Психология және адам дамуы» пәнінен 1-аралық бақылау тақырыптары

 

1. Психология пәнінің зерттеу обьектісі.

2. Жалпы психология туралы түсінік.

3. Психикалық процестер және психологиялық қасиеттер

4. Психологияның ғылыми салалары мен тармақтары.

5. Психологияның зерттеу әдістері

6. Психологияның мақсат-міндеттері

7. Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары

қойнауынан бөлініп шығуы.

8. Ежелгі психология.

9 .Орта ғасырдағы жан туралы ілім.

10. 19-ғасырдың бірінші жартысындағы психология.

12. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айнауы.

13. Кеңестік психологияның дамуы.

14. Қазақстан психология ғылымының даму жолы.

15.Өлі табиғаттың тірі табиғатқа айналуы.

16.Тітіркендіргіштік , тропизмдер.

17.Құлықтық инстинктің түрлері.

18.Жануарлардың интеллекті әрекеті.

19.Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы.

20.Еңбек әрекетінде сананың , дыбысты анық тілдің дамып шығуы

және олардың қоғамдық-тарихи сипат.

21.Психиканың даму сатылары.

22.Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері.

23.Адамға тән психикалық ерекшеліктер.

24.Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатыс

25.Адамдар арасындағы қарым-қатынастар.

26.Топтар.

27.Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдер

28.Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні.

29.Адамның қажеттіліктері мен мұқтаждықтары және іс-әрекет түрлері.

30.Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.

31.Жүйке жүйесінің құрылымы.

32.Жоғары жүйке жүйесінің қызметі.

33.Иррадиация , концентрация және индукция – жоғары жүйке қызметінің

заңдылықта.

34.Психикалық үрдіс ретінде естің сипаттамасы.

35.Естің қызметі.

36.Естің түрлері.

37.Естің жеке-типологиялық ерекшеліктер

38.Ойлаудың анықтамасы және оның сипаттамасы.

39.Ойлаудың түрлері мен деңгейі.

40.Ойлаудың құрылымы.

41.Сөйлеу негізгі психикалық үрдіс ретінде.

42.Сөйлеудің психикалық анықтамасы және оның қоғамдық мәні.

43.Сөйлеудің түрлері.

44.Психикалық үрдіс және тұлғаның қасиеттері ретінде зейіннің жалпы сипаттамасы.

45.Зейіннің физиологиялық негізі.

Психология және адам дамуы»пәнінен 2-аралық бақылау тақырыптары.

1.Зейіннің түрлері.

2.Зейіннің қызметі.

3.Қиялдың түсінігі және анықтамасы.

4. Қиялдың түрлері.

5 .Шығармашылық үрдістегі қиялдың ролі.

6.Адамның сезімі мен эмоционалдық күйлерінің сипаттамасы.

7.Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері.

8.Тұлғаның жоғарғы сезімі.

9.Адамның сезімі мен эмоциясының қызметі.

10.Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы.

11.Еріктік сапа.

12.Тұлғаның еріктік қасиеттері.

13.Адамның еркі және мінез-құлқы.

14.Темперамент анықтамасы.

15.Темпераменттің физиологиялық негізі.

16.Темпераменттің типтері.

17.Темперамент және психикалық іс-әрекет..

18.Мінездің анықтамасы.

19.Мінездің физиологиялық механизмі.

20.Мінездің қалыптасуындағы әлеуметтік факторлардың ролі.

21.Мінездің типтері.

22.Мінездің қасиеттерінің топтастырылуы.

23.Қабілеттің сипаттамасы.

24.Қабілеттің түрлері.

25.Қабілеттің нышаны.

26.Қабілеттің дамуындағы әлеуметтік тума қасиеттері.

27.Түйсік туралы түсінік.

28.Түйсіктің физиологиялық негіздері.

29.Түйсіктің түрлері,және оларды топтастыру , жік

30.Қабылдау,оның физиологиялық негізі.

31.Апперцепция және оның қабылдаудағы ролі.

32.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

33.Жасөспірімдік кезең немесе ерте жастық шақ.

34. Кәсіби бағыттылық жасөспірім шақтың орталық психологиялық жаңа құрылымы ретінде.

35. Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму.

36. Өзіндік сана мен «Мен» бейнесінің дамуы.

37. Ғылыми дүниетанымның дамуы.

38. Жасөспірім жасының дағдарысы мәселесін шет ел және кеңес психологиясында зерттеу.

39. Жасөспірім жасына өтудің анатомиялық- физиологиялық және психологиялық алғы шарттары.

40. Жасөспірімдердің дене, ақыл-ой, әлеуметтік дамуындағы дара және жыныстық айырмашылықтары.

41. «Ересектік сезімі» жас өспірім жасының негізгі психологиялық құрылымын ашу жолы.

42. Жеткіншектік кезеңнің психологиялық сипаты.

43. Шетел және кеңестік психологиядағы жеткіншектік кезеңдегі «дағдарыс» ұғымы.

44. Жеткіншектің жетекші іс-әрекеті.

45. Жеткіншектің өміріндегі құрбы-құрдастардың мәні.

 

Глоссарий

 

Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы

Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.

Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына қатысты бақастыруды негіз етеді.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.

Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.

Детерминизм принципі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық себептер мен заңдылықтардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи-дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс бірлігі себептерінен туындайды деп қарайды.

Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Сана – психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы формасы, объективті шындықтың адам миындағы бейнесі.

Темперамент – жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Т. адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типінің күшіне, теңдігіне, ауысу ерекшелігіне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады, ол: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик.

Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.

Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдір

Әлеуметтік қызығушылық- Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге дег»ен қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.

Психологиялық функциялар- Адамдар мен әлемнің арасындағы байланыстардың айырмашылығын көрсету үшін К.Г.Юнгтің қолданған тулға құрылымына кіретін 4 функциялары. Ойлау мен сезім рациональді функциолар ретінде біріктірілген, себебі олар өмір тәжірибесі жайлы пайымдаудың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал.

Рецептивті бағдар - бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ, өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен алуға болады деген көзқарас қалыптасады.

Ұжымдық санасыздық-біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі.

Эго- Біз нені сезінсек соны белгілеуге арналған К.Г.Юнг қолданған термин.

Коммуникация - мәлімет беру.

Интеракция - адамдардың бірлескен әрекетінде әсерлесуін көрсететін қарым-қатынас компоненті.

Перцепция - өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі.

Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар – экстроверттер.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру

Әлеуметтік қызығушылық. Жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге дег»ен қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.

Байланыстар құру қажеттілігі Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Гиперкомпенсация- компенсация формасы. Оның көмегімен толымсыздық сезімінен құтылуға қарағанда, көбірек жетістіктерге жетуге болады. Гиперкопенсация үстемділікке және ұлы жетістікке жетуге әкеледі. Гиперкопенсация кезінде адам өзінің басқа адамнан үстемділігін сезінеді.

Генеративті қатынасбұл адамның ақыл – ой және эмициональды күштерінің спонтанды белсенділігінің көмегімен әлемді өрбіте және өңдей отырып тани білу.

Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы.

Сәйкестік дағдарысы – Э.Эриксон теориясында бозбала не бойжеткен “мен кіммін?” “мен қайда барам?” деген сұрақтарға қысыла жауап іздейтін уақыт кезеңі.

Сәйкестікке қажеттілік– Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.

Темперамент (Temperament)- Олпорт бойынша – тұлға қалыптасатын бастапқы материал (интеллект және физикалық көрсеткіштер).

Ұжымдық санасыздық - Біздің адами және адам тәрізді ата-бабаларымыздан берілетін есте сақтау ми бейнені ұстанатын тұлғаның терең деңгейі. Т.б. ұғымдар

Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.

Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Байланыстар құру қажеттілігі Э.Фромм бойынша адамның басқаларға қамқорлық жасауға бағытталған базистік қажеттілігі.

Ғашықтық – адамның сексуалдылық қажеттілігінің тура немесе тоқтап қалған кезде пайда болатын сезімі және әсері, яғни ғашықтық объектісі өзіне нарцисстік «Мен» либидо бөлігіне өзіне тартып алады.

Махаббат– адамның өз-өзіне және өзгелерге қатынасының өнімді формасы. Ол жауапкершілікті, қамқорлықты, сыйлауды, өзгені білуді және ол адамның өсуі мен дамуына мүмкіндік жасауға талпынуды болжайды. Бұл тұлғалық тұтастығы өзгеріссіз қалуы шартты болған жағдайдағы екі адам арасындағы жақындықтың байқалуы. Махаббат – субъектінің өмірге деген қажеттілігі мен қызығушылығын оның объектісінен бөліп басқа өмірлік қажеттіліктердің ортасына орналастыратын эмоциялық қарым-қатынастың жоғарғы бөлігі.

Ойлау– ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.

Ұғым- біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.

Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).

Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

Жас ерекшелік психологиясының пәні–адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, тұлға қасиеттері мен психикалық процестердің онтогенезі, психикалық процестердің даму заңдылықтары.

Жас ерекшелік психологиясының міндеттері–онтогенездегі психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын ашу, даму кезеңдерін, мүмкіндіктерін анықтау.

Жас ерекшелік психологиясының зерттеу объектісі–сәби, жеткіншек, жасөспірім, ересек, қария т.б.

Тұлға – адамға онтогенезден біткен, күрлелі әлеуметтік даму процессінің жемісі – даму принципі.

Өсу – психикалық процесстердің сандық артуы.

Даму– психикалық процесстер, механизмдер, құрылымдардың сапалық артуы.

Э.Торндайк - Оқыту дегеніміз дағдыларды игеру процессі, ал дағды психикалық дамумен байланысты.

Ж.Пиаже - Оқыту дамудан кейін жүруі керек. Психикалық даму дегеніміз интеллект дамуы, ал оқыту интеллектіге негізделеді.

Л.С. Выготский - Оқыту өз соңынан дамуды ерте жүреді. “Жақсы құрылған оқыту дамытады ...”.

Бала дамуының әлеуметтік жағдайы – психикалық даму механизмдерінің негізгі түсінігі. Әр даму кезеңі, баланың ересектермен қарым қатынасының сипатына қатысты, өзінің әлеуметтік жағдайымен ерекшеленеді.

Жетекші әрекет - белгілі даму сатысында балада жаңа психологиялық қырлардың қалыптасуын анықтайтын әрекеті.

Даму дағдарысы – қалыпты психикалық дамудағы өтпелі кезең.

Жек көрушілік– субъектінің өзіне қатысты бағалығы мен түсінігіне кері

әсер ететін, қарама-қарсы сезім.

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-33
28.05.2015ж.

 

 

Психология және адам дамуы

(пәнің атауы)

Кафедра педагогика және психология

Тютер А.Т Мамекова

Мамандық барлық білім мамандықтарының студенттеріне арналған

Кредит саны ____3________

Пән Психология және адам дамуы

Циклі міндетті

Студенттер саны____________________

 

 

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту
Кітапханада және кафедрада
Негізгі Ю93я73 Б12 Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы,2014 Кітапханада 10  
Ю93в6 Б12 Бабаева С.Б.Жалпы психология. Алматы, 2011 Кітапханада  
Ю93я73 Ж31 Жарықбаев Қ. Жантану. Алматы-2013 Кітапханада 25  
Ю937я73 Жұмасова К.С. Психология Астана. «Фолиант» 2013 Кітапханада 61  
Ю93я73Ж23 Алдамұратов Ә.Жалпы психология.Алматы-2011 Кітапханада  
Ю93я73 Ж31 Жарықбаев Қ. Психология негіздері.Алматы,2005 Кітапханада 23  
Ю93я7 Б12 Бап-Баба С. Психология негіздері.Алматы,2012 Кітапхана 20  
  Ю93я7 Б12 Бап-Баба С. Психология негіздері(Жалпы психология) Алматы,2011 Кітапхана 10  
    Ю98я73 В89   Выготский Л.С., Баланың жас ерекшелігі және кемтар бала психологиясы. Алматы:Эвро,2012 Кітапхана 25    
  Ю98я723 Н86     Нұржанова С. Жалпы және балалар психологиясы (жаттығулар мен тапсырмалар) Астана,2013 Кітапхана 30    
Қосымша   Ю93я73 Ж28   Жарықбаев Қ. Жалпы психология.Алматы,2013   Кітапхана  
    Ю93я73 Ж28 Қ.Жарықбаев. Жантануға кіріспе.Алматы,2005 Кітапхана  
        Ю93я73 Ж31   Ю9я73 Н50     Ю9П84 О.А. Карабанова. Возрастная психологияМ,2005   Психология. В 3-х кн.1.:Общие основы психология. М.:Владос, 2003   Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. 2006. Кітапхана 1     Кітапхана 1   Кітапхана 1  
  Ю93я73 К78 Г.Крайг. Психология развития.Питер,2006 Кітапхана 3  
                                            Ю93я73 Б12 Ю93я73 В12 Ю93я73 В12 Ю93я73 В12 Ю93я73 В12 Ю93я73 В12 Ю93я73 В12 Ю93я6 В12 Ю937я73 П27 Ю93я73 Р82   Ю937я73 C77 Ю93я723 C81 Ю93в6 В12 Ю937.2 Б28   Ю937.2 Б28   Ю937я73 Б91   Ю983.4я73 Г18     Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2005 Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2005 Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2003 Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2003 Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2005 Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2004 Бап-бабаС. Жалпы психология.Алматы,2001 Бабаев С.Б.. Көрнекі психология.Алматы,2008. Першина Л.А..Общая психология.М.,2004 Рубенштейн С.Л.. Основы общей психологии.Питер,2004 Старовойтенко Е.Б. Психология ичности..М,2004 Е.Б.Старовойтенко Общая и проф. психология.М,2003 Бап-бабаС. Мың бір тест. Алматы. 2006 А.В. Батаршев. Диагностика способности к общению.Питер,2006 А.В. Батаршев. Диагностика темперамен-та и характера.Питер,2006 Л.Ф.Бурлачук. Психодиагностика.Питер, 2005. Возрастная и педагогическая психология.Р,2004 Кітапхана 50     Кітапхана 1   Кітапхана 1   Кітапхана 1   Кітапхана 5   Кітапхана 4   Кітапхана 3   Кітапхана 2   Кітапхана 1     Кітапхана 50 Кітапхана 1   Кітапхана 10 Кітапхана 10 Кітапхана 2 Кітапхана 3     Кітапхана 10   Кітапхана 6      
Электрондық материалдар (оқулықтар) Ю91я73 А37   Қазіргі психология тарихының дамуы, жағдайы, беталысы [Электрондық ресурс] А.Т. Ақажанова.- Алматы: Нұр-Пресс, 2011.- 1электр. опт. диск. 1 дана      
Ч481 А79 Формирование профессиональной компетентности будущего педагога-психолога [Текст]: Электронное учебное пособие Аралбаева, Р.К. Н.В. Сачкова.- Талдыкорган: ЖГУ им.И.Жансугурова.- 1 электр.опт.диск. 1 дана    
Ю9я73 А 92 Введение в психологию [Текст]: Учебник Р.Аткинсон, Москва: Тривола, 1999.- 1 электр. опт. диск.   1 дана    
Ю937.4я73 А 95 Психопатологические особенности детского, подросткового и юношеского возраста [Текст]: Электронный учебник Ахметова, Н.Ш. .- Караганда: КарГУ им. Е.А.Букетова, 2003.- 1 электр. опт. диск 1 дана  
Ю93в6 Б 12   Жалпы психология [Мәтін] / Бабаев, С.Б. Алматы: Нұр-Пресс, 2009.- 1 электр. опт. Диск 1экз. 1 дана    
Ю93я73 Б 24 Жантану негіздері [Мәтін] / С. Бап-Баба.- Алматы: Юридическая литература, 2004.- 1 электр. опт. диск. 1 дана    
Ю93я73 Б 24 Жантану негіздері [Мәтін] С. Бап-Баба.- Алматы: Юридическая литература, 2009.- 1 электр. опт. диск. 1 дана    
Ю9я2 Б 24 Психология негіздері [Мәтін]: Оқу-анықтамалық қолданба / (CD-ROM); 80 мин. Сәбет Бап-Баба.- Алматы: Нұр-Пресс, 2007.- 700 Mb: 1 электр. опт. диск. 1 дана    
Ю9я2 Б 24 Психология негіздері [Мәтін]: Оқу-анықтамалық қолданба / Mb700 Сәбет Бап-Баба.- Алматы: Нұр-Пресс, 2009.- 700 Mb: 1 электр. опт. диск. (CD-ROM) 1 дана    
Ю93я73 Н62 Психология [Электронный ресурс] / Никандров, В.В. .- М.: КНОРУС, 2010. 3 дана      
Ю9я73 П 86 Психологическое тестирование личности: В глубине подсознания. Теория и практика [Текст]. - Москва: ИД "Равновесие", 2004.- 3 электр. опт. диск. 1 дана    
Ю9 Психология [Текст]. - 1 электр. опт. диск. 1 дана    
Ю93я73 Б 24 Жантану негіздері [Мәтін] С. Бап-Баба.- Алматы: Юридическая литература, 2004.- 1 электр. опт. дис 1 дана    
Демонстрациялық материалдар          
         
         
         

Дәрістер кешені

1-тақырып :Ғылым ретінде психология пәні

Жоспар:

1. Жалпы психологияның пәні, маңызы және оның міндеттері.

2. Психологияның пәні жайлы түсініктердің даму сатылары.

3. Жалпы психологияның әдіснамалық принциптері.

4. Психологияның әдістері.

5. Психологияның салалары.

Негізгі түсініктер: психика, психология, жан, ілім, құбылыстар, эксперимент.

Психология , психика деген түсініктер гректің « псюхэ» - жан деген сөзінен шығады. «Логия» - ілім. Сонда ,психология - жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып , болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Методология – заңдылықтар, қағидалар, философиялық ой-пікірлер. 8-12 ғасырда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой – пікірлер өркен жайып , ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып , жаңа сипатқа ие болды.

Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Б.Ф.Ломов “Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары” атты еңдегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе,”бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады”,- деп жазды. Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б.Ф.Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын,олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын ,сонымен қатар бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап береді. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы,іс-әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл-қатынас категориясы,сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер- “әлеуметтік”және “биологиялық”. Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің обьектив байланыстарын,оның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.

Психикалық құбылыстар: қабылдау ,түйсік, ес , ойлау , ерік , сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиеттерінің , күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда , біз психологияны жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз.

3. Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері:

1. Детерменизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыс өмір салты,қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады,тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді.

Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні,,яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі,қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі коцепцияға негіз болады. психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен .

Детерминизм–психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды. Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарыстырылмаған еді. 50-жылдары С.Л.Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп оның әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап, алға тартты. Ғалым детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып,психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзар байланысты
қарастырады.

2. Даму принципі. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала,кеін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналады.Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар ,соның ішінде психикалық та,даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады /С.Л.Рубинштейн/. Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие,себебі оның зерттейтін объектісі психика-өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады.Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады,жасайды және өзгереді/Б.Ф.Ломов/.

3. Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Бұл принцип психология ғылымының өзекті категориялары.Аталған принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейін .Ғалым ”Іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес.Олар табиғи біртұтас;теңдік емес,бірлік”-деп жазған. Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді.Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын ,психиканы-ішкі құбылыс ,ал әрекетті – сыртқы деп түсіндіретін.Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ,шынында да,психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекет те тек тысқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие,бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні:тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей,сол әрекет процесінде қалыптасады. Адамның ішкі де, сыртқы да әлемнің бастауы мен барша мазмұны осы іс-әрекетте. Осындай пайымдаудан, сана мен психика әрекеттің ішкі сипатын құрап,ал әрекеттің сырттан бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көріну қасиеті сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден ықтимал/Л.С.Рубинштейн/. Демек, психика ішкі де,сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүе, ал іс-әрекет болса,осы психикалық жүйені өзіне қамтып,оның қызмет атқаруына мүмкіндік береді.

4-5. Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз.Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз.

I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де щұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар: а) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерің оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады. ә) Тэрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінін психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа мұгалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбилеу мәселелерін қамтиды.
II. Жас кезеңдерінің психологнясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін.зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология — ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология — саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен сокырлардың психологиялық дамуын зёрттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” — зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дуниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктері-нен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар. инженерлік психолоеия — бұл. негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “ергон” — жұмыс және “номос” — заң дегел екі сөзінің бірігуі нэтижесінде пайда болған Бұл орайда. өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мэселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық_ құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теория-сынға қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зертіеледі. Эргономика, негізінен, “адам — машина — орта (еңбектену) жағдайын” қарастыра отырып, олардың неғүрлым өнімді болуы мен нәтижелерів жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды.
Авиациялық психология ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп. жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психология — адамның салмақсыздық пен әсем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларьш зерттейді.
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т. б.) қатысты больш келеді.
V. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бәлінеді, арбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихолоеш психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психофармакология дәрі-дәрмек-тердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б) Психотерапия — ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындау-мен шұғылданады.
VI. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі,
VIІ. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі мәселе қамтылады:
а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманын құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностык, және ұлттык. психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелері зерттеу де жатады. ә) Кіші (шағын) топтардагы психологиялық-әлеуметтік жагдайлар. Оңашаланып тұйықталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарыныд сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің, алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтар-дың, шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүлделері, шоғырлаау денгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты мәселелер де енеді. б) Қогамдары адамныц қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны, Азамат — әлеуметтік психологиянын. зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерде зерттеледі. Сондай-ак, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік пспхологияда біріне-бірі қарама-қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым-қатынастардың жиынтығы деп қарастырылады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік пснхологияның тармақтары: этностық психологня, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.
VIII. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәседелернің психологиялық факторларын зерттсйді Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі срекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
IX. Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді, Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатьш алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.
X. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы — соңғы кездерде зерттеле бастаған сала, Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше ма-нызды заңдылық — эвристика тәсілі.
XI. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер —- әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде вз дәрежссінде зерттеле қойған жоқ.
XII. Салыстырмалы психология психиканын филогенетикалық түрлерін карастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар пснхологкясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің. құлқьш. әрқылы механизмдерін қарастырады,. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, кнттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындары туа пайда болатын механизмдер зерттелудс.
XIII. Заң психологиясы хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, кылмыс психологиясы, еқбекпен түзету психологиясы (пенитендиарлы) деп аталатын тармактардан құраяады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оныц зиянды әрекегтерінің сырын ашады. Ецбекпен түзсту психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын із-дестіреді.