Санау құрылғылары

Графикалық ақпаратты қағаздан ДК-да оқу үшін оптикалы сканерлер қолданылады. Сканерлер түгел парақты немесе пленканы өңдеуге болатын планшетті және қол түрлері болады. Сканерлер арқылы суретті сақтауға ғана емес, сонымен қатар өзгертуге де болады. Сканер арқылы енгізілген суреттер арнайы программалық қамтамасыздандыру арқылы енеді.

ДК-ға суретті енгізу үшін жарық перосын немесе дигитайзерларды қолдануға болады.

 

Сыртқы есте сақтау құрылғылары

ДК-дағы ақпаратты сақтау үшін дискеталар, қатты дискілер және CD-ROM-дар қолданылады.

Иілгіш магниттік дискідегі жинақтаушылар программалармен кіші көлемдегі мәліметтерді сақтауға арналған, олар бір ДК-дан екінші ДК-ға ақпараттарды көшіруге қолайлы.

Кейінгі жылдары ИМДЖ 3,5 дюйм диаметрімен 1,44 Мбайт сыйымдылығы болатын дискеталар кең таралған. Бұл ИМДЖ –ң құндылығы үлкен компактілігі, дискінің жұмыс кеңістігін кірлену мен әр түрлі механикалық зақымдардан қорғайтын қозғалмалы металл қақпағымен және пластикалық корпустың болуымен дәлелдейді.

ИМДЖ-гі 3,5 дюйм қазір ақпарат айналымының үлкен жылдамдығын қамтамасыз етпейді, ал 1,44 Мбайт сиымдылығы қазіргі мәлліметтер көлеміне аз, бірақ нарықта кең таралуына байланысты ақпарат алмасуда әлі де көп уақыт қолданылады.

Қатты магниттік дискідегі жинақтаушылар бір пакетке біріктірілген бірнеше магниттік дискілерді құрайды. Әдетте мұндай пакет 5,25 диаметрлі 2-4-6 дискілерді құрайды немесе 3 дюйм.

Қатты дискілерде магниттік бас тиегіндері жүйелік блокқа біріктірілген диск қатынасында бір уақытта радиалдық бағытта қозғалады.

Дискінің физикалық форматын оның сиымдылығын анықтайды. Қазіргі қатты дискілердегі 40,60,80, және 120 гбайт көлемімен шығарады.

Дискінің магниттік пішіні дискідегі ақпаратты ұйымдастыру тәсілі және әр түрлі типтегі ақпаратын орын алуын белгілейді.

Ақырғы жылдамдық ақпарат сақтау үшін оптикалық (лазерлік) CD дискілер құрылғылары қолданысқа шықты. Олардың сиымдылығы 650-ден 700-ке дейін Мбайт жетеді, оларды бір рет жазу ішінде қайта көшіруге де, қолдануға да болады.

Баспа құралдары

ДК-да матрицалық, сия бүріккіш (струинный) және лазерлік принтерлер болады.

Матрицалық принтерлер осыдан 10 жыл бұрын ең тараған принтер түрі болды. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бас тиегіндегі инелері шығып, бояйтын баспа арқылы қағаз бетіне із қалдырады. Әдетте 9 және 24 инелік бас тиегіндері бар принтерлер қолданылады. Матрицалық принтерлердің жағымсыз жағы оларды баспа жылдамдығының төмендегі баспа уақытындағы шуы мен түрлі-түсті бейнені баспаға шығармауда матрицалық принтерді таңдағанда қолданылатын қағаздың максималдық еніне көңіл бөлген жөн.

Матрицалық принтердің негізгі сиппатамасы төл құжатында көрсететін орнатылған шрифттік түрлері мен саны және киррилицада басып шығару болып табылады. Қазіргі жүйелік программалар тексттер (Word. Adobe PageMaker және т.б.) айналымында арнайы жүктелетін шрифттер (soft fonts) қолданылады.

Сия бүрікіштің бояу сұйықтығы (чернила) бірнеше түсте шығарылады және арнайы компакты картриджде орналасады. Мәтіндік ақпараттарды баспа жылдамдығы минутына 7-10 бет шығарса, түрлі-түсті баспа да минутына 5 бет шығарады.

Кейінгі жылдары бірнеше модельдегі түрлі-түсті баспа шығаратын лазерлік принтерлер қолданысқа шығарылды, бірақ мұндай принтерлерде баспа шығару сия бүріккіш принтерлерден баспа шығарудан әлде қайда қымбаттырақ болып келеді.

Қиын кескіндер және графикалық құрушылар құрылды (плоттерлер).

Дәріс 6. Операциялық жүйелер. Программалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.

1. Дербес компьютердегі пайдаланушының жұмысын ұйымдастырудағы

2. операциялық жүйенің ролі. Операциялық жүйенің қызметі.

3. Операциялық жүйенің топтамасы. Бірмәнді және көпмәнді, бір пайдаланушыға

4. және көп пайдаланушыларға арналған операциялық жүйелер.

5. Прораммалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен терминдері.

6. Прораммалық жабдықтаудың топтамасы.

7. Жүйелік прораммалық жабдықтаудың, программалау технологиясы

8. инструментарийінің және қолданбалы программа пакетінің сипаттамалық ерекшеліктері.