Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы

Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.

Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті.Соңғы жылдары құқықты органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық лаңкестік болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу.

Ланкестік латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны білдіреді. Расында, оның кез келген бағыты, бастапқыда қорқыту, содан кейін өзінің қылмыскерлік мақсаттарына жету.

1999 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Лаңкестікке қарсы күрес туралы» Заңы біздің республикамыздағы лаңкестікпен күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, меншік түріне қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай ақ, лаңкестікпен күресті жүзеге асыруға байланысты адамдардың міндеттері мен кепілдіктерін анықтайды.

Лаңкестік – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Лаңкестік акт – адамдардың өміріне қауіп төндіретін қастандық, жарылыс, аманатқа алу, өртеу немесе басқа да іс-қимылдарды жасау, маңызды мүліктік шығындарға ұшырату немесе басқа да қоғамға қауіпті салдардың пайда болуы, егер бұл әрекеттер лаңкестіктің мақсатына жету үшін, сондай ақ, белгіленген іс - әрекеттердің сол мақсатта жасалу қауіпі болса лаңкестік акт болып саналады.

Әсер ету масштабына қарай лаңкестік ішкі (субьектілер – сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін лаңкестік қимыл) болып бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай лаңкестіктің көздері саяси, діни (соның ішінде сектанттық), қылмыстық және жеке тұлғалық сипатта болады.

Лаңкестік өзінің бірбеткейлік құлшынысында кейбір заттарға келіспей, күштілерді және ұлыларды төмендетіп түбегейлі арандатып кек алу түрі.

Қарапайым әскери әдітермен халықаралық лаңкестікті жеңе алмаймыз, себебі лаңкестікті бастап отырған адам әрдайым өзінің қатарына қарапайым адамдарды алады.

Лаңкестікті басқарып отырған адам «кішкентай» адамның мінез құлқын жақсы біледі. Олар оның барлық санасын шындыққа және соған ұқсас нәрсенің күрескері сияқты керемет бір оймен толтырып қояды, қолына қару-жарақ, жарылғыш зат, пышақ беріп, самолетқа отырғызып, өзі сияқтылардың өмірін қиюға жібереді.

Біздің заманымыздағы лаңкестікке ең жоғары техникалық деңгеймен қамтамасыз етіліп, дайын тұрған барлық күштер тән. Лаңкестер өздерінің қылмыстық мақсаттарына жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді қолдануға тырысады. Жаппай зақымдау құралдарын қолдану мүмкіндігі ерекше қауіп туғызады. Бүгінгі таңда ядролық, химиялық, радиоактивті, электромагнитті биологиялық және басқа да қару түрлерінің сыңарларына қол жеткізу қиын емес. Лаңкестік актілердің зардабы тек бөлек жарылыстар мен авариялар ғана емес, ірі масштабты апаттар болуы мүмкін.

Жарылығыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекет:

· жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау.

· Радиобайланыс құралын пайдалануды тоқтату.

· Табылған заттың уақыты мен орнын анықтау.

· Табылған зат туралы дереу құқықтық органдарына, ТЖ органдарына хабарлау.

· Мамандар келгенше күдікті құралдарды бақылауға алу және қауіпті аймақтың күзетін қамтамасыз ету.

· Жарылыс құрылғысына ұқсайтын заттың сыртқы түрін түсіндіру.

· Бұдан әрі құқық қорғау органдары өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ету.

· Қауіпті аймаққа жататын аумақтағы адамдарды көшіруді ұйымдастыруға көмектесу

· Күдікті құралдардың орналасқан орнын, уақытын және қандай жағдайда табылғанын көрсету.

· Нысан қызметкерлеріне бөгде адамдардан қандай да бір заттар мен киімдерді қабылдамаулары туралы нұсқау беру.

Телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-әрекет:

· Әрбір келіп түскен тлефон қоңырауына мұқият болу;

· Телефон арқылы алынған ақпаратты құқық қорғау органдары мен ұйым басшысына дереу жеткізуді қамтамасыз ету.

· Қажет болған жағдайда көшіру жоспарына сәйкес адамдарды көшіру.

· Жедел тергеу топтарының, кинологтардың және т.б.жұмыстарын кедергісіз қамтамасыз ету.

Кепілдікке алған кезде:

· Болған жағдайды дереу ұйым басқарушысына және тиісті инстанцияға хабарлау.

· Өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөзге шықпау.

· Қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін болса, лаңкестерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, өзінің және айналасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу

· Лаңкестердің қару қолдануына алып келеті іс - әрекеттер жасамау.

· Оқиға орнына тиісті күш құрылымына сәйкес орган қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету.

· ҰҚҚ мен арнайы мамандырылған бөлімше әскері келген бойда олардың командирлерінің сұрақтарына толық жауап беру және олардың жұмысын қамтамасыз ету.

Лаңкестер ұшақты кепілдікке алғандағы іс-әрекет:

· Лаңкеспен қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз.

· Лаңкестің көзіне қарамаңыз.

· Өз мінезіңізбен ланкестердің назарына түспеңіз.

· Лаңкестерге қарсылық көрсетпеңіз.

· Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ болса, лаңкестердің айтқандарының бәрін орындаңыз.

· Жан жағыңызда болып жатқан нәрселер мен лаңкестердің іс-қимылын есіңізде сақтап қалыңыз.

· Арнайы бөлімшелермен ұшақпен шабуыл жасағанда, қолыңызды желкеңізге қойып еденге етбетіңізден жатыңыз.

Пошта жолдамаларында күдікті заттар табылған кездегі іс әрекет:

· Конвертті, пакетті т.б. өз бетіңізше ашуға әрекеттенбеу.

· Күдікті хатты мүмкіндігінше қолмен ұстамау.

· Осы деректер туралы ТЖ және СЭС аумақтық органдарына хабарлау.

· Белгісіз заттың ғимараттың желдету жүйесіне мүмкіндік бермеу.

· Мамандар келгенше күдікті затты герметикалық ыдысқа салу.

· Затпен тікелей қарым қатынаста болған барлық тұлғалардың тізімін жасау.

· Затты қарым-қатынаста болған тұлғалар жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтау.