Кейс 4. Кiмнiң мүддесi бәрiнен артық?

Шарлота Рисс-Components Corporation (СОС), Шығыс бөлiмiнiң аймақтық менеджерi. Бұл компания- көптеген компьютерлерге және электрондық компанияларға қосалқы электрондық бөлiктердiң өндiрушiсi болып табылады. Шарлота компанияда 6 жыл бойына қызмет етiп келе жатыр. Ол Принстон университетiнде техник-электроник оқу деәрежесiн алғаннан кейiн жұмысқа орналасты. R&D компаниясында қызмет еткен кезде МВА деңгейiн бiтiрдi және қазiргi жұмыс орнына орналаспас бұрын ол көптеген әкiмшiлiк қызметтердi атқарды.

СОС электрондық құрал-жабдықтардың сапалы өндiрушiсi ретiнде өнеркәсiп аясында жақсы атаққа iлiнедi. Шарлота компанияның осындай атаққа жетудiң “құралы” болды, себебi СОС-ты сәйкес деңгейге қойған электроника аясындағы ерте кезеңдегi жобалардың барлығына Шарлота жауапты.

Шарлота шығарылатын өнiмдердiң сапасын бақылау сұрақтарын жете бiлдi, ал ол мәселеге компанияда аса зор көңiл аударылатын. Сапаны бақылау-бұл электроника аясында табысқа жетудiң кiлтi. Тiптi, компютердiң құрамдас бөлiктерiнiң бiреуiндегi елеусiз қатерлi салдарларға әкелуi мүмкiн. Бiрнеше жылдар бойына Шарлота қызметкерлерiнiң штаты СОС-та сапаны бақылау аясында лидер болды және оның қызметi бұл өнеркәсiпте аңызға айналды.

СОС стратегиясын өзгерту нәтижесінде , СОС маркасынан өзiнiң компьютерлерiн өндiрудi жүзеге асыру түралы шешiм қабылданды. Басқарма басқа кәсiпорындарға құрамдас бөлiктер өндiргенге қарағанда, өздерiнiң компьютерлерiн өндiрудi тиiмдi деп көрдi. Әрине, бұл үлкен тәуекелге бел байлаушылықпен жасалды. Ең маңызды сұрақ бұл өндiрушiлердiң көптiгi жағдайында,өнiмнiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгi қандай болады? Жаңа техникалық жетiстiк туралы хабардың болмауынсыз бiрде-бiр жұма өтпедi. Бұл жетiстiктердiң екi нысаны болды, не жаңа компьютер жоғары технологиялық қуатымен ерекшелендi, не оның жұмысы тиiмдiрек болды. Әрбiр технологиялық жарылыс нәтижесiнде бағалар төмендеуi мүмкiн және осының салдарынан әрбiр кәсiпорын алдында мәселелер тiзбегi пайда болатын.

СОС Шарлота Рисстiң сана аймағындағы мiнсiз қызметiн ескере отырып, оған жаңа бөлiмшенi басқаруды тапсырды. Қабылдауға қажеттi бiрiншi маңызды шешiм- бұл жаңа техниканы орналастыру жерiн анықтау. Бұл өнеркәсiптiң сарапшысымен мәселенi ұзақ талқылағаннан кейiн, техниканы орналастырудың ең тиiмдi деген әдiстерi таңдалды.Болашақ кәсiпорынды орналастыру орнын анықтауға байланысты құрақты талқылағанда жетiк жұмыс күшiнiң, өнiмдерi нарыққа, содай-ақ дайын өнiмдердiң қоймасына тасымалдау мүмкiндiгiнiң болуы сияқты маңызды факторлар ескерiлдi.

Әдiстер ұсыныстарының 3-ке дейiн қысқаруына қарамастан,қалғандарының iшiнен ең тиiмдi бiр ғана әдiстi таңдау туралы талас жүрiп жатты. Әр бiр әдiстiң кемшiлiктерi мен артылықшықтары болды; бұның бәрi арнайы құрылған болашақ кәсiпорынды орналастыру аймағын анықтау жөнiндегi комитетпен зерттелдi.

Директорлар кеңесiнiң қарастыруына берiлген комитетiнiң, ұснысында, қандайда да бiр вариантқа артықшылық берiлмедi.Дегенмен, приоритет жоспарында олар келесi ретпен орналастырылған:

1. Анықталған орынның ең жақсысы: Кливленд, Огайо.

2. Екiншi анықтақталған жердiң ең жақсысы: Албания,Джорджия.

3. Үшiншi анықталған аймақтың ең жақсысы: Такома, Вашингтон.

Ұсынылған варианттардың сұрыпталуы түрлi сарапшылар мен консультанттардың баяндамаларымен бiрге, сондай-ақ осы мәселеге байланысты барлық мәлiметтер Шарлота Рисстiң қолына тапсырылды. Жаңа бөлiмшенi Шарлота басқаратындықтан,орынды анықтаудағы шешiмдi, қабылдауда соңғы сөз оның артынан болады деп шешiлдi. Мисс Рисс қорытынды шешiмнiң 5 күн iшiнде қабылдануы туралы хабарлады.

Шарлота Рисстiң жаңа бөлiмшенi басқаруы, Рисс жанұясындағы тойлардың себебi болды. Оның екi баласы бар: бiреуi High School-да оқуын бастады, ал екiншiсi 6 сыныпта оқып жүр. Олар жаңа жерге көшу қажеттiлiгiне ренжiсе де, анасының қызметiнде көтерiлуiне шын жүректен қуанды. Питер, Шарлотаның күйеуi, әйелiнiң жұмыс жөнiндегi көтерiлуiне сабырсызданды. Соңғы 8 жыл ол СРА шағын компаниясында есеп берушi болып қызмет еттi. Әйелiнiң қызметiнде көтерiлуi жалақының өсуiн бiлдiрдi, ал ол жанұяның тұрмыс қалпының одан да жақсаруына мүмкiндiк бередi.

Шарлота үшiн орналастыратын жердi таңдау шынымен қиынға түстi. Ол iрiктеушi комиссияның ұсынысын және осы ақпаратқа негiзделiп жасалған бiрнеше баяндамаларды тыңғылықты қарап, зерттеп шықты. Iрiктеушi комиссиясымен құрастырылған варианттардың приоритеттiлiк ретi дұрыс деп шештi. Соңғы түнде, Шарлота өзiнiң кабинетiнде сұрыпталған ақпараттарды қарастырып отырғанда, Питер кiшкене шынаяқ кофемен кiрiп, әйелiн шұғылданып отырған жұмысын түсiндiрудi сұрады.Шарлота кәсiпорынның орналасу жерiн таңдау мәселесiн өзiне жүктелгенiн түсiндiрдi.

Шарлотаның көзқарасы бойынша, өзi қандай вариантты ұсынса да, сол вариант СОС директорлар кеңесiмен қабылданады. Бұл көзқарасты ол күйеуiне айтып бередi.

Әйелiнiң мұндай ашылып берiлуiн тыңдап шығып, Питер өздерiне көшуге тура келетiн барлық мүмкiн жерлерге қызығып кеттi. Шарлота барлық үш вариантты қысқаша сипаттады. Питер аяғында жердi анықтаудағы шешiм, ұйымдағы басқа адамдармен жасалатын және Шарлота сөзiнiң мәнi аз болатыны туралы өз пiкiрiн ұсынды.Сонан соң ол Шарлотаға қорытынды шешiм қабылдамас бұрын бұл мәселенi өзiмен талқылауға тиiс екендiгi туралы айтты.

Ол штат Огайо Квивленд Қаласына сапарды ұнатпады (1-вариант). Питер үлкен қалада мүмкiн болатын мәселелер және балалардың болашақ оқуы жөнiнде уайымдады. Оған Албания қаласы, Джорджияға көшiп кету де ұнамады (2-вариант), себебi бұл сапардың нәтижесiнде жақсы жұмысты iздеуге қиыншылықтар болуы мүмкiн. Соңғы, 3-шi вариант, Вашингтон Такома қаласында сапар ыңғайлы болып көрiндi. Бұл елдiң әдемi бөлiгi және жергiлiктi мектептерде сабақ беру жоғары деңгейде жүргiзiледi, сондай ақ жұмысқа орналасу мүмкiншiлiгi бар. Питер талқылауда бiтiрiп, өз жанұясына Кливленд немесе Албанияға көшiп кетуге тура келетiн жағдайда көңiлi қайтатыны туралы айтты.

 

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Сiз Шарлота орнында не жасар едiңiз?

2. Сiздiң ойыңызша, қалайша ұйымдар жердi анықтау жөнiнде шешiм қабылдағанда, тек бизнеске қатысы бар факторлар ғана есепке алынатынына кепiл бере алады