Басқарушылық процесс және оның элементтерi

 

Қызмет ретiнде басқару басқарушылық процестердiң жиынтығында, яғни менеджерлер белгiлiктi бiрiздiлiкпен жүзеге асыратын мақсатты бағытталған шешiмдер және әрекеттермен, iске асырылады. Бұл процестер ұйыммен бiрге дамиды және жетiледi. Олар бастапқы және туынды, бiр сатылы және көп сатылы, толық және толық емес, жүйелi және жүйесiз, уақтылы және кешiккен және т.с.с. болады. Басқарушылық процестер қатаң (мысалы, ережелер, ресми өкiлеттiктер, рәсiмдер) әрi жұмсақ (мысалы, басшылық стилi, ұйымдық құндылықтар) элементтерден тұруы мүмкiн.

Басқарушылық процестердiң ерекшелiктерi әрi объективтi (ұйым немесе бөлiмшенiң сипаты мен қызмет өрiсi, олардың құрылымы және т.б), әрi субъективтi (басшылық пен қызметкерлердiң мүдделерi, бейресми байланыстар және т.б.) факторлармен анықталады. Мұндай процестердiң жиынтығы өзара байланысқан келесi фазалардан тұратын циклдi құрайды:

1) шешiм қабылдау – мақсат пен iс-әрекет бағдарламасын анықтау;

2) орындау – ұйымның элементтерiне ықпал ету;

3) ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және бақылау – керi байланыс.

Нақтылы басқарушылық процестiң мақсаты басқарушылық жағдайды, яғни ұйымға оң немесе терiс ықпал ететiн (етуi мүмкiн) мән-жайлардың сондай жиынтығын, өзгерту немесе, керiсiнше, сақтау болып табылады. Жағдай сандық және сапалық көрсеткiштермен (ұзақтығымен, өткiрлiгiмен, пайда болу себептерi және орнымен, мазмұнымен, қатысушылар аясымен, маңыздылығымен, күрделiлiгiмен, даму болашағымен және т.б.) сипатталады.

Басқару процесiнiң элементтерiне белгiлiктi нәтижеде (шешiмде) iске асырылатын басқарушылық еңбек, оның пәнi мен құралдары жатады.

Басқарудағы еңбектiң пәнi мен өнiмi бар мәселе және оны шешу тәсiлдерi туралы ақпарат болып табылады. Бастапқы ақпарат «шикi» болып табылады, сондықтан да iс жүзiнде пайдаланыла алмайды. Алайда өңдеу нәтижесiнде ол нақтылы әрекеттердi жүзеге асырудың негiзi болып табылатын басқарушылық шешiмге айналады.

Ақпаратпен операцияны жүзеге асыруға жәрдемдесетiннiң барлығы – компьютер, телефон, қалам мен қағаздан бастап адам тәнiнiң мүшелерiне дейiн – басқарушылық еңбектiң құралдары болып табылады. Олар ақпаратты өңдеу құралдары (мысалы, компьютер, калькулятор), құжаттарды көбейту құралдары (мысалы, принтер), оларды ресiмдеу құралдары (мысалы, мөр), топтастыру мен сақтау құралдары (мысалы, папка), жедел байланыс құралдары (мысалы, телефон), жиһаз.

Басқарушылық еңбек олардың көмегiмен менеджер жекелеген шешiмдердi дайындау мен iске асыруды қамтамасыз ететiн iс-әрекет пен операциялардың жиынтығы болып табылады. Ол жүйке-психологиялық күш жұмсау түрiнде жүзеге асырылатын ой еңбегiнiң санатына жатады және үш нысанда болады: эвристикалық, әкiмшiлiк және операторлық. Мұндай еңбек бастамашылықты, күшейтiлген жауапкершiлiктi талап етедi.

Эвристикалық еңбек басқарушылар алдында тұрған мәселелерді зерттеу жөнiндегi әрекеттердiң жиынтығы мен оларды шешу – ұйымдық, экономикалық, техникалық - нұсқаларын әзiрлеуге келiп саяды. Мiндеттердiң күрделiлiгi мен сипатына байланысты ол басшылармен және мамандармен орындалады.

Әкiмшiлiк еңбек негiзiнен басшылардың үлесiне жатады. Ол бағыныштылардың қызметiн үйлестiру мен бақылау, оларды бағалау, уәждеме, өкiмдеу, нұсқама беру, жиналыстар мен мәжiлiстердi өткiзу, қатысушыларды қабылдау, iскерлiк келiссөздердi жүргiзу, хаттар мен телефон шалыстарына жауап беру, жұмыс орындарын айналып шығу сияқты жұмыс түрлерiн орындаумен байланысты. Әкiмшiлiк еңбектiң маңызды жайы мақсатты басқарушылық ықпал болып табылады.

- тұрпаты бойынша ол бұйрық, ұсыныс, кеңес, сөгiс, мақтау және т.б. болуы мүмкiн;

- нысаны бойынша ықпал тiкелей немесе жанама, айқын немесе айқын емес, жұмсақ немесе қатты болады;

- берiлу тәсiлi бойынша ықпал ресми және бейресми болып бөлiнедi.

Операторлық еңбек өндiрiстiк және басқарушылық процестердi қажеттi ақпаратпен техникалық қамтамасыз етуге бағытталған. Ол келесi функцияларды атқарады:

- құжаттық – құжаттарды ресiмдеу, көбейту, сұрыптау және сақтау;

- бастапқы-санау және есептiк – ұйым аясында өтiп жатқан өндiрiстiк, шаруашылық, әлеуметтiк және өзге де процестер туралы статистикалық, бухгалтерлiк және т.б. ақпаратты жинау;

- коммуникативтi-техникалық – байланыс орнату;

- есептегiш және формальды-логикалық – жиналған ақпаратты бiрiздiлiкпен өңдеу және оның негiзiнде берiлген алгоритм бойынша қажеттi есептердi жүзеге асыру.

Негiзiнен басқарушылық еңбек күрделi болып табылады, ол келесi себептерге байланысты:

1) шешiлетiн мәселелердiң ауқымына, саны мен көп қырлылығына, олардың арасындағы байланысқа, қолданылатын әдiстердiң, ұйымдық қағидалардың сан алуандығына;

2) терең кәсiби бiлiмдi, тәжiрибенi, кең эрудицияны талап ететiн кейде белгiсiздiк немесе тәуекел жағдайында жаңа, дәстүрлi емес шешiмдердi қабылдау қажеттiгiне;

3) жедел дербес әрекет ету, өзiне тәуекелдiң салдары үшiн жауапкершiлiк алудың қажеттiгiне.