Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

көшіру - Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы
зақымдау қүралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың
өмірін және ондірістін жүмыс істенуін сақтау мақсатында халық пен
материалдық қүндылықтарды үйымшылдықпен әкету.

қоныстандыру - бүл соғыс уақыты жағдайында қалаларда
жүмысын жалғастыратын үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа үйымшылдықпен апару және орналастыру қаладағы үйымдарда тек ауысымда жүмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жүмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады.
Жүмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып үйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардан, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардын халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ - бүл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, кошірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Барлық кошірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуға тиіс.

Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:

- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

- көшіру шараларын өндірістік принцип пен түрғылықты жері бойынша жүргізу;

көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;

көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен үйымшыл-
дықты сақтау;

- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін
олардың белгіленген жүмыс режимін бүзбай пайдалану, сондай-ақ
жеке көлікті пайдалану;

- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орна-
ластыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

- өз қызметін жалғастыратын объектілердің үздіксіз және түрақ- ты жұмысын түрақтандыру.

Республика аумағындағы өндірісте қатты әсер ететін улы заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әр-түрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың омірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бүл жағдайда Қ.Р халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жүмыс істейтін, оқитын, түратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, үйымдар үйымдыстырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен - халықты жаяу немөсе кө-ліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі тонгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пай-далануындағы коліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау қүралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет корсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған ар-наулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің лицейлердің, мектөп - интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлөрінде орналасқандар, әкімшілік пен олардын отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жүмысының кестесін бүзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін халык, өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір үйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты согыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, жәнө солардың шешімімен (қаулысымен) бекітілөді. Осы шешімдөр, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара кошіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жерплікті атқарушы органдар белгілейді.

Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырғаы үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, үйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Категорияланған қалаларда соғыс кезіндө жүмысын тоқтатпаған үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр үйымның жүмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жүмысшылар ауысымын жүмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейілінше аз жүмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.

Бытыраңқы орналастыру мен кошірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады. Тізімдер үйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК) бойынша күні бүрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жүмысшалар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жүмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.

Көшіру тізімдөр үш данада жасалады біреуі -үйымда ыемесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі - көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын көшіру пунктіне (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі - бытыраңқы орна-ластыру мөн кошіру басталысымен коіиіру қабылдау комиссиясына жіберіледі.

 

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

қорғаныс ғимараттарына жасыру;

халықты таратып және көшіру қоныстандыру;

♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;

♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш,
қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық қүралдармен
зақымданудан қорғау;

радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды үйымдастрыру;

өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

♦ зақымдау аймақтарындағы үйымдарда жүмыс пен халықтың
өзін-өзі үстау режимдерін сақтау;

♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау қүралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бүл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру тек жеке және медициналық қорғаныс қүралдарын қолдануды қамтама-сыз еткенде ғана сенімді бола алады.

Таратып қоныстандыру және көшіру категорияланған қалалар-дың халқын, яғни жау шабуы қүралдары әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бүл әдісте ықтимал зақымдану ошақтарынан адамдарды уақытында алып кету және оларға жеке қорғаныс қүралдарын кигізіп радиациядан қорғайтын панаханада жасыру жолымен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

Көшіру шаралары халықты төтенше жағдайлар, осы заманғы зақымдау қүралдарының қолданылуы салдарынан қорғаудың негізгі әдісі болып табылады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, үйымдар іске асырады.