Монополистік бәсеке нарығы

Мақсаты:монополиялық бәсеке нарығын талдау арқылы олардың ерекше белгілерін айқындау, жетілмеген бәсеке концепциясын әріқарай қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:

 

Дәріс сабағының жоспары:

1. Монополистік бәсеке нарығының моделі және оның сипаттамалары.

2. Монополистік бәсеке жағдайындағы фирманың баға мен өнім көлемін белгілеуі. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдік.

3. Бағалық емес бәсеке. Жарнама және экономикалық тиімділік.

Негізгі ұғымдар: монополиялық бәсеке; өнімді ерекшелендіру; тауарлар тобы; қуат артықшылығы; сату шығындары; жарнама; бағалық бәсеке; бағалық емес бәсеке; т.б.

 

Тақырыптың мазмұны. Монополистік бәсеке– бұл салада өзіндік ерекшеліктері бар тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирмалар болатын, сонымен қатар, олардың ешқайсысының нарықтық бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның бір түрі. Монополиялық бәсеке «таза монополия» жағдайына, сонымен қатар «жетілген бәсекеге» де ұқсайды.

Басқаша сөзбен айтқанда, монополистік бәсеке – тәжірибе жүзінде аса жиі кездесетін, «ұқсас еместілердің бірлігі» деген атқа ие нарықтық құрылымның жетілмеген түрі.

Монополиялық бәсеке нарығының моделін алғаш рет ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ағылшын экономисі Эдвард Чемберлин (1899-1967) мен американдық экономист Джоан Робинсон (1903-1983) жасап, микроэкономика ғылымына енгізген болатын.

Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған, кемімелі, икемді болады. Сұраныс икемділігінің факторлары – бәсекелестер саны, өнімнің ерекшелену (дифференциациялану) деңгейі.

Тауарды ерекшелендіру (дифференциациялау) дегеніміз – фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушының көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі, сату шарттары, буып-түю және т.б жатады.

Монополиялық бәсеке нарығы моделінің ерекшеліктерін екі негізгі сипаты бойынша қарастыруға болады:

1. Монополиялық сипаттары бойынша:

- кемімелі сұраныс қисығы;

- бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.

2. Бәсекелестік сипаттары бойынша:

- нарықты басқа ұсақ фирмалардың көпшілігімен бөлісу;

- іс-әрекеттері басқа фирмалаға тәуелді емес;

- өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.

Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша шығындар осы салаға жаңа фирмалардың кіруіне кедергі болуы мүмкін.

 

Қысқа мерзімде монополиялық бәсеке нарығындағы әрбір фирма таза монополияға ұқсас болады. Алдымен, ол MR = MC жағдайына сәйкес өнім көлемін анықтайды, ал одан кейін осы өнім көлеміне сәйкес келетін бағаны (Р) белгілеу үшін сұраныс қисығын пайдаланады.


P МС

пайда


 

P* А АТС

 


D


Q* MR Q

Сурет 8.1 Монополиялық бәсекенің

қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі

Бұл уақытта фирманың пайда алуы немесе зиян шегуі баға (Р) мен орташа жалпы шығындардың (АТС) арақатынасына байланысты болады. Дегенмен, монополиялық бәсеке жағдайында экономикалық пайда пен зиян көп тұрақтамайды.

 

Ұзақ уақыт мерзімінде пайда бәсекелестерді салаға кіруге ынталандырады, ал зияндар – шығып кетуге себеп болады. Фирмалардың көшу процестері экономикалық пайда 0-ге тең болғанға дейін жалғаса береді. Бұл жағдай жетілген бәсекеге ұқсас: пайда да, зиян да жоқ.

 

       
 
   
 


P MC

SRAC

 

A LRAC

P*

 

D

Q* MR Q

Сурет 8.2 Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік

А нүктесі – ұзақ мезімдегі тепе-теңдік нүктесі, мұнда пайда 0-ге тең болады. D қисығы ұзақ мерзімдегі орташа шығындар (LRAC) қисығына жанама болып келеді. Фирмалар бұл жағдайда тек қалыпты (нөлдік) ғана пайда алады.

 

Монополиялық бәсеке жағдайындағы фирма өндірістің тиімді ауқымымынан төмен деңгейдегі өнім өндіреді. Өндірістің тиімді ауқымы – орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейіне (LRACmin) сәйкес келетін өнім шығару көлемі болады.

Фирма өнім көлемін (Q) жоғарылатып, ал орташа жалпы шығындарды (АТС) төмендете алатын мүмкіндігі болғандықтан, оның өндірістік қуатының артықшылығы (∆Q) болатынын көреміз.

∆Q = өндірістің тиімді ауқымы – нақты өнім шығару көлемі.

Қуат артықшылығының болуы: тұтынушылар үшін тауарлар ең жоғары деңгейде шығарылмайтынын және баға да ең төменгі деңгейде болмайтынын көрсетеді. Бұл монополиялық бәсекенің жетілген бәсекеге қарағанда тиімділігі төмен нарық құрылымы екенін көрсетеді. P* > MC болғандықтан кейбір тұтынушылар тауарларды алудан тартынады, осылайша монополиялық баға қалыптастырудың салдарынан қайтарылмайтын қоғамдық шығындар туындайды.

 


P

LRMC


 

Pm

LRAC min LRAC

 

 

D

MR

Qm Q1 Q

Сурет 8.3 Өндірістік қуат артықшылығы

Монополиялық бәсеке кезіндегі экономикалық тиімсіздік саладағы артық өндірістік қуаттардың болуымен байланысты сипатталады.

 

Орытынды

1. Фирмалар көп болған жағдайда, бірақ оның әрқайсысы монополиялық биліктің бір бөлшегіне ие болған қарама-қайшы жағдай монополистік бәсеке деп аталады.

2. Монополистік бәсеке – бұл (тұтынушы көзқарасы бойынша) ұқсас, бірдей емес өнімді өндірушілердің салыстырмалы үлкен санын айтамыз.

3. Өнімді дифференциациялау – тұтынушының көзқарасы бойынша тауардың оның қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа тауарларға қарағанда айрықша қасиеттері бойынша ерекшеленуі.

4. Өнімдік дифференциация салалық тосқауыл, әрі фирманың нарықтық билікке ие болуының көзі болып табылады.

5. Ерекшелендірілген өнім өндіретін фирманың өніміне деген сұраныс салалық сұраныстың бір бөлігі болып табылады. Бұл жағдайда фирма сұраныс қисығының көлбеулік сипатымен санасады, өйткені ол экономикалық пайда алуды қамтамасыз ететін ұсыныс көлемін оңтайландыруға мүмкіндік жасауы керек.

6. Монополистік бәсеке нарығы – бұл нарықтық билікке ие болған дифференциацияланған өнімді сатушылардың сату көлемі үшін өзара бәсекелестік жүргізуі орын алатын нарық. Сондықтан фирмалар баға бойынша ғана емес, сонымен қатар, бағалық емес параметрлер арқылы да бәсекеге түседі.

7. Егер монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма пайданы максималдауды басшылыққа алатын болса, онда ол шығарылым көлемін өндірістің шекті шығындары оның шекті табысына тең болған кезде оңтайландыруы қажет.

8. Монополистік бәсеке жағдайында фирманың өніміне деген сұраныс қисығы кемімелі болып табылғандықтан, оның бағасы мен өндіріс көлемі арасындағы нақты тәуелділікті анықтау мүмкін болмайды. Сондықтан, осындай фирмаларда ұсыныс қисықтары болмайды.

9. Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма өнімінің бағасы қысқа мерзімде оның орташа өзгермелі шығындарын және ұзақ мерзімді кезең үшін ұзақ мерзімді орташа шығындарды жауып отырғанша дейін шығарылым көлемін жүзеге асыра береді.

10. Монополистік бәсеке жағдайында фирманың және саланың ұзақ мерзімдік тепе-теңдігі тауарды өндірістің ұзақ мерзімді орташа шығындарға тең болғандағы бағамен сатқанда орындалады, бұл салалық тосқауылдардың төмен болуына орай бәсекенің орын алуына себепші болып табылады. Сондықтанда, фирма ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында бола отырып экономикалық пайда алу мүмкіндігінен айрылады.

11. Монополистік бәсеке жағдайындағы фирмалар өз өніміне деген сұраныс қисықтарының көлбеулігімен санасады десек, онда олардың ұзақ мерзімдік тепе-теңдікке жетуі нарықтық бағалардың шекті шығындардан және өндірістің ұзақ мерзімді минималды орташа шығындарынан жоғары болуы кезінде қамтамасыз етіледі, ал бұл өз кезегінде артық өндіріс қуатының болуын сипаттайды.

12. Салада артық өндіріс қуатының орын алуы – бұл монополистік бәсеке нарығының экономикалық тиімсіздігінің болуы, ол жоғары бағаның және шығарылым көлемін қысқартудан тұтынушылық ұтымның бір бөлігінің жоғалуымен сипатталады.

13. Фирмаларда қуат артықшылығының және нарықтық биліктің орын алуы оларды пайданы арттыру мүмкіндіктерін іздеуге итермелейді. Ол үшін фирмалар сұранысты кеңейтуге, ынталандыруға және оның икемділігін төмендетуге (өнімнің дифференциациясын арттыру, жарнама, бағалық дискриминацияны пайдалану, мамандандыру, т.б.) бағытталған әдістерді қолданады.