Аллаһ»"الله" сөзі – қайталанбас ұғым

Лекция

Аллаһқа иман - (الإيمان بالله)

Аллаһтың бар және бір екендігіне сену

Адамзат тарихына көз жүгіртіп қарайтын болсақ, ең алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, бүгінгі күнге дейін өмір сүрген барлық қауымдар бүкіл әлемді жаратқан Жаратушы Жаппар Иеге сеніп, өз танымының шама-шарқынша құлшылық еткен. Өйткені адам жер бетіндегі тіршілік ішіндегі сана сезімі бар жалғыз жаратылыс иесі болып табылады. Міне, сондықтан адам баласы өмірге келген соң, теңдесі жоқ бұл таңғажайып әлем жайында бір мезет ойланбауы мүмкін емес. Ешқандай ақауы жоқ бұл әлемді жаратқан Құдіретті күштің бар екендігіне көз жеткізген адам баласы, сол құдіреті күшті Жаратушыға сиынған, табынған.

Бүтін әлемдердің Жаратушысы болған, барлық нәрсені жоқтан бар еткен, барлық нәрсені жаратуға құдіреті жететін бір Аллаһқа сену балағитқа жеткен әрбір ақыл есі дұрыс пендеге парыз. Ғалымдарымыздың пікірі бойынша пайғамбар келмесе де адамдар Аллаһтың бар және бір екендігін ақылдарымен табуы - уәжіп. Себебі, адамның қабілеті мен ақылы бұған жететіндей деңгейде жаратылған[1].

Бізді қоршаған әлем, аспан мен жердегі қаншама теңдесі жоқ жаратылыстың баршасы Ұлы Жаратушымыз Аллаһтың бар екендігіне толықтай айғақ бола алады. Бұл жөнінде Қасиетті Құран‑Кәрімде: «Жер мен көктің жаратылуында және күн мен түннің алма-кезек өзара алмасуында ақыл иелері үшін (Аллаһтың бірлігін, барлығын білдіретін) айқын дәлелдер бар» (3.Али Имран-190) – деп нақты баян етілген. Және бір аятта Аллаһ Тағала: «Жер мен көктің жаратушысы болған Аллаһтың бар екендігіне күмәнданасыңдар ма?» (14.Ибраһим-10) – деп бұлтартпас айғақпен ұғындырады.

Алайда, бір айта кетер жайт, аспан мен жердің арасындағы тіршілікті жоқтан бар еткен, бүкіл әлемдердің жаратушысы Аллаһ Тағаланы толық мән‑мағынасында қамтып түсінуге адамның ақыл‑санасы жетпейді. Себебі, адамның болмысы шектеулі. Мысалы, қос жанарыңыздың барлық нәрсені көруге құдіреті жетпейді. Сол себепті микроскоп, дүрбі тәрізді аспаптарды көзімізге көмекші ретінде қолданамыз. Құлақпен тек жақын дыбысты ғана ести аламыз және осы секілді өзге де мүшелеріміздің қабілеттері шектеулі екені белгілі. Олай болса, шектеулі тіршілік иесі адамның шексіз құдірет Иесі Аллаһты толық көріп, біліп тани алмайтыны анық. Аллаһ Тағаланың өзін толық танып, білу былай тұрсын, Аллаһтың жаратқан тіршіліктегі заттар мен құбылыстардың да қыр‑сырына үңілуде ақыл шарасыздық танытып жатады. Бізге Аллаһты толық білуді емес, ең бастысы Оның барлығы мен құдіретіне сеніп, құлшылық ету бұйырылған. Әрине, мәселенің бұлай болуы да бекерден бекер болмаса керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис шәрифте: «Сендер Аллаһтың нығметтерін (жаратқандарын, құдіретін, ұлылығын) ойлаңыздар. Бірақ Аллаһтың заты жайында ойланбаңыздар» (Китабул әрбайн, 1 т. 90 б.)[2] ‑ дейді.

قال النبى (ص): تفكروا في خلق الله ولا تتفكروا في ذات الله

Олай болса, Ұлы Жаратушыға сенім мәселесінде ешқандай күмән мен жаңсақ пікірге бой алдырмай, Аллаһ Тағаланы жалғыз, әрі жаратылғандарға мүлдем ұқсамайтын нұқсан сипаттардан пәк деген нақты пайымды ұстанғанымыз жөн. Аллаһтың көркем есімдері.

Аллаһ»"الله" сөзі – қайталанбас ұғым

«Аллаһ» "الله" сөзі жеке бір есім болып, ешқандай тілге аударылмайды және ешбір тілде «Аллаһ» сөзінің орнына қолданылатын сөз жоқ. Себебі, «Аллаһ» сөзі тек Аллаһ үшін қолданылады, және бұл сөздің көпше түрі не мағналық басқа да нақты баламасы болмайды. Құрандағы Аллаһ ұғымын білдіретін «Иләһ», «Мәулә», «Рабб» сөздерінің өзі Аллаһ сөзінің тікелей мағынасын бермейді. Сол секілді қазақ тіліндегі «Құдай», «Тәңірі», сөздері де Аллаһ атауының орнына дәлме‑дәл келмейді. Ал бұл терминнің араб тіліндегі баламасы ретінде - «Иләһ», «Рабб», «Мәулә» сөздерін айтуға болады. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай бұл сөздер де «Аллаһ» сөзінің орнын қай тұрғыдан да болсын (семантикалық не грамматикалық) алмастыра алмайды.

Аллаһтың ең көркем есімдері (әсмәул - хусна)

Құран Кәрімде Аллаһ Тағаланы сипаттаушы есімдер айтылғандай және бұл есімдермен қоса өзге де есімдерге «әсмәул хусна» (ең көркем есімдер) деп атаймыз. Есімдердің ең әдемісі, ең көркемі әлбетте Аллаһтың есімдері болып табылады. Себебі, Аллаһтан басқа ешбір нәрсе кәміл, кемшіліксіз емес. Құран бұл жайында: «Ол Аллаһ. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем аттар Оған тән»(20.Таһа-8).

﴿ هُوَ اللَّهُ الَّذِي لا إِلَهَ إِلا هُوَ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ هُو الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ (22) هُوَ اللَّهُ الَّذِي لا إِلَهَ إِلا هُوَ الْمَلِكُ الْقُدُّوسُ السَّلامُ الْمُؤْمِنُ الْمُهَيْمِنُ الْعَزِيزُ الْجَبَّارُ الْمُتَكَبِّرُ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ (23) هُوَ اللَّهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ لَهُ الأسْمَاءُ الْحُسْنَى يُسَبِّحُ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ (24) ﴾

Және бір сүреде: «Ол Аллаһ, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол өте үстем, Аса дана»(59.Хашыр-24) – дейді.

Құран Кәрім мен сахих хадистерде Аллаһ Тағаланың көптеген есімдері айтылған. Біз осы есімдер арқылы Аллаһты танимыз. Ал сол есімдер арқылы дұға жасаудың абзал болатыны мына аятта айқын байқалады: «Ең жақсы атаулар Аллаһқа тән. Оған сол аттарымен жалбарыныңдар» (7.Али Имран-180). Осы мәселе тұрғысында келесі бір аятта былай делінеді: «(Мұхаммед (с.а.у.)) оларға айт: Мейлі Аллаһ деп, немесе Рахман деп дұға етсін. Қайсысымен дұға етсеңдер, атасаңдар да ең көркем аттар оған тән» (17.Исра-110).

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні Айша (р.а.) анамызға:

- Я, Айша! Аллаһ Тағала маған қабыл болу тұрғысынан қай есімімен дұға жасаудың абзал екенін үйреткенін білетін бе едің?, – деп сұрайды. Хазіреті Айша (р.а.):

- Әке-шешем саған пида болсын, уа Аллаһтың Елшісі! Соны маған үйретіңіз, - деген кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.):