Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекетгік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Жәбірлсген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамына кіреді.

ҚР "Білім туралы" Занындағы 6 бапқа сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті- дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету. Ал білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктері бойынша даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедек балалар әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатына кіреді. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шағыстарын толық немесе ішінара өтейді. Әлеуметік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Әлеуметтік тексеру - тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптаршығына, жинақтылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ұзақ уақыттық экономикалық, педагогикалық, психологияляқ, әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетіліп отырады.

Педагогикалық тексеру арқылы тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың зияты жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтайды.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету бұл ерекше қажеттіліктерді талап ететін адамдарға - үздіксіз педагогикалық ұйымдастырьшған процесте әлеуметтік тәрбие беру.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен және саясатты тығыз байланысты.

Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.

Әлеуметтік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.

Әлеуметтік көмек - бұл экономикалық жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз, психологиялық жағынан әлсіз адамдар тобына әлеуметтік ортада қалыптасуын жақсартуына бағытталған қызмет көрсету кешені. Ол зейнетақы төлемін қосымша төлеумен, сондай-ақ ұзақ қызмет көрсетуімен (медициналық, психологиялық, құқықтық, педагогикалық және т.б.) сипатталады.

Бұл үрдіс үздіксіз жүйелі түрде ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету институты толығымен ұйымдастырылмаған және әр тұлғаның жеке әлеуметпк қажеттіліктерін анықтау жұмысы толық жүргізілмейді. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңына заңға байланысты 2003 жылдан бастап мүгедек балаларға әлеуметгік көмек көрсету, оларды бейімдеу жұмысы алға басты. Заңды іске асыру жоспарына сәйкес 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасында 212 бөлімі ашылуы тиіс және де сол бөлімдерде 3236 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеуі тиіс. Қазіргі уақытта әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарында әр түрлі мамандар жұмыс істеді. Олардың арнайы бөлімдері жоқ. Әлеуметтік педагогикалық даярлау басталғанымен олардың қызметтерінің нормативтік базасы құрастырылмаған және білім беру мекемелерінде әлуметтік педагогикалық қолданудың технологиялар жеткіліксіз.

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әлеуметтік педагогикалық әрекеттін орны ерекше.

Әлеуметік- педагогикалық әрекет (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жәрдемдесу)- бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жасына , қоршаған ортасына байланысты даму ерекшелігін ескертетін үздіксіз педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған әлеуметтік және мәдени шартталған кеңістіктен «шығып кетуіне» (Л.С.Выготский) әкеледі. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты бұзады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі тұлғалар әлеуметтік -педагогикалық әрекет арқылы қолдану - бұл білім беру кеңістігінде (оқу орындары мен мектеп жасынан тыс) қалыптасу болып табылады. Әлеуметтік – педагогикалық әрекет адам өмірінің экономикалық, саяси және тұлғалық жағдайымен тығыз байланысты. Бұл арнайы мамандардың көмегімен, әсіресе әлеуметтік педагогтар көмегімен іске асады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қазіргі әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету жүйесі өзіндік көпсалалы инфрақұрылымына ие. Оның әртүрлі бөлімдері білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметгік қорғау, мәдениет және спорт, сонымен қатар ата-анатар және мамандар ұйымдары, мейірім қорлары, діни және т.б. мемлекеттік емес құрылымдар әрекеттер құрамына кіреді.

Бұл жүйнде негізгі қызмет ететін маман - әлеуметтік педагог. Әлеуметтік -педагогтың негізгі міндеті мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен қоғам расындағы қарым қатынасты және де балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу.

Өзінің мақсатына жету үшін әлеуметтік педагог мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, білім беру мекемелерімен, денсаулық сақтау мекемелерімен, тұрғындарды әлеуметтік корғау және т.б. Мекемелер мен ұйымдарда тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғайтын жерлердегі адамдармен қарым-қатынас орнату қажет. Әлеуметтік педагогтың кәсіби әрекет мазмұнына келесі бағыттар кіреді.

- әлеуметтік ортада жағымды, адамгершілік бағытында қарым -қатынас қалыптастыру;

- баланың тұлғалық дамуына әсер ету;

- тәрбиеленушілер мен түлектердің әлеуметтік бейімделу мен оңалтуына жағдай жасау;

- оқушылардың жеке және әлеуметтік мәселесін шешуге көмектесу;

- арнайы педагогтар мен оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ағартушылық жұмыс атқару;

- сот және заң органдарында арнайы (түзету) мекеме атынан тәрбиелеушілер құқықтарын қорғау ;

- жұмысқа орналастыру үшін немесе оқушылар білім алу үшін қажетті құжаттарды дайындауда әкімшілік, психолог, педагогтармен және т.б. қызметкерлерімен бірлесіп қарым -қатынас жасау;

- әлеуметтік-медициналық көмекті қажетсінетін балаларды есепке алу, көмекпен қамтамасыз ету.

Шет елдерде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған әлеуметтік -педагогикалық көмек көрсету жүйесі интеграция негізінен, яғни қоғамға біріктіру, принципі бойынша құрылған. Мұндай балалар мен ересектер педагогикалық-әлеуметтік көмектің кешеді шараларын отбасы жағдайында алады. Ересектер өздерінің тұрғылықгы жерінде немесе таңдаған жерінде көмек ала алады,

Еуропалық мемлекеттерде мектептер мен әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері арнайы білім берудің өзіндік бағдарламалары мен әдістерін қолданады. Швецияда мүмкіндігі шектеулі тұлғалары бар жанұялар қосымша қаржылық және медициалық көмек алуға және арнайы көмекші маманмен қамтамасыз етілуіне құқылы. Ерте жастан әр балалармен түзетушілік оқыту бағдарламалары әзірленіп жүзеге асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік қорғау көрсетуге байланысты «мүгедек балалар» және «мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы бағдарламалар әзірленген. Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты мүгедектер мен мүгедектердің мәселелерін кешенді түрде шешу.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік жұмыс жүйесі дұрыс ұйымдаспаған. (Хакимжанова Г.Д.). Мүгедек, кемтар тұлғалардың құқықтары жөнінде арнайы қабылданған заңдар оларды әлеуметтік қорғау туралы жарлықтар, қазіргі заманның беталыстарына сәйкес болуын көздейді. Жалпы әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік қажеттіліктерді анықтау, қамтамасыз ету бағыты өзінше арнайы зерттеулерді қажет етеді. Біздің елімізде Түзеу педагогика Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында "Әлеуметтік жұмыс" зерттхана қызметкерлері әлеуметтік жұмыстардың түрлі жобаларын жүзеге асырып жатыр.

 

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық-патронаж қызметі, мақсат-міндеттері қандай?

2. Мектеп жасына дейінгі мүміндіктері шектеулі балаларға қандай мекемелерде арнайы қолдау көрсетіледі?

3. Қазіргі арнайы мектептер жүйесіне сипаттама берініз.

4. Мүгедектіктің негізгі топтарына сипаттама беріңіз

5. Әлеуметтік педагогикалық көмек көрсетуді қалай түсінесіз?

 

Әдебиеттер:

1. ҚР "Білім туралы" Заңы, Алматы.- Юрист.-2007.

2. Специальное образование в Казахстане. Информационно-методический бюллетень.- Алматы.- 2004.№3-4 (10-11).

3. Специальная педагогика /Н.М.Назарова ред.-М.- 2000

4. Сурдопедагогика / под ред. Е.Г. Речицкой. - М.-2004.

5. Апраушев А.В. Тифлосурдопедагогика-М, 1983.

6. Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития. Алматы, 2001.

7. Г.Д. Хакимжанова Научные, правовые и методогические основы развития социально-педагогической работы в Казахстане. // Вестник КазНГГУ имени Абая, серия «Специальная педагогика» №2 (4), Алматы, 2003.

 

II тарау бойынша бақылау және курстык жұмыстардың тақырыптары:

1. Ерекше қажеттіліктер мен арнайы білім беру мазмұны

2. Арнайы білім берудегі педагогикалык әрекет мазмұны

3. Арнайы білім беру принциптері

4. Арнайы білімнің мазмұны

5. Арнайы білім берудегі оқулық

6. Арнайы мектептегі оқыту процес

7. Арнайы окыту технологиялар

8. Арнайы мектептегі оқыту әдістер

9. Арнайы оқыту әдістер

10. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары

11. Арнайы мектептегі сабақ

12. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға кәсіби білім беру.

13. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

14. Арнайы мектептегі тәрбие: міндеттер мен мазмұны

15. Арнайы мектептегі сабақтан тыс жұмыс

16. Мүмкіндіктері шектеулі баланы жаңұяда, балалар ұжымында тәрбиелеу

17. ҚР арнайы білім беру жүйесі

18. Мектепке дейінгі арнайы білім беру

19. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзеу арқылы көмек көрсету жүйесі

20. Арнайы мектептер жүйесі

21. Арнайы мектептін мақсат-міндеттері

 

III - ТАРАУ.