Зін өзі тексеру сұрақтары. 2. Қорғаныс ғимараттарында болу тәртібі

1. Қорғаныс ғимараттары.

2. Қорғаныс ғимараттарында болу тәртібі

3. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.

4. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібі

Дәріс №14. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар

Жалпы сұрақтар

1. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

2. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері мыналар:

· қорғаныс ғимараттарына жасыру;

· халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

· жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;

· дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;

· азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;

· радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

· өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

· зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары.Әуеден шабуыл болғанда радиоактивтік немесе химиялық зақымданғанда – біріншіден АҚ штабынан қауіптер туралы хабар түседі. Төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.

- барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады .

- қоғамдық тәртіп қорғау топтары

- санитарлық дружина -25 адам

- санитарлық бекеттер -2-3 адам

- құтқарушы топтар 30-35 адам

- бірнеше өрт сөндірушілер топтары, әрқайсысында 4-5 адам .

Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің, коммуналды энергетикалық және технологиялық қондырғылардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендігі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары АҚ басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады

Қозғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты қозғалыс үшін биіктігі -1мм, ені -3-3.5м, жол ашса, ал екі жақты қозғалыс үшін ені -6-6.5м эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен біруақытта жұмыс атқара отырып өрт сөндіріледі. осындай жұмыстардың артынша дереу іздестіру құтқару жұмыстарын қолмен немесе кіші механизация құралдарын қолданумен іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіледі.

Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері- орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.

Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:

Сейсмологиялық бақылау менжер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалықаудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланы042-14-6-02.1.20.18-2007с жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезіде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.

Сел қаупіне тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек.Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер құруға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бқлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.

Қар көшкіні қауіпі кезінде тауға шығу қажетті жағдайда кезек күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның ең биік бөлігіне немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейді шамалы сілкінтеді . Зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетін ің алдын боскеңістіктің бар жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін тексеру керек.

ауызбен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет.

бір уақытта зардап шегушіні қйықтау қапшығына салып жылыту керек.

Дауылдан кейінгі негізгі жұмыстар

зардап шеккендерді іздеу, жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;

жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардан адамдарды құтқару ;

зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;

шыққан өртті сөніру;

өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық энергетикалық желелердегі аварияларды жою.

Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:

Көмекті кешіктірмеуге қажет. Жасанды тыныс алу мен жүректі сылау ды бір минуттан артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру қажет.

Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.

Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету, су түбін тереңдету, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, құтқару құралдарын жасау және даярлау. Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстамдылық сақтап құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс.

Төтенше жағдайлардың салдарын жою.

Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.

Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы - төтенше жағдай бойынша комиссия атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:

апаттық аймақтың қысқаша сипаты( зақымдану ошағы) ;

төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;

жұмыс реттілігі;

төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;

медициналық шараларды ұйымдастыру;

қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

басқаруды ұйымдастыру;

материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:

Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпаратыалына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді.

Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштерқұрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады.

Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын- тұтас және жеке өрттер бөлігін,өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады

Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.

Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.

Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жлдар ,өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендергде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:

төгілген затты тасымалдау;

ҚХЗ таралуына бөгет жасау;

ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.

Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.

АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:

Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.

Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.

АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі.