Мемлекеттің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын калыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюталық түсімдердің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.

Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюталық ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар - бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу/әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер. Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.

Мемлекеттің валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

Экономиканың мемлекеттік секторының – кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнімін, тауарларын және қызметтерін экспортқа шығарудан түскен түсім – ақшадан;

Тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысыс жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерден;

Келісімшарттардың, мәслелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялилерден түсетін түсімдерден;

Валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;

Шетелдік банктерде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудантүсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланғаннан алынған табыстар;

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдалынылады:

Ұлттық банк: «валюталық басқыншыларды» - елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері б/ша есеп айырысы үшін;

 

 

58. Инфляцияның табиғаты, оның қаржымен өзара байланысы «Инфляция» термині (латын сөзі,кебіну,ісу) ақша айналысына қатысты ХІХ ғ/ң орта шенінде п.б. ж/е АҚШтың Азамат соғысы ж. (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен б/ы болды. Инфляция д.з тауар айналымының қажеттігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасына толып кетуі. Оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, ақшаның сатып алу жарамсыздығының төмендеп кетуі, яғни инфляция ақша жүйесі дағдарысының жай күйін білдіреді.

И-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі,оның құнсыздануы ж/е соның нәтижесі ретінде тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі;ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.И. кезінде қоғ/қ өнд үдерісінің алшақтықтарына ж/е артық көп ақшаның шығарылуына б/ы ақша айналысының заңы бұзылады.И-ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.Ин/ң іс әрекетін қаржы проблеммаларымен байланыстырып отыру қажет,себ. и. құбылысы мынадай қарж/қ факторларға тәуелді б.к:белгілі салық нысандары мен әдістерін қолдану;ин/қ сипаттағы шараларды мем/к бюд. арқ. қаржыландырудың ауқымы;мем/к бюд/ң тапшылығын жабудың әдістері;мем/к берешектің көлемі.

Ақша құнсыздануына әсер ететін факторлар: айналысқа артық ақшаның шығуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы. Инфляцияның іс әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді: белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы; мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі. Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі тұрпаты бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инф.сы(тұтынушылар) және шығындар инф.сы(өндірушілер). Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтеге сұранымның өсуінің салдары б.т. екінші жағдайда ШЖС/ң еңбекке ақы төлеуге, кредитер б.ша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтерге тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инф.ны тудырады. Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілеттілігінде ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын :тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді.