Ызметіне қарай классификациялау

Эпителий ұлпасын классификациялау

Эпителийді классификацияға бөлгенде оның шығу тегіне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарайды. Қазіргі уақытта филогенетикалық және морфофункциялық классификация кең тарады. Филогенетикалық классификация бойынша оның шығу тегінің эволюция процесінде қалыптасуына байланысты, атқаратын қызметіне және морфологиясына қарап бөлуді айтады. Бұл классификация бойынша тері, ішек, бүйрек, целом эпителиясы деп бөледі. Осы көрсетілген, әр түрлі эпителий өзіне тиісті ерекше міндетін атқарады. Тері эпителийінің атқаратын қызметі- сыртқы ортадан қорғау, осыған байланысты, олар көп қабатты болып келеді. Бүйрек эпителиясы организмнен сыртқы ортаға алмасу процесінде жиналған заттарды шығарады және бір қабатты болып келеді.

Екінші классификация бойынша атқаратын қызметіне байланысты негізінде құрылысына қарайды.

Эпителий бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді.Морфологиялық классификация

Эпителий бір қабатты көп қатарлы клетка пішініне қарай бөледі? Пішіні пирамида, куб тәрізді, жалпақ, цилиндр тәрізді.Онтофилогенетикалық классификация эпителийдің қай ұрық жапырақшасының қай өсімімен шығуына байланысты. Эктодерма, эндодерма, мезодерманы шығарған Хлопин.

Эпидермальді эктодермадан-жабынды, тері, без эпителиялары, ауыз қуысындағы эпителий, сілекей безінің эпителиясы пайда болады. Эпендима пекальді эпителий негізінде нерв трубкасынан және эпендимадан пайда болады.

ызметіне қарай классификациялау.

1. Жабынды эпителий (тері эпителийі)

2. Шырышты органдардың қабатын астарлап жататын эпителий.

3. Эпителий превральді перикордиальді және құрсақ қабаттарын алып жататын эпителийі.

4. Ішкі органдардың паренхимасын алып жататын эпителий.

Шығу тегі және аткаратын қызметіне байланысты эпителийдің құрылысы әртүрлі болады, бірақ та эпителий ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі оның шекаралық жағдайына және аткаратын қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы клетка пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда кан тамырлары болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады. Эпиталий ұлпасы клеткалардан - эпителиоциттерден тұрады.Эпителийдің басқа ұлпалардан айыратын, жалпы белгілері болады.Эпителий организмді сыртқы және ішкі ортадан бөліп тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа. Ішектің куысы, асқазанның, бүйректің жыныс органдардың қуыстарын эпителий ұлпасы астарлап жатады және периқордиаль, превраль және кұрсак бөлімдерін бөліп тұрады. Эпителий ұлпасының негізгі бір ерекшелігі шекаралық қызметі. Осы қызметіне байланысты эпителий ұлпасының құрамындағы клетка элементтері әртүрлі болады.Эпителийдің клеткалар кабат құрап, үлкен бетті алып орналасады. Қабат тұзіп орналасуына байланысты эпителий қорғаныштық қызмет атқарады.Эпителий ұлпасының негізгі массасын клеткалар құрайды. Бұл эволюция барысында калыптаскан касиет. Себебі регенирация жасау үшін және ол неғұрлым тез жүру үшін ұлпа клеткаларға бай болу керек. Эпителий түрлі қорғаныштық құрылымдарды (кутикула, хитин, бақалшақ) құрайды. Бұл құрылымдардың барлығы эпителий ұлпасының құрамындағы клеткалардың қызметіне байланысты.Эпителиалдық клеткалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық және апикальдық бөліктері құрылысы мен қызметі жағынан бірдей болмайды. Мысалы, ішектің эпителиалдық клеткаларының апикалық бетінде микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядроның үстіңгі аймағында орналасқан, ол клеткалардың базальдық бөліктерінде микробүрлер мен торлы аппараттың элементтері болмайды. Эпителий клеткаларының полярлы болуы оларды шекарада орналасуына байланысты.Эпителий базальдық мембрананың үстінде жатады. Базальдық мембрана эпителий клеткалары мен оның астындағы дәнекер клеткаларының тіршілік әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы екі ұлпаны, бір жағынан бір- бірінен бөліп, екінші жағынан оларды біріктіріп біртұтас комплекс құрайды. Эпителийдің қоректену базальдық мембрана арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі. Осы жерде, эпителийде кан мен лимфа тамырларының болмайтынын, ал нерв талшықтарының көп болатынын ескеру кажет.Целомдық эпителийіЭпителийдің бұл түрі, адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының, серозалық куыстардың және серозалық кабықшалардың беттерін астарлап тұрады. Серозалық кабықшалар мен куыстар эпителийінің целомдық деп аталады. Мезотелий - Жалпақ клеткалардың жұқа кабаты. Клеткаларының жиегі тегіс болмай, ирек-ирек болып келеді. Олардың кей бірі екі немесе үш ядролы. Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий клеткаларының бетінде микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителий қатарына жатпайды. Мезотелий клеткаларының фагоцитоздық қабілеті бар. Мезотелий дене куысы мен ұлпалар арасында «сероза» - гематолимфалық тоскауыл тұзуге қатысады. Ішкі мүшелер бірімен-бірі қосылып, бітісіп - жабысып калмауына және олардың орнын ауыстырып козғалуына мезотелий колайлы жағдай туғызадыЭпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау. Сонымен қатар кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық клеткалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.Эпителийдің морфофункциональдық және онтофилогенетикалық жіктелуі.

Эпителиді бірнеше түрғыдан жіктеуге болады:құрылысына қарай, қызметіне, тегіне, орналасқан жеріне, жаңарау қабілетіне, қарай. 1.Морфологиялық кла-я Эпителийдің құрылыс ерекшелігіне негізделген. Бұл классификация бойынша эпителийлерді бір кабатты және көп қабатты деп бөледі. Бір кабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді клеткаларының пішініне қарай жалпақ, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады. Онто және филогенетикалық классификация. Эпителийлер классификация-сының бұл түрін олардың белгілі бір ұрық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н.Г. Хлопин үсынған. Ол эпителиийлердің төмендегі типтерін ажыраткан:Эктодермадан пайда болатын эпидермалық эпителий (жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері);Энтодермадан пайда болатын энтодермалық эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);Мезодермадан пайда болатын цело-нефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің, эпителий мен мезотелий);Нерв түтігінің бастамасынан дамитын эпендимо-глиялық эпителий (эпендимо);Мезенхимадан тұзілетін эндотелий

 

 

2.Эпителийдің морфофункциональдық және онтофилогенетикалық жіктелуі.Морфологиялық классификация негізіне клеткалардың базальді мембранаға қатынасы және олардың пішіні алынған. Осыған байланысты эпителий ұлпасы келесідей топтарға бөлінеді: бір қабатты: көп қатарлы және бір қатарлы (жалпақ, куб тәрізді, призма тәрізді); көп қабатты(мүйізделетін, мүйіздіелмейтін, ауыспалы). Бір қабатты эпителидіңбарлық клеткалары базальды мембранада жатады. Көп қабатты эпителидіңтек бірінші қабатының клеткалары базальды мембранамен байланысып тұрады, ал келесі қабаттар сол клетканың үстінде жатады. Бір қабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Бір қабатты бір қатарлы эпителидің барлық клеткалары бірдей болады. Клеткалардің пішініне қарай эпителидің үш түрі ажыратылады: жалпақ, куб тәріздіжәне призма тәрізді. Көп қатарлы эпителийклеткаларының пішіні әртүрлі болады: биік кірпікшелі, аласа базальды, ендірмелі, ірі бокал тәрізді клеткалар. Көп қабатты эпителий мүйізделмейтін, мүйізделетін және ауыспалы болып бөлінеді. Онто-филогенетикалық классификация.Бұл Хлопин Н.Г ұсынған классификация жеке дамуда эпителилер қандай ұрық жапырағынан қалыптасқандығын көрсетеді. 1. Эпидермалды эпителий- эктодермадан пайда болған: жабынды (тері), тер бездері, ауыз қуысы, сілекей бездерінің эпителиі. 2. Энтодермалды- энтодермадан пайда болған: ішек эпителиі, бауыр, ұйқы безі эпителиі. 3. Цело- нефродермалды- мезодермадан пайда болған: гонадалар, бүйрек каналшалары, мезотелий. 4. Эпендимо- глиалды- нерв түтігінің бастамасынан пайда болған: эпендимді глия. 5. Эндотелий-мезенхимадан пайда болған. Бірақ, көбінесе зерттеушілер эпендима мен эндотелиді эпителий ұлпасына жатқызбайды. Бас миы мен жұлынның қуыстарын астарлайтын эпендиманы нерв ұлпасына, ал қан тамырларын астарлайтын эндотелиді дәнекер ұлпаға жатқызады. Функционалды классификация.Бұл жіктелі эпителий атқаратын қызметіне қарай және қай ішкі мүшеде орналасатынына қарай бірнеше топқа бөледі: жабынды (тері) эпителиі, асқазан ішек жолдарының эпителиі, тыныс алу жолдарының эпителиі, бүйрек эпителиі, мезотелий, гонадалар эпителиі, безді эпителий.