Рылыс алаңын инженерлік тұрғыдан бағалау

Инженерлік – геологиялық ізденулеробъектілерді жобалау және құруға қажет болған мәліметтерді алу үшін орындалатын өндірістік процесс.

Инженерлік – геологиялық ізденулер ғимараттардың құрылу жағдайын үйреніп, олардың құрылыс және пайдалану дәуірлерінде нормаль жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Инженерлік – геологиялық ізденудің негізгі мәселелері:

1. Объектерді құруда, оларды техникалық және экономикалық тұрғыдан негіздеу.

2.Жобаланушы объект варианттарын бір-бірімен салыстырып, солардың ішінен ең оңтайлысын таңдау.

3. Таңдалған объектегі ғимараттардың компановкасын (жай-жайын, жайғасуын, орналасуын) негіздеу.

4. Ғимарат пен негіздің өзара жұмыс істеу схемасын есептеу, негіздеу.

5. Құрылыс жұмыстарын жоба бойынша (авторлық) қадағалау.

Орындалған іздену жұмыстары территорияның геологиялық құрамына құрылымы, күніжәне грунттың физикалық-механикалық қасиеттерін геологиялық пен геоморфологиялық жағдайын жағымсыз физико-геологиялық процестер мен құбылыстарды анықтау, оларды ғимарат құрылысы мен пайдалануда болжауға бағытталған болу керек.

Инженерлік – геологиялық ізденулердің құрамы объекті жобалау кезеңдері мен территорияның табиғи жағдайына байланысты.

Инженерлік – геологиялық ізденулерге СНиПке сәйкес төмендегілер кіреді:

1.Құрылыс ауданының табиғи жағдайы туралы материалдарды әдебиет және архивтен жинап оларда қорыту.

2. Инженерлік – геологиялық рекогносцировка (құрылатын жерді тексеру).

3. Инженерлік – геологиялық түсіру (геологиялық жағдайды қағазға түсіру)

4. Инженерлік – геологиялық барлау

Іздену жұмыстары іздену ұйымдарының заказчиктен алынған техникалық тапсырма негізіне орындалады. Техникалық тапсырмаға сәйкес іздену жұмыстарының бағдарламасы систаға тиісті құжаттар іздену жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат қағазы жасалады.

Жасалған бағдарлама бойынша жұмысты орындау үшін топтар, партиялар немесе экспедициялар құралады, олар жұмыстың көлеміне байланысты болады. Іздену жұмысының нәтижесі бөгет болып, ол республика немесе облыстық масштабта тіркелу керек.

Инженерлік – геологиялық іздену жұмыстары әртүрлі ғимараттардың жобаларын негіздеу үшін және олар жобалау кезеңдерімен тығыз байланған.

Қазіргі күнде СН-202-81 сәйкес жоба алды және жобалау кезеңдеріне бөлінеді.

Жоба алды кезеңге әртүрлі арнаулы схемалар кіреді: мысалы, халық шаруалық салаларын орналасуы мен дамуы, өндіру күштерін орналастыруы мен оның дамуы, территорияны комплекс ретте пайдалану, өздерінің бассейндерін және тағы басқалар:

Жобалау кезеңінде жобалау екі кезеңді болуы мүмкін – жоба және жұмысшы құжат немесе бір кезеңді жоба – жұмысшы жоба.

Бір кезеңдегі жобада, типтік жрба бойынша құрылатын ғимараттар немесе техникалық күрделі емес объектілер. Екі кезеңдегіде жобада үлкен және еүрделі объекттер.

Жоба алды кезеңде құрылатын объекттер сол ауданда экономикалық жағынан тиімділігімен мүмкіншілігі үйреніледі.

Жоба және жұмысшы сызба кезеңінде сол теориторияда құрылатын ғимараттарды орналастыруын толығымен үшін және жоба мен жұмысшы сызбаға керекті грунттардың қасиеттері мен геологиялық процестер туралы мәліметтерді алу үшін іздену жұмыстары өткізіледі. Құрылатын әртүрлі ғимараттар геологиялық жағдайларға әсері әртүрлі, яғни бірдей емес. Олардың көрінісі грунттардың структурасына (құрылымына ), типіне және де басқада геологиялық ерекшелігіне байланысты. Бір жағдайларда оларда грунттардың жылжымалар дамиды, басқа жағдайда кенет шөгеді, үшінші жағдайда грунт жайылып кетеді, төртінші жағдайда жылжу басталса, кейінгі жағдайда тау жынысында қысым болады.

Инженерлік геологиялық съемка –бұл ғимараттар немесе басқа құрылыс үшін арналған територияны инженерлік – геологиялық жағдайын жалпылай бағалау мақсатта орындалатын комплекс жұмыстарға айтылады.

Инженерлік геологиялық съемка жұмысы құрамы мен көлемі инженерлік геологиялық жағдайдың күрделілігімен жобаланатын ғимараттың типі мен құрылыстың түрі жасалған бағдарламамен анықталады. Барлық жұмыстар сол құрылыс үшін бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес орындалады.

Инженерлік геологиялық құрамына кіретіндер:

1. Алдынғы жылдардағы іздену жұмыстарының материалдарын жинап оларды жүйеге келтіру.

2. Аэрофотоларды оқу (демифировка ету).

3. Зерттелген материалдар негізінде инженерлік геологиялық карталарды шамалап жасау.

4. Бағыттарды бөлу және бағыт бойынша өткен жерлерді суреттеп жазу.

5. Геофизикалық жұмыстар.

6. Бұрғы және таулы қазба жұмыстары.

7. Дала жағдайында сынақ жұмыстары (статикалық және динамикалық барлау, ауналдытып кесу, сору, құю, айдау және т.б.).

8. Лабораториялық зерттеулер.

9. Стоционарлық күзету.

10. Түсіру территориясында орналасқан ғимараттарды тексеру.

11. Бағдарламада ескерілген зерттеудің арнайы түрі.

12. Бөлмеде материалдарды өңдеу, сызбалар мен жазба түсініктерімен есеп құрастыру.

Соны еске алу керек инженерлік геологиялық түсіруде жайдың табиғи жағдайына құрылыстың түріне байланысты жұмыстың құрамы өзгеруі мүмкін.

Сызықты трассаларда үлкен ұзақ аралықта батпақты, орманды жерлерде түсіру, жұмыстары бағыт бойынша жүргізілмейді. Мұндай жерлерде түсіру жүмыстары бастау учаскелерде орындалады.

Инженерлік геологиялық барлау– бұл инженерлік геологиялық зерттеутің ең ақырғы қорытындылаушы этапына (кезеңінде) орындалатын сомилекс жұмыс. Бұл жұмыс ғимараттың контуры белгілі болғанда оның конструктивтік элементтері мен пайдалану тәртібі анықталғаннан кейін басталады.

Инженерлік геологиялық барлаудың мақсаты ғимараттардың негізі мен іргетасын есептеу үшін немесе олардың айнала ортасының өзгеруін болжау үшін алынатын санды алғашқы мәліметтер.

Инженерлік геологиялық барлаудың негізгі мәселелері:

1. Құрылыс алаңындағы физикалық геологиялық процестерді, гидрогеологиялық жағдай мен геологиялық құрылымды үйрену.

2. Грунттардың физикалық-механикалық асиеттерімен олардың суға қатысты және температураның байланысты жағдайлар.

3. Инженерлік геологиялық элементтерді айқындау.

4. Ғимараттардың негізі мен іргетасның инженерлік геологиялық моделін құру.

5. Ажыратылған (бөлінген) инженерлік геологиялық элемент немесе модел үшін грунттың физикалық-механикалық қасиеттерінің жинақты (қорытынды) көрсеткіштерін анықтау.

Одан басқа жалпы мәселелерден тыс құрылыстың мәселелерінің шешімі табылады. Мұндай жеке мәселелер құрылыстың пайдалану ерекшелігі грунтқа динамикалық әсер қүштері, нормативтік және гидротехника құрылыстарындағы грунттың суэрозиясы, тұздардың еріп сумен бірге ағып кетуі және тағы басқа.

Осы жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу құрылыс алаңына инженерлік геологиялық жағдайлардың өзгеруін болжау мүмкіншілігін береді.