Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар білім алушылардың оку жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар

55.Даярлық, 1- 5 - сыныптардағы орыс (ана) тілі бойынша бағалау нормасы.

Оқушының әрбір жауабы (ауызша және жазбаша) оның сөйлеу дамуы мен ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгерудегі алға жылжуының жалпы динамикасын, белгілі бір кезеңге бағдарламаның ана немесе өзге бөлімдері бойынша оның дэл алатын білімін, дағдыларын ескере отырып, сараланып бағаланады. Сөйлеуге қатысты жауабын бағалай отырып, жауабын дұрыс ресімдеуге көмектесе отырып, мұғалім өз кемегін ескеруі қажет. Окушы аз кате жіберген сайын, баллдар соғүрлым жоғары қойылады.

Ерекшелік ретінде: сейлеу патологиясының ең аз түрімен ауыратын балалар: анартрия, сенсорлық алалия, сенсорлык афазия, операция жасалмаған жырықтар.

56.0сы санттағы білім алушыларды аттестаттау сол баланың сейлеу кемістігінің күрделілігін, мүмкіншілігін ескере отырып, педагогикалық кеңестің шешімімен жүргізіледі.

57.Тіл дамыту.

Тіл дамыту бойынша білімді, дағдыларды тексеру кезінде педагог оқушылардың пысықтаған лексикасы бойынша, лексиканы игеру білімін, сөздердің және сөйлемдердің құрылысын оқылған грамматикалық нысандарын, байланысты сөйлеуді дамыту динамикасын, сөз тіркесін, жауапты құрастыру қажеттігін, сөйлеуді ресімдеуді білуін ескеру міндетті.

Оқушыға:

Сөйлеуде оқылатын және өткен лексиканы дұрыс қолданған кезде, сөзді дұрыс құрау және өзгерту, грамматикалық талаптарға сәйкес сөз тіркесін және сөйлемдер құраған кезде, сұрақ коюды білсе, қысқа және толық жауап берсе, өз бетінше әңгімелесе алса, әңгімелесі кезінде белсенділік танытса, сурет немес бірнеше сурет бойынша, манызды сөздерге, жоспарға иек арта отырып, бақылау, диафильм бойынша әңгіме құрау кезінде ойын кеңірек жеткізе алса, материалды қисынды, дәйекті түрде жеткізу кезінде «5» бағасы қойылады; «5» бағасына білімін бағалау кезде бір, екі қате жіберуге немесе мұғалімге болымсыз көмек көрсетуіне болады;

«5» бағасын алуға қойылатын талаптарға жауап берген кезде «4» бағасы қойылады, бірақ бұл ретте тақырып бойынша жаңа сәздік әр кезде тура және толық пайдаланылмайды, күрделі сөйлемдерді қолдануда мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады; сөздерді мағыналық ауыстыруда, сөйлемде сөздің түрі немесе байланысының өзгеруінде кеткен қате кезінде; кеңейтілген сөйлемді дұрыс құрмаған кезде;

Екі, үш, жеке жағдайда төрт қате жіберуге болады;

Өткен тақырып бойынша сөздердің мағынасын толық игермеген, бағдарламада көзделгеннен басқа грамматикалық құрылым бойынша өте жай сөйлемдерді ұдайы қолдану кезінде; өз бетінше әңгімелесе алмайтын, сөйлем құра алмайтын, өз бетінше затты суреттей алмаса, тақырып мазмұнын өз бетінше аша алмаса, жекелеген пікірді қисынды, дәйекті түрде біріктіре алмаса «3» бағасы қойылады;

Мұғалімнің тұрақты түрдегі немесе жартылай көмегі кезінде төрт, бес қате жіберуге болады;

Тақырып бойынша жаңа сөздікті жеткіліксіз игерсе, «2» бағасы қойылады; сөздерді дұрыс қолданбайды, сөздерді мағыналық ауыстыру орын алған, тек қана жай сөйлемдерді қолданады, пікірін дәйекті түрде және байланысты құрай алмайды, суреттейтін құбылыс, заттардың аса маңызды қасиеттерін көрсете алмайды, мазмұнын ашу үшін қажетті фактілердің керектісін тандай алмайды, лексика - грамматикалық және фонетикалық қате жібереді; тұрақты түрде қателер саны жеті - тоғыздан асып кетеді;

«1» материалды толық игермеген кезде, мұғалімнің көмегін пайдаланбайды, лексика — грамматикалық қателер жібереді.

Ескерту: «2» мен «1» бағысы даярлық және 1—сыныпта қойылмайды. 58.0қу.

Оқуын бағалау кезінде оқу жылдамдығын ғана емес, сондай - ақ мәнерлеп оқуын, мәтінмен жұмыс істей алатынын, оқығанын түсіну, мәнерін ескеру қажет.

Оқушыға:

«5» даярлық және бірінші сыныпта, егер бала барлық сөздердің өткен буындық құрылымы бойынша сөзді дұрыс, буынға бөліп оқыса қойылады, бірінші сыныптың аяғына қарай сөзді толық оқиды; дыбыстарды, у буындарды, сөздерді бұзбай, ауыстырмай оқиды, дыбыстар мен сөздерді анық айтады, екпінді дұрыс сақтайды; күрделі сөздер мен жаңа сөздерді буынға бөліп, бір және екі қатемен оқуға болады;

Үшінші, төртінші сыныптарда сөздерді жылдам, кідірісті, орфоэпиялық оқу нормасын, қисынды екпінді сақтай отырып оқиды; оқыған тақырыпты түсінеді, қателермен жұмыс жасағанда жаңа сөздерді жақсы қолданады, құбылыстарға, фактілерге, кейіпкерлерге баға бере алады, мәтінді жақсы қарайды, оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді, оқыған мәтінін дұрыс айтып бере алады; мәтінмен жұмыс істей алады, шығарманың кез - келген бөлігіне ат қоя алады, тақпақтың мәтінін жатқа біледі және оны мәнерлеп айтады; сыныптан тыс оқу бойынша талаптарды орындайды;

«4» бағысы оқығанда, (дыбыстар мен буындарды ауыстырғанда, қайта қойғанда) кідірісті, екпінді сақтаған кезде сөздерде жіберілетін үш, төрт қате болса қойылады, мәтін мазмұнын түсінеді, бірақ жауабын нақты айта алмайды, кейде сөздерді дұрыс қолданбайды;

Толық (1-2 сыныптарда), қысқа және таңдау арқылы (3-4 сыныптарда) мәтін мазмұнын айтып бере алады, өз түзете алатын немесе мұғалімнің көмегімен тез түзете алатын үш, бес лексика - грамматикалық қателерді жібереді; оқу кезінде бірен - саран қателер жібереді және оларды тез түзетеді;

«3» - бес, жеті қате жібереді, кейінгі сыныптардағы оқу қарқынын сақтайды; сыныптың аталған деңгейінің оқу техникасы игерген; оқыған мәтіннің мағынасын жеткіліксіз түсінеді, мәтінмен нашар жұмыс жасайды;

Даярлық және бірінші сыныпта буынға бөліп оқуды игермеген, 2 -сыныпта буынға бөліп оқу орын алады, 3 - 4 сыныптарда мәтінді үзіп -үзіп оқиды, кідіріс сақтамайды, мәнерлеп оқымайды, сөздік және қисынды екпінде қате жібереді;

«2» - даярлық және бірінші сыныпта оқуға қанағаттанарлықсыз баға қойылмайды; мәтінді үзіп - үзіп, буынға бөліп, кейде әріптеп оқиды, әртүрлі қателер жібереді, оқыған мәтіннің басты мағынасын көрсете алмайды, мұғалімнің көмегімен мәтінді айтып бере алмайды.

Ескерту: ағымдағы оқу жылы мұғалімнін жүйелі түрде оқу техникасын тексеруге міндетті. Оқу техникасын тексеру үшін балаға мүмкіндігі жететін мәтін алынады. Ертегілерді, өлеңдерді, ғылыми -танымдық мақаларды, әдеби шығармаларды оқу техникасын тексеру үшін пайдалануға болмайды, өйткені олар жай оқылады. Оқуын бағалау кезінде баланың жеке басының мүмкіндіктерін, сөйлеу кемістіктігінің түрі мен денгейін оқу жылы бойы алға жылжу динамикасын ескеру қажет. Үшінші вариант бойынша білім алатын сыныптарда оқу нормативтерін азайтуға және аса күрделі сөйлеу кемістігі бар жекелеген балаларда екінші вариант бойынша оқитын сыныптарда оқу нормативтерін аз ғана төмендетуге болады, әрбір оқу жылының басында оқудың былтырғы жылғы нормативтері жұмыс істейді.

Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзеу) ұйымдағы сыныптардың оқу техникасының нормативтері

 

59.Сөйлеуінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі сыныптардың оку техникасының нормативтері

 

Сынып 1 - ші деңгей 2 - ші деңгей 3 - ші деңгей
Даярлық минутына 15-20 буын, сөз минутына 10-15 буын, сөз минутына 10 буын, сөз
 
1 -сынып 25-30 20-25 10-20
2 -сынып 35-45 30-40 25-35
3 -сынып 55-65 50-60 40-50
4 -сынып 75-85 70-80 50 - 60

 

60.Грамматика және жазу.

Жалпы талаптар:

1) жалпы білім күнделікті жазбаша жұмыстардың, ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады;

2) бақылау жұмыстарының тақырыптары мен жиілігі оқылатын тақырыптың ерекшелігін, оның ауырлығын және әрбір сынып оқушыларының сөйлеу ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады;

3) қорытынды бақылау жұмыстары әрбір тоқсанда, жарты - жылдықта бағдарламаның неғұрлым маңызды тақырыптарын өткеннен кейін өткізіледі;

4) бірінші даярлық сыныбында қорытынды бақылау жұмыстары әрбір жартыжылдықтың аяғында ғана өткізіледі;

5) қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу уақыты мектепішілік кестеге сәйкес анықталады. Бір оқу күні ішінде бір ғана жазбаша бақылау жұмысын өткізуге рұқсат беріледі.

61.Бақылау жұмыстарын, диктанттарды бағалау.

Бақылау диктанттары арқылы жазу дағдылары тексеріледі, сондықтан диктанттар бір бағамен бағаланады.

Диктантты және бақылау тапсырмаларын біріктіретін бақылау жұмысында (фонетикалық, грамматикалық және басқа талдаулар) екі баға қойылады (әрбір жұмыс түріне):

1) даярлық және бірінші сыныпта тексеру жұмысына 20 минуттан аспайтын уақыт беріледі, 2 және 3 - сыныптарда 35 минуттан аспайтын, 4 және 5 - сыныптарда - 40 минутке дейін беріледі;

2) даярлық сыныптарында диктанттар екінші жартыжылдықтан кейін жазылады және сауаттылық пен сөйлеу сабақтарында жақсы пысықталған буындар, сөздер, қысқа сөйлемдер беріледі;

1 - сыныпта диктант мәтіні сауаттылық және сөйлеу сабақтарында бірнеше рет талданған сөздер мен сөйлемдерден тұрады, диктантта пайдаланатын материалдың лексика - грамматикалық жағы тіл дамыту сабақтарында алдын ала дайындалған болуы керек, таныс емес сөздер тақтаға жазылады, диктанттағы сөздер көлемі жайлап арта береді, жылына 10-15 сөзге артады.

Ескерту: егер диктант қосымша грамматикалық тапсырмалармен бірге жүрсе, онда оның көлемі 10-12 сөзге дейін қысқаруы мүмкін.

62.Диктантқа арналған материалдың көлемі:

 

Сынып 1 - ші деңгей 2 - ші деңгей 3 - ші деңгей
Даярлық 15-20 буын және сөз 10-15 буын және сөз 10 буын және сөз
1 -сынып 25 - 35 20 - 30 15-20
2 -сынып 40-45 35-40 25-30
3 - сынып 50-60 45-55 30-40
4 -сынып 65-75 60 - 70 50-60