Дәріс 5. Дербес компьютердің архитектурасы

 

1. Құрылысының ақпараттық –логикалық негіздері.

2. Функциональды –құрылымдық ұйымдастыру.

3. Микропроцессорлар. ДК есте сақтау құрылғысы.

4. Жадының құрылымы. Жадында мәліметтердің берілу тәсілдері.

5. ДК негізгі сыртқы құрылғылары.

1975 жылы АҚШ алғашқы сериялық ДК пайда болуы адамның барлық қызмет саласында революциялық аударым жасады. Бірінші ДК ашық архитектура принципіндегі әр түрлі ЭЕМ жасауға болатын электрондық блок түрінде құрылды. 1981 жылы блок-модульдік конструкциядағы ДК шыға бастады. Кіші ЭЕМ ХХ ғасырдың 80 жылдардың басында кең тарауы компьютерді қолданушыға жақындатумен түсіндіріледі. Кіші-ЭЕМ-дер кәсіпорындар мен өндірістерде қолданылды, себебі үлкен ЭЕМ –дерді қолдану үнемдеу жағынан пайдасыз. ДК кіші класқа жатады және жеке қолдануға арналған; әртүрлі саладағы мамандардың интеллектуалдық еңбегінің өнімділігін арттыратын жалпы қолайлы универсалдық инструмент. Ол қолданушымен диалогтық режимде автономды жұмыс атқаруға арналған. ДК-ң жалпы қолайлылығы салыстырмалы түрде кіші бағасымен, компактілігімен, қолдану шарттары мен қолданушының дайындық деңгейіне арнайы талаптардың жоқтығымен анықталады.

Негізгі ДК кішіпроцессор (КП) болып табылады. КП техникасының және технологиясының дамуы ДК ұрпағына алмастыруды әкелді:

  • Бірінші кезеңі (1975-1980ж)- 8- разряд базасындағы КП
  • Екінші кезеңі (1981-1985ж)- 16- разряд базасындағы КП
  • Үшінші кезеңі (1986-1992ж)- 32- разряд базасындағы КП
  • Төртінші кезеңі (1993ж-қазіргі кезге дейінгі)- 64- разряд базасындағы КП

ДК-ң дамуында 1981 ж Intel-8086 кіші процессор базасы негізінде IBM (АҚШ) кәсіпорнымен шығарылған IBM РС компьютерінің пайда болуы үлкен рөлді алды.

Бұл компьютер нарықта үлкен сауда орнын алды. Басқа да компьютерлік фирмалар осы компьютер моделіне сай етіп компьютерлер шығара бастады. Біздің күнде сатылатын компьютерлердің 85% IBM РС архитектура базында жасалған.

ДК-ны өндірудегі даму келесі факторлармен анықталады:

  • Арзан бағасымен
  • Қолдануға және түсінуге оңай диалогиялық программалар құралдары
  • Жеке жұмыс үшін қызмет орнында қолдануы
  • Ақпаратты өндіруде салыстырмалы түрде үлкен мүмкіндіктері бар
  • Адамның қызмет етуінің барлық саласында ДК-ны қолдануда программамен қамтамасыз етеді
  • ДК –ны локальдық есептеу желісіне бірлестіру мүмкіндіктері

ДК қызмет көрсетуі және міндеті бойынша 3 топқа бөліп көрсетуге болады: тұрмыстық , жалпы міндеттік және профессионалдық.

Тұрмыстық ДК көпшілік тұтынушыларға арналған, сондықтан олар жетерліктей арзан, берік және қарапайым пішінді болуы керек. Оларды үйде ойын-сауық үшін тұрмыстық техникамен басқару үшін қолданылады.

Ортақ міндетті ДК ғылыми-техникалық және экономикалық есептерді шешу үшін сонымен қатар үйрену және жаттығу үшін қолданылады. Бұл машиналар кіші процессорінің жоғарғы өнімділігі, оперативтік жадының сиымдылығы деңгейінің үлкендігі, иілгіш және қатты магнит дискілеріндегі сыртқы жадына ие. Интерфейстер есептеу жүйесінің құрамында жұмыс істеу үшін перифериндік құрылғылардың көптеген санын қосуға мүмкіндік береді. Бұл ДК класы әлемдік нарықта кең көлемде таралған.

Профессионалдық ДК ғылым саласында өндірістік есептер мен қиын ақпараттарды шешу үшін кең қолданылады. Профессионалдық ДК-ң қолданушылары маман-программистер болып табылады. Қазіргі кезде қиын есептерді шешуде көп процессорлік профессионалдық ДК-лар қолданылады.

Салмағын және габариттерін азайту үшін LAPTOP компьютері және NOTEBOOK компьютер-блокноттар шығарылуына әкелді. Ноутбук және лэптоп – пернетақта мен жүйелік блок бір корпуста шабадан түрінде орындалған кішкентай ДК.Корпустың қақпағы электрондық негізінен бөлінбей байланысқан сұйық кристалды дисплей ЭЕМ мен дисплей арасындағы сымдар корпуста жасырылынып жасалған. Бұл модельді компьютерлер техникалық параметрлері бойынша әдеттегі компьютерлердің атқаратын функцияларынан сәл төмендеу болып келеді. Ноутбукта ДК сияқты қосымша сканер, принтер, модемдер және т.б. құрылғыларды қосуға болады. Бұданда кіші көлемдегі PALMTOPS атты компьютерлер бар.Бұндай компьютерлер алақанға да сиып кетеді.