Электрондық үкімет

Электрондық үкімет – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, интернеттің қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру.

«Электрондық үкімет» – мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. www.egov.kz веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез келген нүктесінен өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл төлей алады немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле алады.

ҚР электрондық үкіметі веб-порталы – www.e.gov.kz мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба ҚР Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған ҚР Электрондық үкіметті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда Электронды үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың адамзаттар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарты, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.

Электрондық үкімет азаматтарға мелекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізім мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс.

www.e.gov.kz веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді. Пайдаланушылар мен тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады. Жеке бет азаматтарға электронды пошта, күнтізбелік жоспарлар, жөнелтімдер қатынас құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Порталда ұдайы түрде жылжымайтын мүлік, отбасы қатынастары, білім беру және инновациялар, мәдениет, жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, азаматтық, көлік, денсаулық, туризм және адамның өмір сүруіне қажетті салалар бойынша тақырыптық тарауларда ондаған электрондық қызмет түрлері пайда болып отырады.

Портал көмегі арқылы мемлекеттік органдарға жүгінуіне байланысты күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуге болады: мекенжайлық анықтама, зейнетақы аударымдары туралы жазба алу, ӘЖК, коммуналдық қызметтерді төлеу, баланы бала-бақшаға кезекке қою, дәрігер қабылдауына жазылу және т.б. Ерекше жағдайларға арналған қызметтер де бар: www.egov.kz арқылы некені тіркеуге өтініш беруге немесе «Бала туу» композиттік қызметін пайдалануға болады. Әрбір пайдаланушы өзіне қажетті қызметті таба алады: жүргізушілер – ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл төлей алады, ата-аналар – балаларын білім беру мекемелеріне бере алады, ал кәсіпкерлер – өз бизнесін тіркей немесе салық төлей алады.

«Электрондық үкімет» порталында қызмет алу басымдылықтарының қатарына уақыт үнемдеу, кезектің болмауын, мемлекеттік деректер базасына сұранымдар жасау есебінен қажетті құжаттар санының азаюын, әрі ең бастысы – барлық қызметтер онлайн, яғни кез келген уақытта қолжетімді екенін жатқызуға болады.

Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталын пайдаланушылар үшін 126 интерактивті және транзакциялық қызмет ұсынылады. Олардың қатарына 84 мемлекеттік қызмет пен сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мемлекеттік баждың 16 түрін төлеу, 4 салық төлемінің түрін, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзу үшін айыппұл төлеу жатады.

Портал қызметтеріне қолжетімділік алу үшін жеңіл болып келетін тіркеу процесінен өту қажет: пайдаланушы келісімін қабылдау, жеке сәйкестендіруші нөмір (ЖСН) енгізу және пароль ойлап табу қажет. Сондай-ақ белгілі бір қызмет тізімін алу үшін пайдаланушыда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етіледі, ол дәстүрлі қолтаңбаның аналогы болып табылады.

«Электрондық үкімет» порталы – мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын ресурс. eGov.kz – мейлінше аз ұсынылатын құжаттар саны, аз уақыт жұмсау және бюрократиялық кедергілердің болмауы.

2012 жылы Қазақстанда «электрондық үкіметті» дамыту деңгейін әлемдік қауымдастық жоғары бағалады. БҰҰ рейтингінде 2012 жылмен салыстырғанда мемлекет 46-орыннан 38-орынға көтерілді. Бұл жерде қызметтерді онлайн көрсету индексі 10 позицияға, ал телекоммуникациялық инфрақұрылым – 14 позицияға көтерілді. Е-қатысу индексі бойынша азаматтардың үкіметпен қатысу мүмкіндігі бойынша Қазақстан 2-орынға ие болды.

Портал материалдарын ішінара немесе толық алу кезінде материалдарды алу көзіне тікелей гиперсілтеме жасау қажет: www.egov.kz.