Тақырыптың мазмұны

Нарық құрылымын алдымен 3 фактор анықтайды:

1. Саладағы фирмалар саны және олардың ауқымы (көлемі).

2. Фирмалардың өндіретін тауарларының түрлері (біртектес немесе ерекшеленген).

3. Басқа фирмалардың салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері.

Осы факторларды ескере отырып нарық құрылымын негізгі 4 түрге бөліп көрсетуге болады:

· жетілген (таза) бәсеке;

· абсолютті (таза) монополия;

· монополистік бәсеке;

· олигополия.

 

Фирма нарық құрылымының қай түрінде іс-әрекет жасаса да, ол өзі үшін екі маңызды сұрақтың шешімін табуы керек:

1. Салада қалу керек пе, әлде жұмысты тоқтатқан жөн бе?

2. Егер салада қалса, онда тауарлар мен қызметтерді қандай көлемде шығару керек?

TR < TC болғанда.

 

Бірінші сұрақ шығынға ұшырап тұрғанда фирмалар үшін көкейкесті мәселе болады. Бұндай фирма үшін ең басты мақсат – шығындарын ең төменгі деңгейге жеткізу (минималдау).

Егер фирма жұмысын тоқтатса, онда оның шығындары тұрақты шығындарға (FC) тең болады. Сондықтан, егер (TR – TC) < FC болса, онда өндірісті жалғастырған жөн, себебі бұл жағдайда шығындарды ең аз жеткізуге болады. Ал, егер (TR – TC) > FC болса, онда өндірісті тоқтату тиімді.

Жабылу (банкроттық) тәртібі былай айтылады: егер тауарларды сатудан түскен түсім (TR) өзгермелі шығындарды (VC) өтей алмаса, онда фирма өз жұмысын тоқтатуы керек (TR<TC). Егер осы екі көрсеткішті Q-ға бөлсек, онда жабылу тәртібінің басқа интерпретациясын аламыз:

 

TR / Q < VC / Q = P < AVC.

 

Пайдасын мейлінше арттыратын (TR>TC) фирма үшін өзекті мәселе екінші сұрақ – қанша өндіру керек?

Фирма өндірісті (Q) кеңейту үшін шекті шығынның (МС) өсуінен гөрі шекті түсім (MR) өсуінің тезірек болуын қамтамасыз етіп тұрғанға дейін өнім шығаруды көбейтеді.

Ал MC = MR болғанда, фирма оңтайлы өнім көлемін шығаруға жетеді. Бұл – шектеулі шығарылым тәртібі.

 

Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз – нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі.

Басқаша айтсақ, жетілген бәсеке нарығы – бұл «тең мүмкіндіктер нарығы».

Жетілген бәсекелестік жағдайындағы нарықтық құрылымның басты шарттары мынадай болып келеді:

1. Нарықта біртектес (стандартталған) өнімді өндіретін және сататын фирмалар саны көп болады.

2. Шаруашылық субъектілерінің саладан еркін шығуы және оған еркін кіруі ештеңемен шектелмейді.

3. Нарық ұсынысының жалпы көлеміндегі әрбір жеке фирманың үлесі өте аз, сондықтан ол тауардың нарықтағы бағасына әсер ете алмайды. Керісінше, ол өзі нарықтың стихиялы күшіне тәуелді болады және тыстан берілген бағаны қабылдайды. Сондықтан бұндай нарық құрылымында жұмыс істейтін фирмаларды – «баға қабылдаушылар» деп атайды.

4. Ақпараттың мол болуы. Нарықтың субъектілері (сатушылар, сатып алушылар, өндіріс факторларының иелері) сол берілген нарықтың барлық параметрлерін аса толық біледі. Толық деректілік олардың арасына тез арада тарайды және олар ақпарат жинауға ешқандай артық шығын жұмсамайды. Осы шарттың негізінде ортақ баға заңы қалыптасады.

«Ортақ баға заңы» дегеніміз – жетілген бәсеке нарығында кез келген сатушының кез келген тауарды немесе қызметті ортақ нарықтық баға бойынша сатуын сипаттайтын нарықтық қағида.

Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұранысты график түрінде қарастырсақ, ол көлденең сызық болады (Сурет 6.1).


MR

AR TR

TR

 

P = MR = AR D

 

Q

Сурет 6.1 Жетілген бәсеке жағдайындағы

фирманың өніміне деген сұраныс қисығы

 

Фирманың орташа түсімі (AR) мен шекті түсімі (MR) өнімнің нарықтық бағасына тең болады, ал олардың графигі сұраныс қисығымен дәлме-дәл келеді. Жалпы түсім (TR) сату көлемі өскен сайын жоғарылай береді.

 

Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру екі тұрғыдан қарастырылады:

1. Жетілген бәсеке жағдайында фирма шекті түсімі (MR) шекті шығынға (MC) тең болғанда өз пайдасын мейлінше арттырады (максималдайды) немесе шығындарын барынша азайтады (минималдайды), бірақ бұл кезде баға (Р) орташа өзгермелі шығындардың (AVCmin) минималды деңгейінен жоғары болуы керек (Сурет 6.2).

 

МС

МR

Р Шығын


Е MR = P

Пайда AVC

 

 

Q* Q

Сурет 6.2 Жетілген бәсеке жағдайында пайданы

мейлінше арттыру (бірінші әдіс)

 

Е нүктесі – оңтайлы өнім шығару нүктесі.

· Егер Q > Q* болса, онда МС > MR және өнім шығаруды көбейту ұтымсыз болады.

· Егер Q < Q* болса, онда MR > МС – бұл өндірісті көбейтуге ынталандырушы болады.

· Е нүктесінде MC = MR = P немесе MC = P болғанда пайда максималды деңгейге жетеді.

2. Екінші әдістеме бойынша фирма әр түрлі шамадағы өнім көлемін шығарудан түсетін жалпы түсімін (TR) жалпы шығындармен (TC) салыстырады. Фирма TR мен TC-тің айырмасы ең көп болатын, яғни пайданың ең жоғарғы деңгейіне жеткендегі нұсқаны таңдап алады (Сурет 6.3).

· F1-ге дейін және F2-ден кейін TC > TR – өндіріс зиянды және мақсатсыз болады.

· F1 – F2 – пайда алынатын аудан.

Q* нүктесі графикте TR мен TC-тің бір бірінен өте алшақ болатын нүктелеріне сәйкес келеді, бұл жерде TR – TC = max болғанда пайда ең жоғарғы деңгейге жетеді, ал Q* - оңтайлы өнім көлемі.

 

TC

P

TR TR

TC F1

 

 

F2

       
   

 


Q* Q

Сурет 6.3 Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру (екінші әдіс)

 

Нарықта қандай бағаның бекітілгеніне қарамастан, бәсекелес фирма MC = P болғандағы өнім көлемін шығаруға ынталанады. Қысқа мерзімдегі бәсекелес фирманың ұсыныс қисығын төмендегі суретте сипаттауға болады (Сурет 6.4).

 


МС MC

MR ATC

P

E

P5 D AVC

P4

P3 С

В

P2 А

P1

Q

Сурет 6.4 Жетілген бәсекелес фирманың

қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы

· А нүктесінде фирма өнім өндірмейді, себебі P1 < AVC, сондықтан ұсыныс 0-ге тең болады.

· В нүктесінде фирма өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді, себебі баға (P2) AVC-ті әрең өтейді.

· С нүктесінде фирма шығындарын (зияндарын) минималдайды, себебі AVC < P3 < ATC. Шығын көлемі: π = (TR / Q – TC / Q) . Q = (P – ATC) .Q.

· D нүктесінде фирма өзін өзі өтеу жағдайында жұмыс істейді: P = ATC.

· Е нүктесінде фирма өз пайдасын мейлінше арттырады: P5 > ATC.

Фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы (SR) болып шекті шығын (МС) қисығының орташа өзгермелі шығындар (AVC) қисығының ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан бөлігі табылады. Өндіріс саласындағы қысқа мерзімдік ұсыныс қисығын жеке фирмалардың ұсыныс қисықтарын көлденең түрде қосу арқылы табуға болады.

 

Ұзақ уақыт мерзімінде экономикалық пайда жаңа фирмаларды қызықтырады, ал зияндар фирманы өндіріс саласынан кетуге мәжбүр етеді. Осының нәтижесінде тауардың нарықтық бағасы типтік фирманың орташа жалпы шығындарының (LRAC) ең төменгі деңгейінде орнайды, саланың барлық фирмаларының экономикалық пайдалары 0-ге тең болады, ал олардың әрқайсысы P = LRAC = LRMC шарты орындалғандағы өнім көлемін таңдайды (Сурет 6.5). Төмендегі график бойынша, Е нүктесі – ұзақ мерзімдегі жетілген бәсекелес фирманың тепе-теңдік белгісі.

 


P SRAC LRMC

 

LRAC

 

E

P

 

Q* Q

Сурет 6.5 Ұзақ мерзімдегі жетілген

бәсеке нарығындағы тепе-теңдік

 

Баға (Р) мен ең төменгі деңгейдегі орташа жалпы шығындардың (LRAC) теңдестігі: фирманың белгілі технологиялардың ішіндегі ең тиімдісін пайдаланатынын, ең төменгі деңгейдегі баға белгілейтінін және ең жоғарғы көлемде өнім шығаратынын көрсетеді. Баға (Р) мен шекті шығындардың (LRMC) теңдестігі: ресурстардың тұтынушылар таңдауына сәйкес бөлінгенін білдіреді.

 

Орытынды

1. Бағаның қызмет етуіне байланысты, нарықтық заңға сәйкес сұраныс пен ұсыныстың еркін ойыны арқылы анықталатын нарық – жетілген бәсеке нарығы деп аталады.

2. Жетілген бәсеке нарығындағы фирманың әрекетін талдау фирманың шығарылым көлемін таңдау ұстанымдары туралы сұраққа жауап іздеуге негізделеді.

3. Жетілген бәсекелес фирма – бұл нарықтық бағаға әсер ете алмайтын және оны «берілген» деп қабылдайтын, сонымен қатар, оның әрекет ету сипаттамасы нарықтағы қалыптасқан жағдайларға бейімделетін фирма.

4. Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар біртекті тауарлар өндіретіндіктен, жеке алынған фирманың өніміне деген сұраныс абсолютті икемді, ал сұраныс қисығы көлденең сызықты болып табылады.

5. Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс абсолютті икемді болып табыла отырып, оның сұраныс қисығы шекті табыс қисығымен сәйкес келеді, бұл өз кезегінде фирманың нарықтық бағаны басшылыққа ала отырып шығарылым көлемі туралы шешім қабылдауға итермелейді. Фирма өз пайдасын шекті шығындар нарықтық бағаға тең болғандағы шығарылым көлемі кезінде максималдайды.

6. Қысқа мерзімде жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы өндірістің қысқа мерзімді шекті шығындарының орташа өзгермелі шығындармен қиылысуындағы жоғарғы кесіндісімен сәйкес келеді:

- өндірістің орташа шығындарынан жоғары баға кезінде фирма экономикалық пайда алады;

- бағаның өндірістің орташа шығындарына тең болуы кезінде фирма нөлдік пайда ала отырып, өзін-өзі өтеу жағдайында болады;

- фирма шығындарды ең аз деңгейге жеткізе отырып бағаның минималды орташа өзгермелі шығындарымен тең болғандағы шығарылым көлемін жүзеге асыруы қажет.

7. Жетілген бәсекелестік жағдайында ұзақ мерзімді уақытта MC=MR=AC=P теңдігі сақталады. Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық фирмаларының шығындары бірдей болуы керек деген парадокс туындайды.

8. Жетілген бәсеке нарығында салаға кіріп-шығу тосқауылдарының жоқ болуы ұзақ мерзімде нарықтық ұсыныстың ұлғаюы есебінен экономикалық пайданың жоғалуына себепші болып табылады.

9. Жетілген бәсекелі фирманың және саланың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайы нарықтық баға өндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болған уақытта орындалады, яғни фирмалар нөлдік экономикалық пайданы ғана ала алады.

10. Қысқа мерзімдегі нарықтық (салалық) ұсыныс бағаның әрбір жеке деңгейінде жекелеген фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс көлемдерін көлденеңінен қосу арқылы анықталады.

11. Салалық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы өндіріс факторларына деген бағалардың өзгеруіне байланысты қалыптасады және оның көлбеулігі мынадай болуы мүмкін: а) көлденең түзу сызықты, егер өндіріс факторларының бағалары салалық шығарылым көлемін кеңейту кезінде өзгеріссіз қалса; ә) жоғары бағытталған өспелі қисық түрінде, егер факторлардың бағалары өссе; б) төмен бағытталған кемімелі қисық түрінде болуы мүмкін, егер өндіріс факторларының бағалары төмендейтін болса.

12. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етудің мынадай шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жетілген бәсеке жағдайындағы фирма баға шекті шығындарға және де өндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болғандағы сату көлемін таңдайды.

13. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етуді қамтамасыз етудің аса тиімді әдісі болып табылады, яғни бұл жерде өндірістік ресурстарды аса ұтымды түрде пайдалану жүзеге асырылады және өндіріс үрдісі ең аз шығындармен және аса арзан тәсілдермен орындалады.