Леуметтану пәнiнен эсселер тақырыбы

 

  • Әлеуметтану және қоғам
  • О.Конттың әлеуметтік доктринасы
  • Г.Спенсердің әлеуметтік доктринасы
  • Маркстік социологияның артықшылықтары мен кемшіліктері
  • Социологиядағы психологиялық бағыт
  • В.Паретоның социологиялық теориясы
  • П.Сорокинның социологиялық ойлары
  • Эмпирикалық социологияның қалыптасу ерекшеліктері
  • Социологиядағы фрейдизм мен неофрейдизм
  • 1920-1930 жж. кеңестік социологиялық ғылымның қалыптасуы
  • 1960-1980 жж. кеңестік социологияның қайта жандануы мен дамуының ерекшеліктері
  • Қазіргі кездегі социологиялық парадигмалар.
  • Әлеуметтік және социологиялық заңдар
  • Микро және макросоциологияның ерекшеліктері
  • Ғылыми дискуссиялардағы әлеуметтік прблемасы
  • Социология және билік
  • Социологиялық білімнің спецификасы
  • Социологияның негізгі функциялары,оны қолданудың негізгі сфералары
  • XXI ғасыр табалдырығындағы социология: зерттеулердің жаңа бағыттары
  • Социология: ол не біледі және не істей алады
  • О.Конт қоғам эволюциясының үш кезеңі туралы
  • Н.Бердяев тарих пен прогрестің мәні туралы
  • Т.Парсонс қазіргі қоғамдар жүйесі туралы
  • Қоғам әлеуметтік өмірдің субъектісі ретінде
  • Қоғам социомәдени жүйе ретінде
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі элементтері
  • Макс Вебер: класс, статус, партия.
  • П.Сорокинның әлеуметтік стратификация концепциясы
  • Әлеуметтік теңсіздіктің қазіргі кездегі формалары
  • Теңсіздік әділетті болуы мүмкін бе?
  • Әлеуметтік стратификация әлеуметтік теңсіздіктің моделі ретінде
  • Ер адамдар мен әйел адамдардың әлеуметтік статусы
  • Қазақстанда «жаңа қазақтар» бар ма?
  • Әлеуметтік бедел
  • Қазақстандағы және дамыған капитализм елдеріндегі жұмыссыздың әлеуметтік статусы
  • Элиталар теориясы стратификациялық зерттеулердің ерекше бағыты ретінде
  • Ашық қоғам- тең мүмкіндіктер қоғамы ма?
  • Қазақстан қоғамының құрылымындағы маргиналдар
  • Босқындардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету әлеуметтік проблема ретінде
  • Қоғамдағы әлеуметтік прцестерге социологиялық талдау (әлеуметтік мобильділік, интнграция және дифференциация)
  • Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы және оның даму тенденциялары.

Эссе қалай жазылады?

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

 

  • Жеке көзқарастың көрінісі
  • Фактілі дәлелдер (аргументтер)
  • Теоретикалық негіздеме
  • Терминдерді қолдану
  • Цитаталарды келтіру
  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу
  • Логикалық заңдылықтың сақталынуы
  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану
  • Сауаттылық (пункт., орфогр.)
  • Юмор, сарказм

 

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Жиі кездесетін қателіктер:

– Проблема ашылмайды.

– Автордың жеке позициясы көрінбейді.

– Теоретикалық негіздемесі жоқ.

– Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.

– Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.

– Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.

– Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы.

– Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ.

– Логиканың болмауы.

Леуметтану пәнінен