Сыртқы әсерлер теориясы

Мақсаты:сыртқы әсерлер бойынша мәселелерді толық қарастыру және терең зерттеу. Ол үшін төмендегі сұрақтарды қарастырумыз керек.

 

Дәріс сабағының жоспары:

1. Сыртқы әсерлер: табиғаты, пайда болу формалары және олардан туындайтын себептер.

2. Сыртқы әсерлерді реттеу мәселесі. Коуз теоремасы.

 

Негізгі ұғымдар: сыртқы әсерлер; теріс сыртқы әсерлер; оң сыртқы әсерлер; жалпы сыртқы шығындар; шекті сыртқы шығындар; шекті жеке шығындар; шекті қоғамдық шығындар; шекті қоғамдық пайдалылық; шекті жеке пайдалылық; шекті сыртқы пайдалылық; жалпы сыртқы пайдалылық; түзетуші салық; түзетуші субсидия; Коуз теоремасы; т.б.

 

Тақырыптың мазмұны.Нарық механизмдері дербес қабылданған шешімдерді бір-бірімен келістіре отырып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдануға жағдай жасайды. Соған қарамастан нарық механизмдерінің көмегімен шеше алмайтын проблемалар да кездеседі. Кейбір тауарлар мен қызметтер ұтымды мөлшерден артық өндірілсе, кейбіреулері кем өндіріледі. Оны нарықтың кемшілігі деп те атайды.

Тақырыпта сыртқы әсерлер теориясының мәнін аша отырып, жағымды және жағымсыз әсерлерді реттеу механизмдерін және олардың тиімділігін талдаймыз. Тақырыпта қарастырылатын сыртқы әсерлер теориясының практикалық маңызы зор. Жағымды және жағымсыз әсерлерді реттеу қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық игіліктерді тұтыну деңгейін көтеру мәселелерін шешуге көмектеседі.

Нарық тиімді қызмет істеу үшін тауарлар мен қызметтердің бағалары, олардың альтернативті құнын көрсетулері керек. Баға арқылы өндірілген өнімнің ең болмағанда альтернативті құны қайтарылмаса, өндірушінің тауарды өндіруге ынтасы болмайды.

Көп жағдайларда тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе тұтыну барысында пайда болатын шығындар мен пайдалылықтар нарықтағы бағада есептелінбей қалады. Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтары сыртқы әсерлер дейді.Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады (пайдалылық). Сыртқы әсерлер жағымсыз және жағымды әсерлер болып екіге бөлінеді.

Жағымсыз сыртқы әсерлер (экстерналии) – бұл өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресустардың құны.Жағымсыз сыртқы әсерлердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсерлердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни, көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан, одан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып, суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Қалада жүретін машиналар, қала ішінде немесе оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды, одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді.

Өндіріс қалдықтарын қоршаған ортаға тастау фирмаларға арзанға түседі немесе мүлдем тегін болады. Егер фирма қалдықтарды жоятын технология қолданса, ол оған қымбатқа түсер еді. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көбейген сайын оларды жоюдың шекті шығыны төмендейді. Ол қалдықтарды жоятын қымбат технологияны қолдануға аса ынта туғызбайды.

Кейбір экономистер қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы ұсыныс жасайды. Қазіргі кезеңде қоршаған ортаны мүлдем ластамау мүмкін емес болғандықтан, қалдықтарды қоршаған ортаға тастаудың оптимальды мөлшерін анықтау қажет деген ой айтылады. Оның мәнін 14.1 суретіндегі графиктен көреміз. Графикте қоршаған ортаны ластаудың шекті әлеуметтік шығыны мен қалдықты қоршаған ортаға тастаудың шекті құны көрсетілген.


Қалдықтар Қалдықты тастаудың

(теңгемен) шекті құны Ластаудың шекті

әлеуметтік шығыны

 

Е Ластаудың тиімді мөлшері

 


Қалдықтар (тоннамен)

Сурет 14.1 Қоршаған ортаны ластаудың тиімді мөлшері

 

Е нүктесінде қалдықты қоршаған ортаға шашудың шекті құны ластаудың шекті әлеуметтік шығынына тең. Демек, осы теңдікпен ластаудың оптимальды мөлшері анықталынады. Егер ластау мөлшері оптимальды мөлшерден асып кетсе, қоршаған ортаны қосымша ластаудың шығыны оның пайдасынан көп. Яғни, Е нүктесінің оң жағында ластауды төмендету қажет және оған бағытталған қаржы орынды деп есептелінеді. Ал егер ластау мөлшері оптималды мөлшерден кем болса, қоршаған ортаға тастаған қалдықтың шекті құны әлеуметтік шығыннан көп. Сондықтан, Е нүктесінің сол жағында ластауды төмендету қажет емес және оған бағытталған қаржы тиімсіз болады деген ойлар айтылады.

Қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы ұсыныстың қаншалықты дұрыс немесе дұрыс емес екенін алдағы қарастырылатын материалдарды қолдана отырып айта аламыз.

Енді, жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын талдаймыз. өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды (өндірушінің, тұтынушының және үшінші адамдардың) әлеуметтік (қоғамдық) шығындар дейміз (TSC). Ол жалпы жеке шығын (TPC) мен жиынтық сыртқы шығынның (ТЕС)қосындысы:

TSC=TPC+TEC.

Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (TEC) шекті сыртқы шығынның (MEC) мөлшеріне өседі. Демек өнім көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы да өседі.

Әрбір қосымша өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығыны (MEC) өндіруші емес, өндіруге және тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам көтереді. Шекті сыртқы шығынның мөлшерін анықтау үшін жиынтық сыртқы шығынның өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз:

MEC=∆TEC/∆Q

Шекті сыртқы шығын мөлшері өссе, шекті әлеуметтік шығын да (MSC) өседі: MSC=∆TSC/∆Q

Өндірушінің шекті жеке шығыны:

MPC=∆TPC/∆Q

Яғни, шекті әлеуметтік шығын өндірушінің шекті жеке шығыны мен шекті сыртқы шығынының қосындысы:

 

MSC=MPC+MEC

Шекті сыртқы шығын өнім көлемі өскен сайын бір деңгейге өседі деп жорамал жасай отырып, 14.2 суретіндегі графиктің көмегімен жағымсыз сыртқы әсердің салдарын көруге болады. өнімге сұраныс тұтынушыларға әкелетін шекті қоғамдық пайдалылықты (MSB) көрсетеді. Өнім ұсынысының қисығы жеке өндірушінің шекті шығынын көрсетеді (MPC).

14.2 суретінде жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнімге сұраныс пен ұсыныс көрсетілген. Z1 нүктесінде шекті шығын мен шекті қоғамдық пайдалылық тең: MSB=MPC. Q1 мың дана өнім өндіріледі және нарықтағы бір дана өнімнің тепе-тең бағасы 100 теңге.

 

 

Р MC=MPC+MEC

A

110 B

D Z2 MC = MPC

106 10=MEC=T

 


100 Z1

C

90 F

G MSB

Q2 Q1 Q

Сурет 14.2 Жағымсыз (теріс) сыртқы әсер

 

14.2 суретінде көрсетілгендей, жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнімдердің шекті қоғамдық шығыны (MSC) шекті жеке шығыннан (MPC) көп. Себебі, өндірушінің шекті жеке шығынының құрамында шекті сыртқы шығын (MEC) есептелінбейді.

Әрбір өнімнің шекті сыртқы шығыны 10 теңге болса, Q1 мың дана өнімнің жиынтық сыртқы шығыны (жағымсыз сыртқы әсер немесе зиян) ABZˡC төртбұрышының ауданына тең болады. Нарықтағы тепе-тең жағдайда шекті қоғамдық шығын (MSC) шекті қоғамдық пайдалылықтан (MSB) көп. Олардың теңдігі Z2 нүктесінде Q2 өнім көлемін өндіргенде қамтамасыз етіледі. Демек, өндірілген өнім көлемі тиімді өнім көлемінен артық.

14.2 суретінде көрсетілген Q1 мың дана өнім көлемі өндірілгендегі зиян Z1Z2B үшбұрышының ауданына тең. Егер өнім көлемін тиімді деңгейге дейін қысқартсақ, Z1Z2B үшбұрышының ауданы таза ұтыс болар еді.

Егер жағымсыз сыртқы әсер туғызатын фирма оның қызметін зардап шегетіндерге әрбір өнім үшін 10 теңге төлейтін болса, фирманың әрбір өніміне 10 теңге салық (T) салынса, оның шекті шығыны өседі:

 

MSC=MPC+MEC=MPC+10 теңге.

Бұл жағдайда фирма өнім көлемін тиімді деңгейге деін қысқартады, өнімнің бағасы 100 теңгеден 106 теңгеге өседі. Қоршаған ортаны ластау DZ2FG төртбұрышының ауданына тең мөлшерге қысқарады, бірақ толығымен жойылмайды. Нарықтағы баға 106 теңгеге көтерілгенде, фирма үшін өнім көлемін қысқарта отырып, әрбір өнімге 10 теңге салық төлеу пайдалы болады.

Сонымен, тиімді өнім көлемін шекті қоғамдық шығын мен шекті қоғамдық пайдалылықтың теңдігімен анықтауымыз керек: MSB=MSC.Ол Z2 нүктесіне сәйкес келеді, тиімді өнім көлемі Q2 мың дана өнімнің нарықтағы бағасы 106 теңге болуы керек. Жағымсыз сыртқы әсер болған жағдайда тиімділікке қол жеткізудің алғышарты:

MPC+MEC=MSC=MSB

Жетілген бәсекелі нарықта жағымсыз сыртқы әсердің болуы шекті жеке шығынның құрамында шекті сыртқы шығынды есептемеуге әкеледі. Осы себептен өнім көлемі тиімді мөлшерден көп өндіріледі және оның бағасы төменболады. Жағымсыз сыртқы әсердің болуы шектелген экономикалық ресурстардың тиімсіз қолданылатынын көрсетеді.

Игіліктердің бағасында есептелінбейтін пайдалылықты жағымды сыртқы әсер дейді.Игіліктерді өндіруге немесе тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам ешқандай шығын шығармай-ақ пайдалылық (полезность) 14.3 суретіндегі графикті талдау арқылы көрсетеміз.


Р MSB

A B

350

P Z2

300

C

250 100=MEB=S

G Z1 F

200

MSB=MPB+MEB

 

MPC


Q1 Q2 Q

Сурет 14.3 Жағымды (оң) сыртқы әсер

 

Нарықтағы тепе-теңдік Z1 нүктесіне сәйкес келеді. Жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім көлемі Q1, ал тепе-тең баға 250 теңге. Жағымды сыртқы әсердің мөлшері ABZ1C төртбұрышының ауданына тең. Жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімнің ұсынысы шекті қоғамдық шығын (MSB) мен шекті жеке пайдалылықпен анықталады (MPB). Шекті жеке пайдалылық (MPB) шекті қоғамдық пайдалылықтан (MSB) аз. Шекті сыртқы пайдалылық үшінші адамдардың тегін алатын пайдалылығы нарықтағы бағада есептелінбейді. Сондықтан, нарықта ұсынылатын өнім көлемі тиімді өнім көлемімен төмен: Q1 < Q2. Демек, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім қоғамдағы шектелген ресурстардың тиімсіз қолдануына әкеледі.

Тиімді өнім көлемі Z2 нүктесіне сәйкес келеді (Q2). Бұл нүктеде шекті қоғамдық пайдалылық шекті қоғадық шығынға тең: MSB=MPB+MEB=MSB.

Өндірілген өнімнің бір данасының нарықтағы бағасы 300 теңге болуы керек. Ол үшін шекті қоғамдық пайдалылықтың құрамында шекті жеке пайдалылық пен шекті сыртқы пайдалылықтар есептелінулері керек:

MSB=MPB+MEB=MPB+100 теңге.

 

Тиімді өнім көлеміне сұраныс туғызу үшін өнімнің бір данасының бағасы шекті жеке пайдалылық қисығының бойындағы F нүктесіне сәйкес келетін 200 теңгеге арзандауы керек. өндіріске қатысы жоқ «үшінші» адамдар шекті сыртқы пайдалылыққа тең 100 теңгені төлеулері керек. Ол PZ2FG төртбұрышының ауданымен анықталады (тиімді өнім көлемін 100 теңгеге көбейтеміз). Сонда ғана өндіріс көлемін тиімді деңгейге көтере аламыз.

Сонымен, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімдер мен қызметтер тиімді көлемнен аз өндіріледі және бағалары қымбат болады.Сыртқы жағымды және жағымсыз әсерлердің пайда болуы нарық экономикасы механизмдерінің жұмысындағы кемшіліктерді көрсетеді. Сыртқы әсерлердің пайда болуы жалпы экономиканың тиімсіз жұмыс істеуіне, экономикалық ресурстарды тегін қолдануға және қоршаған ортаны ластауға әкеледі.

Жеке шығындар мен қоғамдық шығындардың, жеке пайдалылық пен қоғамдық пайдалылықтардың бір-бірімен сәйкес келмеуі экономикалық ресурстарды тиімсіз қолдануға әкеледі. Бұл мәселені шешу үшін шекті қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалылыққа тең болуы керек:

MSC=MSB,мұндағыMSB=MPС+MEC,алMSB=MPB+MEBболғандықтанMPC+MEC=MPB+MEB.

Сыртқы әсерлерді реттеудің көптеген жолдары бар. Коуз теоремасына сүйенсек, сыртқы әсерлерді экономикалық ресурстарға меншік құқығының нақты анықталмағандығын туғызады. Коуздың ойынша, егер мемлекет әркімнің ресурстарға меншік құқығын нақты анықтаса, әрбір меншік иесі мемлекет анықтаған ережені ерікті түрде орындаса және меншік құқығы еркін сатылатын болса, өзара келісу арқылы және нарықтық механизмдердің көмегімен жағымсыз сыртқы әсерлерді ішкі әсерге айналдыруға болады.

Бірақ сыртқы әсерлердің проблемаларын шешу барысында әртүрлі қиындықтар кездеседі. Көптеген ресурстарға меншік құқығын анықтау өте көп шығынды талап етеді немесе оны анықтау мүлдем мүмкін емес. Мысалы, ауаға немесе өзендегі суға меншік иесін анықтау және оның құқығын сату өте қиын болады. Коуз теоремасын қолдану үшін меншік иелерінің өзара келісуге шағатын шығындары келісімнен алатын пайдадан аз болуы керек. Сыртқы әсерлердің салдарын келісімге келе отырып шешу үшін оған қатысатын экономикалық субъктілердің немесе адамдардың саны көп болмауы қажет. Сыртқы әсер туғызатын нақты себептерді де анықтау қиын болады. Сонымен қатар, сыртқы шекті шығындар мен шекті сыртқы пайдалылықтардың деңгейі туралы ақпарат та толық болмауы да мүмкін.

Демек, нарық механизмдерінің көмегімен өзара келісімге келе отырып, сыртқы әсерлерді, оның ішінде экологиялық проблемаларды толығымен шешу мүмкін емес. Сондықтан, сыртқы әсерлерді реттеуде мемлекеттің қызметіне көп көңіл бөлінеді. Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеу әртүрлі әкімшіл бұйрықтар мен заңдардың көмегімен жүзеге асады. Олардың ішінде табиғатты қорғау, таза ауа, таза су туралы және де басқа заңдар қабылданады және олардың міндетті түрде орындалуына бақылау қойылады.

Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар әрбір өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынының мөлшерінде мемлекетке салық төлейді: Т=МЕС,мұндағы Т – салықтың мөлшері. Салықтың арқасында шекті жеке шығын шекті қоғамдық шығынмен теңеседі: МРС+Т=МSС.Ол жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнім көлемінің тиімді деңгейге дейін қысқаруына әкеледі. Оны жоғарыдағы мысалдан көрдік.

Жағымды сыртқы әсерлер туғызатын өнімдер тиімді деңгейден аз мөлшерде өндірілетін болғандықтан, мемлекет әрбір өндірілген өнімнің әкелетін шекті сыртқы пайдалылығына тең реттеу субсидиясын береді:

G=MEB

 

Мұндағы G – мемлекеттің реттеу субсидиясы.

Субсидтелген өнім көлемінің әкелетін шекті жеке пайдалылығы теңеседі. Мемлекеттің осы реттеу әдісі жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім көлемін тиімді деңгейге дейін өсіруге ынта туғызады.

Біріншіден, мемлекеттің қабылдаған заңдарына, әртүрлі әкімшілік әдістердің қолдануына қарамастан, қазір экологиялық проблемалар әлемдік сипат алып отыр. Қоршаған ортаның ластануы мен оның зардаптары, әсіресе, дамушы елдердегі актуальды проблемалардың біріне жатады. Көп жағдайға дамушы елдердегі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және институционалдық факторлар мемлекеттің жағымсыз сыртқы әсерлерді тиімді реттеуіне кедергі болады.

Екіншіден, экологиялық заңдар мен олардың орындалуын қатал талап ету экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді деген ойлар жиі айтылады. Қоршаған ортаны қорғауға немесе экологиялық проблемаларды шешуге шығатын шығындар ұлттық инвестицияның деңгейін төмендету арқылы экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді. Осы жерде қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы айтылады.

Үшіншіден, экономистердің ойынша, экологиялық заңдарда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралардың экономикалық тиімділігі ескерілмейді. Мемлекеттің шығыны экономикалық жағынан тиімді болу үшін қоршаған ортаны (суды және ауаны) ластайтын әрбір заттың әлеуметтік-қауіпсіздік деңгейін әрбір кәсіпорын үшін және әрбір ластаудың көзі үшін жеке-жеке анықтау қажет. Бұл - өте қымбат және қиын жұмыс. Сондықтан, салықтар мен субсидиялардың да (кімге қанша субсидия беру немесе кімге қанша салық салу керек) нақты көлемін анықтау қиынға түседі. Сондықтан, көптеген кәсіпорындар салығын төлей отырып, қоршаған ортаны ары қарай ластауын жалғастыра береді. Осы себептерге байланысты экономистер мемлекеттің экологиялық проблемаларды реттеуде қолданылатын әкімшіл әдістерін экономикалық тұрғыда тиімсіз деп есептейді.

Қоршаған ортаны ластау үшінші адамдардың азаматтық құқығын, меншік құқығын және қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептелінеді. Сондықтан, жағымсыз сыртқы әсерлердің салаларын реттеуде азаматтық құқық бұзу зыңының маңызы зор. Осы заңға сүйене отырып, сот арқылы әрбір адам өзінің бұзылған құқығын қорғау мүмкіншілігіне ие болады. Бұл әдістің де өзіне тән кемшіліктері бар: біріншіден, көп жағдайда адамдарға ауаның, судың ластануы туралы ақпарат белгілі болмайды; екіншіден, жағымсыз сыртқы әсерлерден шеккен зардаптардың салдарын дереу анықтау да қиынға түседі. Жағымсыз сыртқы әсер туғызған экономикалық субьектінің дәл анықтау оңай емес. Мысалы, улы қалдықтарды ауаға жергілікті кәсіпорын таратуы мүмкін немесе олар желмен басқа жақтан келуі де мүмкін; үшіншіден, көп жағдайда сот арқылы бұзылған құқықты қорғау үшін көп шығын шығаруға да тура келеді; төртіншіден, қоршаған ортаны ластаудан зардап шеккен адамдардың саны өте көп болса, олардың бәрінің құқықтарын және талаптарын сот арқылы қанағаттандыру да мүмкін емес. Осындай жағдайда экологиялық апаттардан зардап шеккен адамдардың құқығын қорғау міндетін жергілікті басқару ұйымдары өз мойындарына алса, тиімді болар еді.

Сыртқы әсерлерді реттеуде мемлекеттің әкімшіл әдістерін нарық механизмдерімен бірге қолданудың тағы бір жолы – ластау құқығының нарығын қалыптастыру немесе қалдықтарды лицензиялау. Оны 14.4 суретінің көмегімен талдаймыз.


Бір тонна S

қалдықтың MSC

бағасы

(теңгемен)

 

400 Е

 

 

100 000 Қалдықтар (тоннамен)

Сурет 14.4 Қалдықтарды лицензиялау

 

Мемлекет ластаудың тиімді мөлшерін шекті әлеуметтік шығындар (MSC) деңгейінде анықтай отырып, 100 000 тонна қалдыққа лицензия (S) ұсынады. Лицензияға деген сұраныс әрбір кәсіпорынның өндіріс қалдықтарын жоюға кететін шекті шығынына байланысты болады. Егер шекті өте жоғары болса, шығыны төмен кәсіпорындардан қосымша лицензия сатып алуға тура келеді. Әрбір тонна қалдықтың нарықтық бағасы сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады (400 теңге). Қосымша лицензия сатып алу қымбатқа түсетін фирмалар қалдықтардың деңгейін азайтатын жаңа технологиялық әдістер іздеуге және оны өндіріске енгізуге ынталы болады.

Сонымен, қазіргі кезеңде сыртқы әсерлерді, оның ішінде экологиялық проблемаларды реттеудің әр түрлі әдістері қолданылады. Олардың көмегімен жергілікті немесе аймақтық деңгейде пайда болатын жағымсыз сыртқы әсерлерді тиімді түрде реттеуге болады. Ал әлемдік сипатқа ие болып отырған экологиялық прблемаларды шешу үшін дүниежүзілік реттеудің жаңаша әдістері қажет.

 

 

ОРЫТЫНДЫ

1. Сыртқы әсерлер нарықтық емес тәсілдер арқылы экономикалық субъектілердің өзара әрекеттерге баруының себешісі болып табылады, бұл жерде бір тұлғаның жасаған іс-қимылының нәтижесі сол әсердің салдарын ешқандай өтеусіз басқа бір тұлғаға әсер етуі орын алады.

2. Әсер етудің сипатына байланысты сыртқы әсерлер теріс (жағымсыз) және оң (жағымды) әсерлер түрінде орын алуы мүмкін. Теріс сыртқы әсерлердің салдарынан нарықтық келісімге мүлдем қатысы жоқ үшін тұлғалар қосымша шығындарға тап болады. Ал оң сыртқы әсерлердің орын алуы кезінде нарықтық келісімге мүлдем қатысы жоқ үшінші тұлғалар қосымша пайдалылық алады.

3. Жағымсыз сыртқы әсерлер жеке және қоғамдық шекті шығындар деңгейіндегі айырмашылықтан туындайтын игілік бағасының төмен болуымен орын алады.

4. Жағымды сыртқы әсерлер жеке және қоғамдық шекті пайдалылықтар деңгейіндегі айырмашылықтан игілікке деген сұраныстың жеткіліксіздігінен туындайды.

5. Сыртқы әсерлердің орын алу себебі болып ресурстарға бекітілген меншік құқықтарының жоқ болуы табылады, ол ресурстарды альтернативті түрде қолдану үшін оның құнының төмендеуіне алып келеді.

6. Игіліктердің нарықтық бағасында көрсетілмеген сыртқы әсерлер шығындар мен табыстар туралы ақпаратты шектейді, осының салдарынан игіліктерді артық өндіру немесе кем өндіру сияқты формасында көрінетін ресурстарды бөлудің тиімсіздігі орын алады.

7. Қоғамдық шекті шығындар мен қоғамдық шекті пайдалылықтар арасындағы теңдікті қамтамасыз ету арқылы сыртқы әсерлерден туындайтын тиімділіктің жоғалуын жоюға болады.

8. Егер ресурстарға деген меншік құқығы нақты тағайындалған және соларға байланысты айырбас жасау шығындары көп болмаса, онда сыртқы әсерлерді нарықтық механизм арқылы жоюға болады.

9. Егер нарықтық механизм сыртқы әсерлердің салдарларын жоюды қамтамасыз ете алмайтын болса, онда оларды реттеудің нарықтық емес әдістері қолданылады, яғни, жағымсыз сыртқы әсерлерді реттеу үшін стандарттар мен салықтар, ал жағымды сыртқы әсерлерді реттеу үшін субсидиялар сияқты әдістер қолданылады.