Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

БИЛЕТ

1. Сезімталдық жүйесі. Сезімталдық анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшелігі. Сезімталдық және оның бұзылыстары. Зерттеу әдістері.

2. Бас ауруы. Эпидемиология және замануи классификациясы. Цефалгияның этиопатогенетикалық факторлары. Патогенез, клиника, диагностикалық критерийлері және бас ауруы күштемесінің емі.

3. Эпилептикалық статус кезіндегі алғашқы көмек көрсету алгоритмі: болган жердегі жедел көмек, «жедел жәрдем» машинасындағы көмек, реанимация бөлімшесіндегі көмек.

 

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С. «Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Еркін қозғалыс жүйесі. Қозғалыс анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Орталық және шеткі салдану белгілері. Зерттеу әдістері.

2. Бас сақинасының патогенезі, классификациясы, бас сақиналық ұстаманың клиникасы, асқынуы, қосымша зерттеу әдістері, диагностикалық критерийлері, емі, профилактикасы.

3. 52 жастағы ер адамда ауыр салмақты көтергеннен соң бел-сегізкөз омыртқа аймағында қатты ауырсыну сезімі сол жақ аяққа иррадиация, ұюы. Объективті қарағанда бел-сегізкөз бөлігінде анталгиялық сколиоз, бел бұлшық етінің сол жақта айқын дефансы, ауырсынуға байланысты қимыл қозғалысы шектелген, бел-сегізкөз аймағында паравертебральды ауырсыну, пальпациялағанда ауырсыну сол аяққа беріледі. Лассега симптомы сол жақта айқын. Сан мен тізенің артқы-сыртқы беткейінде гипестезия. Сол жақта Ахиллов рефлексі болмайды, сол жақ табанның бүгілуі әлсіз. Сіздің диагнозыңыз? Перифериялық нерв жүйесінің қай бөлігі зақымдалған? Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістері қолданылады? Жедел кезеңдегі емдеу жоспары?

 

 

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

 

«Астана Медициналық Университеті»АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Экстрапирамидалық жүйе. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдалу синдромдары.

2. Бет нервісінің нейропатиясы. Патогенез, клиникасы, диагноз критерийлері, емдеу әдістері. БМСК кезеңіндегі жедел көмек.

3. 47 жастағы науқас жұмыс уақытында стрестен кейін кенеттен өзін жайсыз сезінді, қатты бас ауыру, бирнеше рет құсу, стридорозды тыныс, беттің қызаруы, естің шатасуына алып келетін психомоторлы қозу, оң жақ аяқ-қолдардың әлсізденуі, сөйлеу бұзылысы. Жедел жәрдем бригадасы АҚ

240/120мм.с.б. Сіздің болжам диагнозыңыз? Жедел көмек тактикасы? Диагнозды нақтылау үшін зерттеу әдістері? Жедел кезеңіндегі емдеу принциптері?

 

 

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.     «Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні

БИЛЕТ

1. Мишықтың құрылысы, функциясы және байланысы. Зерттеу әдістері. Мишық зақымдалуының клиникалық белгілері.

2. Үшкіл нервтің невралгиясы. Патогенез, клиникасы, диагноз критерийі, емдеу әдістері.

3. БМСК кезеңіндегі жедел қанайналым бұзылысы кезінде науқасқа жедел көмек көрсету алгоритмі. Инсульттің алғашқы белгілері.

 

 

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

 

«Астана Медициналық Университеті»АҚ

Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы

«Неврология» пәні № 5 БИЛЕТ

1. Омыртқаның мойындық, кеуделік, бел-сегізкөздік бөлігінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Бел-қимыл қозғалыс сегментінің құрылысы.

2. Дисциркуляторлы энцефалопатия. Этиология. Емдеу және диагностика әдістері. Профилактикалық іс-шаралар.

3. Созылмалы ауыру синдромымен науқасты қарау: жалпы қарау және анамнез жинау. Созылмалы ауыру синдромының дамуына алып келетін факторлар. Ауырсыну тәртібі. Ауырсынуды көтеру стратегиясы. Ауырсыну және психикалық бұзылыстар.

 

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

 

 

«Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні №6 БИЛЕТ 1. Сезімталдық жүйесі. Сезімталдық анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшелігі. Сезімталдық және оның бұзылыстары. Зерттеу әдістері. 2. Транзиторлы ишемиялық шабуыл, этиология, патогенез, клиника. Диагностика және емдеу тактикасы. БМСК кезеңіндегі алғашқы көмек. 3. 45 жастағы әйел жүрекшелік фибрилляцияның тұрақты формасымен зардап шегеді. Кенеттен болған жалпы әлсіздік, ентігу, бас ауыру, оң жақ аяқ-қолдарында әлсіздену, сөйлеу бұзылысы, әлсіздікке шағымданды, науқас тежелген. Болжам диагноз? Диагнозды нақтылау үшін зерттеу әдістері?   Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.     «Астана Медициналық Университеті»АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні
№ 7 БИЛЕТ 1. Жоғарғы ми қыртысының құрылысы мен қызметі. Қызметінің топикалық орналасуы. Бұзылу синдромы. Сөйлеу бұзылысы, праксис, гнозис, интеллект және есте сақтау бұзылысы. 2. Ишемиялық инсульт. Этиология, қауіп факторлары. Ишемиялық инсульттің патогенетикалық типтері. Жедел церебральды ишемияның патоморфологиясы. Диагностика. Емі. 3. 48 жастағы әйел беттің сол жақ бөлігіндегі айқын қысып ауыратын бірнеше секундқа созылатын көп реттік ұстамамен, сол жақ маңдай аймағында, жоғарғы және төменгі жақта сөйлеу және шайнау кезінде ауырсынудың күшеюіне шағымданды. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Неврологиялық статуста нені көреміз. Емдеу әдістері.   Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.  
«Астана Медициналық Университеті»АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 8 БИЛЕТ 1. Омыртқаның мойындық, кеуделік, бел-сегізкөздік бөлігінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Бел-қимыл қозғалыс сегментінің құрылысы. 2. Эпилепсия. Эпилептикалық талманың түрлері, диагностикасы. Дифференциальды диагностика. Емі мен болжамы. 3. 33 жастағы әйел ұйқысыз өткен түннен кейін басының өспелі қатты ауырғандығына, басының оң жақ жартысында интенсивті ауырсыну, өспелі құсу, жарықтан қорқу, дыбысқа және тактильді тітіркендіргіштерге тітіркену, орбитада ауырсыну, басы қатты ауырғанда құсу болғандығына шағымданды. Құсудан кейін өзін жақсы сезінгендей болып, ұйқыға кетті. Келесі күні жағдайы қалыпқа келді. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Жүргізілетін тактика?   Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

 

«Астана Медициналық Университеті»АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 9 БИЛЕТ 1. Неврологиядағы зерттеу әдістері. Нейровизуализациялық диагностика. Неврологиялық ауруларды зерттеу әдістеріндегі КТ, МРТ рөлі. Функциональды зерттеу әдістері. Церебральді және прецеребральді қантамырларды зерттеу әдістері. 2. Менингиттер. Менингеальді синдром. Этиология. Диагностика. Емі. БМСК кезеңіндегі алғашқы көмек. 3. Науқас Ф 31 жаста дәрігер қабылдауына келип бүгін таңертең болған сол жақ беттің ассиметриясына, көзден жас ағуына шағымданды. Қарау кезінде сол жақ маңдай бұлшықетінің әлсіздігі, Белла симптомы,оң жақта Шарко симптомы. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Жүргізілетін тактика? Қандай ем жүргізуге болады?   Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.
«Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 10 БИЛЕТ 1. Үшкіл нервтің анатомиясы және қызметі. Зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары мен синдромдары. 2. Жедел біріншілікті энцефалиттер. Герпетикалық энцефалит. Кенелік көктем-жаздық энцефалит. Экономо энцефалиті. Масалық энцефалит. Клиникасы, диагноз, емі. 3. Церебральді инсульт мәселелеріне заманауи ұсыныстар. Инсульт эпидемиологиясы. Қазақстан Республикасындағы ОНМК кейінгі мүгедектік пен өлім санын азайту іс-шаралары. Инсульт кезіндегі алғашқы көмек көрсету. «Саламатты Казахстан» қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы. МЗ РК№ 382 Бұйрық. Европа ұсынысы 2008   Кафедра меңгерішісі_____________________Жусупова А.С. «Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 11 БИЛЕТ 1. Еркін қозғалыс жүйесі. Қозғалыс анализаторының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Орталық және шеткі салдану белгілері. Зерттеу әдістері. 2. Субарахноидальді қан құйылу. Зерттеу әдістері. Диагностика. БМСК кезеңіндегі алғашқы көмек көрсету алгоритмі. 3. Жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын 60 жастағы ер адамда оң жақ көзінде «қараңғылану» байқалды, бірнеше секундта оң көзі толықтай көрмей қалды, сол қолдың саусақтары уйып калғандай, жансыздану болды. Ауыз бұрышы сол жақа төмен түскен. Жәдел жәрдем келгенде неврологиялық белгілер басылып қалды. АҚ 160/100 мм.с.б. Болжамды диагноз? Емдеу және диагностикалау тактикасының алгоритмі?     Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.  
«Астана Медициналық Университеті» АҚ Психиатрия және наркология курсымен невропатология кафедрасы «Неврология» пәні № 12 БИЛЕТ 1. Бет нервінің анатомиясы және қызметі. Зерттеу әдістері. Әр деңгейдегі зақымдалу симптомдары. 2. Геморрагиялық инсульт. Миішілік қанқұйылу. Классификация. Себебі, патогенез, клиникасы, диагностика. Консервативті және хирургиялық емдеу әдістері. Профилактика. 3. Науқас А 23 жаста. Дене температурасы жедел 38 градусқа дейін көтеріліп, мойынға, арқаға берілетін қатты бас ауру, жүрек айну, құсу пайда болды. Бір күннен соң жағдайы нашарлап, есінің бұлыңғырлануына байланысты стационарға жеткізілді. Қарау барысында жағдайы ауыр,T-39, жалпы милық синдром, ес деңгейі-сопор,теріде жұлдызша тәріздес геморрагиялық бөртпе, Кернинг, Брудзинский симптомдары оң. Қан талдамасында: лейкоцитоз 15*109/л, лейкоцитарлы формула солға ығысқан, ЭТЖ 45 мм/сағ. Анамнезінде бір апта бойында мұрыннан су ағуға көмейдегі ауру сезімі. Диагноз қойыңыз ?  

Кафедра меңгерушісі______________________Жусупова А.С.

 

 

«Астана Медициналық Университеті» АҚ