Олигополия нарығы және оның модельдері

Мақсаты:олигополия нарығын және оның модельдерін талдау арқылы оның ерекше белгілерін айқындау, жетілмеген бәсеке концепциясын толығымен қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:

 

Дәріс сабағының жоспары:

1. Олигополистік бәсеке нарығының сипаттамалары

2. Олигополияның негізгі модельдері: Курно - дуополия моделі. Бағалық қақтығыс. «Сұраныстың сынған қисығы» моделі. Картельдік келісім. Бағадағы жетекшілік моделі. Бағаны тежеу тәжірибесі. «Шығындар плюс» принципі бойынша бағаны қалыптастыру моделі, т.б.

Негізгі ұғымдар: олигополия; табиғи олигополия; дуополия; Курно моделі; Бертран моделі; Нэш теңдігі; баға қақтығысы; ойын теориясы; ұтыс матрицасы; максимина стратегиясы; картель; баға көшбасшысы; ішінара монополия; нарыққа кіруді шектейтін баға; сынған сұраныс қисығы; т.б.

 

Тақырыптың мазмұны. Олигополия – нарықтық құрылымның бір түрі. Мұнда сату көлемінің қомақты бөлігін бірнеше ірі фирмалар жасайды және олардың әрқайсысы нарықтық бағаға әсер ете алады. Өндірістің күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, электроника, кеме және ұшақ жасау өнеркәсібі және т.б. нарық құрылымының осы түріне жатады.

Басқаша айтқанда, олигополия – бұл «өзара әрекет етуші сатушылар» нарығын сипаттайтын жетілмеген бәсеке нарығының бір түрі. Олигополиялық нарықтардағы фирмалардың іс-әрекеті соғыстағы әскердің тәртібіне ұқсайды. Фирмалар – қарсыластар, олжасы пайда болып табылады. Ал олардың қаруы ретінде бағаға бақылау жасау, жарнама және шығарылым көлемін қарастыруға болады.

«Олигополия» деген терминді алғаш рет ағылшын гуманисті және мемлекет қайраткері Томас Мор өзінің «Утопия» атты еңбегінде 1516 жылы қолданды.

Олигополия нарығы моделінің түрлері:

1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.

2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты) өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.

3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия – нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль, тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.

Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:

1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.

2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады.

3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады.

4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады.

5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.

Жалпы өзара байланыстың салдары:

1) сұранысты бағалау қиындығы;

2) шекті түсімді анықтауға болмайды;

3) тепе-теңдік баға (P*) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q*) анықтау мүмкіндігі жоқ.

Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-әрекет модельдеріне бөлінеді.

Кооперативтік емес іс-әрекет кезінде әрбір сатушы баға мен өнім шығару көлемін анықтау мәселесін өз бетінше шешеді. Кооперативтік іс-әрекет – фирмалардың осы сұрақтарды бірігіп шешуін білдіреді.

 

Курно моделі. Олигополия нарығының теориясын Курно дуополиясын қарастырудан бастаймыз. Екі олигополистің іс-әрекетін зерттейтін модельді алғашқы рет 1838 жылы француз математигі және экономисі Огюстен Курно (1801 - 1877) ұсынды. Екі фирма іс-әрекет жүргізетін олигополия – дуополия, ал модель – Курно дуополиясы деп аталады. Нарықтағы модель бойынша – екі фирма (дуополия) Х және У өзара бәсекелес, біртектес өнім өндіреді және баға мен өнім көлемі туралы шешімдерді өз бетінше қабылдайды (кооперативтік емес іс-әрекет). Бұл кезде тек өндіріс шығындары мен сұраныс қана емес, сонымен қатар бәсекелестің ұсынысы да ескеріліп отырады. Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде өз бәсекелесінің өндіріс көлемін тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно моделінде фирмалардың іс-әрекеті, өзара қатынасы баға тұрақты болған кезде өндіріс көлемінтаңдау арқылы жүзеге асырылады.

Егер У фирмасы сату көлемін кеңейте бастаса, онда Х фирмасы сұраныстың белгілі бір бөлігінен айырылып қалады. Бұл Dx қисығының солға қарай жылжуына әкеледі. Нәтижесінде Х фирмасының пайдасын мейлінше арттыратын өнім көлемі (Q0 Q1 Q2) және соған сәйкес баға да өзгереді.

       
   


P Х фирмасы


MC

 


P0

P1

P2 D­0

MR0

D1

MR1

MR2 D2

Q2 Q1 Q0 Q

Сурет 9.1 Курно моделі

Х фирмасының өндіру көлемі У фирмасының өндіру көлеміне тәуелді, яғни Qx (Qy). Графиктегі Х қисығы – осы фирманың реакция қисығы деп аталады. Осындай графикті У фирмасы үшін де салуға болады. (Qу (Qх)).

 

Qx Х

 


А

Q*x

У

Q*у Qy

Сурет 9.2 Курно тепе-теңдігі

Курно тепе-теңдігі – А нүктесінде фирмалардың болжамдары олардың нақты іс-әрекеттерімен дәлме-дәл түседі, ал Q*x және Q*у – оңтайлы өнім көлемдері.

Курно дуополиясы – бұл екі бәсекелес фирманың іс-әрекетін талдайтын модель және осы модель бойынша бір фирма өнім көлемін көбейту арқылы екінші фирманы біртіндеп нарықтан ығыстырады.

Дегенмен, егер Х фирмасы белсенді ұстаным көрсетіп, У фирмасын өз нарығына жібермейтін болса, онда бағалық қақтығыс басталып кетуі мүмкін.

 

Бағалық қақтығыс (баға соғысы) – олигополиялық нарықтан өз бәсекелесін ығыстыру мақсатында бағаны тізбектеп төмендету циклі. Ол баға ең төменгі деңгейіне жеткенге дейін (P = AC = MC) жалғаса береді. Бағалық қақтығыс нәтижесінде өнім көлемі q3 баға P3 деңгейіне жетеді, фирмалар жетілген бәсеке жағдайындағы тәрізді болып, экономикалық пайда ала алмайды.

Е нүктесі – Бертран тепе-теңдігі деп аталады.

       
 
   
 


Р

 

P1

 

P2

E

P3 AC = MC

 

 


Q q1 q2 q3 Q

Сурет 9.3 Бертран тепе-теңдігі

 

Тұтқындар дилеммасы моделі.Бұл модель олигополиялық фирмалардың іс-әрекетін ойындар теориясы тұрғысынан қарастырады, яғни қатысушылардың ықтималдық жағдайлардағы іс-әрекетін математикалық тәсілдермен зерттейді.

Олигополия кезінде фирма бағалық стратегияны анықтағанда бәсекелесінің стратегиясына тәуелді болатын өзінің ықтимал пайдалары мен зияндарын бағалайды.

А және В фирмалары үшін оқиғалардың ықтимал нұсқалары нәтижелер (ұтыс) матрицасында келтірілген:

 

Кесте 9.4 Нәтижелер (ұтыс) матрицасы

 

  А фирмасының бағалық стратегиясы   В фирмасының жауап ретіндегі реакциясы
  бағаны төмендету   бағаны өзгеріссіз қалдыру
бағаны төмендету     π - азаяды     π - азаяды π - азаяды     π - көбейеді
бағаны өзгеріссіз қалдыру   π - көбейеді     π - азаяды π - өзгермейді     π - өзгермейді

 

Баға туралы мәселелерді шеше отырып А және В фирмалары кооперативтік емес ойын жүргізеді, яғни өз бәсекелесінің іс-әрекетін ескере отырып олардың әрқайсысы өз бетінше бағаны анықтайды.

Мүмкіндіктерінің ішінен ең нашарынан сақтану үшін, А және В фирмалары өз бағаларын бір мезгілде төмендетеді, бұл кезде пайданың белгілі бір бөлігінен айырылады (ең төменгі зияндар стратегиясы – сол жақтағы бұрышта).

Бұл стратегия бір-біріне сенбейтін тұтқындар іс-әрекетіне ұқсайды.

 

«Сұраныстың сынған қисығы» моделі. Бұл модельді басқаша Суизи моделі деп те атайды. 1939 жылы американдық экономис Пол Суизи (1910 - 2004) олигополия нарығында шығындардың өзгеруіне қарамастан бағаның жиі тұрақтанатынын зерттеп түсіндірген. Суизи моделінде олигополистердің тауарлары бір-бірін айырбастай алады, бірақ олар Курно және Бертран модельдеріндегі сияқты абсолютті бірдей болмайды.

Суизи барлық фирма бірдей баға белгілейді деп болжап, модельдегі бағаның қатаңдығын түсіндіреді. Олигополистің сұраныс қисығының формасы осы фирманың іс-әрекетін оның бақталастарының қалай сезінетініне байланысты болады. Егер фирма бағаны көтерсе, оның өніміне сұраныс икемді болады, себебі бәсекелестер оған жауап ретінде бағаны көтермейді (D2). Ал егер фирма өз бағасын төмендетсе, онда сұраныс икемсіз болады, себебі бәсекелестер де бағаны төмендетуі мүмкін (D1). Осының нәтижесінде – фирманың сұраныс қисығы сынық түрінде болады (D2 P D1).

 

 


Р

МС

 

D2 Р

D2

А

D1

 


B

 

MR1 MR2 Q

Сурет 9.5 «Сұраныстың сынған қисығы» моделі

Р – бекітілген баға. Егер фирма бағаны жоғарылатса, онда сұраныс D­2-нің бойына жетеді. Егер фирма бағаны төмендетсе, онда сұраныс өзгермейді.

MR қисығында вертикальді айырма болады А – В. MR шамасындағы айырмаға байланысты өнім көлемі шекті шығындар өзгергенде (МС) де тауардың бағасына әсер ете алмайды. Экономистер бұл модельде көп түсініксіз сұрақтар бар деген тұжырым жасады. Біріншіден, олигополия нарығында баға тұрақтылығы басқа нарық құрылымдарындағы сияқты көп тұрақтанбайды, ол әрдайым өзгеріп отырады. Екіншіден, модельде олигополиялық баға қалыптасуының принципі түсіндірілмейді, (неліктен Р бағасы белгіленеді, одан басқа баға неге қойылмайды) сондықтан, фирмалар неге осы бағаны таңдаған деген сияқты сұрақтар туындайды.

 

Картельдік келісім моделі. Жасырын (құпия) келісім – картельдердің қалыптасуына жетелейтін олигополиялық фирмалардың кооперативтік (біріккен) іс-әрекеттері. Ал, картель дегеніміз – бұл біртұтас монополия болу үшін өнім шығару көлемі мен тауардың бағасы жайындағы шешімдер бойынша бір ымыраға келуші фирмалар тобы.

Бірыңғай баға белгілеу (ортақ баға принципі бойынша) – картельдің барлық мүшелерінің түсімдерін жоғарылатады, бірақ бағаның жоғарылауы міндетті түрде сату көлемінің төмендеуімен қатар жүреді.

Осы бітімде әрбір фирма өз пайдасын мейлінше арттыру мақсатымен құпия түрде бағаны төмендетіп, келісімді жиі бұзады. Бұл картельді күйретеді. Сондықтанда картельдік келісімдердің тәжірибе жүзінде көп жағдайда қалыптасуы қиынға соғады және ол бәсекені шектейтін болғандықтан заңға қайшы келеді.

Жасырын келісім жасауға келісімдер:

1. Сұраныс пен шығындардың айырмашылықтары.

2. Саладағы фирмалардың саны.

3. Іскерлік белсенділіктің кенеттен төмендеуі.

4. Салаға басқа фирмалардың кіру мүмкіндіктері.

5. Бағалық дискриминация принципі бойынша бағаны жасырын төмендетуге негізделген алдампаздық.


P MC

 


PM

 

E

PK

D

 

MR


QM QK Q* Q

Сурет 9.6 Картельдік келісім

 

Бағадағы жетекшілік моделі.Бағадағы жетекшілік (үнсіз бітім) – бұл өз өнімдерінің бағасы туралы олигополистер арасындағы келісім. Мұның мағынасы мынаны білдіреді:

       
   
 
 


P MC

 


PL

 

DN

 

DL

 

MRL


qL qF qD Q

Сурет 9.7 Баға белгілеудегі жетекшілік (лидерлік)

Саладағы фирмалар бір компания – көшбасшының қойған бағасына сүйеніп, сол бағдарға ілеседі. Әдетте көшбашы ретінде өз саласы аумағында ең ірі деп саналатын фирма шығады. Бағадағы жетекшілік моделін ішінара (жартылай) монополия деп те атайды. Яғни, ішінара (жартылай) монополия дегеніміз – жетекші фирманың өзінің жетегіндегі фирмаларға қарағанда шекті табыс пен шекті шығынның теңесуі принципін негізге ала отырып монополиялық бағаны тағайындай алуы. Ал басқа соның жетегінде жүрген фирмалар жетекші фирманың белгілеген монополиялық бағасын «берілген» деп қабылдап, нарықтық сұраныс туралы ақпаратқа толық ие сол лидер-фирманың іс-әрекетін мойындауына тура келеді.

Көшбасшының (жетекшінің) бағаны түзетудегі тәсілі:

1. Бағаны түзету сирек болады және шығындардың біршама өзгеруіне байланысты ғана жүргізіледі.

2. Жақында бағаны қайта қарау болатыны туралы алдын ала бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлар беріліп отырады.

3. Баға жетекшісінің ең жоғарғы деңгейдегі бағаны таңдауы міндетті емес.

 

Бағаны тежеу тәжірибесі моделі.Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруіне кедергі түрінде ең төменгі деңгейдегі баға белгілеу тәжірибесі. Осы кезде фирмалар бақталас-фирманы салаға жібермеу үшін ағымдағы пайдаларынан уақытша бас тартады. Мұндай тәжірибенің механизмі – фирмалар әлеуетті бәсекелестерінің ең төменгі деңгейдегі орташа шығындарын бағалап, содан кейін бағаны осы деңгейден төмен қылып белгілейді.

 

«Шығындар плюс» принципі бойынша бағаны қалыптастыру моделі.Бұл модельде бағаны қалыптастыру үрдісі былай орындалады: олигополист алғашқыда өнімнің белгілі бір жоспарлы деңгейіне сәйкес келетін орташа өзгермелі шығындарын (AVC) бағалайды, ал содан кейін оған анықталған пайда пайызының мөлшерінде «үстеме» қосады: P = AVC + «үстеме». «Үстеме» AFC-ті жауып, қалыпты пайданы қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек. «Шығындар плюс» моделін басқаша, «костплас» моделі деп те атайды.

 

Орытынды

1. Салада фирмалардың саны шектеулі болған жағдайда олигополия нарығы қaлыптасады.

2. Салада тек екі ғана фирма қызмет жасаса, онда олигополияның дуополия деп аталатын түрі қалыптасады.

3. Олигополия – бұл шешім қабылдау кезінде өздерінің бәсекелестерінің мүмкін болатын іс-қимылдарын есепке алатын, бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста әрекет ететін фирмалардың саны шектеулі және санаулы болып табылатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның бір типі.

4. Олигополия жағдайында жұмыс істейтін фирмалардың нарықтық билікке ие болуының көзі ретінде салалық ұсынысқа бақылау жасау шарты қарастырылады, мұндай биліктің дәрежесі сұраныс икемділігіне және фирмалардың өз қызметтерін дұрыс жүргізе алу мүмкіндігіне байланысты болып табылады.

5. Олигополиялық жағынан өзара әрекеттесетін фирмалар салалық пайда максималды болатындай шығарылым көлемін қамтамасыз етуді өз алдына мақсат етіп қояды. Өзара әрекеттесудің өзі кооперативтік стратегия формасында жүзеге асуы мүмкін, яғни бұл жағдайда бірігу фирмалардың баға мен өндіріс көлемі туралы өзара келісімге келуі арқылы қол жеткізіледі, және де әрекет ету кооперативтік емес стратегияны қолдану кезінде орын алуы мүмкін, яғни бұл жағдайдағы координация бәсекелік әдістер жолымен жүзеге асырылады.

6. Олигополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар нарықтағы қалыптасқан жағдайларға байланысты әрекет етудің әртүрлі стратегияларын таңдауы мүмкін. Саладағы фирмалар кооперативтік стратегияларды жүзеге асырғанда өзінің негізгі параметрлері (баға деңгейі және өндіріс көлемі) бойынша қалыптасатын нарықтық тепе-теңдік монополиялық жағдайға ұқсап бағады. Егерде фирмалар кооперативтік емес стратегияларға жүгінетін болса, онда нарықтық тепе-теңдіктің параметрлері жетілген бәсеке жағдайына жақындайды.

7. Олигополия жағдайында фирмалар монополист ретінде, жетілген бәсекелес ретінде де өзара әрекетке түседі десек, онда олигополистік нарықтар үшін фирмалар қол жеткізгісі келетін тепе-теңдіктің ортақ нүктесі болмайды. Осының салдарынан олигополиялық нарықтың жұмыс істеуі әр түрлі модельдермен сипатталуы мүмкін.

8. Фирмалардың саналы түрде жүзеге асырған кооперативтік стратегиясы кезінде нарық картель формасына ие болады. Картель – барлық қатысушыларға өндірістің көлемін, тауардың бағасын, жұмыс күшін қабылдау жағдайын, патенттермен айырбас, өткізу нарығын шектеуді және жалпы өндіріс пен өткізу көлеміндегі әрбір қатысушының үлесін бекітетін бірнеше кәсіпорындар арасындағы келісім.

9. Нарықта жекелеген фирманың (фирмалар тобының) үстемдік жүргізуі жағдайында салалық нарық бағадағы жетекшілік моделіне айналады. Бағадағы жетекшілік моделі – саладағы фирмалар өз өніміне деген сұраныстың сипатын ескере отырып, жетекші-фирманың қойған бағасын басшылыққа ала отырып өздерінің шығарылым көлемдерін оңтайландыруға негізделген кооперативтік стратегияның қалыптасқан қарапайым формасы.

10. Нарықтық бағаны ұзақ мерзімді орташа шығындар деңгейіне жақындатып тағайындау жолымен салаға кіруге қойылатын тосқауылдарды көтеру есебінен фирмалар саладағы қалыптасқан жағымды жағдайды сақтап қалуға тырысатын болса, онда фирмалардың өзара әрекеттесуі тежеушілік баға белгілеу моделінің формасын иеленеді.

11. Фирмалардың бәсекелік тұрғыдан өзара әрекетке түсуі сандық параметрлер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, яғни бұл жерде фирмалар өздерінің шығарылым көлемі туралы шешімді қабылдай отырып, бәсекелестерінің шығарылым көлемдерін (Курно моделі) немесе бағалық параметрлерді (Бертран моделі) есепке алады.

12. Нарықтық шарттардың және фирмалардың мақсаттық қалауларының белгісіздігі жағдайында олардың өзара әрекеттесуі таңдап алынған тәртіп стратегиясына байланысты бірнеше, әрі әр түрлі тепе-теңдік жағдайларға алып келуі мүмкін.