Ықтық қатынас: түсінігі, белгілері, құрылымы

Құқықтық қатынас – тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М.Коркунов айтқандай, ғылыми зерттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әртүрлі мазмұндарынан айыру.

Құқықтық қатынас – жалпы құқықтық нормалардағы бағдармаларды (объективтік құқық) белгілі (субъективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық объективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құықтың мазмұнын және жекеленіп белгіленбеген субъектілер ортасының міндетін белгілейді. Құқық субъективтік жағынан алғанда, жекеленген құқық ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арнасына көшіреді.

Құқықтық қатынас- мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатысушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.

Құқықтық қатынас дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері қоғамдастық қатынас.

Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:

Бірінші-құқықтық қатынастар тек нормативтік актілері арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады,орындалады.

Екінші-қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтар мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы, екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді.

Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатысуымен бұл кемшіліктер түзетіледі.

Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады:субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.

1. Құқықтық қатынастың субъектісі – жеке адам және заңды тұлғалар. Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет – құқыққа , бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған кезден басталып, өлгенде аяқталады.( ҚРАК 14-бабы)

Әрекеттілік (дееспособность) – адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады.

2. Қ.Қ. Объектісі – қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік т.б. қарым қатынастары. Материалдық дүние заттар, рухани-шығармашылықтың, өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілерінің мінез-құлқы және құқық қатынастарының нәтижелері – құқық қатынастыарының объектілері. Құқықтық қатынастың объектісі тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдде-мақсатын реттеп, басқарып отыратын қарым-қатынастарды қамтиды.

3. Субъективтік құқық – құқық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрады

4. Заңды міндеттер – Субъективтік құқық бар жерде заңды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, құқық та дұрыс орындалады деуге болады.

33. Сот тәжірибесі ҚР құқығының қайнар көзі ретінде

Құқықтың қайнар көздері дегеніміз – құқық нормаларының жазылу тәсілінің ресми нысаны. Бұл мемлекеттің еркін білдіретін жазбалы түрдегі тұжырымдар. Демек, басқаша айтсақ, құқықтың қайнар көздері дегеніміздің өзі нақтылы заң істерін шешуге қажетті құқықтық норманы табу үшін белгілі бір актіге жүгінуді қажет ететін құжатар жиынтығы.

Құқық қайнар көздердің бір түрі - сот немесе әкімшілік үрдісі (прецеденті) - бұл заң істерін қараған кезде ұқсас жағдайларда іс жүзінде үлгі ретінде болашақта пайдаланатын бұрынғы іс бойынша шығарған сот немесе әкімшілік шешімдері.Сондықтан, бұл міндетті күші бар қандай да болмасын нақтылы істер бойынша шығарылған соттың шешімі (әдетте, сот органдар жүйесінің жоғарғы органдары қабылдайды, мысалы, АҚШ –та Жоғарғы сот ). Егерде кейін осыған ұқсас іс қозғалса, онда тап осындай тәріздес шешім қолдануы тиіс.

Қазақстанда сот тәжірибесі құқықтың қайнар көздері болып табылмайды – деседі, бірақ оның сарқыншақтары соттың шешімінде кездесіп тұратыны мәлім.

Шынында да құқықтық прецедент ҚР-ның төрелігінде дәйекті түрде қолданылмаса да бір соттың шешімінің беделі төменгі сатылардағыларға өз ықпалын тигізетіні сөзсіз. Айталық, облыстық соттың бір іс бойынша шығарған шешімі әдетте төменгі соттар ескеріп отырады. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы төменгі соттар үшін міндетті болып табылады. Осыдан келіп, біз, Қазақстанда құқық қайнар көздерінде сот прецедентінің сипаттары бар екендігін көре аламыз. Өйткені ҚР Конституциясынга сәйкес, Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары елімізде қолданылатын құқықтық қайнар көздерінің бірі болып табылады.