Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Жалақы және оның түрлері;

- Кәсіподақтар және олардың әрекеттері;

- ҚР Еңбек нарығының дамуы;

- Қазақстанда еңбек нарығын реттеу мәселелері.

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Экономикалық рента, трансферттік табыс және квазирента;

- Адам капиталы;

- Табыстарды бөлу мәселесі, теңсіздік және кедейшілік.

5. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Төмендегі 1-ші кестеде жеке фирманың ақшалай нысандағы шекті өнімінің (MRPL) шамасы туралы мәліметтер берілген.

кесте 1

Еңбек бірлігінің саны MRPL (теңгемен)

кесте 2

Еңбекке деген сұраныс көлемі (адам) Еңбекақы мөлшерлемесі (теңгемен) Еңбек ұсынысының көлемі (адам)
 
 
 
 
 
 
 
 

 

а) Айталық, нарықта берілген еңбек ресурсының осындай шамасына ие 100 фирма бар. Еңбектің осы түріне деген жалпы нарықтық сұраныс көлемінің шамасын анықтап, алынған нәтижелерді 2-ші кестеге енгізіңіз.

ә) 2-ші кестенің мәліметтері негізінде еңбекақының тепе-теңдік мөлшерлемесін анықтаңыз.

б) Жалданған жұмысшылардың жалпы санын анықтаңыз.

в) Жеке фирма үшін еңбекақыға кеткен шекті шығындарды, жалданған жұмысшылар санын, еңбекақы мөлшерін анықтаңыз.

г) 12 теңге деңгейінде еңбекақының минималды мөлшері белгіленген болса, онда жалданған жұмысшылардың жалпы саны қалай өзгереді.

 

2. Келесі тұжырымдар дұрыс па?

— Жеке фирма тұрғысынан алып қарағанда жетілген бәсеке нарығындағы еңбектің ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады.

— Бәсекелес саладағы фирманың еңбекке деген сұранысы еңбектің шекті өнімінің ақшалай шамасының қисығымен беріледі.

— Бәсекелес фирма үшін еңбектің ұсынысы абсолютті икемсіз болады.

— Монопсонист-фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы еңбектің шекті өнімінің ақшалай шамасының қисығымен дәлме-дәл түспейді.

— Жетілген бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекақымен салыстырғанда еңбек нарығындағы монопсонист-фирма төменірек еңбекақы төлейді.

— Монопсония да, кәсіподақ та жетілген бәсекелес еңбек нарығымен салыстырғанда жұмысбастылықты қысқартуға ынталы болады.

— Технологиядағы өзгерістер еңбектің шекті өнімінің жоғарылауына алып келеді.

— Егер фирма өз өнімін бәсекесіз нарықта сататын болса, онда еңбекті төлеуге жұмсалатын шекті шығындар әрдайым еңбекақы мөлшерлемесінің шамасынан жоғары болады.

— Әрбір еңбек факторының шекті өнімі оның бағасына тең болған жағдайда, фирма шығындарын ең төменгі деңгейге жеткізеді.

— Егер тауарлар мен қызметтердің бөлшек бағалары атаулы еңбекақының мөлшерлемесінен тезірек өсетін болса, онда нақты еңбекақы төмендейді.

 

6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Еңбек нарығында кімдер монополияға ие бола алады:

А) монопсония В) кәсіподақтар С) мемлекет D) фирмалар Е) мемлекет пен кәсіпорындар

2. Кәсіподақтардың негізгі мақсаты:

А) еңбек жағдайын жақсарту В) жалақыны арттыру С) саяси мақсаттарға жету

D) жалақының деңгейін бірқалыпта ұстап тұру Е) жалақыны төмендету

3. Еңбектің ұсыныс қисығы бәсекелес нарықта:

А) абсолютті икемді болады В) абсолютті икемсіз болады С) оң көлбеулі болып табылады

D) теріс көлбеулі болып табылады Е) икемділігі 1-ге тең болады

4. Еңбек өнімділігінің артуы кезінде өндірістік мүмкіндіктер қисығы өзгеріссіз қалады, егер:

А) қолданылатын капиталдың көлемі өссе В) еңбекті қажет ететін технологиялар капиталды қажетсінетін технологияларға ауыстырылса С) жұмысшылар саны қысқарса

D) еңбеқақы қысқарса Е) жұмысшылар саны артса

5. Егер отынның бағасы 20%-ға өскенде оған деген сұраныс 5%-ға төмендейді, онда ресурсқа деген сұраныстың бағалық икемділігін анықтаңыз:

А) 25 В) -25 С) -0,25 D) 0,5 Е) 0,2

6. Мерзімді – сыйақылы жалақы 8 сағатқа 1800 теңгеге тең, соның ішінде сыйақы 200 теңгеге тең болса, онда 1 сағатқа жалақы мөлшері қаншаға тең:

А) 200 теңгеге В) 250 теңгеге С) 2000 теңгеге D) 150 теңгеге Е) 1000 теңгеге

7. Еңбектің орташа өнімі нені сипаттайды?

А) өндірістің тимділігін В) еңбек өнімділігін С) фирманың қанша көлемде жұмысшы жалдау керектігін D) капитал сиымдылығын Е) жалақының деңгейін

8. Өнім өндіруге қажетті ресурстар бағасының төмендеуінен ұсыныс қисығы қалай жылжиды:

А) координат басына жақындайды В) координат басынан алыстайды С) оңға жылжиды

D) солға жылжиды Е) қисық абсцисса осімен қиылысады

9. Еңбек өнімділігін қандай көрсеткішпен өлшеуге болады?

А) еңбектің орташа өнімі арқылы В) еңбектік шекті өнімі арқылы С) капитал сиымдылығы арқылы D) жалданатын жұмысшылардың саны арқылы Е) жалақының өнім көлеміне қатынасы арқылы

10. Фирма өндіріс факторларының бәсекелі нарығында жұмысшыларды қай уақытқа дейін жалдай береді:

А) жалақы еңбектің шекті өніміне тең болғанға дейін В) жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейіне жеткенге дейін С) жалақы нақты жалақыға тең болғанға дейін

D) жалақы еңбектің шекті өнімінен асқанға дейін Е) жалақы еңбектің шекті өнімінене төмендегенге дейін

11. Еңбекке деген сұраныс функциясы берілген: Ld = 100 – 2 w/p және еңбектің ұсыныс функциясы: Ls = 40+w/p, мұндағы w/р– еңбектің бағасы. Тепе-теңдік жалақы 20 дол. Егер мемлекет жалақыны 25 дол. деп белгілесе, онда нарықта қандай жағдай орын алады?

А) жұмыссыздық = 15

В) бос жұмыс орындары = 15

С) жұмыссыздық = 25

D) тепе-теңдік орын алады

Е) бос жұмыс орындары = 25

12. Жалақы мөлшерінің жоғарылауы нәтижесінде еңбек ұсынысы төмендеді. Бұл жағдай қалай түсіндірілуі мүмкін?

А) яғни, еңбек нарығында монополиялық жағдай орын алып отыр дегенді білдіреді

В) яғни, еңбек нарығында монопсониялық жағдай орын алып отыр дегенді білдіреді

С) табыс әсерінің алмастыру әсерінен артық болуымен түсіндіріледі

D) алмастыру әсерінің табыс әсерінен артық болуымен түсіндіріледі

Е) жалақы мөлшерінің жоғарылауы кезінде еңбек ұсыныс төмендемейді, керісінше өсуі тиіс

13. Еңбекке деген сұраныс функциясы берілген: Ld = 10 – 2 w/p және еңбектің ұсыныс функциясы: Ls = 4 + w/p, мұндағы w/р – еңбектің бағасы. Тепе-теңдік жалақы қаншаға тең?

А) 2 В) 3 С) 2,5 D) 1 Е) 6/5

14. Туынды сұраныс дегеніміз не?

А) соңғы өнімдерге деген сұранысқа тәуелді болып келетін ресурстарға деген сұраныс

В) еңбек ресурстарының ерекше түріне деген сұраныс

С) болашақта туындайтын игіліктерге сұраныс

D) белгілі бір ресурстарға тәуелді болып келетін өнімдерге деген икемді сұраныс

Е) белгілі бір ресурстарға тәуелді болып келетін өнімдерге деген икемсіз сұраныс

15. Жалақы мөлшерлемесі тұрақты түрде өсіп отырады десек, онда бұл жағдай:

А) еңбектің жеке ұсынысын арттырады

В) алдымен еңбек ұсынысының артуына, содан кейін төмендеуіне алып келеді

С) жұмыскер үшін еңбек жағдайының және жауапкершіліктің артуына әкеледі

D) алдымен еңбек ұсынысының төмендеуіне, содан кейін оның ұлғаюына алып келеді

Е) еңбектің жеке ұсынысын төмендетеді

16. Игіліктердің жетілген бәсекелі нарығындағы және монопсониялық еңбек нарығындағы фирма игіліктердің және еңбектің жетілген бәсекелі нарығында жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда:

А) еңбекті көбірек жалдайды және ең жоғарғы жалақы төлейді

В) еңбекті азырақ жалдайды және жалақыны төмен мөлшерде төлейді

С) еңбекті көбірек жалдап ең төменгі жалақы төлейді

D) еңбекті азырақ жалдап ең жоғарғы жалақы төлейді

Е) еңбекті азырақ жалдап жалақы мөлшерлемесін өзгерпеуге тырысады

17. Игіліктер нарығындағы монополист, бірақ еңбек нарығындағы жетілген бәсекелес фирма игіліктер мен еңбек нарығындағы жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда:

А) жұмыс күшін көбірек жалдайды, бірақ ең аз жалақы төлейді

В) жұмыс күшін азырақ жалдайды және ең аз жалақы төлейді

С) жұмыс күшін керегінше жалдайды, бірақ жалақының ең аз көлемін төлейді

D) жұмыс күшін азырақ жалдайды, бірақ жалақының ең аз көлемін төлемейді

Е) жұмыс күшін көбірек жалдайды және жалақы мөлшерлемесін өзгерпеуге тырысады

18. Шекті өнімділік теориясына сәйкес жетілген бәсеке нарығында еңбекке деген сұраныс қисығы:

А) еңбекке төленетін шекті шығындардың қисығымен сәйкес келеді

В) еңбектің шекті өнімі қисығымен қисығымен сәйкес келеді

С) ақшалай нысандағы еңбектің шекті өнімінің қисығымен сәйкес келеді

D) еңбектің ұсыныс қисығымен сәйкес келеді

Е) өндірілетін өнімнің шекті шығындарының қисығымен сәйкес келеді

19. Еңбектің ұсыныс қисығы келесі теңдеумен бейнеленеді: L = 2500 + 25 w/p. Атаулы (номиналды) еңбекақы нольге тең болғанда, еңбек ұсынысы неге тең болады?

А) 250 В) 2500 С) 2525 D) 25 Е) 2000

20. Жалақының деңгейі мен қарқынын қандай факторлар анықтайды?

А) тауарлар мен қызметтерге деген баға деңгейі В) инфляция әсері С) салық ауыртпашылығының күшеюі D) елдегі жұмыссыздар саны Е) осы аталғандардың барлығы

21. Нақты жалақының атаулы жалақыдан айырмашылығы неде?

А) ешқандай айырмашылығы жоқ В) ақшаның жалпы сомасында С) жұмсалған еңбектің саны мен сапасында D) олардың айырмашылығы төленетін жалақы формасына қарай

Е) тауарлар мен қызметтерге деген баға деңгейінің әсерінде

22. Еңбек нарығындағы ұсыныс қандай факторларға тәуелді?

А) елдегі еңбекке қабілетті халықтың үлесіне В) еңбектің сапасына және жұмысшылардың біліктілігіне С) еңбек өнімділігіне D) жұмысшылардың бір жыл ішінде атқарған сағат санына Е) осы аталған факторлардың барлығына тәуелді болып табылады

23. Жалақы төмендеген кезде жұмыс күшіне деген сұраныс:

А) төмендейді В) өзгермейді С) ұлғаяды D) біресе төмендейді, біресе өседі Е) мемлекет араласпағанша дейін өзгермейді

24. Өндіріс факторына деген туынды сұраныс:

А) сол фактордың көмегімен өндірілген өнімге деген сұраныс арқылы анықталады

В) басқа факторларға деген сұаныспен анықталады

С) сол фактордың өнімділігі арқылы анықталады

D) сол фактордың шекті өнімділігі арқылы анықталады

Е) сол фактордың абсолютті өнімділігі арқылы анықталады

25. Пайыз мөлшерлемесі өскен кезде индивид қандай жағдайға бейімделеді?

А) ағымдағы тұтынуды азайтады В) ағымдағы тұтынуды ұлғайтады С) бағалы қағаздарға көбірек инвестициялайды D) адам капиталына көбірек инвестициялайды Е) сақтық қорларын төмендетеді

26. Нақты еңбекақы дегеніміз – бұл:

А) әрбір жұмысшының алатын ақшасы. В) есептелген еңбекақы сомасы. С) инфляция шамасына реттелген номиналды еңбекақы. D) негізгі және қосымша еңбегі бойынша еңбекақы. Е) еңбекақыдан ұсталған ақша сомасы.

27. Кәсіподақтардың негізгі мақсаты – жалақыны арттыру. Осы мақсатқа жету үшін олар қандай әдістерді қолдануы мүмкін?

А) Кәсіподақ мүшелерінің еңбегіне сұранысты ұлғайту. В) Еңбек ұсынысын қысқарту.

С) Кәсіби мамандарды біліктілік тұрғысынан лицензиялау. D) Кәсіпкерлерге ашық қысым көрсету. Е) Осы аталғандардың барлығын.

28. Өндіріс факторларының нарықтары дегеніміз – бұл:

А) Өндірісте қолдану үшін экономикалық ресурстарды мемлекеттік бөлу саласы.

В) Айналыстағы соңғы өнімдер – тұтынушылық тауарлар мен қызметтер саласы.

С) Еңбек, жер, капитал сияқты ресурстардың тауарлық – ақшалай формадағы айналу сферасы.

D) Машиналар мен құрал – жабдықтарды сату – сатып алу.

Е) Ақшалай нысандағы барлық экономикалық ресурстарды сату және сатып алумен байланысты қатынастар.

 

 

ОН БІРІНШІ ТАҚЫРЫП.