Практикалық сабақтарды орындау жоспары

Растырушы: аға оқытушы Тулегенова Айнагуль Утегеновна

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

«306 кабинет»

 

Кредит саны – 2

 

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақтар – 15 сағат

СӨЖО – 15 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Барлығы – 90 сағат

 

Кафедра отырысында талқыланды «___»___________20 _ ж. № ___хаттама

 

Кафедра меңгерушісі ___________________________ Тулеугалиева Ж.К.

ӘК қолдады

«___» ________________ 20 _ ж. №___ хаттама

 

1. Оқытушы туралы мағлұмат:

Тулегенова Айнагуль Утегеновна - экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы

2. Өтетін уақыты және орны:

Өтетін уақыты: 2014-2015 оқу жылының 2 семестрі

Өтетін орны: Орал қаласы, Ыхсанов көшесі 44/1үй, 306 кабинет, уақыты: сабақ және СӨЖ кестесі бойынша.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: талап етілмейді

Постреквизиттер: макроэкономика

Курстың қысқаша сипаттамасы

Бұл пән міндетті компонент болып табылады және келесі тақырыптарды қарастырады: микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі. Тұтынушы әрекетінің теориясы. Өндіріс теориясы. Өндірістік шығындар. Капитал концентрациясы және нарықтық билік. Жетілген бәсекелестік жағдайы. Монополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті.Олигополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті. Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті. Еңбек нарығы. Капитал нарығы. Жер нарығы. Инновация нарығы. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару.

Курстың мақсаты: микроэкономика теориясының пәні бойынша фундаменталды білімін қалыптастыру

Курстың міндеттері:

-микроэкономикалық модельдерінің әдістемелік қағидаларын анықтау;

-теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алу мүмкіндіктерін қалыптастыру;

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуі тиіс:

- микроэкономикалық талдаудың әдістемесін

Атқара білу тиіс:

- нарықтағы экономикалық жүйесін және нарық тетігін

Дағдысы болуы тиіс:

-микроэкономика саласындағы ақпаратты пайдалануда

Құзыретті болуы тиіс:

-микроэкономикалық мәселелерді шешу сұрақтарында

 

Білімді бағалау саясаты

Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды.Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.

Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы( бұдан әрі –СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.

Дисконт:

1. 2 сабақ жіберу – (-5 балл)

2. 2 тапсырманы орындамау– (-10балл)

3. 3 тапсырманы уақытылы орындамау– (-10 балл)

4. 3 табақ үстіндегі ескерту мен мәдениетсіздігі үшін– (-10 балл)

Бонус:

1.Сабаққа белсенді қатысу- 10 балл

2.Сабақты ерекше тауып айтуы- 10 балл

3.Жұмысты мезгілінен бұрын тапсыру – 10 балл

Академиялық мінез-қылық және әдеп бойынша курс саясаты

1. Сабақ жібермеу

2. Оқытушы белгілеген уақытта жіберген сабағын өтеу

3. Сабаққа кешікпеу

4. Ұялы телефонды сөндіріп қою

5. Тапсырманы орындамаған жағдайда баға төмендетіледі (айып пұл)

6. Оқу ісіне белсене қатысу

7. Үй тапсырмасын және басқа да тапсырылған жұмысттарды бар жауаптылығымен орындау

8. Сабақ үстінде оқытушымен байланысты үзбеу

9. ЖОО-ның ар намыс кодексін, ішкі тәртіп ережелерін сақтау

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

  Апта   Тақырыптар   Дәріс   Практ   СӨЖО   СӨЖ   Барлығы
Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі
Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі
Тұтынушы әрекетінің теориясы
Өндіріс теориясы
Өндірістік шығындар
Капитал концентрациясы және нарықтық билік
Жетілген бәсекелестік жағдайы
Монополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті
Олигополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті
Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті
Еңбек нарығы
Капитал нарығы  
Жер нарығы
Инновация нарығы
Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару
  Барлығы:

Практикалық сабақтарды орындау жоспары