Мемлекет шығыстарын ұйымдастырудың қағидаттары

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың катаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспаршылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік жұмыс деңгейін арттыру максатында мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен үлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі болып табылады. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын катаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және еңірдің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, қаржыларды ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективалық және прогрессивтік салаларға бөлу және аса маңызды екі әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын каржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредиттік механизмнен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл кагидат бойынша каржылық ресурстарды беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен катар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бұл пайдаланылатын каржылық ресурстардың тиімділігін арттырады. Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай ңаржыландыру қаржылық ресурстарды тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді. Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды кағидаты, ол ішкі резе-рвтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджеттік, кредиттік және метиікті көздердің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру үдерісін білдіреді. Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдъщ өндіріс пен үлттық табысты жасау үдерісінде олардың қатысы болып табылады.

 

22.Мемлекет шығыстарын қаржыландырудың әдістері мен нысандары. Мемл/к шығыстар қоғам/ң әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру, қоғ/қ өндірісі толық жетілдіру ж/е дамыту мақсатында жалпы қоғ/қ өнімнің бір бөлігін бөлу ж/е қайта бөлумен б/ты экон/қ қатынастарды білдіреді. мем/к шығыстарды қаржыландырудың екі әдісі бар:1) шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен ж/е жетіспеген бөлігі бюджет қарааттары есебінен жасалынады; 2) Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіп пен ерекше құжаттардың- қаржыландырудң жеке жоспарлардың негізінде әлеу/к-мәдени шаралар, мем/к билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығынары қаржыландырылады. Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару ж/е кредиттік эмиссия есебінен эмиссиялық қаржыландыру қолданылады. Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеу/к қорғауға ж/е т.б. мақсатарға берілетін нысаналы мем/к қаржылық көмектің нысаны-бюджеттік қаржыландырудың келесі нысандары қолданылады: демеуқаржы, субсидиялар, субвенсиялар.Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәс/р мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай- ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Субвенциялар –халықты әлеуметтік қолдауды қамт. ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға ж/е басқа мақсаттарға нысаналы мемл/к қаржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.Субсидиялар- үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс ж/е арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша ж/е заттай нысандағы жәрдемақылар. Аталған нысандар трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен ж/е бюджеттен тыс қорларды, белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржыландырудың үш түрі бар. 1) сметалық қаржыландыру-меншікті табыстары жоқ кәсіпорындар мен мекемелерге шығындарын жабу үшін мем/к бюджеттен қаржыландыру;2) шаруашылық есеп айырысу әдісі шығындары мат/қ емес қызметтер мен иіліктерді өткізулден түскен табыс есебінен өтелетін ұйымдар мен мекем елерде қолданылады;3) өзін-өзі ақтау әдісі қызмет үшін ақы мөлшері жұмсалған шығындарға б/ты анықталатын ұйымдарда қолданылады.