Жаңа буманы (файлды) құру

1. Сiлтеушi терезесiнде бума құратын буманы екпiндi етiңiз.

2. Файл – Құру – Бума (файл). Терезе жаңа атаумен бума (файл) пайда болады.

3. Белгiшедегi берiлген атауды өзгертiңiз.

Файлды немесе буманы көшiрудегi әрекет:

1. Менiң компьютерiм бумасында немесе сiлтеуiш тересiнде керек файлды немесе

буманы ерекшелеңiз.

2. Файл менюiнде көшiру бөлiмiн таңдаңыз.

3. Көшiрменi орналастыратын дисктi немесе буманы ашыңыз.

4. Түзету (Правка) менюiнен кiрiстiру (Вставить) командасын таңдаңыз.

 

Бiрнеше файлдарды немесе бумаларды ерекшелеу үшiн CTRL пернесiн басып тұру қажет.

Файлды (буманы) жылжыту.

1.Менiң компьютерiм немесе бағыттауыш терезесiнде қажет файлды немесе буманы ерекшелеңiз.

2.Түзету (Правка) менюiнен қиып алу командасын таңдаңыз.

3.Объектi орналастыруға арналған буманы ашыңыз.

4.Түзету (Правка) менюiнен кiрiстiру командасын таңдаңыз.

 

Объектiлердi (файл немесе буманы) жою

1.Менiң компьютерiм бумасында немесе бағыттауыш терезесiнде жойылатын файлды немесе буманы ерекшелеңiз.

2.Түзету (Правка) менюiнен жою командасын таңдаңыз.

Егер объектiлер қате жойылша, онда оларды қоржыннан қайта қалпына келтiруге болады. Жойылған файлдар қоржыннан толық жойылғанша сақталынады. Объектiлердi жою үшiн жылжыту операциясын қолдануға болады. Мауыстың көмегiмен файлдың немесе буманың белгiшесiн қоржынға жылжыту кезiнде SHIFT пернесiн басып тұру керек. Онда объект қоржынға орналастырылмай жойылады.

 

Бiрнеше объектiлердi қалпына келтiру үшiн оларды ерекшелеуде CTRL пернесiн басып тұрыңыз.

1. Файл менюiнен қалпына келтiру (Восстановить) командасын басыңыз.

Буманы жою кезiнде қоржындағы бума iшiндегi барлық файлдар салынады. Жойылған буманың iшiндегi файлды қалпына келтiру барысында бiрнеше буманың өзi қалпына келтiрiледi.

Файлды иiлгiш магниттiк дискiге көшiру:

1. Дискетаны дискжетекке орналастыру.

2. Сiлтеушi терезесiнде керек файлды немесе буманы ерекшелеңiз.

3. Файл менюiнде жөнелту (Отправить) командасын таңдап көшiрме жүргiзетiн дискiнi көрсетiңiз.

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 4

Каталогтармен жұмыс істеу: құру, атын өзгерту, өшіру, көшіру, орнын өзгерту. Файлдармен жұмыс істеу командалары. Norton Commander- ақпараттық терезенің панельдерімен жұмыс істеу. Каталогтармен, файлдармен жұмыс істеу.

 

Мақсаты:Дискілермен жұмыс жасай білуге үйрету, дискіні форматтау, диск бетіндегі физикалық ақауларды тексеру, дискіні, бумалар мен файлдарды вирусқа тексеру, архивтеу программаларын пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру .

Негізгі ұғымдар:

Дискіні форматтау –операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға, жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

Дискіні тексерустандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

Дискіні дефрагментациялаустандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір-біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.

Архивтеу программалары –көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнайы архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде де тап сол программа қолданылуы қажет.

Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды мәселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын програмалар қолданылады. Олардың қызметі-компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады.

Жаттығу жұмыстары: