс біткенде жоғары киімдерді қағып, пайдаланған заттарды жуып, жұмыскер де жақсылап жуунуы тиіс. Егер ағзаға алкалоид түсіп кетсе, тіл қышиды, тамағы кеуіп, терлейді, басы айналып, пульс әлсірейді.

Сонымен қатар, негізгі өнімді спирт, сулы спирт, спирт-эфирлі ерітінділермен экстракциялап, экстракт, тұнба алады. Бұл фитоөндірістің зиянды факторына: - экстракторға салар алдындағы шың; - шу және вибрация; биологиялық ластану; кейбір органикалық экстракттар (этил, метил, изопропил спирттері, ацетон, хлороформ, дихлорэтан, төртхлорлы көміртек). Органикалық еріткіштер наркотикалық әсерге ие болғандықтан, адамға әсері көп. Сондықтан технологиялық процес арматурасы бар, герметикалық жабық аппараттарда жүргізілуі тиіс. Зиянды булар бөлінген жағдайда, ғимаратта газоанализатор, желдеткіштер болу керек.

Өндірістік шу- әр түрлі интенсивтегі дыбыстардың бірігіп, ағзаға жағымсыз әсер тудырады.Адам 20 -20000 Гц жиілігіндегі шуды естиді, ал одан жоғары ультрадыбыс, сондықтан да өндірісітік шу да белгілі мөлшерде ғана шығып отыруы тиіс. Ол адамның есту органына дыбыстық травма беруі мүмкін.

Қандай да өндірісті жағдай үшін қауіпсіздік ережелері қатаң түрде сақталуы тиіс және авариялық жағдай болған жағдайда алғашқы көмек көрсету құрал-жабдықтары, өрт сөндіргіш құралдары да болуы керек.

Меңдуананың майлы экстрактының алу технологиясын салыстыра отырып, түсінік беріңіз.

Меңдуана - Бір жылдық не екі жылдық шөп тамырлы өсімдік, биіктігі 30-70 см айналасында, өн бойында жұмсақ түгі болады. Маусым, мамыр айларында гүлдеп, тамыз, қыркүйек айларында жемістенеді. Жемісі қоңырау тәрізді,ішінде ұсақ домалақ ұрығы болады, улы келеді.

Улылығы. Меңдуана төмен улы өсімдік, тауық қатарлы үй құстары жеп жойса ұзақ уақыт сенделіп, аузынан су ағып өледі. Адам жесе басын бұлғаңдата береді, албаты сөйлейді, көзі шұбартады да өзін рахат сезінеді. Өзге дәріліктермен аздап қосып пайдаланады, безгектік секілдеуге, тыныштандыруға істетеді.

Емдік рөлі. Өзге дәріліктермен аздап қосып пайдаланады, безгектік секілдеуге, тыныштандыруға істетеді.

Меңдуананың майлы экстрактының алу технологиясы

Шикізат – меңдуана жапырақтары. Өсімдік – қара меңдуана, алқа тұқымдастары. Екі жылдық өсімдік. Құрағақ жапырақтарында 0,05 % тропан алкалоидтары кездеседі, негізінен гиосциамин болады.