Ық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде

Нормативтік-құқықтық актілерде мазмұндалған құқық нормалары өмірге ену, іске асырылу үшін шығарылады. Құқықты іске асыру дегеніміз құқықты өмірге енгізу, заңды нормаларды субъектілердің нақты әрекетіне енгізу болып табылады.

Субъектілердің әрекеттену сипатына байланысты құқықты іске асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:

сақтау – тыйым салушы нормалар іске асырылады, бұл нысанның мәні – субъект тыйым салынѓан әрекетті жасаудан бас тарту болып табылады. Ережеге сай, құқыты іске асырудың бұл нысанында тыйым салушы нормалар қатысады. Мысалы, ұрлық жасауға, қызмет бабын асыра пайдалануға және қызыл шамға жүруге болмайды. Сақтау – әрекеттің бәсең (мінез құлықтың) нысаны.

орындау– субъектіден міндеттеуші құқықтық нұсқауларды жүзеге асырумен байланысты болатын белсенді әрекеттерді талап ететін іске асыру нысаны болып табылады. Бұнда субъект өзіне жүктелген белсенді әрекетке деген міндеттілікті атқарады. Мысалы, әскер борышын өтеу парызын орындау, салық төлеу, балалар өсіріп тәрбиелеу және т.б;

пайдалану – субъект заңды норма арқылы өз мүмкіндігін, яғни өз құқықтарын жүзеге асырады. Пайдалану арқылы өкілетті нормалар жүзеге асырылады. Пайдалану құқықты іске асырудың нысаны ретінде жеке тұлғаның есебінде заңнамада көрсетілген міндеттермен емес, ал құқықтармен тығыз байланысты.

Құқықтық нормаларды іске асырудың ең күрделі нысандардың бірі құқық қолдану.

Құқық қолдану – құзыретті органдардың нақты өмірлік жағдайларға қатысты құқық нормаларын жүзеге асыруындағы мемлекеттік-биліктік ұйымдастырушы әрекеті, соңында осыған сәйкес жеке дара акт қабылданады.

Құқық қолданудың ерекше белгілері:

өкілетті және құзіретті субъектілермен (мемлекеттік органдар) қолданылады;

биліктік сипатта болады;

сатылардан (істің фактілі жєне заңды негізін табу, шешім қабылдау) тұрады;

процессуальдық нысанда (істің шешілуінің әділетті және заңды кепілін күшейту мақсатында бұл қызмет құқық нормасымен қатаң реттелген) жүзеге асырылады;

тиісті жеке биліктік(құқық қолдану) акт ќабылдаумен байланысты.

Құқықты қолдану, субъектілері билік органдарының көмегісіз құқықтары мен міндеттерін іске асыра алмаған жағдайда, яғни заңды факт және т.б. бойынша дау туындаған оған мемлекеттік мәжбүрлеу қажеттілігі туындаған жағдайда қажет.

Құқық қолдану нысанында 4 жағдайда іске асырылады:

құқықтық қатынас мемлекеттік органдарының немесе лауазымды тұлғалардың билік өкімісіз (азаматты нақты қызметке шақыру, жоо-ға түсу) туындамаған жағдайда;

қоғамдық қатынас өзінің мәнділігін (сауда-саттық мәмілесін нотариус арқылы аяқтау) заңдылық тұрғысынан бақылау қажеттілігі туындағанда;

құқық туралы дау немесе субъективтік құқықты (жубайлардың мүлкін сот арқылы бөлсе, ата-аналық өқұқығынан айыру) жүзеге асыруға бөгет жасағанда;

тұлға құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды жауапкершілікке тартылғанда.

Құқық қолдану үрдісін үш негізгі сатыға бөлуге болады:

істің деректік негізін анықтау;

істің заңды негізін анықтау;

істі шешу.

Бірінші сатысында істің объективтік ақиқаттылығы ашылады. Құқық қолдану фактілі жағдайларды жеткілікті толық және сенімді талдаған кезде ғана негізді болып табылады. Мәніне келсек, нақты іске қатысты мәліметтердің заңды мәнділігі бойынша жинағандығы туралы өз болады.

Екінші сатысында құқық қолданушы белгілі қоғамдық қатынасты реттеуші саланы, институтты және құқық нормаларын таңдап алып, олардың құқық нормасы мәтінінің түп нұсқаға сәйкестігін, олардың кеңістікте, уақытта және адамдар арасында әрекет ету шеңберін, заңды нұсқаулардың мазмұнын және мағынасын түсіндіреді, іс әрекетін саралайды.

Үшінші сатысында шешім қабылданады және құқыққолдану актісі шығарылады. Расымен құқыққолдану үрдісінің осы кезеңінде дәл осы істің тағдыры шешіледі, яғни істі қарау барысында қандай түйінге келеді, құқықтық қатынастың келешек жалғасы осыған байланысты.

Істің фактілік және заңды негізін анықтау құқық нормасын қолданудың әзірленген сатысы сияқты болып көрінеді. Шешім қабылдау тәмәмдаушы және сонымен қоса негізгі саты болып табылады. Осыдан кейін шешім орындалады және нақты қоғамдық қатынас реттеледі.