Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- О. Курно және дуополия теориясы.

- ОПЭК – халықаралық мұнай картелі.

- Олигополия қазақстандық нарықтарды дамытудың әдісі ретінде.

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Дуополияның түрлері;

- Картель және оның түрлері;

- Ойындар теориясы және олигополиялық теңдіктер;

- Олигополиялық модельдердің салыстырмалы сипаттамасы.

5. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Төмендегі келтірілген әрбір ситуация үшін нарықтық құрылымның сәйкес типін табыңыз:

А. Жетілген бәсеке

Ә. Монополия

Б. Монополистік бәсеке

В. Олигополия

Г. Монопсония

а) нарықта сатушылардың саны көп, олардың әрқайсысы салыстырмалы ұқсас бағалар бойынша фирмалық аяқ-киімдер ұсынады;

ә) нарықта телекоммуникациялық қызметтерді көрсетуші жалғыз ғана сатушы әрекет етеді;

б) фермерлердің үлкен саны нарықта кәртөпті бірдей бағамен сатады;

в) бірнеше ірі фирмалар автомобильдер нарығында пайданы өзара бөліседі;

г) нарықта көмір өндіретін құрал-жабдықты сатып алатын бір ғана сатып алушы жұмыс істейді;

д) жалғыз ғана фирма ауылдық елді мекенде жанар-жағар май құю бекетінің қожайыны болып табылады.

 

2. Олигополиялық нарықта біртекті тауар шығаратын екі фирма жұмыс істейді. Аталған екі фирма нарықтың үлесін тең бөліседі және тауарға бірдей баға тағайындайды. Төмендегі кестеде тауарға деген сұраныс пен әрбір фирманың шығындары туралы ақпарат берілген:

Баға (теңгемен) Сұраныс көлемі (данамен) Шығарылым көлемі (данамен) Жалпы шығындар (теңгемен)

 

а) Әрбір фирма өз тауарына бағаны белгілегенде оның бәсекелесі де сол бағаны таңдайтынына сенімді болса, онда нарықта қандай баға қалыптасады?

ә) Егер осы болжам сақталатын болса, онда әрбір фирма шығарылымның қандай көлемін таңдайды?

б) Ұзақ мерзімде жаңа фирмалардың нарыққа енуі орын ала ма?

в) Екі фирманың біреуінде болсын өз тауарына бағаны бәсекелесіне қарағанда төмен қылып тағайындауына ынтасы бола ма? Егер болса, онда ол қандай болмақ?

 

6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Олигополия нарығы қандай ерекшеліктерімен сипатталады?

А) бірнеше ірі фирмалардың үстемдік жүргізуі

В) фирма үшін салаға немесе нарыққа кіруінің біршама қиындатылуы

С) біртекті де, әртүрлі де өнімдер өндіру

D) баға тағайындау әдісінің «құпия келісім» жасау кезінде маңызды болуы

Е) осы аталған ерекшеліктердің барлығы дұрыс

2. Oлигополия теориясын құруға әрекет жасаған экономист:

А) Эдвард Чемберлин В) Огюстен Курно С) Джоан Робинсон D) Джон Гэлбрейт

Е) Карл Маркс

3. Олигополия – мыналар жұмыс iстейтiн нарықтық құрылым:

А) бiртектi тауар өндiретiн бәсекелес фирмалар көп В) өзiндiк қасиетi, ерекшiлiгi бар тауар өндiретiн көптеген бәсекелес фирмалар С) бәсекелес фирмалар көп емес

D) тек бiр ғана үлкен фирма Е) тек бiр ғана үлкен сатып алушы

4. Олигополистің «сынған» сұраныс қисығы нені көрсетедi:

А) шектi табыс қисығындағы үзiлiстi В) шектi шығын қисығындағы үзiлiстi

С) тауар бағасының шектi табыстан жоғары болмауы керектігін D) фирма iс-әрекетiнiң оптималды еместiгiн Е) бәсекелес фирмалардың құпия түрде келiсiлген бағаны ұстап тұруды

5. Курно үлгісі өнеркәсіптің қандай таңдауына негізделген:

А) өнім көлеміне В) бағаға С) баға мен өнім көлеміне D) ұсыныс қисығына

Е) шығындар қисығына

6. Тәжірибе жүзінде картельдер мен басқа да құпия келісімдер:

А) құрылуы оңай және ұзақ мерзім бойы өмір сүреді В) қалыптасуы қиын және ұзақ мерзім бойы қолдау қиын С) мемлекеттен қолдау табады D) құрылуы оңай, бірақ пайданы өзара бөлісе алмайды Е) құрылуы оңай және бұлар тек халық үшін ғана жұмыс істейді

7. «Баға соғысы» дегеніміз не?

А) олигополия жағдайында бәсекелес фирмалардың бір-бірін саладан ығыстыру мақсатында баға деңгейін төмендетуі В) олигополия жағдайында бәсекелес фирмалардың бір-бірін саладан ығыстыру мақсатында баға деңгейін жоғарылатуы

С) бәсекелес фирмалардың бір-бірін салаға кіргізу мақсатында баға деңгейін жоғарылатуы

D) бәсекелес фирмалардың бір-бірін салаға кіргізу мақсатында баға деңгейін төмендетуі

Е) бәсекелес фирмалардың бір-бірін салаға кіргізу мақсатында бағаны бір қалыпта ұстап тұруы

8. Бертран үлгісі ең алдымен қандай факторға негізделеді:

А) өнім көлеміне В) бағаға және өнім көлеміне С) сұраныс қисығына D) бағаға

Е) шығындарға

9. Пайданы максималдайтын салалық картельдің нарықтық мінез-құлқы:

А) олиполияның тәртібіне ұқсас болады В) монопсонияның тәртібіне ұқсас болады

С) монополияның мінез-құлқына ұқсас болып келеді D) баға алалаушылығын жүргізетін фирманың тәртібіне ұқсас Е) дуополияның әрекеттеріне ұқсас болып келеді

10. Дуополия қай нарықтық құрылымның мысалы болып табылады:

А) олигополияның В) монополияның С) монополистік бәсекенің D) монопсонияның

Е) екі жақты монополияның

11. Жетілген бәсекеге қарағанда монополистік бәсеке мен олигополия жағдайында:

А) өнім шығару көлемі төмен, ал бағалар жоғары В) өнім көлемі де, бағалар да жоғары

С) өнім көлемі де, бағалар да төмен D) өнім көлемі жоғары, ал бағалар төмен болады

Е) өнім көлемі мемлекетпен бақыланып отырады

12. Пайдаларын бірге барынша көбейту үшін фирмалар нарықтық құрылымның қай түрін ұйымдастырулары мүмкін:

А) монополиялық бәсеке нарығын В) картельді С) олигополиялық нарықты

D) монополиялық нарықты Е) монопсониялық нарықтық құрылымды

13. Олигополистің «сынған» сұраныс қисығын басқаша қалай атайды?

А) Курно үлгісі В) Штакельберг үлгісі С) Суизи үлгісі D) «Үзілген» үлгі

Е) Херфиндаль-Хиршман үлгісі

14. Олигополия жағдайындағы фирманың нарықтық тәртібінің аса нақты моделі ретінде:

А) теріс көлбеулі сұраныс қисығы саналады В) өте икемді сұраныс қисығы саналады

С) өте икемсіз сұраныс қисығының моделі саналады D) сынған сұраныс қисығының моделі саналады Е) «үзік-үзік» болып келетін сұраныс қисығының моделі саналады

15. Дуополиялық бәсекені анықтайтын басты белгі қандай?

А) өнімнің нақты түрін нарықта екі ғана фирма өндіреді

В) өнімнің нақты түрін нарықта бірнеше фирмалар өндіреді

С) екі ғана сатып алушы арасында туындайтын тауар бәсекесі

D) мұндай жағдайда жалғыз ғана фирма өте сирек өнімнің түрін сатып алады

Е) жалғыз ғана фирма өнімнің ерекше түрін өндіреді

16. Пайданы арттыруды көздейтін салалық картельдің қызметі:

А) монополияның әрекетіне ұқсас болып келеді В) олар кәсіподақтар сияқты жұмыс істейді С) монопсонияның тәртібіне ұқсас болады D) бағалық дискриминация жүргізетін фирманың тәртібіне ұқсас Е) олар мемлекеттің мүддесі үшін жұмыс істейді

17. Бертран дуополиясының үлгісі:

А) тауар бағасы арқылы сипатталады В) өнім көлемі арқылы сипатталады С) өндіріс ауқымын сипаттайды D) икемділіктердің нәтижелерін мойындайды Е) екі фирманың жалақы төлеу әдістерін көрсетеді

18. Ойындар теориясы қандай болжамдарға негізделеді:

А) фирмалар өз бәсекелестерінің стратегияларын есепке алмайды

В) әрбір фирма өз бәсекелестерінің шешімдерін ұтымды деп санайды

С) әрбір фирма басым стратегияға ие болады

D) фирма әрқашанда қақтығысу шешімдерін қабылдайды

Е) фирмалар бір-бірінің қабылдаған шешімдерін жоққа шығарады

19. Олигополия – қандай нарықтық құрылым ретінде сипатталады:

А) әр түрлі тауар өндiретiн бәсекелес фирмалардың көп болуымен ерекшеленетін нарықтық құрылым ретінде В) арнайы тапсырыспен тауар өндiретiн бәсекелесуші фирмалардың саны аз нарықтық құрылым ретінде С) екі немесе одан да көп бәсекелесуші фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылым ретінде D) тек бiр ғана үлкен сатып алушы фирма жұмыс істейтін нарықтық құрылым ретінде Е) екі немесе одан да көп сатып алушы - фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылым ретінде

20. Ұзақ мерзімді кезеңде:

А) жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар нөлдік пайда алады

В) монополиялық бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар нөлдік пайда алады

С) нарыққа кіру тосқауылдары өте жоғары болғанда сол нарықтағы фирмалардың пайдасы оң болады D) жетілмеген бәсеке нарығында жұмыс істейтін олигополистер пен монополистер оң экономикалық пайда алады Е) ұзақ мерзімді кезеңде осы аталғандардың барлығы орындалады

21. Сынған сұраныс қисығы қандай нарықтық құрылымда сипатталады?

А) олигополиялық нарықтық құрылымда В) монополиялық нарықтық құрылымда

С) монопсониялық нарықта D) монополиялық бәсеке нарығында Е) тек олигополиялық және олигопсониялық нарықтарда

22. Суизи моделі нені сипаттайды?

А) сынған сұраныс қисығы моделін В) салаға кіруді шектейтін заңды тосқауылдардың дұрыс жүргізілуін С) салаға кіруді шектейтін заңсыз тосқауылдардың зияндарын

D) сұраныс пен ұсыныс заңдарын Е) монополияға қарсы заңдылықтарды

23. Олигополистік фирма өз бәсекелестерінің қандай әрекеттерін есепке алуы қажет:

А) стратегиялық іс-әрекеттерін В) жарнамалық саясатын С) әлеуметтік саясатын

D) мұндай фирма өз бәсекелестерінің әрекеттерін ескермейді

Е) өндіріс көлемін анықтау саясатын

24. Олигополиялық фирмаларға жоғары пайда табуға не мүмкіндік береді?

А) салаға ену тосқауылдарының болуы В) әртүрлі өнімдердің сатылуы С) бәсекелестердің көп болуы D) нарықтағы сату үлесінің төмен болуы Е) өндіріс ауқымы тиімділігінің теріс болуы

25. Нэш теңдігінің мәні қандай?

А) әрбір фирма өз бәсекелестерінің тәртіптерін ескере отырып ең жақсы шешімдер қабылдаудағы тепе-теңдік В) бәсекелес нарықтағы тепе-теңдік С) бағалар максималды болғандағы тепе-теңдік D) сұраныс ұсынысқа тең болғандағы тепе-теңдік

Е) нарықта бір фирма жетекшілікке ие болғандағы тепе-теңдік

26. Егер олигополистік фирмалар алдымен өндіріс көлемін анықтап алып, содан кейін бағаны тағайындаса, онда нәтижесінде қандай теңдік орындалады:

А) Курно теңдігі В) Бертран теңдігі С) Штакельберг теңдігі D) Парето теңдігі Е) Вальрас теңдігі

27. Олигополистік нарықта фирмалар көп пайда табады, егер:

A) олар бір-бірімен келіссе B) бағалық соғыстар жүргізсе C) шығарылым көлемі бойынша бәсекелессе D) бағаларды төмендетсе E) дайын өнімге жеңілдіктер жарияласа

28. Пайданы барынша аз төмендететін (ең аз зиян әкелетін) стратегияны не деп атайды?

А) Басымды стратегия В) Максимина стратегиясы С) Минимина стратегиясы D) Шабуыл жасау стратегиясы E) Картельдік келісім

29. О. Курно нарықтық құрылымның қандай типін құруға әрекет жасаған:

А) жетілген бәсеке нарығын В) монополияны С) олигополия нарығын D) монополистік бәсеке нарығын Е) олигопсонияны

30. Картельге қатысушы фирма өз пайдасын былайша арттыра алады:

А) картельдің басқа қатысушыларына қарағанда өз өнімін арзан бағамен сату арқылы

В) картельдің басқа қатысушыларына қарағанда өз өніміне жоғары баға белгілеу арқылы

С) белсенді бағалық емес бәсеке жүргізу арқылы

D) өнім көлемін белгіленген шектен төмен етіп өндіру арқылы

E) картельдің келісілген бағаны үнемі көтеріп отыруын талап ету арқылы

31. Дуополия модельдерінің қайсысы жетілген бәсеке нарығының жағдайына жақын болып келеді:

А) Курно моделі В) Штакельберг моделі С) біріккен монополия моделі D) Бертран моделі E) Эджуорт моделі

32. Салада 3 ірі фирма және 10 шағын фирма жұмыс істейді. Ірі фирмалар экономикалық

пайда алады, ал шағын фирмалар қарапайым (нөлдік) пайда алады. Ірі фирмалардың экономикалық пайда алуының көздері қандай?

А) шағын фирмаларды тонау В) тұтынушыларды тонау С) өндіріс ауқымының тиімділігі

D) бағаларды көтеру E) бағаларды төмендету

33. «Тұтқындар дилеммасы» – бұл ойын кезінде:

А) екі тұтқын бір – бірімен ойнайды В) бір тұтқын түрме бақылаушысымен ойнайды

С) тұтқын тергеушімен ойнайды D) жұмыстағы барлық адамдар ойнайды

E) көптеген тұтқын екі топқа бөлініп бір – бірімен ойнайды

34. Мына нарықтардың қайсысында олигополиялық жағдай орын алуы мүмкін:

А) тіс пастасы нарықтарында В) шоколад өндіру нарықтарында С) бидай өндіру нарықтарында D) ұшақтар өндіру нарықтарында E) жиһаздар нарығында

 

ОНЫНШЫ ТАҚЫРЫП.