Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Коуз теоремасы және оның тәжірибелік маңызы мен орындалуы;

- Отандық экологиялық мәселелердің микроэкономикалық жақтары;

- Өндіріс және қоршаған орта;

- Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеудің отандық тәжірибесі.

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Нарық «фиаскосы» (сәтсіздіктері) мәселесі;

- Меншік құқығы және трансакциондық шығындардың формалары.

5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Коуз теоремасы қандай жағдайда өз жұмысын тоқтатады:

А) келісімге келуші екі жақтың қолындағы ақпараттың жетілмегендігі кезінде

В) келісімге келуші екі жақтың қолындағы ақпараттың аса жетілгендігі кезінде

С) егер қарама-қарсы жақтың қалаулары ғана белгілі болса

D) егер ол ойындар теориясы шеңберінде қарастырылса

Е) бұл теорема нақты тәжірибеде өз жұмысын ешқашан тоқтатпайды

2. Мына берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) сыртқы әсерлер экономикалық тиімсіздікке әкелуі мүмкін В) теріс сыртқы әсерлерге баға тағайындалмайды С) жағымды сыртқы әсерлерді бағалауға болады

D) өндірістік және әлеуметтік тиімділіктердің арасындағы айырмашылық көбінесе сыртқы әсерлердің болуымен түсіндіріледі Е) жағымды сыртқы әсерлерді бағалау мүмкін болмайды

3. Сыртқы әсерлер:

А) тұтынушыларға әсер етеді В) өндірушілерге әсер етеді С) тұтынушыларға да, өндірушілерге де әсер етеді D) нарықтық операцияларға қатыспайтын тұлғаларға әсер етеді Е) мемлекетке әсер етеді

4. Мына берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) сыртқы әсерлер нарықтық келісімдерге қатысушы тұлғаларға әсер етеді

В) жиынтық сыртқы шығындар бұл үшінші тұлғаға тиген зиян дегенді білдіреді

С) теріс сыртқы әсерлер кезінде үшінді тұлғалар зиян шегеді

D) оң сыртқы әсерлер кезінде үшінші тұлғалар пайдалылық көреді

Е) берілген тұжырымдардың барлығы да дұрыс емес

5. Жалпы сыртқы шығындар:

А) үшінші тұлғаның жалпы шығыны В) ішкі және сыртқы шығындардың сомасына тең

С) үшінші тұлғаның тұрақты шығыны D) ішкі және сыртқы шығындардың жалпы сомасына тең Е) үшінші тұлғаның балама шығыны

6. Теріс сыртқы әсерлер кезінде:

А) түзетуші салықтар еңгізіледі В) түзетуші субсидиялар еңгізіледі С) өнім өндіруге мүлдем тиым салынады D) түзетуші салықтар да, түзетуші субсидиялар да еңгізіледі

Е) өнім өндіруге уақытша тиым салынады

7. Шекті қоғамдық шығындар:

А) үшінші тұлғалардың көретін зиянына тең В) өнімнің қосымша бірлігін өндірумен байланысты болатын қосымша сыртқы шығындарға тең

С) жеке және сыртқы шекті шығындардың қосындысына тең

D) жеке және сыртқы шекті шығындардың айырмасына тең

Е) барлық жауаптар дұрыс

8. Жағымды сыртқы әсер кезінде:

А) өндірістік тиімділік жоғары болады В) қоғамдық тиімділік жоғары болады С) ешқандай тиімділік болмайды D) қоғамдық тиімділік тұрақты болады Е) әлеуметтік әділетсіздіктер болуы мүмкін

9. Мына берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс:

А) теріс сыртқы әсерлер кезінде шекті қоғамдық шығындар өндірістің шекті шығындарынан жоғары болады

В) теріс сыртқы әсерлер кезінде мемлекет түзетуші субсидиялар еңгізеді

С) оң сыртқы әсерлер кезінде мемлекет түзетуші салықтар еңгізеді

D) түзетуші салықтарды еңгізу бағаны төмендетуге мүмкіндік береді

Е) түзетуші салықтар бағаны тұрақтандырады

10. А. Пигу жағымсыз сыртқы әсерлерді жою үшін салықтарды ұсынды, яғни олар:

А) «үшінші тұлғаның» зиян шегулерін жабу үшін қолданылуы керек

В) табысы аз тұрғындарға дотациялар төлеу үшін қолданылуы керек

С) қоршаған ортаны қорғау үшін қолданылуы керек

D) кез-келген зат үшін қолданылуы керек

Е) осы айтылғандардың барлығына қолданылуы тиіс

11. Түзетуші салықтар:

А) фирманың шекті шығындарын қоғамдық шығындар деңгейіне дейін көтереді

В) фирмалардың пайдаларын арттырады С) өнім өндіру көлемін арттырады D) бағаның төмендеуіне мүмкіндік жасайды Е) фирманың шекті шығындарын азайтады

12. Теріс сыртқы әсерлер кезінде:

А) түзетуші салықтар еңгізіледі В) түзетуші субсидиялар еңгізіледі С) өнім өндіруге тиым салынады D) түзетуші салықтар да, түзетуші субсидиялар да еңгізіледі

Е) өнім өндіруге тиым салынбайды

13. Шекті сыртқы шығындар:

А) өнімнің қосымша бірлігін шығарумен байланысты В) үшінші тұлғалардың төлейтін шығындары С) өндірушілердің төлемейтін шығындары D) барлық жауаптар дұрыс

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

14. Сыртқы әсерлер мәселесі қандай экономикалық жүйеге тән:

А) нарықтық экономикаға В) әкімшіл-әміршіл жүйеге С) аралас экономикаға

D) кез-келген экономикаға Е) өтпелі экономикаға тән

15. Мына төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) сыртқы әсерлердің салдарлары экономикалық тиімсіздікке әкелуі мүмкін

В) жағымсыз сыртқы әсерлерге баға тағайындалмайды

С) жағымды сыртқы әсерлерді бағалауға болады

D) қоғамдық игіліктердің салдарлары экономикалық тиімсіздікке әкелуі мүмкін

Е) сыртқы әсерлер келісім жасаушы тұлғаларға әсер етеді

16. Сыртқы әсерлер мәселесі кімдерге қатысты:

А) тек сатып алушыларға ғана қатысты В) тек сатушыларға қатысты С) сатушыларға да, сатып алушыларға да қатысты D) нарықтық келісімдерге қатыспайтын үшінші тұлғаларға қатысты Е) тек монополист – фирмаларға ғана қатысты

17. Егер шекті қоғамдық шығындар 90 тг-ге тең болса, ал шекті жеке шығындар 72 тг-ге тең болса, онда шекті сыртқы шығындар қаншаға тең?

А) 18 теңгеге тең В) 162 теңгеге тең С) - 18 теңгеге тең D) 90 теңгеге тең Е) 72 теңгеге тең

18. Егер шекті қоғамдық шығындар 245 тг-ге тең болса, ал шекті сыртқы шығындар 81 тг-ге тең болса, онда шекті жеке шығындар қаншаға тең?

А) 326 теңгеге тең В) 164 теңгеге тең С) 3 теңгеге тең D) 19845 теңгеге тең Е) -164 теңгеге тең

19. Мына берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) сыртқы әсерлер нарықтық келісімдерге қатысушы тұлғаларға әсер етеді

В) жиынтық сыртқы шығындар бұл үшінші тұлғаға тиген зиян дегенді білдіреді

С) теріс сыртқы әсерлер кезінде үшінді тұлғалар зиян шегеді

D) оң сыртқы әсерлер кезінде үшінші тұлғалар пайдалылық көреді

Е) сыртқы әсерлер оң және теріс сыртқы әсерлерден тұрады

20. Мына теория: «сыртқы әсерлер мәселесін үкіметтің ресурстарға және оларды еркін айырбастауға меншік құқығын тағайындау жолымен ішкі әсерлерге айналдыруға болады» - қалай аталады?

А) Парето – тиімділік В) Коуз теоремасы С) Курно үлгісі D) Эджуорт диаграммасы

Е) Лоббизм теориясы

ОН БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП.