Семинар. Қарым-қатынас психологиялық категория ретінде

Тапсырма.

1. Қарым-қатынас құрылымы. Адам өмірінде қарым-қатынастың маңызы.

2. Қарым-қатынас функциялары. Қарым-қатынас түрлері, оларға сипаттама.

3. Қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес құралдары.

4. Іскерлік байланыстың дәстүрлі стильдері.

5. Ынтымақтастық. Ынтымақтастық формалары.

Әдістемелік ұсыныс: тақырыпқа дайындалу барысында іс-әрекет тұрғысынан қарым-қатынасты қарастырыңыз. Қарым-қатынас құрылымына, түрлеріне сипаттама беріңіз. Қарым-қатынастың адам өміріндегі қызметіне назар аударыңыз. Сондай-ақ, қарым-қатынас құралдарына, олардың адамдарға әсеріне назар аударыңыз. Келіссөз жүргізу мәдениеті мен іскерлік қарым-қатынастың халықаралық этикетін анықтаңыз. Ынтымақтастықпен қарым-қатынас құру ережелерін талдау жасаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Коммуникация ретінде қарым-қатынастың мәні неде?

2. Басқару үрдісінде қарым-қатынастың вербальды емес құралдарының психологиялық маңызы неде?

3. Еуропалық мемлекеттер мен Шығыс елдерінде іскерлік қарым-қатынастың кейбір мәдени ерекшеліктері және этикалық ережелерін талдаңыз.

4. Адамның психикалық дамуында қарым-қатынастың рөлі қандай?

 

Семинар. Әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Топ түрлері, оларға сипаттама.

2. Ұжым, оның ерекшеліктері.

3. Кіші топтардағы динамикалық үрдістерге сипаттама.

4. Ұжымның қалыптасу кезеңдері.

5. Кіші топтағы тұлғааралық қарым-қатынас құрылымы.

Әдістемелік ұсыныс: Тақырыпқа дайындалуда психологиялық әдебиеттерді қарастыра отырып, топтың әртүрлі түрлеріне салыстырмалы талдау жасаңыз. Ұжым және оның ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Ұжымның қалыптасу кезеңдерін айқындаңыз. Адам аралық қатынастардың түрлеріне көңіл бөліңіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік топ ұғымына анықтама беріңіз, оның негізгі сипаттамаларын талдаңыз.

2. Инженер тұлғасына микротоптың жағымды әсерлері қандай?

3. Өндірістік ұжымның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтаңыз.

4. Кіші топ дамуының негізгі кезеңдерін анықтаңыз.

5. Үлкен топ, бұқаралық құбылыстың белгілерін және жеке тұлғаның үлкен топтағы мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Семинар. Таным процестерінің психологиясы.

Тапсырма.

1. Түйсік және қабылдау таным процестері ретінде (апперцепция ұғымын қарастыру).

2. Зейін тұрақтылығын сақтау механизмдері.

3. Есте сақтау түрлері, оларға сипаттама.

4. Сезім табалдырықтары.

5. Сенсорлық бейімделу мен түйсіктердің өзара әсері.

6. Қабылдау пәні мен фоны.

Әдістемелік ұсыныс: тақырыпты меңгеру барысында түйсіктің қабылдаудан айырмашылықтарын, олардың түрлері мен қасиеттерін білу керек. Білім алушылардың сабақта зейіндерінің тұрақтылығын қалай сақтауға болатынына көңіл бөліңіз. Еңбек әрекетіндегі танымдық процестерге көңіл аударыңыз. Инженер қызметіндегі ес пен зейіннің қызмет ету механизмін ашып көрсетіңіз. Есте сақтау түрлерін қарастырыңыз, оларға сипаттама құрастыруға назар аударыңыз. Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығуларға назар аударыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Түйсік деп нені түсінеміз? Адамның танымдық қызметінде олардың маңызы қандай?

2. Түйсік пен сезімталдықтың абсолютті және салыстырмалы табалдырықтары деп нені түсінеміз?

3. Сезім органдарының бейімделу және сенсибилизациялық ерекшеліктері қандай?

4. Ақпаратты есте сақтау механизмдерін атаңыз.

5. Түйсіктің физиологиялық негізі.

 

Семинар. Ойлау мен қиялдың психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Ойлау түрлері, оларға сипаттама.

2. Ойлау іс-әрекетінің операциялары.

3. Шығармашылық ойлау және оның қиялмен байланысы.

4. Қиял түлері. Қиял бейнелерін құру тәсілдері.

5. Сөйлеуге психологиялық сипаттама. Сөйлеу түрлері.

Әдістемелік ұсыныс: таным процесі ретінде ойлау ерекшеліктерін, оның түрлерін, ойлау операцияларын және техникалық ойлау ерекшеліктерін тоқталыңыз. Қиял, оның түрлері және қиял бейнелерін құру тәсілдерін талдаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Шығармашылық мәселелерді шешудегі интуитивтік және логикалық ойлауды сипаттаңыз.

2. Техникалық ойлау ерекшеліктері қандай?

3. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың көрнекі-бейнелі ойлаудан айырмашылығы неде?

4. Қиялдың бейнесін құрастырудың қандай тәсілдерін білесіз?

Семинар. Адамның эмоциялық-еріктік сферасы ерекшеліктері.

Тапсырма.

1. Эмоция. Көңіл-күй. Аффект. Стресс. Сезімдер.

2. Стрестің физиологиялық механизмдері.

3. Эмоциялық күйді меңгерудің психологиялық механизмдері.

4. Ерік түсінігі мен құрылымы.

5. Жеке тұлғаның эмоциялық-еріктік дамуы. Адам өміріндегі эмоцияның маңызы.

Әдістемелік ұсыныс: Эмоция, көңіл-күй, аффект, стресс, сезімнің айырмашылықтарына көңіл бөліңіз. Стресстің физиологиялық негізін меңгере отырып, оны басқаруға үйреніңіз. Адамның еріктік ерекшеліктері мен оның қалыптасуына тоқталыңыз. Ерік күші мен ерік актісінің ерекшеліктерін талдаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Эмоцияның сезімнен айырмашылығы қандай?

2. Қандай себептерден аффект туындайды?

3. Стрестің туындауының физиологиялық негізі қандай?

4. Адамның еркін жаттықтыруға бола ма? Егер болса, онда қалай?