Кемтар бар балаларға арнайы білім берудің алғышарттары

ҚР-да мұмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын-қыстау кезеңнің мән-жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жағдайын білу үшін керек. Басқа ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің өз тарихы бар.

Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды.

Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің қарама-қайшы жақтарын анықтау және дамуында ауытқуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес шарттар құруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы анықталған тарихи кезенде көрініс тапты.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық көзқарастар мен ой-пікірлерінің тарихи қалыптасу процесі қазіргі уақытқа дейін арнайы зерттелетін мәселе болып тұр.

Бұл жерде қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жиі кездеседі. Осы кездегі қазақ халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігі мен бостандығы және рухани ерлеу жайында қалтыксыз қызмет етіп, оны осы жолда шыбын жандарын қиған аса көрнекті ғұламалар мен коғам кайраткерлері қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап, кең далада рухани-мәдени дамуының жаңа іргесін қалаган Ы.Алтынсарин, Абай атамыз, Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, А.Байтұрсынов және т.б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің қалыптасуына бағасыз үлес қосқан.

Арнайы педагогиканың қазіргі күнде жетекші парадигмаларынын бірі гуманизация. Ал XIX ғасырда еңбек еткен Ы.Алтынсаринның шығармаларында педагогикалық гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүрек болу мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың принципінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ы.Алтынсарин өзінің атақты «Хрестоматиясында» жасөспірімдердің жан-дүниесі, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортак міндеті деп санаган. Ыбырай - оку тәрбие процесіне мұғалім рөлінде айырықша көңіл белген мұғалімнің алдында мынандай міндеттер койды: нағыз мұғшіім болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерін мықты санау қажет, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет. Осындай озық ойлар дене және психика дамуында түрлі кемістіктері бар балаларды окыту мен тәрбиелеу, түзету-теңгеру жұмыстарының негізгі қагидаларының бірі - әр баланың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет екені әр дефектологияда таныс.

А.Құнанбаев (1845-1904) тұлғалардың жан-жақты толық дамуына әсер ететін ағза мүшелерінің орны туралы көп жазған: «Құлық болмаса, не қаңғыр, дауыс жақсы, үн, күн, ән - еш бірінен ләззат ала алмасаң едік! Мұрын иіс білмесе, дүниедегі болған жаңа иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақ қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік, деген. Абай адамның сезім мүшелерінің дұрыс даму қажеттілігін анықтаған озат пікірлерін Шәкәрім, М-.Жұмабаев, М. Дулатов, Ж.Аймауытов еңбектерінде кездестіреміз. Адам баласындағы кез-келген кемістік ол соқыр не саңырау не туғанынан ақылы кемтар болса да өмірге деген көзқарасты өзгертіп қана қоймай, қасындағы адамдармен де қарым-қатынасын қиындатады.

Абайдың «Қара сөздерін» қарастырсақ бұл, 7, 19, 23, 34 сөздерінде жарық көрген. Өзінің 37-ші сөзінде: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім». Дамудың жақсы жаман болуы, ақылды ақылсыз болуы, тұқым қуалауышық негізіне байланысты ақсүйек тұқымынан шыққандар арқылы, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуын тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1899-1920) өзінің педагогикалық шығармаларында қазақ тарихында бірінші болып жан мен тәннің, яғни психика мен мидың қатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндірген. Адам сыртқы дүниемен байланыстыра отыра біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады деген ақын С.Торайғыров өз шығармаларында сензитивті кезеңдер туралы жастық шақтың ерекшеліктеріне сипаттама берген. Ақын жастық шақта адамның ақыл-ойы, интелектісі өте алғыр, дүниені танып білуге құмарлығы күшті, сондықтан да осы кезде оқуға, білім алуға ерекше ұштасу қажет екені туралы айтқан.

Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) XX ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәдени әдеби өміріне белсене араласып, туған халқына ізгілік пен имандыкы, ғылыми ағартушылықты тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық пәлсапалық-психикалық дәстүрін жалғастырып халқына мол әдеби мұра қалдырған. «Анық пен танық», «Қазақ айнасы» шығармаларында Шәкәрім адамға сыртқы дүниенің қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып біл, оның өлшеусіз байлығын мұратына, қасиетіне жарат, бұл үшін Алла тағала адамға ми берді, білу, тану, ұғыну – бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасаған.

Спандияр Көбеев (1887-1956) өз педагогикалық еңбегін Ы.Алтынсариннің ағартушылық жолымен жүргізіп, халық арасында үлкен беделге ие болған. «Ол балаларды оқуға ынталандыру тәрбиесі» туралы еңбегінде: «Балаларды оқуға ынталандыру, оларды өнер-білімге қызықтыру, еңбекке баулу, балаларға мектепке ғылым негізін ұғындыру арқылы тәрбиелеуге болады» деген ой-пікірлерін көрсеткен. Ол сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмысының маңызды екені туралы өз еңбектерін де «баланың мінез құлқын түзету өте маңызды, өте жауапты жұмыс. Ашулануы да, асығуы да, әбірленгенді де білмейтін, ойы да шабандау, сезімі де шабындау бола алады. Мұндай балалар айтқанды да тез ұға қоймайды. Ал осындай баланы «түк ұқпайды», «меңреу» деп кінәлау дұрыс емес деген.

Осындай сол кездегі озат ойлар дефектологияның педагогикалық оптимизімінің қиғидаларын анықтады.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) өзінің қысқа өмірінде тұңғыш «Педагогика» атты оқулығын жазып, бала тәрбиесінің проблемасымен айналысушы мұғалімдерге үлкен көмек көрсеткен. Сол педагогика оқулығында «Жан көріністері мен дене көріністері арасындағы байлам» және «Өзінің Бақылау жолы» деген тарауларында «Сыртқы сезім әсерленулері аса қымбатты көру мен есту, бұлардан кейін сипап сезу» деп жазған.

Ж. Аймауытұлы (1889-1931) жас ұрпақты адамгершілік тәрбиелейтін еңбектер жазған. Олар тәрбие жетекші «Жан жүйесі және өнер таңдау».

Аймауытұлының психологиялық мұрасы туралы айтатын болсақ оның 12 тараудан тұратын «Психология» атты еңбегінің маңызы зор. Осы кітабын қарастырсақ «Дененің кейбір мүшелері, олардың қасиеттері» деп аталатын тарауында, ол адамның жан қуаттары жүйке саласы, кызу, тежелу процесі, ми бөліктері, олардың қызметі негізгі сезім мүшелері иіс сезімі, құлақ және дәм, тері т.б. дәйекті түрде мағлұмат берген. Ол «Педагогикалық жетекшілік» атты танымал оқулығанда психофизиологиялық мәселелерге байланысты сұрақтарды қарастырды. Оларға: сананың пайда болуы мендамуын, адам санасының ерекшеліктерін, психиканың анатомиялық-физиологиялық негіздерін, мидың қызметі мен оның функцияларын, сезім мүшелері құрылымының психикалық процестерін, негізгі танымдық процестер анализделетін және олардың физикалық негіздерінің ашылуын жатқызуға болады.

Осындай ғылыми терең ойлар арнайы педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі кемістіктің күрделілігіне қарамастан меңгеруге мүмкіндік бар екенін анықтаған. Дәлел ретінде Ж.Аймауытов «Нүр күйі немесе күйлі сөз» деген поэмасында Жібек деген ананың жана туған нәрестесіне толғанып айтқан жырымен жазған.

Ең алғаш дамуында кемістігі бар балаларды арнайы мекемелерде оқытудың көрінісі Шоқан Уәлихановтың інісі Макежанді (1844-1923) Петербор қаласындағы саңырауларға арналған училещесінде білім алуы. Макежан 10 жасында сол училещеге қабылданып, Петербор қаласында (канцелярия), суретші болып Омбы қаласында жұмыс жасаған. Замандастары Макенің естімейтіндердің сөйлеу тілін жақсы меңгерген, білімді адам деп айтқан.

Сонымен бұл көзқарастар арнайы педагогиканың теориясы толықтыра тарихи дамуына ерекше орын алатыны күмән келтірілмейді. Жалпы біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі Ресейлік кемтар балаларды оқыту тәжірибе негізінде қалыптасқан.

 

2. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы (1920-1945)

Ұлы қазан төңкерістен кейінгі уақыт. Қазақстанда ауытқуы бар балалардың көбеюі. Азамат соғысы, ашаршылық, эпидемия және т.б. айғақты себептердің соның ішінде: жеткілікті жағдайда мектептер жүйесі, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде кемістігі бар балалар, бұзақылар қайыршылар көбейіп кетті.

Бұл мәселелерді шешу, яғни ауытқулығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайда болды, себебі Қазақстанда бұл бағытта жұмыс істеу тәжірибесі болмаған. Төңкеріске дейін Қазақстанда ауытқулығы бар балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы тұлғалардың ауытқулығы бар балалардың проблемасына көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды. Ауытқуы бар балаларға жеке ұйымдастырылған көмек түрлері болды. Кемістігі бар балаларды және ересектерді окыту және тәрбиелеу тәжірибесі есепке алынған жоқ.

Қазақстанда ғылым мен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді, данышпандары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.6. мүмкіндік туғызды.

Ғалымдардың педагогика жене психологияның проблемаларына ой пікірлері кұнды болғаны сөзсіз. Олардың ғылымның дамуына, психологияның білім деңгейіне кеңіл аударуы сол заманда маңызды орын алды және сол негіздің қалыптасу салдарыиан арнайы білім беру жүйесі дамыды.

Қазақстанда ауытқышылыкты алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. Бұл конференцияда ен бірінші рет дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру проблемалары, оларды оқыту, тәрбие беру мекемелерінің ажырату, ауыткуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстары бойынша мәселелер қарастырылды.

Конференцияда шешілетін сұрақтар арнайы білім беру жүйесін әзірлеуде дұрыс жолда екенің көрсетті. Балалар мен жеткіншектердің еңбек қызметінің негізінде тәрбие процесін құрастыру, бөлек, ажырата білім беруге байланысты сұрақтар өз уақытында және дұрыс көтеріліп отырды.

Балалардың ауытқулығына байланысты күрес балалар арасындағы қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен қатар жүреді. Мекемелердің көп түрі: балалар үйі, панасыз балаларға арналған коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру-түзету пункттері ашылды. Ал ауытқулықтары бар балаларға арналған мамандырылған мекемелер біздің республикамызда баяу дамыды.

1921жылы Орынборда ең алғаш рет ақыл-ойы кем және естімейтін сөйлемейтін тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды. Олар ауытқулықтары бар балаларды қажет мекемелермен қамтамасыз ете алмаса да, дегенмен бұл республикада арнайы білім беру жүйесі дамуының маңызды бөлігі болып табылады. 1922 жылы Ақмола губерниясында ауытқулықтары бар балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылдың 1-шілдесінде ҚССР-да 169 адамнан тұратын ауытқулықтары бар балаларға арналған бар жоғы 5 балалар үйі жұмыс істеді. Сол уақытта көптеген ауытқулықтары бар балалар жалпы типтегі мекемелерде қала берді. Интернатты қажет ететін 1,3 % балалар, 1.8 %- мектепке дейінгі, 33%-мектеп жасындағы балалар мұғалім кадрлармен игерілген болатын. Республикада дефектолог мамандар болған жоқ. Мұндай балаларды тәрбиелеуге кей жерлерде педагогикалық қызмет мүлдем даяр емес, тіпті білім жағынан да, адамгершіліктік жағынан да деңгейі төмен адамдар жұмыс істейтін.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің, солардың ішінде ауытқулықтары бар балалардың жагдайы өте ауыр болатын. Балалар мекемелері жылытылмайтын, жарық жүргізілмеген және тамақ өнімдері де жетіспейтін. Балаларға киім және аяқ киім жетіспейтін. Сондықтан ұлттық білім берудің негізгі бағыты балаларды суықтан, аштықтан, аурулардан, өлімнен және қараусыздықтан құтқару болып табылған.

Ең бірінші естімейтін және сөйлемейтін балаларға арналған балалар үйі Орынбордағы әйелдер монастырының орнына ашылды. Ол жерде 40 бала болды және де олар жалпы типтегі балалар үйінен шығарылып сол жерге көшірілген болатын. Бала өміріне жылына 72 сом бөлінетін. Әрине мүндай шектеулі ақша қоры балалар үйін толығымен қамтамасыздандыра алмайтын. Онда мұғалімдер балаларды тәрбиелеуге, еңбекке даярлауға көбірек көңіл бөлетін.

Балалар үйінде еңбекке даярлау балалардың жасына сай жүзеге асырылатын. Жоғарғы сыныптағы тәрбиеленушілер заудта, орта жастағылар мектеп шеберханаларында жұмыс істеді. Төменгі сынып оқушылары сурет салуға, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбектеріне үйрететін. Шеберханадағы жұмыс үш сағатқа созылатын. Ұлдар ағаш шеберханаларда балалар үйіне қажет заттарды, жиһаздарды жасайтын. Қыздар киім тігетін, тоқу т.б. үйрететін. Балалар үйінің өмірі негізінде өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі жатқан болатын.

Ақыл-ойы кем балалардың үйінде қол еңбегіне үлкен көңіл бөлінетін. Жалпы типтегі балалар үйінде түратын, арнайы түзетушілік әсер етуді қажет ететін ауытқулықтары бар балаларға арнайы жұмыстарды ұйымдастыруда үлкен қиыншылықтар кездесті. Жалпы типтегі балалар үйіндегі жұмыскерлер мұндай балалардың категорияларымен жұмыс жасаудың спецификасымен таныс болмағандықтан, кез-келген қызмет түрлеріне, әрекеттерге қоспайтын.

Қазақстандағы ауытқулықтары бар балаларға арнайы білім берудін құрылуының бастапқы кезеңінде естімейтін тұлғалармен жұмыс жасау жақсы көрініс тапты. 1920 жылы республикада Ресей елінде тағайындаған арнайы кызметкерлер естімейтін балалар мен ересектерге білім мен жұмыс берудің сұрақтарымен айналысатын болды. Естімейтін түлғаларды есепке алды, санақ жүргізді. Бірқатар қалаларда ересек естімейтін тұлғалар еңбек ететін мекемелер, жұмыс орындары ашылды.

Естімейтін тұлғалардан басқа ақыл-ойы кем балалар мен ересектерге де көмек көрсетілді. Көрмейтін тұлғаларға келетін болсақ оларды РСФСР-дағы балалар мекемелеріне жіберілетін, ол жерде қазақстандықтарға 35 орын бөлінген болатын.

1923- 1924ж.ж. балаларға арналған мекемелердің жұмысында жағымды өзгерістер болды. Балалар үйінен бас өзіне-өзі қызмет көрсету бағытына байланысты оқыту-өндірістік шеберханалар ашылды. Ақыл-ойы кем және естімейтін тұлғаларға арналған арнайы балалар үйі өз қызметтерін Ресейдің-халық ағартушылығын басқармасының әлеуметтік тәрбие беру қағидаларына сәйкес құра бастады. Оларға:

1. Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс жасауда тәрбиешілердің міндетті түрде арнайы даярлықтары.

2. Балаларды арнайы мектепке қабылдау барысында оларды жеке дербес тексеруден өткізу.

3. Бала тұлғасының жан-жақты дамуына максималды түрде балалар үйінде қажетті жағдайды қамтамасыз ету.

4. Тәрбиеленушілердің өмірін отбасы жағдайындай ұйымдастыру.

5. Тәрбие процесін еңбек ету негізінде жүргізу.

1925 жылы жаңа әкімшілікі белінулерге сәйкес Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызыл-Ордаға кешірілді. Соның салдарынан Орынборда болған ауытқулықтары бар балаларға арнайы мекемелер Ресейге көшірілді.

Сол уақытта Казақстанда дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мекемелердің болмауынан, оларға республикадан тыс Ресей мен Ташкент қалаларында кемек керсетілетін болды. Ауытқулықтары бар балалардың кебісі жалпы үлгідегі балалар үйінде кала берді. Кемтар балалар санының жоғарғы пайызы арнайы көмек қамтамасыз етілмеген болған және панасыз балалар арасында қылмыскерлер саны да есе берді. ҚР мемлекеттік архив корыныңдағы мәліметтері ауытқулықтары бар балалар туралы нақты санақ жүргізілмегенің дәлелдейді..

Республикада әртүрлі ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мектептердің қажеттілігі өсе берді. 1926 жылы еліміздің білім берудің дамуыту жобасында арнайы мектептер ашу қарастырылған болатын, бірақ экономикалық жағдайдың қиыншылықтары мұны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Сонымен, Қазақстанда ауытқулықтары бар балаларға арнайы білім беру жүйесінің құрылуының алғышарттары өткен ғасырдың 20-жылдары қаланған болатын. Аталмыш балаларға білім мен тәрбие беруді дамытуды сол кезеңнің танымал тұлғаларының қызметтері үлкен рөл атқарды. Ауытқулықтары бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастырудың алғашқы қадамдары ресейлік тәжірибені ұйымдастыру негізінде әзірленді. Сол уақыттағы ең маңызды жетістік ауытқұлықтары бар балаларға көмек көрсету міндетің мемлекетік мойындағаны.

Ал 30-шы жылдары республикада арнайы білім беру жүйесінің дамуы жалғаса берді. Арнайы білім беру жүйесінің дамуында маңызды жаңалық болып 1931 жылы 8-маусымда халық ағартушылық комитетінің мәжілісі қабылдаған ауытқуы бар балатарға арнайы білім міндетті тұрде беру туралы шешімі болды. Бекітілген жоспар бойынша 8- 15 жас аршіығындағы дамуында кемістігі бар балаларға міндетті түрде білім беру 1933 жылдың 1-қазанына енгізу керек болатын.

1931- 1932 оқу жылдарының басынан республикада естімейтін және көрмейтін балаларға арналған 2 типтегі арнайы мектептер ашылды. 30 балаға есептелген естімейтін балаларға арналған мектеп білім ала алатын естімейтін балалардың барлығын қабылдай алмады. Көрмейтін балаларға білім беруде де киыншылықтар кездесті. 1936-1937 оқу жылдарының басындағы мәліметтер бойынша республиканың әртүрлі аймақтарында шамамен 103 көрмейтін балалар білім ала алмады.

1937 жылдан бастап Семей, Ақтебе, Орал, Қарағанды мен Қостанайда естімейтін балаларға арнайы мектептер мен балапар үйлері ашыла бастады. 1938 жылы естімейтін және көрмейтін балаларға арналған арнайы мектептердің материалдың базасы жақсара бастады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 1940-1941 оқу жылдарында Қазақстанда 3,4 мың ауытқулықтары бар балаларға арналған 33 арнайы мекеме жұмыс істеді. Сол уақытта мамандардың жетіспеуі ерекше сезілді. 30 жылдардың ортасына дейін республикадағы арнайы мекемелерде дефектолог мамандар болған жоқ. 1935 ж РСФСР-дан Қазакстанға 2 сурдопедагогпен Барнаулдық сурдопедагогика мамандығы бойынша техникумды аяктаған мұғалім келді. 1938 жылы Ленинградта 14 мүғалім 3 айлық курстардан өтіп келді. Бір жылдан кейін Ленинградта жалпы мектептерден тағы да 12 мүғалім жіберілді. 1940 ж республикада естімейтіндерге арналған мектептерге Мәскеулік 2 айлық курстардан өткен 13 адам келді.

Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс істеуге жоғарғы білімі бар дефектологтардың квалификацияланған мамандары қажет болды. Осы кезде тифлопедагогтар мен олигофренопедагогтар жоқ болатын.

Жалпы 20-30-шы жылдары дамуында ауытқулыктары бар балаларға арналған оқыту, тәрбие беру мекемелеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау мен кәісптік біліктілігін жоғарлату жүйесінің қалыптасу кезеңін бастан кешірді.

Арнайы мектептерге жалппы білім беретін және еңцбекке даярлауда әдістемелік, нұсқаулық құжаттар мен бағдарламалардың болмауы да қиыншылық туғызды.

Қазақстанда 30 жылдардағы дамуында ауытқулықтары бар балаларға арнайы білім беру жүйесі дамуының қорытындысы жағымды жағынан көрінді. Акыл-ойы кем, көрмейтін, естімейтін тұлғаларға арналған оқыту, тәрбие беру жүйесі құрастырылған. Ауытқулықтары бар балалардың өмірінің негізі еңбек болды. Материалды-техникалық базасының төмен болуы, мамандардың жетіспеуі, бағдарламаның, шеберханалардын жетіспеуі жеткіліксіз жағдайда болған.

Ұлы Отан соғысының басталуы Қазақстанда белсенді дамып келе жатқан білім беру, ағартушылық жұмыстары тоқтатты, соғыс жағдайына сәйкес бейімделген. Қалыпты құрбылары сияқты дамуында ауытқулықтары 190 бар балалар әр жағдайда өз білімдерін жалғастыра берді. Олар тегін білім алды, сонымен қатар мемлекет жағынан қамтамасыздандырылып отырды.

Сол жылдары Қазақстанға 3740 тәрбиеленушілері бар 174 балалар үйі көшірілді. Соның ішінде тек 50-ге жуығы ғана сақталып қалды. Оларға келген оқушылардың барлығын сиғыза алмағандықтан балалар үйі мен мектептер кеңейтілді.

Республиканың барлық аймақтарында балаларды көшіруге байланысты баларға материалды тұрмыстық жағдайлар ұйымдастыруды қажет етті.

Қарағанды облысына көрмейтін балалардың келуіне байланысты, онда көрмейтін балаларға арналған мектеп-интернат ашылды. Одессадан келгендерге Қызыл-Орда ақыл-ойы кем балаларға арналған Молтов атындағы балалар үйі ашылу ұйымдастырылды; Жамбыл ауданында көрмейтіндерге арналған Гродиковская мектебі жұмыс жасай бастады; Воронеж облысынан келгендерді Түркістан ауданына, Онтүстік Қазақстан облысына орналастырды. Харьков, Киев, Мәскеу, Курск және ресейдің басқа да облыстарынан келген 848 ауытқулықтары бар балаларды қабылдады. Соғыс жағдайы ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мектептердің тіршілігі мен қызмет етуін күрделі қиыншылықтарға әкелді. Оқушылар санының көбеюі оқыту мекемелерінің материалдың жағдайына қатты әсер етті. Көптеген балалар үйі мен мектептер оларға кажетті оқу құралдарын, киімдерді бере алған жоқ.

Соғыс жылдарындағы қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстанда 30 жылдары басталған барлық ауытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы білім беру жүйесі өз жалғасын тапты. Көшірілген мектептердің педагогикалық ұжымы Ресейлік халық ағартушылық басқармасы шығарған «Положение об интернатах для детей школьного возраста, прибывших из других областей» атты жұмысында ұйымдастырылған әр арнайы мекемеге жәрдем, көмек көрсету үшін 1-2 совхоз бекітілген.

Әскери уақытты ескере отырып, білім мен тәрбие беру процестеріне өзгерістер енгізді. Ол балаларды еңбекке даярлау мен тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар арқылы жүзеге асты.

Балалар үйі мен мектептердегі оқу-өндірістік шеберханалардың базасын кеңейтуге, қосымша шаруашылықтарды дамытуға, балаларды еңбекке қатыстыруға үлкен көңіл белінді. Республикадағы арнайы мектептерде шеберханалык жұмыстар ұйымдастырылды. Оларға: тігінші, етікші, слесарь, ағаш шебері т.б. мамандықтарды жатқызуға болады. Мысалы, Шиелідегі естімейтіндерге арналған балалар үйінде 4 шеберхана жұмыс істеді: тігінші, тоқыма, етікші және слесарлық. Тоқыма шеберханасында 1942 жылы 728 жүп шұлык, 97 жұп трико, 53 жемпір шығарды,

Халық ағартушылық аумағындағы балалар үйлердің ынтасы бойынша республикадагы арнайы мектептерде дамуында ауытқулығы бар балаларды еңбекке тәрбиелеу мен білім берудің сапасын жақсарту мақсатында кәсіптік деңгейде көтеру үшін тәрбиешілерге еңбекке оқытудың нұсқауларына арнайы семинар-практикумдар ұйымдастырылды. Бұл ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мекемелердегі педагогикалық кадрлар кәсіби біліктілігін жоғарлатудың бұрын қолданыста болмаған формасы болды.

1944 жылдың қарашасында балалар үйінің директорлар, хатшылар мен меңгерушілерінің республикалық жиналысы болып етгі. Жиналыста ауытқулықтары бар балаларға арналған балалар үйінің секциялары жұмыс істеуі, ол жұмыска естімейтін және көрмейтін балаларға арналған Алма-Ата балалар үйі, Түркістандагы көмекші мектеп-интернатгар, Семипалансктегі естімейтіндерге арналған балалар үйінің директорлары мен тәрбиешілеріне катысты. Қазақ ССР-нің ұлттык білім беру органдары әскердегі қажеттіліктерді қамтамасыздандыру үшін арнайы мектептердегі оқушылардың коғамдық пайдалы қызметтерін дамыту үшін барлық жагдайларды жасауға тырысты.

Балаларды оқыту тәрбие беру мекемелерінде мынадай қоғамдық пайдалы еңбектің түрлері кең өріс алды: дәрілік өсімдіктерді жинау, темір-терсек жинау, ендіріске кеткендер мен жауынгерлердің отбасыларына көмек көрсету т.б. жатқызуға болады. 1944-1945ж.ж оқушьшар 978268 темір-терсек тонна, 4450 тонна 934 кг дәрілік шөптер жинады.

Егер соғыс жылдарында ауытқушылықтары бар балаларға республикада білім беру үзілмесе, көрмейтіндер мен естімейтін тұлғалар саны азаюшы еді. Қазақ жылдан-жылға мұғалімдерге деген қажеттіліктер көріне бастады, әсіресе соғыс жылдарында.

1942 жылдың аяғында бірқатар аймақтарда ауытқулықтары бар балаларға арналған балалар үйі мен мектеп-интернаттардағы педагогикалық кадрлар жақсара бастады. Бұған Қазақстанда болған дефектологиялық білімі бар мүғалімдер саны өз әсерін тигізді. Бірақ соғыстың болуына байланысты 1944 ж педагогикалық кадрлар қайта күрт төмендеді. 1944-1945 оқу жылдарында барлык мектеп типтерінде мұғалімдерге деген кажеттілік 7015 адам құрады.

Сонымен соғыс кезеңінде Қазақстанда арнайы білім мен тәрбие беру жұмысында бірқатар ерекшеліктер байқалды. Арнайы мектептер және контингент саңының үлкеюі байкалды. Ауытқулықтары бар балаларга арналған оқыту-тэрбие беру мекемелер жүйесі 10-ға дейін қысқарып соғыстан кейінгі жылдары да қысқартуды жалғастырды. Ауытқулыктары бар балалармен жұмыс ұйымдастырудағы қиыншылықтар: мекемелердің, кабинеттердің, құралдардың, тұрмыстық және мектеп жабдықтарының жетіспеуі оқыту-тәрбие беру процесіне жағымсыз әсерін тигізді.

Бұл кезеңнін жағымды жақтары арнайы мекемелердің қоғамдық пайдалы еңбекке бағытталған қызметтері белсенді жүргізілуі.

Қорыта келгенде Қазақстанда ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы окыту-тәрбие беру мекемелерінін пайда болуы ағартушылық жүйесіндегі гуманизациямен, дамуында кемістігі бар тұлғаларды арнайы еңбек арқылы оңалтуға байланысты шартталған. 1920-1945 жылдар аралығында республикада арнайы білім беру мен тәрбие беру жүйесі қалыптасуынын маңызды кезеңі болды. Осы жылдардағы киыншылықтарға 192 қарамастан бүл кезең Қазак Республикасындағы арнайы білім беру жүйесі құрылуының негізгі, бастапқы іргетасын қалады.