СӨЖ. Психология пәнінің дамуы және пайда болуының теориялық-методологиялық негіздері

 

1. Ғылым ретіндегі психология пәні.

Тапсырма.

1. Психиканың саналы және бейсаналы механизмдері.

2. З.Фрейд, Р.Декарт, К.Юнг ілімдері.

Орындалу формасы: реферат, ВЕНН диаграммасын құру

Әдістемелік ұсыныс: Жүйке жүйесінің қызметі, бас ми құрылымы құрылымы және оның еркешеліктерін қарастырыңыз. Психика, сана, саналылық, бейсаналылық, рефлекс және тағы басқа терминдерді талдаңыз.

Психология ғылымының даму тарихы.

Тапсырма.

1. Р.Декарттың жан мен тән айырмашылығы туралы ілімі.

2.Психоанализдің туындауы(З.Фрейд).

3. Ұжымдық бейсаналылық ілімі (К.Юнг) .

Орындалу формасы: реферат, ВЕНН диаграммасын құру

Әдістемелік ұсыныс: Танымал философтар, психологтардың еңбектерін талдаңыз. Жан мен тән туралы ежелгі грек ойшылдарының еңбектеріндегі сұрақтарды қарастырыңыз.

Психика мен сананың дамуы.

Тапсырма.

1. Сананың туындауы теориясы.

2. Адам психикасының жануарлар психикасынан айырмашылықтары

Орындалу формасы:конспектілеу, 20 тест тапсырмасын құрастыр.

Әдістемелік ұсыныс: Сананың туындауы теориясын қарастырыңыз, аталған сұрақ бойынша өз көзқарасыңызды сипаттаңыз.

 

СӨЖ. Жеке тұлғаның іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы психологиялық ерекшеліктері

Жеке адам психологиялық талдау объектісі.

Тапсырма.

1. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері(эссе).

2. Жеке адамның дамы мен қалыптасуына әсер етуші факторлар.

3. Жеке адамның психикалық даму заңдылықтары

Орындалу формасы: конспект, эссе, реферат.

Әдістемелік ұсыныс: Студент тұлғасына психологиялық сипаттама құрыңыз. Жеке адамның дамуынның дара-психологиялық және эмоциялық еріктік ерекшеліктерін ескеріңіз, таным процестерінің дамуына тоқталыңыз.

Іс-әрекетті психологиялық талдау.

Тапсырма.

1. Уәж (түрткі) және уәждеме, олардың ерекшеліктері.

2. Түрткі түрлері.

3. Адам қажеттіліктерінің түрлері.

Орындалу формасы: эссе

Әдістемелік ұсыныс: құлық пен іс-әрекет түрткісі (уәж) және уәждеме (мотивациясы) деп нені айтатынымызды қарастырыңыз, түрткі түрлерін анықтаңыз. Түрткінің оқу және кәсіби іс-әрекеттің тиімділігіне маңызды әсерін негіздеңіз.

Арым-қатынас психологиялық категория ретінде.

Тапсырма.

1. Қарым-қатынастағы алғашқы әсер.

2. Қарым-қатынастағы әрекет.

3. Қарым-қатынас теориясы.

Орындалу формасы: реферат

Әдістемелік ұсыныс: психологиялық әдебиетті қарастыру барысында қарым-қатынас процесінде адам туралы алғашқы әсер қалай қалыптасатынына, неге негізделетініне назар аударыңыз, алғашқы әсерде қандай қателіктер кетеді, адамның қылығы арқылы оны қалай бағалауға болады, әлеуметтік қабылдаудың қандай механизмдері бар екендігін жан-жақты қарастырыңыз.

Леуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері

Тапсырма.

1. Шағын әлеуметтік топтағы қарым-қатынастың ерекшеліктері

2. Шағын топтағы динамикалық үрдістердің сипаттамасы

Орындалу формасы: сызба, кесте дайындау.

Әдістемелік ұсыныс: Шағын топтардағы жеке адамның арақатынас механизмінінің негізін көрсетіңіз. Социоматрица дайындаңыздар және студенттік топтарға социометриялық тест жүргізіңіздер. Алынған мәліметтерге анализ жасап, қорытынды жасаңыз.

 

СӨЖ. Психикалық үдерістер, қасиеттер мен күйлердің психологиясы

Таным процестерінің психологиясы.

Тапсырма.

1. Психомоторлық үрдістердің дамуы мен қызметінің ерекшеліктері

2. Зейін тұрақтылығын сақтау механизмі

3. Есте сақтаудың түрлері мен еске түсірудің формалары

4. Ақпаратты есте сақтаудың әртүрлі механизімдері.

Орындалу формасы: конспект, эссе, реферат.

Әдістемелік ұсыныс: Зейінді арттыру мақсатына байланысты психологиялық нұсқаулар құрастырыңыз.

Ойлау мен қиялдың психологиялық ерекшеліктері.

Тапсырма.

1. Ақыл‑ой іс‑әрекетінің кезең бойынша даму теориясы.

2. Ойлауды даму ерекшеліктері.

3. Ойлаудағы эмпирикалық интуитивті және логикалық ойлау түрлерінің дамуы.

4. Ойлау іс‑әрекетінің операциялары.

Орындалу формасы: конспект, эссе, реферат.

Әдістемелік ұсыныс: Н.Ф.Талызин және П.Я.Гальперин теорияларымен танысыңыз, және негізгі принциптерін анықтаңыз. Ақпаратты есте сақтау механизмдерін арттыруға байланысты жаттығуларға мысал келтіріңіздер.