Сұйықтықты қолдану

Қолданатын сұйықтықтың мөлшерін бақылау неліктен маңызды?

Су мен тұздың ағзаға жинақталуының нәтижесінде қан құрамындағы сұйықтық мөлшері ұлғаяды. Артық сұйықтық қан көлемін ұлғайтады, ал оны бүкіл денеге айдау үшін жүрекке күштеме арта түседі. Өкпеде жиналған артық сұйықтық тыныс алудың қиындауына, ал асқазанға жиналса, астың қорытылуының қиындауына алып келеді немесе кейде аяқтарында жиналады.

Сұйықтық деңгейін қалай бақылаймыз?

Дәрігер Сізге ағзадағы артық сұйықтықтарды шығару үшін зәр айдағыш препараттар тағайындайды. Бірақ та, абай болыңыз! Егер де сіз көп мөлшерде сұйықтық қабылдай бастасаңыз, жоғалған сұйықтық тез арада қалпына келеді. Дәрігер мен медбике Сізге күніне қанша мөлшерде сұйықтық қабылдау керек екенін түсіндіреді. Жүрек жетіспеушілігі бар көптеген науқастар үшін ол 1,5–2 л құрайды. Егер Сізге сұйықтықты қолдануды шектесе, онда Сіз күніне су, шырын, мұз бөлшектері, сүт, кофе, сорпа, шай және газдалған сусындар сияқты сұйықтықтарды 1,5–2 л артық ішпеуіңіз керек.

Қабылданатын сұйықтық мөлшерін төмендету үшін берілетін кеңестер:

· ожаумен ішпеңіз, кішкене кеселермен ішіңіз;

· сізге тағайындалған сұйықтық мөлшерін бір күнге бөліп қойыңыз;

· өте суық және өте ыстық сұйықтықтарды ішіңіз, ол су ішу уақытын ұзартады;

· егер күн ыстық немесе Сізде жоғары температура, іш өту болса қосымша 100–300 мл су ішіңіз.

Қатты шөлдегенде не істеу керек:

· мұз бөлшегін сорыңыз;

· құрамында кофеин бар сусындарды шектеңіз (бұған кофе, шай және газдалған сусындар жатады);

· алкогольді ішімдіктерді шектеңіз;

· сағыз шайнаңыз;

· мұздатылған жеміс жидектер жеңіз;

· минералды су және шайға лимон шырынын қосыңыз.

 

Алкогольді ішімдіктер

Алкогольдің аз ғана мөлшері жүрек бұлшықеттерін босаңсытады, пульсті баяулатады және қан қысымын төмендетеді. Кейде осы мөлшері жүректің ишемиялық ауруларының алдын алуы мүмкін. Бірақ, жүрек жетіспеушілігі кезінде алкогольді асыра қолдану, жүрек жиырылуының жиіленуіне және қан қысымының жоғарылауына, ал ұзақ уақыт қолдану жүректің зақымдануына алып келеді. Денсаулығыңызға зиян келтірмейтін алкоголь мөлшерін Сізге дәрігер айтады. Әдетте, күніне 1-2 сусыннан артық ішуге мүмкіндігінше шек қою қажет (1 сусын бұл бір стакан пиво немесе бокал вино). Айқын жүрек жетіспеушілігі кезінде дәрігер толығымен алкогольді қабылдауға тыйым салады.

Күнделікті қабылданатын су мөлшерін есептегенде алкогольді ішімдіктерді де есепке алу керек.

Калий

Калий - ағза функциясына қажетті негізгі минерал. Керекті калий мөлшері көбінесе азық-түліктердің құрамында болады. Егер Сізде жүрек жетіспеушілігі болса және зәр айдағыш препараттар қабылдасаңыз, Сіздің ағзаңыз қажетті калий мөлшерін жоғалтады. Бұндай жағдай болмау үшін, дәрігер Сізге басқа зәр айдайтын препараттар немесе басқа дәрілер тағайындайды. Егер Сіз зәр айдайтын препараттар қолдансаңыз, Сізге калийге бай тағамдар қабылдауға кеңес беріледі.

Калийге бай тағамдар:

· Банан

· Апельсин

· Қара алхоры

· Соя бұршақтары

· Қауын

· Балық

· Картоп

· Өрік

· Жүзім

Егер, Сіз тағамға көп мөлшерде тұз қолдансаңыз ағзаңыздағы натрий мөлшері көбейеді, калий жоғалады, сондықтан төмен тұздылықты диета ұстау өте маңызды.

Майлар мен холестерин.

Майларды қолдануды шектеу (әсіресе қаныққан) – дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігі.

Неліктен?

Егер өте көп майлы тағам қолдансаңыз, қан құрамында майлар және холестерин жоғарылайды. Қан құрамындағы холестериннің жоғарғы деңгейі жүректің ишемиялық ауруымен тығыз байланысты. Миокард инфаркті және жүрек жетіспеушілігі ЖИА асқынулары болып табылады. Сонымен қатар, құрамында май деңгейі жоғары азық-түліктер жоғары калориялы болып келеді, сондықтан салмақ қосуға үлесін тигізеді.

Қалайша?

Егер Сіз диетолог-дәрігерге барсаңыз, ол лайықты диета түрін таңдап беруге көмектеседі. Сіздің рационыңызда жеміс - жидек және көкөніс, балық, құс еті, майсыз ет, ет алмастырушы (мысалы соя) және қанықпаған майлар ену керек. Өнімдердің этикеткасын оқу – өте пайдалы әдет. Өйткені онда өнімдер құрамында не бар екендігі және оның мөлшері жазылады.

Құрамында қаныққан майлар жоғары мөлшерде болатын (сүт өнімдері және қызыл ет) өнімдерден алшақ болу керек. Қабылдайтын тағамдарыңызда жұмыртқа сарыуызы және басқа да мал өнімдерінен жасалған тағамдарды шектеу арқылы қанда холестерин деңгейін азайтуға болады.