Жаттығу. WinZip архивтеу прораммасын пайдалану

1. Өз бумаңызда Архив1 деп аталатын бума құрыңыз.

2.Құрылған Архив1 бумасына архивтеуге қажет файлдарыңызды, бумаларыңызды орналастырыңыз. Архив1 бумасының көлемін тексеріңіз, жазып алыңыз.

3. Құрылған Архив1 бумасының белгісінде тышқанның оң жақ батырмасына шертіңіз және пайда болған контекстік мәзірден Добавить в архивкомандасын орындаңыз.

4. Архивтеу параметрлерін көрсетіңіз (архивтің аты Doc.zip)

5.Архивтелген буманың көлемін жазып алған бастапқы бума көлеміменсалыстырыңыз.

6. Өз бумаңызда Архив2 деп аталатын жаңа бума құрыңыз.

7.Doc.zip архивінен *.doc кеңеймелі файлдарды алып Архив2 бумасына орналастырыңыз, ол үшін

  • Архивтелген бума белгісіне екі рет шертіңіз де, пайда болған терезедегі (архиватор терезесі) саймандар панелінен Найтикомандасын орындаңыз.
  • Искать командасының терезесіне ізделінді файлдың аты немесе шаблоны (кеңеймесімен қоса) жазылады да орындауға жіберіледі.
  • Результаты поиска терезесіндегі шыққан файлдардың бәрін белгілеңіз және Извлечь вкомандасын орындаңыз.
  • Пайда болған терезеде қалпына келтірілген файлдар барып орналасатын Архив2 бумасының маршруты көрсетіледі және ОК орындалады.

8. Архив2 бумасын дискетаға көшіріңіз.

 

Жаттығу. Дискіге қызмет көрсету.

2. Дискетаның ( Диск 3,5(А:)) жұмыстық бетін тексеру. Ол үшін :

  • Мой компьютер терезесінен Диск 3,5(А:) белгілеп алынады.
  • Осы терезенің Файлмәзірінен немесе контекстік мәзірденСвойства командасы орындалады.
  • Пайда болған терезедегі Сервис жапсырмасының тобындағы Проверка диска бөліміндегі Выполнить проверкукомандасы орындалады.
  • Параметры проверки диска тобындағы Проверять и восстанавливать поврежденные сектора тұсына тышқанмен шертіп белгі қойыңыз., орындауға жіберіңіз.

Жаттығу: Дискетаны вирусқа тексеру.

1. Дискетаны салыңыз.

2. Диск 3,5(А:) үшін ашылған контекстік мәзірден антивирустық программаны (Kaspersky AntiVir) іске қосыңыз.

3. Келесі дискетаны вирусқа тексеріп көріңіз.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 6

 

Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі объектілері. Мәтінді көшіру, орнын ауыстыру, өшіру. Форматтау. Терезелермен жұмыс істеу. Кестелермен жұмыс істеу. Суреттерді қою. WordArt объектілері.

Сабақтың тақырыбы: MS Word –та құжаттар құру, сақтау, мәтінді форматтау.

Сабақтың мақсаты: MS Word программасында құжаттар құру, сақтау, мәтінді форматтау, тәсілдерін менгеру.

Бақылау сұрақтары

1. MS Word редакторын жүктеудің үш тәсілі.

2. MS Word редакторының стандартты терезе элементтері.

3. Жаңа құжат қалай даярланады?

4. «Құжат ашу» сұқбат терезесінің мүмкіндіктері қандай?

5. «Құжат ашу» сұқбат терезесіндегі басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметі.

6. «Кәдімгі» жаңа құжат қалай дайындалады?

7. Терілген құжатты сақтау мүмкіндіктері.

8. Құжатты форматтау тәсілдері.

9. «Қәріптер» (Шрифт) параметрлерін қалай тағайындаймыз?

10. Абзацтарды форматтау тәсілдері.

11. «Форматтау» саймандар тақтасының құралдары.

12. Құжатты басқа атпен және басқа орынға сақтау қалай орындалады?

 

Тапсырмалар:

1. MS Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен бұрын сақтаулы тұрған құжатты ашыңыз.

2. Ашылған құжатты Кәдімгі режимнен Электрондық құжат, Құрылым, Бетті белгілеу режимдеріне ауыстырыңыз, қандай өзгерістер болғанын тексеріңіз.

3. Осы құжаттың атын өзгертіп сақтап, программадан шықпай құжатты жабыңыз.

4. Жаңа құжат ашып, 12 символ өлшемімен Абай Құнанбайевтің бір өлеңінің үш шумағын жазып шығыңыз.

5. Сол мәтінді үлгіде көрсетілгендей форматтап, «Абай» деген атпен дискіге сақтаңыз.

6. Көлденең белдеу арқылы бірінші шумақтың алдынан 2 см, екінші шумақтың алдынан 3 см, үшінші шумақтың алдынан 2см бос орын қалдырыңыз.

7. Мәтіннің көрсетілу масштабын Вид – Масштаб командасы арқылы 75%, сонан соң 100 % есеп өзгертіңіз.

8. Менюдағы Правка – Выделить және Правка – Копировать командасы арқылы екінші жаңа құжатқа көшіріңіз. Бұл файл атауын «Көшірме» деп сақтаңыз.

9. Құжаттарды сақтап, программаны жазыңыз.

 

Word 2000- мен жұмыс істегенде жаңа құжат құрудың төрт тәсілі бар:

1. Жаңа құжат MS Word 2000 іске қосылғанда автоматты түрде құрылады.

2. Саймандардың стандартты тақтасында Құру (Создать) батырмасын сырт еткізіңіз.

3. Файл – Құру (Файл - Создать) командасын таңдаңыз.

4. Ctrl+N пернелер комбинациясын басыңыз.

Сақталынып қойылған файлды ашу үшін төрт тәсілдің бірін пайдаланыңыз:

1. Ctrl+О пернелер комбинациясын басыныз.

2. Саймандардың стандартты тақтасында Ашу (Открыть) батырмасын сырт еткізіңіз.

3. Файл – Құру (Файл - Создать) командасын таңдаңыз.

4. Соңғы болып сақталынған файлдардың бірін таңдаңыз, ол файлдардың аттары Файл менюінің төменгі жағында пайда болады.

Егер де жоғарыдағы үш тәсілдің біреуін пайдалансаңыз, экранда құжаттың ашылуы (Открытие документа) сұхбат терезесі пайда болады. Енді ашылу қажет файл атында екі рет сырт еткізсеңіз болғаны файл ашылады.

Word құжаттарды төрт режимде көруге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысы бір құжаттың түрлі аспектілерін көрсетеді, одан құжаттың түрі және экранда кескінделетін графиктер тәуелді болады. Сіздің құжаттарыңыздың беру режимін өзгерту үшін, меню қатарында Түр (Вид) тарауын таңдаңыз, содан кейін келесі пункттің бірін таңдаңыз:

· Қарапайым режим

· Web –құжат

· Парақтарды белгілеу

· Құрылым

Экран масштабын өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1. Түр – Масштаб (Вид - Масштаб) командасын таңдаңыз.Масштаб сұхбат терезесі пайда болады.

2. Масштаб тобының келесі қосқыштарының бірін сырт еткізіңіз:

· 200% мәтін кескінін қарапайым өлшеммен салыстырғанда екі есе арттырады;

· 100% Келісім бойынша берілетін қарапайым режимге масштабты орнатады;

· 75% Мәтін өлшемін кішірейтеді.

· Парақтың ені бойынша мәтін жолдарының өлшемі Word терезесінің өлшемдеріне сай келеді;

· Бүкіл мәтін экранға сыюы үшін парақтың ені бойынша парақтардың өлшемі өзгереді (бұл вариант парақтарды Белгілеуді көру режимінде мүмкін болады).

· Бүтін парақ. Экранға бүтін парақты орналастырады.

· Бірнеше парақтар. Құжаттың барлық парақтардың шағын версиясын бейнелейді.

3. Ерікті (Пройзводный) тізімді пайдалана отырып, сіз таңдауға толық ерік аласыз және құжаттың кез келген бейнелеу масштабын орната алысыз. Сол параметр көмегімен 57%,93% немесе 138% масштабтарын беруге болады.

4. ОК батырмасын сырт еткізіңіз.