Арнайы педагог тұлғасы

"Баланың психикалық немесе (және) дене дамуы негүрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғүрлым жоғары болуы қажет", деп жазган XX ғасырдың басында атақты неміс- педагог-дефектологы П. Шуман.

Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалык, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталган, яғни мүмкіндігі шектеулі түлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.

Қазіргі уақытта арнайы педагогиканың түрлі мамандықтарың игеруге
болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман
дайындау бағытына, олардың жұмысы мазмұнына тәуелді ерекшеленеді.
Дефектология мамандығы бойынша: логопед, сурдопедагог, олигофренопедагог, түзету-дамыту окытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог.

Олигофренопедагог - зиятында ауытқуышылықтары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;

Сурдопедагог - естімейтін , нашар еститін және кейін естімей қалған балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;

Тифлопедагог - көрмейтін және нашар көретін балаларды оқыту, тәрбиелеу мен түзету-дамыту;

Логопед - сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалармен түзетушілік дамытушылыкты жұмысын атқарады.

Мектепке дейінгі арнайы педагог - мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамуындағы кемістіктерді түзету.

Дефектологтың яғни арнайы педагогтың қызметі (мамандыққа байланысты) келесі:

- арнайы оқытуды қажет ететін мектепке дейінгі балаларға арналған арнаулы мекемелерінде тәрбиеші; ПДТБ, зиятында және есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернаттарында тәрбиеші;

- ПДТБ зиятында және есту, сөйлеу, көру, тірек-қимыл козғалысында ауытқуы бар балаларға арналған мектептерде бастауыш сыныптардың оқытушысы; жалпы білім беретін мектептерде түзету сабактарының окытушысы; арнайы (түзету) мектептердегі мұғалім;

- мектепке дейінгі және мектеп жасындаға кемтар балаларға арналған ұйымдарында; емдік-алдын алу мекемелерде, арнайы кабинеттерде; жалпы білім беретін мектептерде логопедтік пункттердегі логопед;

- арнайы оқытуды қажет ететін мектепке дейінгі жэне мектеп балаларга арналған мекемелерінде педагог-психолог.

Арнайы мектеп мұғалімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту-тәрбиелеу және накты арнайы білім беру үйыдарында ғылыми-эдістемелік, ұйымдыстыру-басқару жумыстарын атқаруға бағытында дайындайды. Ол оқыту-тәрбиелеу, ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапкы қызметгерді аткара алатындығына бағыттайды.

Қоғамның даму деңгейіне сәйкес маманның кәсіби дайындығы, демократиялық және гуманистік сенімдері, жалпы адамзаттык рухани байлығы жоғары дәрежеде болуы қажет. Қазіргі маман кен фундаментальді және тәжірибелік дайындыққа ие болу, өз мамандығын жетелдіре ала білу, оз білімін өрістете білу, іс жүзінде қызмет ұйымдастыру принциптерін колдана алу, сонымен қатар педагогикалық процесті басқару озық әдістеріне ие болу қажет.

Арнайы педагогтың кэсіптік қызметінің сферасы: педагогикалық, әлеуметтік, медициналық. Ал кәсіптік қызмет нысаны болып әлеуметтік-мәдениеттік және педагогикалық феномен ретінде арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арнайы білім беру.

Арнайы педагогтың кәсіптік кызметінің пәні: арнайы мектеп, мектепке дейінгі арнайы (түзету) ұйымдарында, емдік мекемелер (жанұялық дэрігерлік амбулаториялар, емханалар, ауруханалар), коғамдық үйымдар (естімейтін, көрмейтін, мүтедек қоғамдары, оңаяту орталықтары), әлеуметтік, эділеттік салалар, от басындағы жеке басты қызмет, жэне -педагогикалық-ғылыми іс-әрекет.

Арнайы педагогтар кәсіптік қызметтін төменгідей түрлерін орындай алады:

- ұйымдастыру-басқарушы;

- оқыту-зерттеу;

- білім беру (педагогикалық).

- консультативтік-диагносгикалық;

- әлеуметтік (педагогикалық)

Арнайы педагогтың кәсіптік кызметтің мазмұны нақты келесіде:

- ұйымдастыру-басқарушы (арнайы мектептердің және оңалту орталықтардың, психологиялы-педагогикалық түзету кабинеттер басшысы, мектепке дейінгі және мектеп балаларына арналған ұйымдарының оку-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, арнайы түзету және жалпы білім беру мектеп әдістемелік бірлігінің басшысы);

- окыту-зерттеу (білім беру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату мен жетілдіру институтында әдіскер, түрлі институтгарының ғылыми қызметкерлері);

- білім беру (педагогикалык) (олигофренопедагог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог, түзету мекемелердің педагог-психологы, мектепке дейінгі және мектеп балаларына арналған мекемелерінің тәрбиешісі).

- кеңес беру - диагностикалық (психологиялық-медициналық -педагогикалық консультациясының терайымы мен мүшесі, диагностикалық орталығының қызметкері);

- әлеуметтік-педагогикалық (дефсктолог, отбасында әлеуметтік көмек көрсететін белімдерде логопед).

Арнайы педагогтың кәсіптік қызметтің багыты: дамудағы ауыткұларды анықтап белгілеу; арнайы окытуды кажет ететін адамдарға емдеу және аддын алу комегін көрсету; ерте жастан кемек керсету; мектепке дейін тәрбиелеу; мекгепте білім беру; кәсіби - окыгу; әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік көмек.

Арнайы педагогтың кәсіптік кызметтің мазмүны: мүмкіндіктері шектеулі балаларға түрлі тузету-педагогикалық, әлеуметтік жэне емдік кемекті ұйымдастыру: дамуында пайда болған ауыткулардың түрлерін ерте анықтау, арнайы мектеп жасына дейінгі жэне мектеп мекемелерін, оңалту орталықтарын толықтыру, ерте араласу және мектепке дейінгі тәрбие, мектеп білімі; кемтар балаларға әлеуметтік және емдік кемек көрсету, денсаулық жағынан мүмкіндіктері шектеулі және арнайы білімді кажет ететін адамдарға әлеуметтік көмек және қызмет көрсету, дәрігерлік мекемелерінде денсаулык сауықгыру орталыктарының жүмысы, емдік мекемелеріндегі логопедиялык кабинеттерінде кеңестік және түзету жұмысы.

Жалпы арнайы педагог - бүл жан-дүниесі ете кең, ерекше рухани күндылыктарға ие, мейірімді, ақ кұңілді, жан-жақты кәсіби күндылықтар жүйісін меңгерген, өзінің кәсіби әрекетін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншалықты кең, тіпті оған әлеуметтік -мейірімділік акциялардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болуына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаушы болуына тура келеді.

Арнайы педагогтың, яғни дефектологтың кәсіби әрекеті денсаулыққа кері әсерін тигізетін мамандықтар катарынан болып табылады. Сондықтан денсаулығы нашар тұлғалар бұл мамандық бойынша жұмыс жасауда қиналады. Бұл мамандық бойынша жұмыс жасаймен деген тұлғада есту, көру, жүйке мен жүрек-тамыр, иммунитет жүйелер жағдайы, жалпы денсаулығы жақсы болуы қажет.

Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына колдау көрсету, толыққанды, еркін өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу, оқу, катарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер керсету, қол өнер жасау және сурет салу, ересек өмірге дайындау, өз еліне, халқына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай алатын маман - арнайы педагогтар.

Арнайы педагогтың жалпы педагогикалык дайындығы күнделікті кәсіби біліктілікті жетілдіру жүмысын білдіреді.

Мұғалімнің нақты сынып тобымен жұмыс жасауы алдын ала білім беру н бағдарламалар жэне оқулықтармен сонымен қатар, өз әрептестерінін тәжірибесімен танысуын қамтиды. Оқушылар кұжаттарымен зерттей отырып, мұғалім бағдарламаға сәйкес оқу сабақтарынын жүйесін жобалайды, күнтізбелік жоспарды әзірлейді, техникалық және көрнекі оқу құралдарын дайындайды. Мұндай алдын ала дайындық жұмысы мұғалімнің күнделікті сабақты өткізу әрекетің жеңілдетеді.

Арнайы педагогтың сабаққа дайындығы екі деңгейді қамтиды:

- жалпы педагогикалық;

- сабақ бағытындағы дайындық.

Жалпы педагогикалық бағытында арнайы педагог ғұмыр бойы білім алады, оны жетілдіреді. Ол үнемі кэсіби шеберлігін шындан, дамытып жэне әріптестерімен жэне мүмкіндіктері шектеулі баланың ата-анасымен үздіксіз бөлісіп отыруы тиіс. Арнайы педагог өзін ешқашан белгілі бір міндетті кәсіби әрекетпен шектемейді

Ал сабақ бағытындағы дайындық әр күн сайын арнайы педагоггың жұмысы. Дәстүрлі бүл жұмыс сабақта меңгерілетін оку материалын талдайды, тақырыбын анықтайды. Оқу материалын іріктей отырып, қандай білім беру, тәрбиелік және түзету-дамыту міндеттерді орындауға тиіс екенін белгілейді.

Арнайы ұйымдастырушылық дайындық жұмыс орнын ұқыпты ұстау, көрнекілік пен таратылатын оқу материлды алдын ала дайындау арқылы қамтиды. Ең негізгі жұмыс бұл жерде сабақ конспектісін дайындау. Сонымен арнайы педагогтың қызметі педагогалық түрлі әрекеттерді қамтиды, тұлғасына көптеген талаптарды білдіреді.

 

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Арнайы мектептегі сабақтың жалпы мектептегі сабақтан айырмашылығы қандай?

2. Арнайы мектепте қандай сабақ түрлері жүреді?

3. Сабақты өткізу үшін қандай арнайы жағдалар қажет?

4. Арнайы педагогтың сабаққа дайындығы туралы айтып беріңіз.

5. Арнайы мектептегі бір сабақтың конспектісіне талдау жасаңыз.

 

Әдебиеттер:

1. Специальная педагогика /Под ред. Н.М.Назаровой -М.- 2001.

 

 

Дәріс № 20-21