Power Point презентация құралы

Сұйық кисталды панельдер мен мультимедиялық проекторлардың пайда болуы компьютерлік дайындыққа өтуге және презентация (иллюстративті материал) көрсетуге мүмкіндік етеді.

Power Point программалық жүйесі MS Office программалық пакетінің құрамына кіреді. Power Point типті публикация дайындаудың программалық құралы ұсынылатын ақпаратты бейне эффектілерді пайдаланып бір стильде өрнектеп қоймай, өз орындауыңды өңдеуге мүмкіндік жасайды.

Power Point - презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға (кейін кодоскопта пайдалану үшін) немесе 35 миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланған жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралыұсынылады. Слайд дегеніміз - тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық (фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп аталады.

Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация (қозғалысты), дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен катар, мультимедияның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады. Мультимедиа дегеніміз - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады.

Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлқтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдарламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа кұралдарды пайдалану керек.

Power Pointменюлері оффистің басқа қосымшаларындағы менюлерге ұқсас. Power Point-та презентация жасауды таңдау үшін жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны, ал тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияны пайдаланғаны жөн. Мастер автосодержания сұхбат терезесін іске қосқаннан кейін Файл-Создать-Презентации командасы көмегімен презентация түрін таңдау сұхбат терезесіне кіріп, презентация шаблондарының бірін таңдау керек.

Презентация шаблоны дегеніміз - белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдттар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.

Power Point -та презентация жасау негіздері.

Презентация жасау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек: 1) Power Point -ты іске қосу; Файл-Создать командасын таңдау; 2) презентация қосымша бетінде оның тақырыбына жақын презентация шаблонын таңдау; 3) слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңызды теру; 4) әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану; 5) жазбалар режіміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру; 6) кұрылым режіміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу; 7) слайдтарды сұрыптау режіміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту; 8) презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен ауыстыру үшін үстінен шерту немесе Вид-Показ слайдов командасын орындау, 9) дайын презентация көрсетуін аяқтау; 10) презентацияны сақтау.

Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін төмендегілерді орындау қажет:

1) Музыка немесе дыбыс қосылуы тиіс слайдты ашу;

2) Вставка-Фильмы и звук командасын беру;

3) Мына әрекетттердің бірін орындау: клиптер коллекциясынан дыбыс
кірістіру үшін Звук из коллекции тапсырмасын беріп, қажетті дыбысты
көрсету; файлдан дыбысты кірістіру үшін Звук из файла тапсырмасын беріп,
қажетті файлды табу;

4)Дыбысты қайта жаңғырту әдісін іске қосу.

Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін: 1. Анимацияның Показ слайдов-настройка командасын орындау; 2. Тізімде объект таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түр езгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.б. таңдау; 3. Осы процедураны слайдтағы әр объект үшін кезек бойынша кайталау керек.

Слайд көрсетудің үш әдісі бар:

1) Слайдтарды толық экранда бейнелеу;

2) Слайдтарды кішігірім терезелерде бейнелеу;

3)Слайдтарды автоматты түрде толық экранда керсету. Ол көбінесе
көрнелік стендте, жиналыста пайдаланылады;

Power Point программасын жүктелгеннен кейін келесі режимдердің бірін пайдаланып жаңа презентация құруды ұсынады.

- автомазмұн мастері

- презентация шаблоны

- бос презентация

Нақты слайдтың сыртқы түрін өзгертуді Вид менюінің көмегімен Слайд режиміне өту арқылы өзгертуге болады. Текстік слайдқа графиканы орнату үшін оның разметкасын Формат менюінің көмегімен өзгертуге болады.

Құрылған презентацияны Показ слайдов менюіндегі Показ командасының көмегімен орындауға болады.

Ұйымдастырушы программалары

Бұл программалар құралдардың өкілдері Lotus Development паниясының программалық шикізаты болып табылады. Солардың кейбіреуінін қарастырайық.

Бүкіл жер шарында кең танымал Lotus Start Suite бір атаулы пакеті. Қазіргі уақытта (2000ж. басында) Осы пакеттің 9.5 версиясы таратылуда. Оның құрамында:

-ақпаратты басқару құралы, Lotus Start Center программасы басқа қосымшаларды жүктеуді жеңілдетеді және кеңседегі құжаттқа бағытталған жұмыстарды жеңілдетеді;

-MS Word қарағанда біршама дамыған Lotus Word Pro текстік процессоры, желімен жұмыс Internet және Interanet.

- Lotus компаниясында өңделінген Lotus 1-2-3 кестелік процессор Ехсеl-мен бірдей. Қосымша электрондық кестемен топтың жұмыс жасау, ақпарат алу үшін деректер қорына сұраныс болып табылады. Электрондық кестеге мәліметтерді жергілікті желіде деректер қорынан жүктеуге болады.

- Lotus Approach деректер қорын басқару жүйесі.

- Lotus Freelance Graphics графикалық презентация құру құралы;

- Lotus Onganiser «уақытты басқару» құралы жүктеуде ежедневник –организатор ортасына кіреміз.