Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу

Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Microsoft Word редакторында мәтіндік құжат ішінде алдын ала басқа программада дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді енгізуге болады.

Программаның бір –бірімен мәлімет алмастыру үшін байланысқан және ендірілген объектілер қолданады. Яғни, MS Office программаларының бірінде жасалынған объектілерді басқа программаларға байланысқан және ендірілген объект түрінде енгізуге болады. Байланысқан және ендірілген объектілердің бір –бірінен айырмашылығы олардың сақталатын орны мен файлға орналастыру кезіндегі өңдеу тәсілдерінде болып табылады.

Байланысқан объект – сол объект тұрған файлда сақталады. Байланысқан объекттіні өңдеу үшін міндетті түрде осы файлға оралуға тура келеді.Файлда сақтаулы тұрған объектіні өңдеген кезде құжатқа орналастырылған объект автоматты түрде осы өзгерістерді қабылдайды. Мәтінге сыртқы ортадан, ендірілген объектіні өңдеу үшін аса қиындық тумайды. Құжат ішінде отырып, оны белгілеп алып кез келген өңдеу командаларын орындауға болады. Бұл объект құрылған программаны іске қосу үшін объектіні белгілеген соң тышқанды екі рет шертеміз. Кірістіру – Сурет (Вставка - Рисунок) командасын орындай отырып, мәтінге:

А) картиналарды (Clipart программасының объектілерін);

ә) Файл түрінде сақталынған объектілерді;

б) Автофигураларды;

в) WordArt объектісін;

г) Сканерден;

д) Диаграммаларды (Excel программасындағы диаграммалар) енгізуге мүмкіндік бар.

 

Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу

Кірістіру – Сурет – Картинки (Вставка – Рисунок - Картинки) командасын орындағаннан кейін экранға әртүрлі графикалық және дыбыстық объектілерді қосуға мүмкіндік береді Microsoft Clip Gallery программасының терезесі ашылады. Бұл терезе графика, суреттер,дыбыстар, видео астарлы беттерінен тұрады.

· Графика - бөлімінде Clip Gallery кітапханасындағы қомақты дайын суреттер шығады. Бұл суреттер мағынасына қарай бірнеше топқа топталынған. Қажетті суретті таңдап «Енгізу» (Вставить) батырмасын басып, мәтінге таңдалынған суретті енгізуге болады.

· Суреттер, Дыбыстық, Видео – астарлы беттерінде де дәл осындай әдіспен қажетті объектіні таңдап мәтінге орналастыруға болады.

 

Басқа программалардан объекті енгізу

Меню жүйесінен «Енгізу» - Объект (Вставка - объект) командасын орындай отырып, жаңадан объект құруға немесе дайын объектілердіңбірін алуға болатын бастапқы программаны пайдалануға болады. Егер компьютерде PhotoFinish графикалық редакторы орнатылған болса, онда осы программада дайындалған әртүрлі объектілерді де құжатқа енгізуге болады. Объектінің тек сурет болуы міндетті емес. Мысалы, Excel –де дайындалған диаграммалар мен Power Point –тағы көркемделген презентация слайттарын да енгізуге болады.

Файлдан объект енгізу

Объектілерді алдын-ала құрып, файлға сақтап, кейін оны мәтін ішінде байланысқан объект ретінде енгізуге болады.

1. Объекті енгізілетін орын курсормен көрсетіледі.

2. «Суретті енгізу» сұхбат терезесінде енгізілетін объект орналасқан файл атын көрсетеміз.

3. Қойылатын объектіні тышқанды шерту арқылы таңдаймыз.

Объектіні мәтін ішінде оңай орын ауыстыратындай етіп жылжымалы графикалық қабатқа орналастыру үшін Мәтін үстінде (Поверх текста) жалаушасын көтереміз.

Файлдың өлшемін азайту үшін, құжатқа сіреттің өзі емес сілтемесін орналастыруға болады. Ол үшін «Сурет» енгізу сұхбат терезесіндегі «Суреттерді құжат ішінде сақтау» (Хранить рисунок в документе) жалаушасын алып тастаймыз. Бұл кезде объектіні экранда көруге, қағазға басуға болады, бірақ суретті өңдеу мүмкіндігі жойылады.

Сканерден объект енгізу

Егер, қағаздағы құжаттың, суреттің көшірмесін компьютер экранынан шығару мүмкіндігін беретін Сканер құрылған болса,

1. Сканерден көшірме қойылатын орынға курсорды орналастыру;

2. «Енгізу» - «Сурет» - «Сканерден» командасын орындаңыз.