Зін өзі тексеру сұрақтары. 1. Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өртер мен жарылыстар

1. Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өртер мен жарылыстар

2. Транспорттагы төтенше жағдайлар

3. Ядролық қару, зақымдаушы факторлары

4. Радиоактивтік ластану аймағы

Дәріс №5. Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар

Жалпы сұрақтар

1. Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар. Радиациялық қорғау. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.

2. Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері

Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар. Радиациялық қорғау. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.

Радиоактивтілік туралы жалпы түсінік.Табиғатта өздігіген ыдырайтын химиялық элементтердің, атомдық ядролардың шағын мөлшері бар. Бұл үдеріс көзге көрінбейтін сәулеленумен шығады. Радиоактивті элементтерге және радиоактивті сәулеленуге сәйкес – атомдық ядролардың өзідігінен ыдырауы кейбір химиялық элементтерде радиоактивтілікдеп, ал элементтердің өзі олардың сәулеленуі деп аталады. Адамның сезу мүшелерінің қабілеттілігі радиоактивті сәулеленуді қабылдай алмайды. Жергілікті жердің, судың, ауаның, көлік құралдарының, азық – түліктердің және т.б. радиоактивті сәулеленумен және радиоактивтілікпен ластанғаны туралы ақпаратты тек арнайы аспаптардың көрсетуімен ғана алуға болады.

Радиоактивтілікпен ластану радиоактивті үрдіс кезінде химиялық элемент атомдарының ядроға айналуынан болады: альфа – ыдырау, бета – ыдырау, электронды қамту, атомдық ядроны спонтандық (өздігінен) болу. Барлық радиоактивті сәулеленудің маңызды бір қасиеті олар өздері тарай­тын электрлі бейтарап молекуланың сәулеленуін тудырады. Ең көп сәулеленуді шығару қасиетіне альфа – бөлшек ие. Сәулелену болғанда альфа – бөлшек энергиясы тез азаяды. Белгілі қашықтықтан өткеннен кейін альфа – бөлшек өзінің тіршілігін тоқтатады. Қуаттылығының көп бөлігін жоғалтқаннан кейін ол екі электронды өзіне тартып алады және гелийдің бей­тарап атомы болады. Альфа – сәулелену адам үшін де, басқа да кез – келген тірі организм үшін де қандайда бір қауіп тудырады.

Зат арқылы өту кезінде сәулелену қабілетіне бета – бөлшекте ие, алайда ол едәуір аз. Бета – бөлшек өзінің қуаттылығын баяу жоғалтатындықтан, оның ауадағы және басқа материалдардағы еркін жүріс ұзындығы едәуір көп. Бета – бөлшектің едәуір бөлігі әртүрлі радиоактивті изотоптарда ауада 3-5 м жүреді. Тығыз заттарда айтарлықтай аз болады (суда, ағаштарда, организм ұлпаларында 1000 рет). Бұған қарамастан бета – сәулелену адам үшін қауіпті,әсіресе радиоактивті зат терінің ашық жеріне түскенде.

Альфа – ыдырау және бета – ыдырау, ереже бойынша, гамма сәулесіменқоса жүреді. Ол жарық жылдамдығының кеңістігімен жайылатын өте үлкен жиіліктегі электромагнита тербеліске ие; ядро түрінде жеке мөлшерде түседі ол гамма – квантнемесе фотондардеп аталады. Гамма – кванттар өте үлкен түсу қабілетгілігіне ие. Әртүрлі материалдармен гамма – сәулеленудің әлсіздену сипапамасы үшін жартылай әлсіздену (d 1/2) қабатының кеңдігі қолданылады. Бұл гамма – сәулеленудің қуатын екі есеге әлсірететін материалдың сондай қабаттағы қалыңдығы. Жартылай әлсіз қабат материалдарды қорғау қасиетінің сипаттамалық шарасы болып табылады.

Адамдардың ионды сәулеленумен зақымдану қауіптілігінің дәрежесі ренгенттеөлшенетін (Р) экснозиционды сәулелену мөлшерімен (Д) анықтталады. Радиоактивті сәулеленудің қарқындылығы (Р) сәулелену мөлшерінің күштілігімен бағаланады. Сәулелену мөлшерінің қуаттылығы доза жиналуы жылдамдығын сипаттайды және рентгенде бір сағат (Р/с), милли – рентгендерде бір сағат (мР/с) немесе микрорентгендерде бір сағат (мкР/ с) көрсетіледі.

Халықаралық бірлік жүйесінде СИ экспозиционды сәулелену мөлшері кулонда килограмға (Кл/'кг) өлшенеді және оның күштілігі кулонда секундына килограмға (Кл/кгс) өлшенеді. 1 кг ауада иондау нәтижесінде 1 Кл тең бір бөлгідегі барлық иондардың жиынтық электрондық заряды, 1кг ауада түзілетін кулон килограмның экспозиционды мөлшерімен тең.

Сәулеленуді иондармен қанықтырушы адамдар сәулеленудің салдарларын бағалау кезінде,сәулеленудің экспозициялық дозасын емес, сәулеленудің жұтылу дозасын,яғни адам организмі ұлпаларына жұтылған сәулеленуді иондау энергиясының мөлшерін білуі маңызды.СИ жүйесінде сәулеленудің жұтылу дозасын өлшеу бірлігі ретінде грэй(Гр), ал мұндай дозаның қуатын - секундттағы грэй (Гр/с) деп қабылданған. Тәжірибеде жұтылған дозаның жүйеден тыс бірлігі – рад (сәулеге шалдыққан заттың бір грамында, 100 эрг. тең энергия жұтылады) пайдаланылады. Жұтылған дозаның қуаттылығының жүйеден тыс бірлігі – бір сағаттағы рад немесе бір секундтағы рад (рад/ч, рад/с).

Экспозициялықпен жұтылған дозалар аралығындағы сәулеленудің бағыныштылығы:

Дпог=Дэкс х К, бұл жерде К – пропорционалдықтың коэффициенті(адам организмінің жұмсақ ұлпасы үшін К=0,877).

Қолдағы бар дозиметриялық құралдардағы өлшеу кемшілігі 15-30%-ды құрайтынын ескере отырып, пропорционалдық коэффициенте тең бірлік қабылданады. Сондықтан дозиметриялық құралдардың көмегімен өлшенген адамдар алған сәулелердің салдарларын бағалау кезінде рентгендердегі экспозициялық дозалардың маңызы мен радтардағы жұтылған дозалар шамамен бірдей.

Рентген– бұл 1 см3 ауа физикалық қалыпты шарттарда (ауа температурасы 0° С және қысымы 760 мм рт.ст.) электр санының бір электрлік бірлігін құрайтын 2,08x10 ион буы түзіледі. Сәулеленудің алуан түрімен сәулеленген адам организмін бағалау үшін, сондай – ақ ауамен, сумен және тамақпен адам организміне радионуклидтер түскен кезде сәулеленудің эквиваленттік дозасын өлшейтін арнайы бірлік – бэр(рентгеннің биологиялық эквиваленті) қолданылады.

Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бо­йынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кәсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын және пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады.

Радиациялық зақымдану дәрежесі.Жергілікті жердің радиоактивтілікпен ластануы кезінде адамдарды сәулеленуден қорғау жағдайын жасау өте қиын. Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы іс – әрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген сәулелену мөлшері орнатылады, олар ережеге бойынша, адамдарды сәулелену (радиациямен) зақымдануды болдырмау керек.

Радиациямен зақымдану дәрежесі қабылданған сәулелену дозасы мен уақытына тәуелдіболатыны белгілі. Сәулелену мөлшерінің барлығы дерлік қауіпті емес. Егер ол 50 Р аспаса, онда ол тіпті сәулелену ауруын айтпағанда еңбекке қабілеттілікті де жоғалтпайды. Қысқа уақыт аралығында қабылданған 200-300 Р мөлшері ауыр радиациялы зақымдануды болдыруы мүмкін. Бірнеше ай ішінде қабылданған мұндай доза немесе бір қалыпты сәулелену кезінде қабылданса, ауруға алып келмейді. Адамның сау организмі осы уақыт ішінде сәулеленуден өлген жасушаның орнына жаңа жасуша туындатуға қабілетті.

Рұқсат етілген сәулелену мөлшерін анықтау кезінде оның бір рет қайталануы немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін екенін ескеру қажет. Бір peт қайталанатындар,оған алғашқы 4 тәулікте қабылданған сәулеленулер саналады. Бұл кезеңнен асып кеткен уақыт ішінде қабылданған сәу­лелену бірнеше peт қайталанатынболып саналады. Адамдардың бір рет қайталанатын мөлшермен; 100 Р сәулеленуі және одан көбірек дозаларды кейде өткір сәулелену деп аталатын сәулеленуді қабылдауы мүмкін.