Ерік және тұлғаның ерік сапаларының психологиялық негіздері 1 страница

 

 

Ерік мәселесі, адам іс-әрекетінің ерікті және еріксіз реттелуі ұзақ уақыт бойы ғалымдарды ойландырып, әртүрлі пікірталастар тудыруда. [15, б.5]

Ерік мәселесін зерттеудің қиындығы ғылыми тұрғыда және былайғы өмірде әр түрліше түсіндіруде. Былайғы өмірде ерікті еркіндік ретінде, кейде адам тілегінің бір жағы ретінде, кейде мінез күшінің көрінуі ретінде қабылдаймыз. Осы көріністердің әр түрлілігі байланысты, ғылыми тұрғыда да екі қарама-қарсы бағыт бар. Оның бірі сыртқы кедергілерге қарамастан, адамның әрекетін автоматтыққа айналдыруға байланысты болса, екіншісі – детерменизммен, адам әрекетінің сыртқы шарттылығымен байланысты.

Осыған байланысты кейбір авторлар ерік деп әртүрлі шартты реттелуді, ал кейбіреулері адамның қиындықты және кедергілерді жеңетін адам актісін қарастырады. Кейінгі бағыт, ерікті «ерік күші» деп түсіндіреді

Кейбір зерттеушілердің, мәселен, В.И.Иванников жұмыстарында ерікті психикалық құбылыстар саласынан ығыстыруы байқалады. Психика «ерік» түсінігінің қолдануынсыз сипатталады /31, б.87/.

Ал, басқа зерттеушілер керісінше, бұрыннан алынған фактілер талқыланып және ерік теориясы көмегімен түсіндіріледі.

Адам әрекетінің механизмін ерік мәселесі төңірегінде зерттеу бағыты пайда болып, 1883 жылы неміс социологы Ф.Теннис «волюнтаризм» деген ат берді және ерікті ерекше күш ретінде атап көрсетті. Волюнтаризм ілімі бойынша ерікті актілер ештеңемен анықталмайды, бірақ өзі психикалық процестердің барысын анықтайды. Бұл философиялық бағыттың өзіндік ерікті зерттеу тарихы бар. Эпикур ең бірінші – аяқ асты детерминантты, еркін мінез құлық таңдауы туралы сұрақты көтерді. Бұндай ілімнің дамуына антикалық философиядағы адамның рухани қабілеттілігі сана, ой деген түсінік әкелді. Августин (354-430) жан мен тәнді басқаратын ерік деген болжам айтты. Ерік адамды жанын өзін-өзі тануға итермелеп, заттардың сезімдік таңбалармен олардың бейнесін елестетеді.

Еріктің интеллекттен жоғарылығын Иоанн Дунс Скотт көрсетті. А.Шопенгауэр және Э.Гартман, ерікті ғарыштық күш ретінде көрсетіп, адам психикасының көрінуінің басы, соқыр және санасыз бірінші қағида деді. Сана мен интеллект Шопенгауэр бойынша ерік күшінің екінші дәрежелі көрінуі.

Сонымен волюнтаризм еріктің көрінуін объективті табиғат және қоғам заңдылықтарымен қарама-қарсы қойып, адам еркі ештемеге тәуелді емес деді.

Адамның әрекетінің бұндай түсінігіне және ерікпен байланысын түсіндірілуіне көптеген философтар мен психологтер қарсы болды. Бұрынғы кезде Спинозаның өзі адамның себепсіз әрекетін жоққа шығарды, өйткені ерік басқалары сияқты себепті қажет етеді. Оның айтуынша, адамдар өздерін ерікті деп санауда қателеседі. Бұл пікір, олар өз әрекетін мойындайды, бірақ олар анықталатын себепті белмейді дегенге негізделген. Оның ойынша ерік адам ұмтылысы, бірақ ол тәнге емес, жанға бағынышты.

Волюнтаризм қарсыластарының ойынша, ерік іскерлік білімімен шешім қабылдай алу.

Волюнтаризм бағытының оң жақтары да бар, ерікті өз алды бір мәселе ретінде көтеріп, сапалы психикалық құбылыс ретінде, «автогенетикалық» ерік теориясында бейнелеуін тапқан, елес пен қозғалыс ассоциациясына қосылмайды (В.Вундт.1912; Н.Ах /N.Ach, 1905,1910/; И.Линдворский /J.Lindworssky. Der Wille. 1923/). «Еріктің еркіндігі» тақырыбын талқылау, «таңдау еркі» мәселесін көтеруге көңіл аудартты /15, б.25/.

Голландия философы Б.Спиноза түрткі күресін идеялар күресі ретінде қарастырды. Соған байланысты ерік пен сана ол үшін бір болды. Спиноза бойынша ерік сыртқы детерминизмді аңғару, субъективті өзіндік ерікті шешім қабылдау, ішкі еркіндік /15, б.31/.

Американдық психолог У.Джемс (1911,1991) еріктің басты функциясы бір уақытта екіншіге бірнеше қозғалыс идеясы туындаса, әрекет жасау туралы шешім қабылдау деп көрсетті /28, б.262/.

Бәсекелесу идеяларының болуы қозғалыс елесінің әрекетке айналуына кедергілер жасайды, сондықтан әрекетті орындау үшін идеялар таңдауын жасап және шешім қабылдау керек. Таңдау қызығушылықтар негізінде жасалады және зейінді таңдалған объектіге бағыттайды, содан кейін қозғалыс басталады, осы минутта адамның зейінін алған идея қозғалысқа импульс береді. Сондықтан ерік күшін адам санасын тартымсыз, бірақ керекті объектіге бағыттап, өз зейінін соған тоқтату керек. Өзін Волюнтаристтер қатарына жатқызған У.Джемстің ойынша ерік жанның дербес күші, әрекет жасауда шешім қабылдауға қабілетті.

Ерікті бірнеше тілектің ішінен біреуін таңдауда немесе мотивтер қақтығыстарын шешуде Г.И.Челпанов (1926), Ф.Лерш (Ph. Lersch, 1956), Л.С. Выготский ерік мәселесін талқылауда бұл түсінікті таңдау еркіндігімен байланыстырады. Л.С.Выготскийдің айтуынша, өз мінез құлқыңды игере алу мінездемесі, таңдау жасай алу.

В.М.Аллахвердовтың тұжырымдауынша ерік еркіндін мойындауға, қатал детерменизмді мойындауға (әрекет) адам мінез құлқы және іс-әрекет мәселесін түсіндірмейді.

П.В.Симонов (1987) таңдау еркіндігі мәселесін басқа қырынан қарастырды. Детерминизмді мойындай отырып, ол таңдау еркіндігінің иллюзорлылығы шешіміне келеді және неге егер еркін таңдау жоқ болса да, бізде ол бар сияқты болады деген сұрақ қояды.

Бұл фактінің түсіндіруде қандай да ішкі процестер детерменанттарының болатынын және ол санаға әсер етеді, бірақ аңғарылмайды деген. Бұндай процестер жоғары нерв жүйесінде де аңғарылмайды, бірақ санаға әсер етеді. Бұндай әсердің қорытындысы санада еркін таңдау актісі ретінде көрінеді.

В.Франклдің жазуынша, адам сыртқы және ішкі шарттардан еркінсіз, бірақ оларға қатысты ұстанымда ерікті. Шарт адам әрекетін толығымен белгілемейді, сол шарттарға берілеме немесе қарсы тұра алу адамға байланысты /58, б.102/.

Еріктің адам іс-әрекетінің детерминанты ретіндегі түсінік Ежелгі Грецияда туып, бірінші рет Аристотель (384-324 жж. Б.э.д.) анықтама берді. Ол бұл түсінікті субъектінің саналы шешіміне негізделген іс-әрекетінен, оның тілегінен туындаған іс-әрекетті ажырату үшін берді. Осыған байланысты философ саналы іс-әрекет негізі білім емес, санаға байланысты әрекетке әкелетін ерекше бір күш екенін түсіндірді. Аристотель бойынша бұл күш жанның саналы бөлігінде туындайды. Саналы шешімнің тілекпен бірігуі, шешімге итермелеу күшін береді.

Сонда Аристотель бойынша ерік адамның тілегі күшінің сананы басқаруы болып табылады.

Адамның өз шешімі бойынша жасалған әрекер пен қылықты Аристотель ерікті деп атады. Аристотель түсінігінің мәні іс-әрекет детерминациядағы ерікті рольдің басы болып сол кездегі жағдай болады, ерік тек инициация емес, сонымен бірге ерікті әрекетті таңдайды және оның орындалуын басқарады. Сонымен қатар ол адам еркіне өзін өзі басқара алуды да жатқызады. Соған қарамастан кез келген ерікті қозғалыстың Аристотель бойынша, табиғи негізі болады.

Ежелгі Рим ойшылы және дәрігер Гален (130-200) ерікті және еріксіз қозғалыс жайлы айтып, соңғысына тек ішкі мүшелердің (жүрек, асқазан) бұлшық ет жиырылуын жатқызды. Қалған барлық қозғалысты ол ерікті қозғалыс деп қарастырды. Оның ойынша еріксіз (автоматты) қозғалыс үнемі психикалық пневманың қатысуымен іске асырып өзіне қабылдау, ес, сананы жатқызып және қозғалыс мүшелеріне қатысты басқару функциясын атқарды.

Рене Декарт ерікті жанның тілегін қалыптастыруға қабілетті және кез келген адам әрекетінің пайда болуын анықтайтын, рефлекс негізінде түсіндіруге болмайды деп түсінді. Декарт еріктің басты мәселесі – (құмарлықпен күрес) заттың әсерінен пайда болған құмарлықпен күрес деп есептеді. Ерік құмарлықпен байлынысты қозғалыстарды тежейді. Сана, Декарт бойынша еріктің өзіндік құралы. Ерік адамға сана пікірінен шыққан мейірім мен ашуға байланысты, белгілі ережелер мен жүруге көмектеседі. Осыған байланысты Декарт (1950) ерікті адам адамгершілігімен байланыстырады Р.Декартпен бір уақытта өмір сүрген Англиялық философ Т.Гоббс адал мінез құлқын түсіндіргенде, ерікті және еріксіз реттелуге тоқталды. Мынандай жағдайда, бірдемеге талпыну сезімі, немесе жеркену сезімі пайда болғанда бірмағыналық әрекет таңдау жасау қажет. Соңғы тілек, ойлау және ойлану актісінде пайда болған, тікелей қозғалысқа итермелейтін күш Гоббс бойынша ерік /15, б.48/.

Ерік мотив пен тілек пен детерминантталған, өз кезегінде қажеттілікпен анықталады, зат туралы біліммен және орындалу тәсілдермен сол қажеттілікті қанағаттандыру.

Ерік мәселесіне осындай көзқараста Д.Гертли де болды. Оның ойынша ерік тілек және жеркенуден пайда болған әрекет, бастапқы немесе қайталануы автоматты түрде емес.

Еріктің санадағы тілек екендігін басқа да ғалымдардың көзқарастарынан көреміз (Д.Пристли, 1968; А.Коллинз, 1967; Г.Спенсер, 1897: В.Виндельбандт, 1904).

Олардың әр қайсысының түсінігінде өзіндік ерекшеліктер бар. Мысалы, Пристли, әрекет жасау тілегі туралы айтып, әрекет үнемі тілектегі затты көргенде ғана пайда болмайды дейді. Оның көзқарасындағы бағалысы, адамның талпынысы оның мотивтерімен анықталады, сондықтан ерікте әрқашанда себеп бар

В.Вундт (1912) ойнша, психикалық себеп еріктік актіде жоғары көрсету алады.

Ерікті мотивациялық тұрғыдан Э.Мейман (1917) қарастырады. Еріктік әрекеттің басты белгісі оның ойынша әрекетті орындау туралы шешім қабылдап әрекеттің орындалуына әкелетін толық психикалық акт, мақсат туралы елестің пайда болуы, сол мақсатқа байланысты келісімнің берілуі. Қандайда бір нақты әрекет үшін бұндай келісімге жету іріктеуден және мақсатын қарастырудан, бағалығын сұрыптаудан, әрекеттің бірізділігін сұрыптаудан басталады. Э.Мейман барлық ерікті әрекеттердің ақиқатты себебі ретінде ойлануды санайды, өйткені сол арқылы мақсаттың құндылығы және мағыналылығы анықталынады

Ерікті мотивациямен Ресейлік психологтер да байланыстырады. Соның бірі И.М.Сеченев. Біріншіден, ғалым еріктің моральді компонентін бөліп көрсетті, еріктік актіде мотивтің адамгершілік компоненттерінің қатысы бар.

Екіншіден, И.М.Сеченевтің ойынша ерік күшінің пайда болуы үшін себеп, мотив керек. Г.И.Челпанов (1926) еріктік актіде үш элементті бөліп көрсетті: тілек, ұмтылыс және тырысу немесе күш салу. Ол еріктік әрекетті мотивтер күресімен байланыстырды, іс-әрекет туралы шешім қабылдау.

К.Н.Корнилов (1948, 1957) еріктің әрекет негізінде үнемі мотив жататынын көрсетті. Адамның елігуі, тілегі және қалауын ерікпен және еріктік актіде қарастырған ірі ғалымдардың бірі – Н.Н.Ланге (1883). Ол өз жұмыстарында қалаумен елігу арасындағы айырмашылыққа түсінік берді, қалау – бұл елігу, соңында әрекетке айналады және бұл әрекеттердің белсенділік сезімі арқылы жүзеге асады. Ол үшін қалау – бұл ерік.

Л.С.Выготский ерікті әрекетте екі бөлек процесті бөліп көрсетеді: біріншісі шешімге байланысты, жаңа ми байланысына тоқтау болу, ерекше функционалды аппараттық қалыптасуына әсер ету болса, екіншісі – орындаушы-қалыптасқан аппарат жұмысына байланысты, нұсқау бойынша әрекет жасау, шешімнің орындалуы Л.С.Выготский, Ж.Пиаже сияқты (1969) ерікті акт құрылымына қосымша мотивтер енгізу операциясы арқылы әрекетке әкелуді күшейту – керекті, бірақ адамның басты тілегімен әлсіз байланысты. Л.С.Выготскийдің айтуынша, еркін ерік мотивтер еркіндігі емес. Еркін шешім адамның екі мүмкіндіктің біреуін таңдауы сырттай емес, іштей адам таңдауы арқылы іске асады, Выготский бойнша әрекет мағынасының өзгеруі оған деген ынтаның өзгеруіне әкеледі /26, б.342/.

Б.В.Зейгарниктің (1989) ойынша : «адамның өз әрекетін басқара алуын ерік мәселесі ретінде қарастырды.

Түрткі мен ерік арасындағы байланыс жалпы қабылданған факт болғанымен үш бағытын көрсетуге болады.

Бұл бағыттың біріншісі түрткі мен ерікті біріктіріп қарастырып, соңғысын мойындамайды, бұндай тәсіл әсіресе американ психологтарының ерекшелігі, батыс психологиялық сөздіктерінде «ерік» түсінігі жоқ болуы да сондықтан. Бұл бағытты жақтаушылардың ойынша, егер адамда күшті тілек болса, мақсатқа жетудегі түрткіге қосымша адам белсенділігін арттыратын ешқандай психологиялық механизмнің қажеттілігі жоқ, тілектің өзі бұл белсенділікті ұйымдастырады.

Дж.Локк (1960) ерік пен тілекті бірге қарау керек еместігін көрсеткен. Ерікті әрекетті тудыру механизмімен байланыстырып, ол түрткі мен бірге адамның ерекше әрекеттің орындалуына әкелетін қасиеті ерікті бөліп көрсетті. Ерік, қанағаттанбаушылықты жеңе отырып, Дж. Локк ойынша, тілекке қарсы шығуы да мүмкін адамда қалау немесе еріктілікті қалыптастырады.

П.В.Симонов ерікті басты қажеттілік қана емес, ол бәсекелес түрткінің біреуіне қосымша арнайы механизм ретінде қарастырады.

Екінші бағыт түрткі мен ерікті екі бөлек қарастыра отырып, бірақ екеуінің арасындағы тығыз байланысты да жоққа шығармайды. П.И.Ивановтың (1967) айтуынша, ерікті әрекет, еріксіз әрекетке қарағанда, түрткіге байланысты жүзеге асады.

Соған қарамастан осы бағыт бойынша қарастырған ғалымдардың пікірі бірдей емес. Кейбірі үшін ерік мотивацияның бір бөлігі, механизмі, және құрылымы (Выготский Л.С.; Божович Л.И.).

Мысалы: Л.И.Божович ерікті әрекеттің мәнін адамның сол кездегі тілегіне сәйкес келмеседе өз мақсатын саналы түрде жеңіп, қоғам үшін мәнді мақсатты қалауы. Адамның қажеттіліктерінің дамуына байланысты, ерікті мотивациялық сферада жоғары психикалық функция ретінде қарастырады. Л.С.Выготский сияқты, Божович ерікті ырықты мотивацияның бір түрі ретінде түсінді.

В.А.Иванниковті (1985) ерік пен еріктік іс-әрекет арасындағы жалпылық түсініктер; актуалды емес қажеттік әрекеттер, түрткілер қақтығысындағы әрекет, әрекет салдарының есепке алу және моральды жағын ескерілуі; қоғамдық қажеттілік бойынша әрекет, ырықты таңдалған әрекет, болып тұрған жағдайдан еркін әрекет, өз тілегіңді жеңу, қиындықтарды жеңу тағы басқа сұрақтар қызықтырды.

В.А.Иванников(1985) мынадай жауап береді: түрткінің өзгеруі әрекет мәнінің өзгеруіне әкеледі. Оның ойынша ерік туралы берілген әрекетке түрткінің жеткіліксіз кезінде айтылады. И.Бекман (J.Beckman, 1987 ) және Ж.Пиажеде (1969) ерікті түрткіні күшейткіш күш ретінде қарастырады. Біріншіден, В.А.Иванников ерік түсінігінің мотивациялық позициядан қарастырса, екіншіден, ерік түсінігін ерікті реттеуші, қиындықты жеңу мен байланыстырады /32, б.88/.

Ақиқатта және өмірлік бақылаулар, ғылыми зерттеулер үш жастағы балада табандылық, болатынын көрсетеді. Сондықтан, көптеген зерттеулер қорытындылары бойынша ерікті ырықты мотивациямен ұштастыруға негіз жоқ.

Зерттеушілердің басқа тобы үшін мотивация ерікті әрекеттің ерікті түрткінің бір жағы болып табылады.(К.Н.Корнилов, 1957; Л.С.Выготский, 1983; В.Н.Мясищев, 1930; П.А.Рудик, 1967).

Үшінші бағыт ерік пен мотивация арасындағы байланысқа күмән қояды. Ш.Н.Чхартишвили (1958) Д.Н.Узнадзенің пікірін бөлісіп, ерікті әрекет актуалды қажеттілікті қанағаттандыру мен байланыстырмайды. Ерік субъектпен қабылданған ішкі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын - әрекетке түрткі механизм ретінде қарастырылады. Сондықтан, Ш.Н.Чхартишвили ерікті тұтас мотивациялық процестердің бір бөлігі ретінде санамайды, оны ерекше психикалық немесе жеке тұлғаның қабілеттілігі деп қарастырады.

Сонымен, ерік мәселесі тек мотивация мәселесіне тоқталмайды, бірақ кейбір автордың пікірінше, өз алдылық мағынаға да ие.

Грузин психологтеріне тән, ерік түсінігіне бұндай спецификалық тұрғыдан қарау, ерікті түрткі механизмінің бірі ретінде қарастырады.

Д.Н.Узнадзе (1966) пікірінше ерік механизмі болып, іс-әрекеттің немесе әрекеттің көзі көкейтесті қажеттілік импульсі емес, мүлдем басқа, кейде қажеттілікке қарсы келетін күш болады. Грузин ғалымы кез келген әрекеттің болуын әрекетке әкелетін бағдармен байланыстырады. Бұл бағдар, шешім қабылдау кезінде немесе ерікті әрекет негізінде жатқан, санадағы елес немесе ойдағы жағдайдың болумен туындайды /67, б.98/.

Ерікті бағдармен адамның дәл сол кездегі болмаса да, бірақ әрекетке әкелетін шешім қабылдау негізіндегі қажеттілігі жасырын тұрады. Сонымен қатар, бұндай шешім қабылдауға елес және ойлау процестері де қатысады.

Ш.Н.Чхартишвили (1958) Д.Н.Узнадзенің ерікті әрекет актуалды қажеттілікті қанағаттандыру мен байланысты емес деген пікірін бөліседі.

И.М.Сеченов рефлекторлы ерік теориясының негізін салушы болғанымен қатар, ерік психикалық ретртеуші ерекше форма ретінде түсінік енгізді. Оның ойынша ерік сананың әрекетті және моральды сезім жағы.

Еріктің адам әрекетін психикалық реттеуші формасы екендігіне алғаш реттеуші формасы екендігіне алғаш көңіл аударған. М.Я.Басов (1922) болды. Олар үшін ерік психикалық механизм ретінде қабылданды, ол арқылы адам өзінің психикалық функцияларын реттейді.

Іс-әрекеттіңт және психикалық процестердің ырықты реттелуі Л.С.Выготскийдің ойынша еріктің мазмұны. Выготскийше ерік, адамның өз іс-әрекетін, психикалық процестерін, мотивациясын реттейтін механизм.

В.И.Селиванов еріктің түрткі, реттеуші функцияларын бөліп көрсетті. Ол үшін ерік – адамның саналы түрде іс-әрекетін реттеуі.

Л.М.Веккер (1957) бойынша ерік ырықты реттелудің ең жоғары формасы. Реттеу әрекеттің интеллектуалды, эмоционалды-адамгершілік, жалпы қоғамдық бағалау критерилері арқылы іске асады.

Еріктің реттеуші ролін сол сияқты А.Ц.Пуни (1966), Б.Н.Смирнов (1983), П.А.Рудик (1945,1962), Н.П.Рапохин (1981), М.Брихцин (1989) және тағы басқа көрсеткен.

Р.Мэй (R.May, 1974) ерікті, жеке тұлғаның өз әрекетін қойылған мақсатқа, бағдарға байланысты ұйымдастыра алу қабілеттілігі. Тілекке қарағанда ерікте бұл жерде таңдау мүмкіндігі бар.

В.К.Калиннің ойынша ерік феноменін заттық әрекетті анализдей ерік мәнін түсінуде табыстарға әкелген жоқ. Оның ойынша ерік түсінігінің спецификасын мотивация анализінде бөліп көрсетуге болмайды және ерікті қиындықты жеңу механизмі ретінде қарастырғанда да бөліп көре алмаймыз. Бұл зерттеуші ерік спецификасын алдамның психикалық процестерін реттеуінен көреді және ерікті әрекеттер мақсатын объектіден субъектіге өткізуден байқайды. Л.С.Выготский сияқты, В.К.Калин еріктің басты мазмұнын адамның өз әрекетін және психикалық функцияларын реттеу алуынан көреді.

В.К.Калин ерікті реттелудің индивидуалды стилі туралы сұрақ қояды. Ол бойынша ерікті әрекеттердің тұрақты тәсілдерін ұйымдастыру, яғни ерікті реттелу құрылымы.

Көптеген психологтар ерікті, қиындықты жеңудегі, психологиялық механизм ретінде ғана түсінеді. К.Н.Корнилов, соған байланысты адам еркін оның қаншалықты қиындықты жеңе алатынына қарап бағалау керектігін айтады.

Б.Н.Смирнов (1984) бойынша, ерік сана мен сезіммен бірігіп іс-әрекет пен қиын жағдайдағы әрекетті реттеу. П.А.Рудик (1967) бойынша, ерік адамның саналы түрде қойылған мақсатқа байланысты әрекет жасап, өзінің ішкі қайшылықтарын жеңуі ерік мақсатқа байланысты әрекет жасай алу қасиеті.

П.В.Симонов (1987) ерікті кедергілерді жеңе алу қажеттілігі деп қарастырды. Оның ойынша ерікті әрекеттің филогенетикалық алғышарты И.П.Павлов жазған «рефлекс еркіндігі» болып табылады.

«Рефлекс еркіндігі» - бұл өзіндік әрекет формасы, ол үшін кедергі адекватты стимул қызметін атқарады.

П.В.Симонов(1987): ерік кедергілерді жеңу қажеттілігі деген қорытынды жасады. Ерікті зерттеу тарихи аспектіде бірнеше кезеңге бөлінеді /58, б.102/.

Бірінші кезең; еріктің, адамның санасының тыс және оның тілегіне қарсы әрекет жасау механизмі ретінде қабылдынды.

Екінші кезең волюнторизмнің философиядағы идеалисттік ағымымен байланысты.

Үшінші кезең: ерікті таңдау және тілектер күресімен байланыстырады.

Төртінші кезең: ерікті адам мақсатына жету жолындағы кедергілерді жеңу механизмі ретінде қарастырылды.

Осының барлығы, аяғында ерік туралы қарама-қарсы екі басты ағынның туындауына себеп болды.

Оның бірі ерікті түрткі мен мотивациямен алмастырады. Бұл бағытты жақтаушылар үшін «ерікке қарсы» деген, яғни, «тілекке қарсы» деген сөз. Тілек әр түрлі күште болады. Соған байланысты, тілек күшін ауыстырушы «ерік күші» болады. Бұл жерде психикалық және физикалық ерік қысымы бейнесімен тілек, қажеттілік күші алмастырылады. Ерік саналы әрекет жасауды реттеу тәсілі ретінде көрінеді.

Екінші ағым ерікті кедергілерді, қиындықты жеңу мен байланыстырады, яғни «ерік» түсінігі «ерік күші» түсінігіне синоним болады. Бұл екі түсініктің санада бұлай қабылдануы, қиындықты жеңе алатын адам, күшті ерік иесі және бұндай адамды ерікті деп санайды. Сондықтан ерікті – бұл яғни кімде ерік бар. Байқалмай «ерік күші» жай ғана «ерікке» айналды, енді ерік қиындықты, кедергілерді жеңу аспабы ретінде, ал ерікті әрекет қиындыққа қарамастан, мақсатқа жету жолындағы әрекетретінде қарастырылады. Соған байланысты ерікті және еріксіз субъектілер, яғни ерікті иеленушілер немесе иеленбеушілер. Ерік бұл жерде жеке адамның мінездемесі, мінезі ретінде көрінеді.

Ерік пен сананың қатынасы.

В.И.Селивановтың (1986) ойынша сананы еріктің қасиеті деп қабылдау қате. Ерік жеке бас атрибуты, бірізді тізбек детерминациясындағы анық және керекті психикалық бөлік. Оның айтуынша «ерік» түсінігі, «сана» түсінігіне қарағанда тар, сондықтан, сана еріктің қасиеті емес, ерік сананың қасиеті, функциясы болып табылады.

В.И. Селивановтың жазуынша, ерікті сананың белсенді жоғына, ақыл парасаттың іс-әрекет жоғына және адамгершілік сезіміне жатқызуға болады, бірақ онымен ерікті анықтамайды, тек оны саналы құбылыс категориясына жатқызады. Селивановтың көзқарасымен ерікті анықтау, яғни, сананың іс-әрекетті жоғын анықтау (еріктің ерекше) ерікті сананың ерекше жағы екенін көрсететін спецификалық белгілерін бөліп көрсету.

В.И. Селивановтың көзқарасы (1975) А.Ц.Пунидің көзқарасымен жақынырақ келеді. А.Ц.Пуни (1973) еріктің әр түрлі көруінің үш құрылым компоненттерін бөледі: танымдылық, эмоционалды және орындаушы.