Ерік сапаларын арттырудың психологиялық педагогикалық ахуалы

 

Адамның ерік жігері мен денсаулығының тығыз байланысты екенін өткен тарауда қарастырып өттік. Адамның физикалық және психологиялық денсаулығы ерік жігерді арттыруға байланысты. Барлық ерік сапалары өмір бойында және адамның іс-әркетінде қалыптасады. Барлық психикалық процестер сияқты ерік сапалары өздігінен емес тұлғаның жалпы дамуымен байланысты. Тұлғаның дамуының өзі психологиялық-педагогикалық әдіс тәсілдерді дұрыс ұйымдастырғанда жүзеге асады /82, б.153/.

Оқу процесінде оқыту тәсілдерімен қоса тәрбие тәсілдерінің де маңызды рөл атқаратыны белгілі, ал, адам бойындағы ерік жігерді оқу процесі барасында тәрбиемен ұштастырамыз.

Адамның бойындағы еріктік мінез-құлықтағы жеткіліксіздіктер тәрбие барысының дұрыс ұйымдастырылмағанынан болады. Адам бойында ерік сапаларының қалыптасуының бірі ретінде ерік жігері күшті дамыған тұлғаларға еліктеу негізгі фактор бола алады.

Ерікті тәрбиелеудің негізі күнделікті өмірде қиындықтарды жүйелі түрде меңгеруде жатады. Ерік сапаларын тәрбиелеуге қажетті тағы да бір шарт - қатаң белгіленген және дұрыс күн тәртібі, яғни оның өмірінің тәртібі. Сондықтанда, ерік - бұл ұйымдасқан еңбек деп тегін айтылмаған.

Егер ерік жігерді тәрбиелеудің бұл түрі дұрыс ұйымдастырылмаса адамның демалыс және еңбек мәдениеті де дұрыс қалыптаспайды. Мұның өзі адамның денсаулығының төмендеуіне ықпал ететін факторлардың бірі.

Ерікті тәрбиелеудің негізгі педагогикалық-психологиялық тәсілі ретінде библиотерапия немес кітап терапиясын ұсынамыз.

Библиотерапия – бұл адамда ординарлы емес жағдайларға қарсы тұру қабілеттерін дамытып және дағдыларын қалыптастыруға, ерік күшін нығайтуға, интеллектуалды және білім деңгейлерін «оқу жағдайында синтездеу» негізінде көтеруге бағытталған ғылым. Шетелдерде бұл іс-әрекет аймағы бірнеше онжылдықтар бойы дамып келеді. Библиотерапия бойынша жүйелі зерттеу ХІХ ғасырда басталды. Алғаш бұл аймақты зерттеуген мамандар АҚШ-тан болды. Бұл ұғымның алғаш аталуы 1916 жылдан бастау алады. Содан бері библиотерапия туралы теориялық және тәжірибелік сипаттаға іздеген мақалалар жарық көрді. Библиотерапияның адамға дәрі сияқты күш беретінін сонау ерте заман адамдарының өзі байқаған.

Біздің заманымызға дейін ХІІІ ғасырда (яғни 3300 жыл бұрын) Фараон РАзмес ІІ-шінің Фива қаласындағы библиотека маңдайшасына «Жан дәріханасы» деген жазуды оқуға бұйрық берген. Бірақта, адамның жандүниесіне кітаптың күш берерлік әсеріне ол кезде адамдар күмәндәнған.

Қазіргі кездің өзінде библиотерапия аз қолданатын әдістердің бірі, Қазақстанда бұл терапияны алғаш қолданушылардың бірі «Бөбек қорының» Президенті, «Өзін-өзі тану» жобасының негізін салушы С. Алпысқызы болды.

С. Алпысқызы ұсынған кітапқорында дүниежүзілік рухани тәрбиелік мәні бар кітаптар жиынтығы ұсынылған.

Библиотерапия идентификация мен проекция механизміне сүйенеді. Кітапты оқу барысында адам өзін әдебиеттегі кейіпкермен теңестіріп сонымен бірге кітаптағы оқиғаларды басынан кешіреді. Бір жағынан кітап оқу барысында бастан кешетін сезімдер шынайы және күшті болады, екінші жағынан адам өзін қауіпсіздікті сезінеді.

Кітаптағы оқиға шындыққа ұқсас болған сайын кейіпкермен идентификация жылдамырақ жүреді, оның көмегімен шешімдер жолын іздейді.

Сондықтан, кейіпкері ерік күшін жұмсау арқылы жетістікке жетумен аяқталатын позитивті кітаптар қолдану, ерік жігерді тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық тәсілдері ретінде қарастыруға болады.

Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, студенттерге библиотерапияны ұсынғанда қазақ тіліндегі позитивті аяқталатын көркем шығармаларды, поэзия, жыр, повесть, романдар мен әңгімелерді қолдану тиімді болады деген ойдамыз.

Сондай әдебиеттерге:

- Қ. Жұмаділовтың «Соңғы көш»;

- Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдарты»;

- О. Бөкей «Біздің жақта қыс ұзақ», «Шындық», «Бес тиын»;

- М. Әуезов «Абай жолы»;

- Ә. Нұршайыхов «Махаббат қызық мол жылдар»;

- С. Мұқанов «Ботагөз»;

- Б. Майлин «Раушан»;

- Т. Молдағалиев «Мен Қазақпын!»;

- Асанқайғы жыры «Еділ болды, Жайық болды»;

- Махамбет жыры «Қызғыщ құс»;

- Қ. Қайсенов «Жау тылында»;

- Б. Момышұлы «Артымызда, Москва!»;

- Н. Назарбаев «Әділеттің ақ жолы»; «Евразия кіндігі», «Сындарлы он жыл»; т.с.с.

Сияқты кітаптарды көптеген кітаптар тізімін ұсынуға болады.

Ерікті тәрбиелеуде ұжым рөлінің маңызы ерекше ұжымда адамоны қоршаған адамдармен және қоғаммен қатынасқа түседі. Ол қоғамдық өмірдің мүшесі болады. Топтағы әртүрлі күшті және әлсіз ерікті адамдармен қарым-қатынасқа түседі осының барлығы адамның еркіне өзіндік бір әсерін тигізеді. Ұжымның жалпы өмірімен, қызығушылықтарымен араласа отырып адам өзінің мінез-құлқын, қызығушылықтарын басқара алу деңгейіне жетеді. Мұның өзі оның ерік жігерінің қалыптасуына әсер етеді.

Сондықтан да, адамның ерік жігерін тәрбиелеудің бір түрі ретінде топта жүргізілетін педагогикалық-психологиялық тренингтерді ұсынуға болады.

Тренинг – жаңа ұғым, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін қолданбалы жалпы оқыту теориясын белгілейді[/6, б.3/.

Әлеуметтік психологиялық тренинг ұғымы ғылымға өткен ғасырдың 70-ші жылдары енді. Ал әдебиеттерге жасалған талдаудан біздің еліміздегі психология, педагогика салаларында топтық тренинг тым жаңа техналогия болып табылатыны анықталды /67, б.61/.

Ю.Н. Емельянов тренингті тұлғаның оқуға қабілетін дамытуда немесе кез келген күрделі іс-әрекетті соның ішінде қарым-қатснасты меңгеру құралы, әдістер жүйесі деп анықтайды.

Алынатын нәтиженің негізгісі бойынша тәжірибелік психология мен педагогикада топтық тренингтің бірнеше түрлері жүйеленген. Оларға: тренинг топ (К.Левин), кездесу тобы (К.Роджерс), гештальт топ (Ф.Перлс), топтық психотерапия (Я.Морено), әлеуметтік психологиялық тренинг (Б.С. Девятко, Л.А. Петровская), оқу жаттықтыру топтары (Ю.Н. Емельянов), белсенді әлеуметтік оқыту (Г.А. Ковалев), видетренинг (Х.Миккин), белсенді әлеуметтік психологиялық оқыту (Т.С. Яценко), кәсіби педагогикалық тренинг (В.А. Кан Калик, В.В. Кузнецов, А.А. Леонтьев) және т.б. жатады. Бұлардың барлығы тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, креативтілікті, ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайтын жаттығулар жүйесі деп қарастырылады.

Сонымен, тренинг арнайы жаттығулар жүйесі ретінде білім алушылардың күшін біріктіруге, меңгерілген білімдерді қолданудағы байланысты орнатуға, тиімді өзара әрекетті құруға, өзара бақылау және өзара байытылған білімдерге кәсіби маңызды сапалардың қалыптасуына және оларды түзетуге бағытталған (А.А. Вербицкий, Д.Н. Кавтарадзе, Л.А. Петровская және т.б.). Арнайы жаттығуларды педагогикалық шеберлікті, кәсіпкерлікті мұғалімнің кәсіби даярлығындағы интенсификациялаудағы қолдану маңыздылығын И.Д.Багаева, В.С. Грехнев, А.А.Деркач, И.А.Зязюн, В.А.Кан-Калик, Н.В.Кузьмин, Н.Д.Никандров, И.С.Страхов, Х.Т.Шериязданова және т. б. қарастырады.

Тренингтік оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері В.А. Кан-Канкалит, В.А. Ковалев, Л.А. Петровский, Т.С. Яценко және т.б. зерттеулерінде көрсеткен әртүрлі тренингтерді ұйымдастыру және өткізу принципі, мазмұнына Ю.Н. Емельянов, Г.А. Ковалев, С.И. Макшанова, Х.Миккина, Л.А. Петровский, Ю.В. Пахомова, Н.В. Цзен және т.б.; оқу тәрбие процесінде тренингті қолдану әдістемесі Е.В. Кузнецова, Л.И. Новикова, Г.А. Филатова және басқалар; тренингтің құрылымдық элементтері В.И. Бедерханова, А.А. Вербицкий, А.С. Золотнякова, В.В. Кузнецова, Н.Н. Тарасевич және т.б. еңбектерінде қарастырған.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық жоғары оқу орны студенттері және мұғалімдер үшін тренингтік сабақтардың өңдеулері беріледі.

Х.Т. Шериязданова және Ж.Х. Яворский өңдеген әлеуметтік психологиялық тренинг жасөспірімдер және жеткіншектерді психологиялық қолдауға бағытталған.

Мектепке дейінгі жастағы балалар тобына қарым-қатынасты жетілдіру мақсатында тренингті қолдану ерекшеліктері Ж.А. Аубакированың ғылыми жұмыстарына қарастырылған /66, б.4/.

М.М.Муканбаеваның педагогикалық тренингтерінде мұғалімнің мәдениетін дамытуға арналған. В.А. Кан-Калик, В.В. Кузнецов, А.А. Леонтьев және басқалардың жұмыстарында кәсіби педагогиткалық тренинг мұғалімнің коммуникативті шеберлігін, қабілеттілігін қалыптастыратын арнайы жаттығулар жүйесі ретінде қарастырылады. Педагогикалық тренингтің құралы ретінде қарым-қатынас және өзіндік тәрбие өнерін меңгерудің кейбір жолдарын С.Б. Эльканов, В.П. Зязин. Л.И. Рувинский, Х.Т. Шериязданова талдайды.

Х.Т. Шериязданова, А.Р. Ерментаева өз зерттеулерінде әлеуметтік психологиялық тренингті жаттығулар жүйесі арқылы өзін-өзі тану процесіне және қарым-қатынас жасау позициясына оңды психологиялық әсер ететін әдістер ретінде қолданады.

А.Р. Ерментаева педагогикалық қарым-қатынаста тренинг әдістерін қолдануды қарастырған, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып этнопедагогикалық бағытын алғашқы ұсынған педагогтардың бірі.

Психологиялық бағыттағы тренингті қолдану қандай да бір психологилық қасиетті немесе процестерді дамытуға бағытталады. Ал педагогикалық тренингтер тұлғаны жүйелі түрде дамытуды қарастырады. Аталып кеткен тренингті қолданудың барлық түрлерінде негізгі қасиетпен ерік жігер қатар жүреді.

Ал ерікті тәрбиелеудің педагогикалық аспектілерін қарастыруда тренингті еріктің өзін жеке дамыту тәсілі ретінде қарастырамыз.

Тренинг сабақ ұйымдастыру сатысынан басталады. Бұл сатының міндеттері мыналар болып табылады: тренингке қатысушылардың және жүргізушілерінің мақсаттарын анықтап, бір-бірімен сәйкестендіру, қарым-қатынас жасауға қолайлы психологиялық атмосфераның болуын қамтамасыз ету; топта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; топтық жұмыстың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті түсіну.

Осы сатыда әлеуметтік – психологиялық тренингтің принциптері мен топта жұмыс жасау ережелерін таныстыру процедурасы болады. Сонымен қатар мұнда тренингке қатысушылардың әрқайсысының мақсаты айқындалады. Тренинг мақсаты, міндеттері, принциптері, топтық жұмыс ережелері тек мәлімет ретінде баяндалып қана қоймай, қатысушылармен оларды бірлесе талдау қажет. Тек сонда ғана тернингтің әсері тиімді болатындай топтық жұмыс мақсаттары мен нормалары қортылады. Бұл процедураның активиаторы мен инициаторы тренинг жүргізуші – студент –практикант болатыны сөзсіз.

Ұйымдастыру сатысының келесі процедурасы: топ жұмысына қатысушылардың әрқайсысы өздерін айтады, өздері жайлы қысқаша баяндайды. Тренингтік сабақты бір ұжымдағы адамдармен ұйымдастыратын болғандықтан, олар өздерін дәстүрлі түрде есімдері, тегі бойынша таныстырмайды. Олар қалаулары бойынша есімдері, тегі бойынша таныстырмайды. Олар қалаулары бойынша тренинг барысында өздерін қалай атауға болатындығын айтады. Топқа қатысушылар өздерінің әлеуметтік-психологиялық «портретін» береді. Псевдонизм алуға да ерікті болады. Аталмыш процедура тек ақпараттық функция ғана атқармайды. Оның топтық жұмысқа эмоциялық шырай беретіні, қатысушылардың мазасыздығын, ширығуын төмендететіні белгілі болды.

Тренингтің диагностикалық сатысында әрбір тұлғаның оқу әрекетіндегі және қарым-қатынас саласындағы қиыншылықтардың себептері айқындалады. Ол үшін диагностикалық жағы басым жаттығу түрлері таңдалынып алынады. Әрбір жаттығу орындалған соң жеке тұлғалық қиыншылықтардың, мәселелердің пайда болуына, күрделенуіне ортаның және тренингке қатысушының үлесін анықтау мақсатымен талдау жасалады. Мұнда жеке тұлғаның өзінің іс-әрекеттің қандайында болмасын субъект екені айқындалуы керек. Осылайша диагностикалық процедуралар коррекциялық функцияны да атқара бастайды /67, б.59/.

Тренингтің келесі сатысы тұлғаның өзін-өзі тауына бағытталады. Мұнда екі бағыттағы топтық жұмыс жүзеге асырылады.

Бірінші – тұлғаның мәселелерінің себебіндегі субъективті сипатты айқындау.

Екіншіден, субъективті қиыншылықтарды топтық жұмыста актуализациялау керек. Осы үшін әр түрлі жұптық, шағын топ негізіндегі тьапсырмалар орындалып, топтық формадағы жұмыс ұйымдастырылады. Ол топтық талдаумен қатар жүреді.

Тренингтік сабақтың келесі сатысы өзін-өзі адекватты бағалаудың, өзін-өзі актуализациялаудың, өзін-өзі реттеудің және субъект-субъект негізінде қарым-қатынас жасаудың әртүрлі жасаушыларын аңғаруға бағытталады. Көп жағдайда тақырыпқа байланысты жатығулар, рөлдік сюжеттер, ойындардың психологиялық әсері тиімді болатындығы тағайындалды.

Топтық сабақтың келесі сатысын жетілдіру деп атайды. Тұлға оқу және қарым-қатынас қиыншылықтарын, мәселелерін шешу техналогияларын меңгеру басты мақсат болады. Тренингтік сабақтың соңғы сатысы топтық рефлексиға арналады. Мұнда топтық жұмыс жалпыланады.

Ерік-жігерді дамытуға арналған тренингтік бағдарлама ұсынылады. Тернинг алты сабақтан тұрады. Қысқа мерзімді курсқа арналған ұзақтығы 45-50 минут. Әр курс студенттерін жинап, өткізуге болады.

Тренинг мақсаты мен міндеті – студенттердің оқу процесіндегі ерік-жігерін дамыту және әлеуметтік ортада тұлғаның өзін-өзі табысты реттеуі:

- студенттерде өз күшіне сенміділігін қалыптастыру;

- күрделі жағдайда өзін-өзі реттей алуды қалыптастыру;

- ұйымдасқандық, тәртәптәләк, бастамашылдықты қалыптастыру.

Тренингтің тақырыптық жоспары: Бағдарлама 12 сағатқа арналған.

 

Кесте 1 Ерік-жігерді дамытуға арналған тренинг бағдарламасы

 

1 тақырып «Адам және оның ерік-жігері» 1 сабақ – 2 сағат
2 тақырып «Тиым салынған қозғалыстар» 1 сабақ – 2 сағат
3 тақырып «Күтпеген кездесулер» 1 сабақ – 2 сағат
4 тақырып «Ыстық орындық» 1 сабақ – 2 сағат
5 тақырып «Сенімді мінез-құлыққа үйренеміз» 1 сабақ – 2 сағат
6 тақырып «Күрделі ашылулар қуанышы» 1 сабақ – 2 сағат